Кіріспе

Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі – Ғылым мен Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) бекіткен міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енген, әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Заманауи әлемде саясаттану адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты және саясат туралы ғылымның кешенділігін қосатын жалпы ықпалдастырушы ғылым болып табылады. Саясат қазіргі қоғамның піршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық білім саласы ретін саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың өзіндік катализаторы іспетті ерекше артып отыр.

Қазақстанда, өзге ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып, дами бастады. Сол кезден бастап ол жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енді. Сол тұста типтік бағдарламалар дайындалды және алғашқы оқулықтар жасалды. Алайда саяси практика мен ғылым дамуының жаңа кезеңінде оларды елеулі жаңалаудың қажеттілігі туды. Жаңа типтік бағдарламаны дайындаудың өзі де осымен байланысты, ал оның мазмұны төменде баяндалып отыр. Кафедралар жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің бағдарларын ескеріп, тақырыптар бойынша сағаттарды анықтап бөлуге құзырлы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Саясаттанудың нысаны мен пәні. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, үрдістер жөніндегі ғылым. Саясаттаудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Саяси философия, саяси әлеуметтану, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен қызметтері. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер. Антропологиялық тәсіл.

Саясаттанудың қызметтері: прагматикалық, түсіндірушілік, болжамдық, аксиологиялық, тәрбиелік және т.б.

Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси ғылымдардың құрылымы, оның парадигмалары. Саяси ғылымдардың мен тәжірибенің байланысы.

Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер

Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Каутиль Маккиавелизмнің негізі. Ежелгі Грек елі мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон). Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Қайта өрлеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).

Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо). Т.Джефферсон мен А.Гамильтонның саяси көзқарастары. ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.

ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Алмонд, М.Дюверже және т.б.).

Қазақстандағы саяси ойдың тарихы

Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси-құқықтық құжат.

ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқаевтың, М.Тынышбаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллинннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың және т.б. саяси идеялары.

Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.

Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Саясаттың негізгі түрлері: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. түрлері.

Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясат өнер ретінде.

Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.

Саясат әлеуметтік күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде.

Ішкі және сыртқы саясат.

Билік саяси құбылыс ретінде

Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері. Саяси биліктің түрлері. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.

Билік құрылымы: билік институттары, қызметтері және билік ресурстары, Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің қағидалары. Биліктің летимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды-жариялы, патриархалдық, азаматтық және белсенділік.

Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестітің қажеттігі. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Этнос және ұлт. Ұлт этностың жоғарғы типі. «Ұлт» категориясын түсіндірудің екі тәсіл: этно-лингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің қағидалары. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы ролі.

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

Қазақстан көпконфессиялы қоғам ретінде. Конфессиялар диалогы және Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.

Қоғамның саяси жүйесі

Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары.

Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер.

Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация қызметтері.

М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері).

Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік және постмодернистік).

Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметтік емес ұйымдар. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері және оның дамуының тенденциялары. ҚР партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.

Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің белгілері, оның қызметтері және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.

Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы. Азаматтық қоғамның құрылымы.

Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. «Әлеуметтік» мемлекет және оның эволюциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қызметтері және демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

Мүдделі топтар: ұғымы, қызметтері, типологиясы. Қысым жасаушы топтар. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.

Саяси партия ұғымы. Партиялар генезисі және партиялық жүйелер. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериялер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).

Партиялық жүйелер ұғымы. Партиялық жүйелерді жіктеу. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстандағы партиялық жүйелердің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. ҚР саяси партиялардың қызметін заңменен реттеу.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: