Саясаттану

Авторлар:

философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттаров Р.Б.

философия ғылымдарының докторы, профессор Балғымбаев А.С.

тарих ғылымдарының докторы, профессор Романова Н.В.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәкенов М.

философия ғылымдарының кандидаты, доцент Хан И.Г.

саяси ғылымдардың кандидаты Сейсебаева Р.Б.

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі заманда саяси білім мен мәдениет қандай мамандықтың иесі екендігіне қарамастан кез келген адамға қажет, яғни, оның кәсіби қажеттілігінен тыс аталмыш білім жасампаздық қызметтерді атқаруға септігін тигізеді. Ең алдымен демократиялық ділді жасауға көмектеседі, сонымен қатар толеранттылық, ымыраға келу мен серіктестікке дайын болу, келісімпаздыққа ұмтылыс, өз мүдделерін өркениетті және заң шеңберінде қорғау, әлеуметтік-саяси жанжалдардың алдын алып, қауіп-қатерсіз шешу, жалпыұлттық бірегейлікті, отаншылдық пен мемлекеттілікті нығайту сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

«Саясаттану» пәнін оқытудың мақсаты – заманауи мемлекеттің тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын азаматтық саяси мәдениетті қоғамда өркениетті ынтымақтастықта тұрудың өнері ретінде саналы түрде қалыптастыру.

Курстың міндеті – студенттердің бойында саясаттың негізі мен демократиялық мемлекеттің құрылымы туралы ілімдерді қалыптастыру, қазақстан мен әлемде жүріп жатқансаяси процестерді ұғыну мен еркін бағдарлай алуға үйрету.

Курсты оқып игеру нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:

- саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;

- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен қызметтерін;

- саяси үдерістердің мәнін және олардағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін;

- шынайы саяси үдерістерді білікті талдай алуды;

- Қазақстан Республикасындағы жаңа, өркениетті, гуманды қатынастарды қалыптастыруға белсене қатысу.

Саясаттануды оқып білу философия, әлеуметтану, экономиялық теория, құқық негіздері, тарих сияқты оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйене отырып, дінтану, мәдениеттану, психология сияқты оқу пәндерімен байланыста өтілуі қажет.

Ұсынылып отырған «Саясаттану» курсының бағдарламасы соңғы жылдардағы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі пәнді оқыту тәжірибесі негізінде білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.

Сонымен қатар авторлар дүниежүзілік саяси ғылымның маңызды мәселелерінің ғылыми игерілу деңгейін, сонымен қатар қазақстандық қоғам мен жалпы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің реформалану тәжірибесін теориялық қорытындылауды назарға алды.

Типтік бағдарламада саясаттанудың негізгі тақырыптары мен мәселелері, сонымен қатар республикада және басқа да ТМД елдерінде жарық көріп, қазіргі уақытта жинақталған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қамтылған.

Бағдарламаның құрылымында әлемдік саяси ғылым мен тәжірибедегі оқу құралдары және бағдарламалардың тәжірибесі ескерілген.

Типтік бағдарламаны әзірлеушілер еліміздің дүниежүзілік білімдік кеңістігіне ықпалдасуына, оның ішінде Болон конвециясына қол қоюына байланысты туындаған жаңа оқу технологияларының талаптарын есепке алған. Бағдарлама саяси білімнің құрылымына ғана емес, мазмұнына да өзге түзетулер енгізуді және жұмыс түрлері бойынша оқу материалдарын мейлінше толық бөлуді қарастыратын несиелік технологияның талаптарына сәйкес құрылған.

Лекциялық курстың тақырыптарының сұрақтарымен қатар семинар сабақтарының үлгі тақырыптарының тізімі, силлабусты құрастыруға қажетті студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының сұрақтары мен рефераттарының тақырыптары берілген.

Бағдарламаны дайындаушылар классикалық мұраларды, отандық және шетелдік саясаттанушылардың үздік еңбектерін сақтай отырып, библиографиялық аппаратты жаңартуға тырысқан.

Ұсынылған әдебиеттер тізіміне саясаттану ғылымына тікелей қатысы бар еліміздегі заманауи саяси үдерістердің ерекшелігін көрсететін Қазақстан Республикасында шықан оқу құралдары мен монографиялар енгізілді. Қазіргі талаптарға сай әдебиеттер негізгі және қосымша ретінде бөлініп берілген.

Бағдарламаның құрылымы жоғары оқу орындары мен мамандықтардың бағыттарын ескеруге мүмкіндік береді.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: