Саяси режимдер

Саяси режим ұғымы. Саяси режимнің типтері.

Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері. Диктатураның тарихи формалары. Тоталитарлық жүйенің формалары. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері. Авторитаризм. Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешеліктері. Авторитарлық жүйелердің объективтік негіздері. Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері мен формалары. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер. Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократияның дамуы саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.

Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру

Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тура және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. Қазақстанды демократияландырудың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың мәселелері.

Саяси жүйені жаңғыру мәселелері. Саяси жаңғыру ұғымы. Жаңғыру және тоталитаризмнен демократияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңғыру мәселелрі. Саяси жүйелерді жаңғыру үдерісінің негізі ретінде демократиялық саяси жүйені қалыптастыру.

Қазақстан қоғамын саяси жаңғырту мәселелері.

Саяси үдеріс және саяси қызмет

Саяси үдеріс (процесс) ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси үдерістің құрылымы. Саяси үдерістің сатылары (фазалары).

Саяси үдерістің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси үдерістер. Ашық және жасырын саяси үдерістер.

Саяси үдеріс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси әрекеттің сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс-тұрыс және оның формалары. Әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі.

Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістер.

Саяси сана және саяси мәдениет

Саяси сананың мәні. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары. Саяси сананың формаларының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік-партиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.

Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениеттің тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері: саяси таным, саяси іс-әрекет, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, әлеуметтікэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

Саяси мәдениет қызметтері: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриахалдық, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі саяси мәдениеттің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену мәселелері.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: