Адвокатура, 4 курс 2 страница

Келесі жайт, статистикалық әдістердің барлық уақытта біртектес, бірдей тәртіппен жүргізілетіндігінде. Бұл әдістер барлық статистикалық зерттеулер үшін ортақ әрі міндетті әдістер болып табылады. Жүргізіліп жатқан статистикалық жұмыс қай салада болсын, ол құқық қорғау, денсаулық сақтау, өндірістік салалар болса да, келтірілген әдістер кезектілігімен қолданылады. Себебі, бұл әдістер қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеуде қолданылатын ең тиімді әдістер болып табылады және бұл әдістер статистиканың негізін білдіретін жалпы теорияда белгіленген.

Белгіленген әдістердің түгел қолданылуы ғана зерттелетін қоғамдық құбылыстардың, уақиғалардың жан-жақты сапалы талданғанын, дұрыс зерттеудің жүргізілгенін білдіреді.

Статистикалық әдістерді қолдану үшін, оның іске асырылуына жағдай жасайтын әдістемелер белгіленеді.

Статистикалық әдістемелер ретінде, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағының құрылысындағы және ол құбылыстардың өзге құбылыстармен байланысындағы заңдылықтарды ашуға қолданылатын әдістерді іске асыру үшін белгіленген тәсіл-құралдардың жүйесі алынады. Анығырақ айтқанда, ста-тистикалық әдістемелер белгіленген әдістерді іске асыратын құралдар болып табылады.

Әдістемелік нұсқау

Статистика — тек қана коғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдык құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уакыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Статисикалық әдістер ұғымы

2. Статистикалық әдістемелер

3. Статистиканың ұғымымен таныстырыңыз

4. Статистика дегеніміз не?

5. Статистиканың жалпы теориясын және салалық статистикаларды атаңыз?

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

3-тақырып. Қазақстан Республикасында статистикалық жұмыстарды басқару және оның міндеттері

Жоспар:

1.Қазақстан Республикасында статистикалық жұмыстарды басқару

2. ҚР статистика жөніндегі агенттігі, олардың өкілеттігі

Статистикалық жұмыстар қоғамдағы маңызды әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды мемлекет тарапынан бақылауға алу мақсатында жүргізіледі. Мұндай, сандық жағын анықтау қажетті болып табылатын құбылыстар әр салалы, құрылымы мен оны сипаттайтын белгілер де әр түрлі көлемде болуына байланысты, олармен статистикалық жұмыстар жүргізу де күрделі болып келеді. Сондықтан олардың қоғамдағы орнын,әсер етуші факторларын анықтауда қателіктер кетуі әбден ықтимал. Осындай белгілі бір мемлекет аумағына таралып,оның күйін, жағдайын бейнелейтін құбылыстар, сайып келгенде қоғамның, мемлекеттің бағасын, деңгейін білдіреді. Сол себептен әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, уақиғаларды сандық жағынан есепке алып, оның рөлін анықтау – ең алдымен мемлекеттік жұмыс болып табылады және бір орталықтандырылған қызмет түрі ретінде жүргізіледі. Бұл бір орталықтандырылғын қызмет – қоғамдық құбылыстардың сандық жағына есеп жүргізетін әр түрлі салалардағы органдар мен мекемелерге бақылау орнатып, оларға жетекшілік жасайды және олардан түскен мәліметтерді тексеріп, өндеп мемлекеттің шын жағдайын, күйін анықтайды немесе ондай жағдайды, күйді білдіретін статистикалық мәліметтермен қоғамды таныстырады.

Қазақстанда және оған таяу елдерде саяси-экономикалық өзгерістердің орын алуы, жаңа заңдардың шығып, қолданылуына әкелді. Статистиканың негізгі міндетінің бірі, ол қоғамның дамуынан қалмай, үнемі сол уақыттағы, сол аймақтағы әлеуметтік – экономикалық жағдайды шын бейнелеу болып табылады. Соған сәйкес статистикада және салалық статистикаларда өздерінің әдістемелерін, ұйымдастырушылық жұмыстарын нақты қоғамдық жағдайды дұрыс зерттеуге жарайтындай сапада реформалау, жаңарту үстінде. Мұндай жұмысты тиімді іске асыру үшін, мемлекет тарапынан 1997 жылғы 7 мамырда «Мемлекеттік статистика туралы» заң қабылданды. Аталған заң статистикалық қызметті мемлекеттік қызмет ретінде тани отырып, мемлекеттік статистиканы барлық әкімшілік – аумақтық және мемлекеттік құрылымдарда ортақ құрылымдарға ортақ әдістемелер мен жоспарға сай жүргізілетін біртұтас жүйе ретінде таниды.

ІІ. Мемлекеттік статистиканы бір орталықты жетекші орган түрінде жүргізу үшін, орталық атқарушы орган немесе өкілетті орган белгіленген және жоғарыда аталған заңда ол органның құқықтары мен міндеттері белгіленген. Барлық ведомстволық статистикаларға жетекшілік жүргізетін өкілетті орган ретінде, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі жұмыс істейді.

Өкілетті органның құқықтарына мыналар жатады:

- статистикалық жұмыстың жоспарымен белгіленген көлемде және мерзімдерде заңды ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен мемлекеттік статистикалық дұрыс есептерді қайтарусыз алу;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайда жеке адамдардан, олардың экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметінің жағдайын статистикалық қорыту және талдау үшін дұрыс мәліметтер алу;

- Қазакстан Республикасының үкіметімен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистикалық бақылауды жүргізу үшін ұйымдардың лауазымды адамдарын тарту;

- мемлекеттік статистикалық бақылау бағдарламасын дайындау және бекіту;

- Мемлекеттік статистикалық регистрді, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді дайындауды жүргізу үшін, атқаратын қызметіне қарай мемлекеттік органдардан алғашқы статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді алу;

- жеке кәсіпкерлерден және заңды ұйымдардан алғашқы және статистикалық есептің тапсырылуын бақылауды іске асыру;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте, мемлекеттік тапсырыс берілген кейбір статистикалық жұмыстардың жүргізілуін қаржыландыруды іске асыру;

- Қазақстан Республикасының үкіметімен бекітілген өкілетті орган туралы Ережеге сәйкес, басқа да қызметтерді атқаруға құқылы.

Өкілетті орган - қызметін толық, әрі дұрыс атқару үшін, статистикалық жұмыстың жоспарын дайындап, онымен тиісті ведомстволық статистиканы жүргізетін органдарды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның облыстарында өзінің бөлімшелерін де ұстауға құқылы. Бұл бөлімшелер өкілетті органның міндеттері мен құқықтарын өз аумақтарында жүргізеді және тиісті жерлердегі ведомстволық статистика-ны жүргізізетін мекемелер қызметіне де жетекшілік етеді.

Мемлекеттік статистика өзінің өкілетті органы арқылы мемлекеттік саясатты іске асырушы органның бірі болып табылады. Бұл салада өкілетті орган мемлекеттік саясаттың өз қызметіне сай келетін, ұштасатын тұстарын іске асырады.

Өкілетті орган статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында:

- статистикалық бақылау бағдарламасын бекіту негізінде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін басқарады;

- статистика саласында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымактастықты іске асырады, олармен мемлекеттік статистиканы жетілдіруге бағытталған келісімдер мен шарттарды жасауды іске асырады;

- мемлекеттік статистикалық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады.

Өкілетті орган мемлекеттік статистиканы басқаратын және жетекшілік жасайтын ең жоғары орган болып табылады. Сондықтан, ол статистиканың әдістері мен әдістемелері, жоспары, бақылау бағдарламасын жетілдіру мәселелері бойынша тәуелсіз қызмет атқарады.

Статистика жөніндегі Агенттік белгілеген статистикалық мәліметтерді жинау және өндеу әдістері мен тәсілдері, нысандары және олардың берген статистикалық көрсеткіштері ресми статистикалық мәлімет қана емес, сонымен бірге стандартқа сай дайындалған мәліметтер болып табылады. Яғни, өкілетті орган статистикалық мәліметтермен қажетті салаларды қамтамасыз етудің стандартын немесе негізгі нұсқасын белгілейді. Сонымен қатар, статистика жөніндегі Казақстан Республикасының Агенттігі жетекші, өкілетті орган ретінде, барлық ведомстволық статистикалық нормативтік актілердің шығарылуына, олардың сапасыңа бақылау жасайды. Агенттік дайындалған заң жобаларын қарап, оған өздерінің ескертпелері мен кемшіліктерін бере алады.

Өкілетті орган мемлекеттік статистиканың дұрыс ұйымдастырылуы, әрі сапалы жүргізілуі үшін, нақты мәліметтерді сақтауы тиіс немесе статистикалық мәліметтердің сапалылығына байланысты негізгі қойылатын талаптарды белгілеп, олардың сақталуын бақылайды. Ол талаптар былай анықталады:

- статистикалык, көрсеткіштердің тұтастығы, дұрыстығы және жеткіліктілігі;

- Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді және олардың даму тенденцияларын қорыту, талдау және жан-жақты, объективті қаралуы;

- статистикалық мәліметтердің Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген шекте ашық болуы және берілуі;

- қолданылған әдістемелердің және келтірілген көрсеткіштердің халыкаралық деңгейде қолданылатын статистикалық стандарттармен салыстыруға сәйкестігі.

Бұл талаптарды іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі өзінің жетекшілігіндегі барлық статистикалық органдар жүйесіне біртұтас мемлекеттік басқаруды жүргізеді, барлық шаруашылық салаларының есепке алынуы мен есеп беруін қадағалайды, біртұтас ғылыми негізделген әдістеме негізінде статистикалық мәлімет дайындау жүйесін құрып, оның қолданылуын басқарады. Сонымен қатар, бұл талаптардың сақталуына жағдай жасау мақсатында статистика жөніндегі Агенттік өз құрылымын жоғары сапалы, тәжірибелі, мамандармен жабдықтауды жүргізеді. Оның құрылымында статистикалық жұмыстардың әдістемелерін белгілейтін арнайы басқарма жұмыс істейді. Олар статистикалық көрсеткіштерді есептеу, мәліметтерді жинау мен өндеудін, тәсілдерін қарастырады, сондай-ақ оларды жетілдірудің жолын қарастырады.

Әдістемелік нұсқау

Статистикалық жұмыстар қоғамдағы маңызды әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды мемлекет тарапынан бақылауға алу мақсатында жүргізіледі. Мұндай, сандық жағын анықтау қажетті болып табылатын құбылыстар әр салалы, құрылымы мен оны сипаттайтын белгілер де әр түрлі көлемде болуына байланысты, олармен статистикалық жұмыстар жүргізу де күрделі болып келеді.

Бақылау сұрақтары:

ҚР статистикалық жұмыстарды басқаратын органдар

Статистика және салалық статистикалардың ұйымдастырушылық жұмыстарын реттейтін заңды ата

ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

4-тақырып. Құқықтық статистиканың ұғымы, міндеттері

Жоспар:

Құқықтық статистиканың ұғымы, пәні және міндеттері

Құқықтық статистиканың салалары

Статистика есеп түрі және жеке ғылым саласы ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауға алып, олардың көрсеткіштерін зерттейді. Мемлекет пен қоғамды құрайтын манызды салалар ретінде, елдің экономикалық, әлеуметтік құрылымын білдіретін сан-алуан қоғамдық қатынастардың жүйесі алынады. Сол жүйенің әлеуметтік саласына жататын қоғамдық құбылыстың бір түрі - мемлекет қабылдаған арнайы нормативтік актілермен шешілетін құқықтық мағынадағы құбылыстар болып табылады. Сондықтан, статистиканың көптеген салаларының бірі ретінде, құқықтық статистика да өмір сүріп, тиісті қызметін атқарады.

Заңмен реттелуге жататын және құқықтық қызметтің объектісі ретінде танылатын құбылыстарға қарай немесе қоғамдық қатынастардың салаларына қарай, тиісті құқық салалары өмір сүреді. Мемлекет қоғамды қозғаушы күш болып табылатын, және заңмен реттелуге жататын қоғамдық құбылыстарды анықтай отырып, оларды құқықтық құбылыстар қатарына жатқызады және мемлекеттік бақылауға алып, олардың сандық жағына есеп жүргізеді. Сол есептің көрсеткіштеріне қарай, мемлекет - қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағдарламалар, жоспарлар дайындайды немесе бағдарламалар дайындау кезінде сол салаға жататын құбылыстың сандық көрсеткіштерін ескереді. Демек статистика, оның ішінде құқықтық статистика да мемлекеттік қызметтің бір түріне жатады.

Құқықтық статистика өзге статистика салаларындай өз мақсатын іске асыру үшін, тиісті таным салаларын меңгеруді көздейді. Мұндай таным салаларына құқықтық ғылымдар жатады. Яғни құқықтық мағынадағы құбылыстардың сандық жақтарымен жұмыс істеу үшін, біріншіден статистиканың жалпы теориясынан хабардар болу керек болса, екіншіден құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың ұғымы, түрі, мазмұны жа-ғынан да жеткілікті дайындығы болуы керек. Демек, құқықтық статистика өз қызметін іске асыру үшін, екі ғылыми бастаманы қолданады. Құқықтану - құқықтық статистикада зерттелетін құқық бұзушылық салаларының сапалық белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар құқық қорғау органдары кызметінің объектілерін және олардың қызметіндегі мемлекеттік бақылау шараларын ашып, олардың жүйесін қарастырады. Құқықтық статистика-құқықтануда түсінігі ашылатын осы аталған жайттарды, жалпы статистикада белгіленген әдістерді қолдана отырып, өз қызметін іске асырады.

Құқық бұзушылыққа әлеуметтік бақылау жүргізудің мазмұны азаматтық, қылмыстық, әкімшілік іс жүргізу зандарының нормаларына негізделген әділ сотты жүзеге асыру міндетінен туындайды.

Басқаша айтқанда, құқықтану - құқықтық реттелуге жататын барлық қоғамдық және мемлекеттік арнайы органдармен іске асырылатын қатынастарды, құбылыстарды қарастырады. Әлеуметтік- құқықтық құбылыстардың пайда болу саласына және олардың реттелуін қарастыратын нормалар жиынтығығына қарай құқық тану, құқық салаларына бөлінеді.

Құқықтық статистика - қоғамның қозғаушы күші болып табылатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығынан пайда болатын құқық салаларын өз зерттеуінің бір объектісі ретінде қарастырса, екінші объектісі ретінде, сол құқық салаларының іске асырылуын қамтамасыз ететін, құқық қорғау органдарының қызметін де қарастырады. Тек құқықтық статистика ғана заң қолдану саласында кездесетін құбылыс-тарды сандық жағынан зерттейді.

Демек, құқықтық статистика - бұл құқықтық реттелуге жататын құбылыстарды статистиканың жалпы теориясында белгіленген әдістер арқылы олардың сапалық белгілерін қамти отырып сандық жағынан нақты уақытпен орнына қарай зерттейтіи ғылым және есеп түрі болып табылады.

Құкықтық статистиканың зерттеу объектісі, құқық салаларында реттелетін қоғамдық құбылыстар болып саналады. Мұндай құбылыстар құқықтық статистиканың сапалық жағын білдіреді. Құқықтық статистикада да сапа ретінде өзге статистика салаларындағыдай құбылыстардың мәнін, ұғымын ашып сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынады, Бұл статистика саласында да, сапаны құрайтын құрамдардың немесе белгілердің сандық жағы зерттеледі. Бұл тұжырым нақты құбылыстарға бақылау жүргізу кезінде, оларды негізгі және косымша белгілерімен қоса бақылау кезінде анықталады.

Құқықтық статистиканың міндеттері де, жалпы статистиканың міндеттеріне сәйкес келеді. Статистика өмірде өзінен-өзі немесе қоғамдық құбылыстарды ескермей өмір сүре алмауына байланысты, оның салалары да тиісті қоғамдық құбылыстардың салаларынсыз, өмір сүре алмайды. Құқықтық реттелуге жататын құбылыстар болмаса, онда құқықтық статистика да болмайды. Сонымен қатар, құқықтық статистиканың міндеттері, салалық статистикалардың міндеттеріне мағынасы жағынан сәйкес келеді.

Құқықтық статистиканың міндеттеріне, қоғамды құқық бұзушылықтың және құқық қорғау органдары қызметінің осы саладағы сандық жағы туралы мәліметтерімен қамтамасыз ету, ол құкықтық реттелуге жататын құбылыстардың, уақиғалардың сандық жағының дұрыстығын, заңдылығын ашу өзге қоғамдық құбылыстармен байланыс деңгейін, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің үлгерімін, дұрыс, сапалы жұмыс істеу деңгейін ашып беру болып табылады. Яғни, құқықтық статистика осындай қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Құқықтық статистиканың өзге статистика салаларымен салыстырғандағы бір ерекшелігі, ол өзге статистика салаларындай, қоғамдық құбылыстың сандық жағын толық ашып бере алмайды. Яғни құқық бұзушылықтың 100% сандық көрсеткішін анықтай алмайды. Бұл жағдай құқық бұзушылық үшін кінәлі адамдарға жауапкершілік жүктелетіндігіне байланысты болып табылады. Жасалған қылмыстардың кейбір бөлігі құқык қорғау органдарында тіркелмей жасырын (латентті қылмыстылық) түрде қалады. Ал, статистикалық мәліметтерді тек тиісті орган, мекемелерде тіркелген уақиғалар саны ғана құрайтынын жоғарыда келтірдік. Статистиканың өзге салаларында құбылыстың сандық жағын толық анықтау жеңіл, себебі ол уақиғалар бойынша барлық жағдайда адамдар кінәлі, жауапты бола бермейді. Сондықтан ондай қоғамдық құбылыстар (мысалы өрт, медициналық, транспорт, экономикалық статистикаларға жататын құбылыстар) оңай ашылып, тіркеліп жатады.

Кейбір құқық бұзушылықтардың тіркелмей, құқық қорғау органдары үшін жасырын күйде қалуы, құқықтық статистика - құбылыстардың пайда болу уақыты мен орнына қарай сандық жағын анықтайды деген тұжырымына қайшы келеді. Құкықтық статистика- құқық бұзушылықтың санын толық анықтай алмауына байланысты, бұл пәннің затын тек құқық қорғау органдарының қызметі туралы мәліметтер құрайды деген атауды қолдануға жетелейді. Бірақ тек құқықтық статистикаға келгенде, бұлай тұжырым жасау қате болар еді. Себебі, статистика бастапқы міндеті ретінде, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағын анықтаумен айналысады. Бұл міндет құқықтық статистикаға да қолданылады, ал құқықтық статистика орын алған құқық бұзушылықтарды толық қамти алмаса, ол осы саладағы құбылыстардың ерекшелігіне байланысты болып табылады.

Құқықтық статистиканың салалары

Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың әр салалы болуына және құқық бұзушылықтардың да қоғамға қауіптілік дәрежесін мен сипатының әр қилы болуына байланысты, түрлі құқық салалары өмір сүреді. Ол құқық салаларының қамтитын құбылыстарына және ол бойынша құқық нормаларының қолдануын іске асыратын органдардың қызметіне қарай, құқықтық статистиканың үш саласын келтіруге болады: Қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және азаматтық құқықтық статистикалар.

1. Қылмыстық құқықтық статистика – жасалған қылмыстардың сандық жағын және ІІМ, Прокуратура, Сот және қылмыстық – атқару органдары мен мекемелерінің қылмыстық бойынша атқарған қызметінің сандық жағын зерттейді.

2. Азаматтық - құқықтық статистика – азаматтық құқықтық қатынастардың және құқықтық қатынастың осы түрі бойынша сот, нотариат, аралық сот қызметінің және қабылданған шешімдерінің сандық жағын зерттейді.

3. Әкімшілік құқықтық статистика – әкімшілік құқық бұзушылықтың сандық жағымен қатар, ол құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар жүргізген органдар мен мекемелер қызметінің сандық жағын қамтиды.

Әрбір құқықтық статистика саласының құрамына жататын мемлекеттік органдар қызметінің сандық жағы, құқықтық статистиканың зерттеу объектсі болып табылады.

Қылмысты өзінің зерттеу объектісі ретінде қарастыратын қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық-атқару құқығының нормаларына қарай, қылмыстар жасалған кезінен бастап бірнеше сатылардан өтеді: қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық істі сотқа өткізу, істі сотта қарау, тағайындалған жазаны атқару, тергеу сот органдарының және жазаны атқару мекемелерінің қызметіне прокурорлық қадағалау жүргізу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: