Адвокатура, 4 курс 3 страница

Бұл аталған қызметтер осы саладағы органдардың қызметіне қарай былай топтастырылады: 1) Алдын ала тергеу статистикасы; 2) қылмыстық істер бойынша сот статистикасы; 3) жазаны атқару статистикасы.

Алдын ала тергеу статистикасы қылмыстың жасалу уақиғасымен басталып, істі сотқа жіберуге дейінгі аралықтардағы тергеу жүргізуші органдардың қызметінің сандық жағын қамтиды.Бұл тергеу амалдарын жүргізуші органдарының қатарына анықтама, тергеу және прокуратура органдары жатады және олардың қылмыстық іс бойынша жүргізген елеулі әрекеттері осы саладағы статистикалық мәліметтері құрайды. Аталған органдардың осы кезеңдегі қызметі екі міндетті дұрыс атқару үшін жүргізіледі. Біріншіден, жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызып, қылмысты дұрыс саралау, екіншіден дәлелдемелерді жан-жақты жинап, істі толық тергеу болып табылады. Қылмыстық-құқықтық статистиканың бұл саласына жасалған қылмыс есепке алынып, тіркеледі және қылмыс жасаған адам мен қылмыстың жәбірленушісі туралы мәліметтер жинақталады, сондай-ақ қылмысты тергеуден туындайтын шаралар есепке алынады.

Қылмысты сот өндірісінде қарау статистикасында сотқа келіп түскен қылмыстық істерге, олардың қозғалысына, сотталған және ақталған адамдарға, сондай-ақ сот органдарының негізгі әрекеттеріне, яғни қылмыстық істі сотта қарау мерзімдеріне, қайта тергеуге қайтаруға, тағайындалған жазаның түрі мен мерзімдеріне есеп жүргізіледі. Сот өндірісі статистикасы барлық инстанциядағы соттардың қызметін қамтиды.

Жазаны атқару статистикасы қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелер мен органдардың жазаны атқару барысындағы қызметіне есеп жүргізуімен анықталады. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдарда әрбір сотталушыға статисикалық карточка ашылады, онда сотталған адамның құқықтық, әлеуметтік, демографиялық белгілері есепке алынады.

Прокурорлық қадағалау қызметінің статистикасы, прокуратура органдарында жеке жүргізілгенмен, ол қылмыстық істі тергеу, сот органдарында істі қарау жұмыстарының сандық мәліметін білдіреді.

Сонымен, қылмыстық-құқықтық статистиканың көрсеткіштері қылмыстылықтың жағдайын және тергеу, сот, жазаны атқару органдарының қызметін сандық жағынан сипаттайды.

Азаматтық – құқықтық статистиканың объектісіне біріншіден азаматтық құқық бұзушылықтың және құқық бұзушылыққа жатпайтын келісім-шартты куәландыруды немесе белгілі бір құқықтық тануды білдіретін уақиғалар, екіншіден осы саладағы мемлекеттік қызметті атқаратын сот, нотариат мекемелері мен органдар қызметінің сандық жағы жатады.

Азаматтық-құқықтық статистика азаматтық істердің жылжуына, соған сәйкес тиісті кезеңдерде заң нормаларының орындалуын қамтамасыз ететін органдар түрлеріне қарай екі салаға бөлінеді:

Азаматтық сот өндірісі статистикасы, яғни сот қауында болған азаматтық қатынастар бойынша барлық инстанциядағы соттардың қызметін бейнелейді. Бұл кезеңдегі статистикалық мәлметтерді азаматтық істің сотта қаралу уақыты, сот шешімінің шығарылуы және істің аппеляциялық инстанцияларда қаралуы туралы т.б. құқықтық құбылыстардың сандық жағы құрайды.

Сот шешімі туралы статистиканың сандыққ мәліметтерін сот орындаушыларының шешімді іске асыру мақсатында орындайтын елеулі қызметтерінің сандық жағы құрайды. Сот шешімін орындаушы тұлғаларға, сот орындаушыларынан басқа мекемелер мен кәсіпорындар да жатады. Мысалы жұмысшыны қайта жұмысқа алу туралы сот шешімін, бұрын жұмыс берген мекеме орындайды.

Әкімшілік – құқықтық статистика әкімшілік құқық бұзушылықтың есебін жүргізеді. Әкімшілік тәртіп бұзушылықтың әр салада (мысалы, көлік, санитария, темір жол, өрт, атом өндірістері) кездесуіне байланысты, әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастыратын және жауапкершілік жүктейтін органдар мен мекемелер де көп. Мұндай мекемелер мен органдарға сот органдары және әкімшілік тәртіп бұзушылықтың тиісті салалары бойынша қызмет атқаратын мекемелер мен органдар жатады.

Құқықтық статистика статистканың жалпы теорияның ережелері, қағидалары мен әдістеріне сүйенетін әлеуметтік статистиканың бір саласы.

Құқықтық статистика жөніндегі алғаш 17 – 18 ғасырларда сөз қозғалған, ол кезде оны моральдық статистика ден атаған.

Көп уақыт бойы моральдық статистика құрамында негізгі орынды қылмыстық статистика иеленді. Оны түсіндіруге болады: біріншіден, криминалдық істер әрқашан зерттеушілердің ерекше қызығушылығын таныстады, екіншіден басқа құқықтық құбылыстарға қарағанда, қылмыс, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, ауыткушы мінезқұлықтың басқа да түрлерін есепке алу өте жақсы жүргізіледі.

Орыс ғалымы А. А. Герцензон моральдық статистиканың толық емес тізіміне қылмыс, жаза, некелесу, ажырасу, туу, некесіз туылғандар, сөз ауырулары, нашақорлық, маскүнемдік, дінді ауыстыру, сектанттық, жезөкшелік, әйелдерді саудаға салу, құмарлық ойындар, өзін-өзі өлтіру, жеке меншікті сыйламау және т. б. енгізген. Осы тізімнің көбісі қылмыстық-құқықтық статистикаға қатыссыз.

80-жылдары ол «сот статистикасы» деп аталған болатын. Алғашында сот статискасы қылмыстық-құқықтық жағдайды білдіретін, себебі 60-жылдарға дейін Кеңес одағында қылмыстылық емес соттылық есепке алынатын. Кеніннен сот статистикасы тек қана сот қызметінің нәтижесі емес, басқа заң органдарының қызметінің нәтижесін көрсете бастады, содан қарастырылып отырған статистика атауына сәйкеспеді. Сондықтан 80 жылдары «соттық статистика» одан да кең түсінік «құқықтық статистика» деп ауысты.

Отандық құқтық статистиканың дамуының жаңа сатысы қайта құрудың басталуымен байланысты.

1987 жылы КСРО-да қылмыстардың жеті түрі бойынша статистикалық мәліметтерді жария етудің шектеулері алынып тасталды. КСРО-ның мемлекеттік статистикалық комитетінде қылмыстылық, соттылық, әкімшілік құқық бұзушылық және басқа жат құбылыстар туралы ақпараттар жиынтығынан тұратын моральдық статистика бөлімі қайта құрылды КСРО-ның мемлекеттік статистикалық комитетінің жалпы статистикалық жинақтарында құқықтық статистика тарауы пайда болды, онда қылмыстылық және соттылықпен қатар азаматтық-құқықтық статистиканың мәліметтері де берілетін.

90-ыншы жылдары елімізде құқықтық статистиканы мүдделі ведомстводан бөліп алып, біртұтас орган құру қажеттілігі пайда болды. 1997 жылдың басында ҚР-ның қауіпсіздік кеңесі елбасына қызметтегі ведомстволық құқықтық статистиканы реформалау және арнайы маманданған орган құру жөнінде ұсыныс жасады. 1997 ж. 27 сәуірде ҚР-ның президентінің «құқық қорғау органдарының жүйесін ары қарай реформалау бойынша шаралар жөніндегі» жарлығында МТК-ның криминальдық-ақпарат орталығы ІІМ және әділет министрілінің статистикалық қызмет барысында ҚР-ның бас прокуратурасы жанынан құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.

ҚР-да құқықтық статистиканы реформалардың келесі маңызды сатысы - ҚСАО-ны таратып, ҚР-ның бас прокуратурасы жанынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде комитеттің құрылуы. 2003 ж. 28 наурыздаға ҚР президентінің «ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде комисттің құрылуы туралы» Жарлығында осы орган және оның құрылымы жайлы ереже бекітілген. Комитет құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу әрі осы саладағы заңдылықты бұзушылықты анықтау әрі жоюға бағытталған шаралар кешенін қалыптастыру бойынша уәзіптер мен өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган боп табылады.

Құқықтық статистиканың арнайы пәні деп – жаппай құқықтық және заңды мәні бар құбылыстар мен үрдістердің сандық жағын танимыз.

Арнайы әдебиеттерде құқықтық статистиканың пәні туралы сұрақ бойынша басқа да пікірлер айтылып жүр (Л. К. Савюк), құқық бұзушылықтар мен оларды әлеуметтік бақылау шараларының сандық жағы (Н. А. Осетров), құқық қорғау органдарының қызмет аясына кіретін құбылыстар және осы органдардың қызметінің сандық жағы, (Яковлева З.Г.) құқық бұзушылықтар және олармен күрес шараларының сандық жағы деп келтірген.

Әдістемелік нұсқау:

Құқықтық статистиканың ұғымымен таныспас бұрын статистиканың пайда болуы, олардың салалары және бағыттарымен танысу қажет. Құқықтық статистиканың ұғымы, пәні және міндеттеріне тоқталып өткен.Құқықтық статистиканың салалары. Олардың бір-бірінен айырмашылығы. Өзге ғылымдармен байланысы және оның мәліметтерінің құқықтық ғылымдар мен практикада алатын орны.

Бақылау сұрақтары:

1. Статистиканың ұғымымен таныстырыңыз

2. Статистика дегеніміз не?

3. Статистиканың жалпы теориясын және салалық стаистикаларды атаңыз?

4. Статистика пәнінің ұғымын атаңыз

5. Статистиканың мақсаты

6. Статисикалық әдістер және оның әдістемелері

7. ҚР статистикалық жұмыстарды басқару және оның міндеттері

8. Құқықтық статистиканың ұғымы

9. Құқықтық статистиканың пәні дегеніміз не?

10. Құқықтық статистиканың зерттеу объектісі

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

5-тақырып. Құқықтық статистиканың басқа ғылымдармен байланысы

Жоспар:

1. Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы

2. Құқықтық статистиканың қылмыстық құқықпен байланысы

3. Құқықтық статистиканың қылмыстық әс жүргәзумен байланысы

4. Құқықтық статистиканың қылмыстық атқарумен байланысы

Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы, ең алдымен осы ғылымның негізгі бастамалары болып табылатын, статистиканың жалпы теориясымен және тиісті құқық салаларымен, яғни мәселе қылмыстық-құқықтық статистика туралы болса, қылмыстық құқықпен, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқықтарымен анықталады. Құқықтық статистиканың өмір сүруі үшін, бұл байланыстардың қажетті екендігін бұдан бұрынғы бөлімдерде негіздедік. Яғни статистиканың жалпы теориясы болмаса, онда құқықтық ғана емес, өзге де статистика салалары өмір сүруі мүмкін емес. Сондай-ақ құқықтық реттелуге жататын құбылыстар немесе құқықтың салалары болмаса да, құқықтық статистика болмайды.

Құқықтық статистика - пайда болу негізімен және өмір сүру мүмкіндігімен ғана емес, дамуы үшін де статистиканың жалпы теориясының әдістемелеріне және зерттелуге жататын құқықтық құбылыстардың түсінігін, мағынасын, мазмұнын, сондай-ақ жүйесін ашатын заң ғылымдарының ережелеріне сүйенеді.

Құқықтық статистиканың мұндай құқықтық ғылымдармен байланысы оңай ашылады және бұл байланыстардың негізгі мақсаты, құқықтану салаларын жинақталған, қорытылған және статистикалық есептеу тәсілдерінен өткізілген сандық көрсеткіштермен қамтамасыз ету болып табылады.

Әр түрлі талдау тәсілдері қолданылған сандық көрсеткіштерді дайындау - бұл қоғамның осы саладағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне сай келетін немесе сай келмейтін әртүрлі құбылыстарға құқықтық шаралар қолдану үшін қажет. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерді қолдау арқылы құқықтық ғылымдар өз зерттеу объектілерін жан-жақты толық қарастыра алады, немесе сандық мәліметтерді келтіру арқылы, ғылымды жетілдіруге үлес қосады. Құқықтық ғылымдарда статистикалық мәліметтер құқық тәжірибесінің сапасын анықтау мақсатында, яғни ІІМ, Прокуратура, Сот т.б. органдарының қаншалықты үлгілі жұмыстар атқара алатындығы және құқықтық болып табылатын әлеуметтік қоғамдық құбылыстың даму немесе өзгеру болжамына қатысты жиі колданылады.

Құқықтық статистика - құқықтық ғылымдармен ғана емес, сонымен қатар құқық саласына үлес қоса алатын немесе құқық салаларымен сабақтас келетін ғылымдармен де байланысты, Сабақтас ғылымның бір түрі криминология болып табылады. Криминология-қылмыстылықты санына қарай жиынтық ретінде ала отырып, оны демографиялық, құқықтык, әлеуметтік, психологиялық т.б. белгілеріне қарай әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. Қылмыстық құқық-қылмыс құбылысын құқықтық тұрғыдан зерттей отырып, қылмыстың түрін, олардың белгілерін, ауырлататын құрамдарын және жекелеген қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып жаза түрін анықтаумен айналысса, ал криминология қылмысты жиынтық ретінде ала отырып, оған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды.

Криминологияда. қылмыстылыққа әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізудің құралдары анықталған. Ол үшін криминология - қылмыстарды топтастырып, ол қылмыстылықтың түсінігін, оны сипаттайтын белгілерді, қарқынын, өзгеру жағдайларын анықтайды. Мұнымен қатар қылмыскер тұлғаны сипаттайтын құралдарды анықтап, келесі тәсіл ретінде жекелеген қылмыстылықтардың себептері мен жағдайларын және оның алдын алу, сақтандыру шараларын қарастырады. Криминология - тиісті талдауын жүргізу үшін статистикалық мәліметтерді қолданады. Мысалы, қылмыстылықтың дамуын немесе динамикасын, сондай-ақ әр түрлі қылмыскер тұлғаларды анықтау, қылмыстылықтың басты себептерін анықтау үшін, жиі статистикалық мәліметтерді келтіреді. Мысалы криминологияда жекелеген қылмыстылықтың бір түрі болып табылатын, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын айту үшін, алдымен ол қылмыстылық түрінің бар екендігін келтіруі керек. Ал бұл қылмыстылықтың бар екендігін растау үшін. тек жас-өспірімдердің қылмыстылғы туралы статистикалық мәліметтер келтіру керек. Криминология әрқашанда өз тұжырымының растығын сандық мәліметгер келтіру арқылы дәлелдейді. Сондықтан криминология мен құқықтық статистиканың арасындағы байланыстар екі жақты емес, бір жақты деуге болады.

Құқықтық статистика криминологияны үнемі қоректендіріп отырады. Криминология көбінесе белгілі бір жасалған тұжырымды статистикалық мәліметтер келтіру арқылы негіздейді немесе сондай тұжырымдар жасау үшін, осындай сандық мәліметтерді қажет етеді.

Статистикалық мәліметтерді келтіру, оны қолдану - ғылымның шынайы өмірмен байланысын білдіреді.

Құкықтық статистикалық мәліметтер, қылмыстық құқықтық бағыттағы өзге де ғылымдарда кеңінен қолданылады. Криминологиямен қатар статистикалық мәліметтер қылмыстық құқықта, қылмыстық-атқару құқығында, прокурорлық қадағалауда, криминалистикада, сот психиатриясында, сот медицинасында да қолданылып, аталған ғылымдарда белгілі бір тұжырымдарды дәлелдеу немесе жаңадан берілетін ұсыныстарды практикамен байланыстыру мақсатында жиі қолданылып жатады.

Құқықтық статистикалық мәліметтердің жан-жақты, әрі жоғары деңгейде дайындалуы, құқықтық және әлеуметтік құқықтық ғылымдардың зерттеулерін жоғары деңгейде жүр-гізуіне септігін тигізеді және қашан да ғылымның жай тұжырымын емес дәлелдеген негізді тұжырымын білдіреді. Мұндай ғылыми шешімдер сандық мәліметтерді қамтуына байланысты, тұрақты әрі шешімін тапқан ойларға, тұжырымдарға жетелейді.

Құқықтық статистикалық мәліметтер осы себептерден ғылымда үлкен сұранысқа ие. Кейде ғылыми зерттеулер жүргізілу барысында өз тұжырымдарын сандық мәліметтермен негіздеу үшін арнайы сандық, есептелген мәліметтерді табу қиын соғып жатады. Сондықтан статистикалық мәліметтерді жинақтайтын және өңдеп талдау жүргізетін мекемелерде, мұндай мәліметтерге жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, аталған ғылым салаларының да қажеттілігін қамтамасыз ете алатындай көрсеткіштер дайын-далғаны дұрыс.

Қылмысты зерттеу объектісі ретінде қарастыратын ғылымдарда статистикалық мәліметтер кеңінен қолданылып және жоғары сұранысқа ие болып жатса, ал азаматтық, әкімшілік құқықтық бағыттағы ғылымдарда статистикалық мәліметтер азырақ қолданылады. Бұл біріншіден, екіншіден әкімшілік және азаматтық құқықтық қатынастар бойынша есеп беру - қылмыстық құқыққа қарағанда аз дамыған. Қазакстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және информация орталығында құқықтың барлық салалары бойынша статистикалық мәліметтер жинақталады. Бұл органда аза-маттық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бойынша да сандық мәліметтер кездеседі. Бірақ азаматтық құқықтық ғылымдарда ғылыми шешімдердің тұжырымдардың дәлелдеушісі немесе ондай шешімдерді жасауға негіз беруші бастама ретінде, статистикалық мәліметтер жиі қолданыла бермейді.

Құқықтық статистикалық мәліметтер бұл турасынан алғанда қылмыстық құқықтық бағыттағы ғылымдарда қолдануға жеңіл, әрі мұндай қажеттіліктер жиі туындайды. Бірақ бұл жайттар аталған азаматтық құкық тәрізді бағыттағы ғылымдарда, өмір шындығын тану үшін, статистикалық мәліметтерді қолдануды жоқка шығармайды.

Құқықтың қай саласы болмасын, ол өмірде кездесетін қоғамдық құбылыстардың сақталуын қорғайды немесе ондай қатынастарды реттеумен айналысып, құқықтың мақсатын іске асырады. Яғни құқық пен қоғамды құрайтын қоғамдық қатынастар тығыз байланысты, бұлар бір-бірінен ешқашан ажырамайтын ұғымдар. Бұл екі ұғымның байланыстары екі жақты болып табылады. Яғни қоғамсыз, қоғамдық қатынастардың өмір сүруінсіз, құқықтың өмір сүруі де мүмкін емес, себебі құқытың мазмұнын қоғамдық қатынастардың түрлері құрайды.

Әдістемелік нұсқау:

Құқықтық статистиканың ұғымымен таныспас бұрын статистиканың пайда болуы, олардың салалары және бағыттарымен танысу қажет. Құқықтық статистиканың ұғымы, пәні және міндеттеріне тоқталып өткен.Құқықтық статистиканың салалары. Олардың бір-бірінен айырмашылығы. Өзге ғылымдармен байланысы және оның мәліметтерінің құқықтық ғылымдар мен практикада алатын орны.

Бақылау сұрақтары:

1. Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы

2. Құқықтық статистиканың қылмыстық құқықпен байланысы

3. Құқықтық статистиканың қылмыстық әс жүргәзумен байланысы

4. Құқықтық статистиканың қылмыстық атқарумен байланысы

5. Құқықтық статистиканың ұғымы

6. Құқықтық статистиканың пәні дегеніміз не?

7. Құқықтық статистиканың зерттеу объектісі

8. Құқықтық статистиканың салаларын ата. Олардың бір-бірінен айырмашылығы

9. Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

6-тақырып. Статистикалық бақылау

Жоспар:

1. Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері

2. Бақылау жоспары және оның құрамы

3. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру және оның негізгі құрылымдары

Статистикалық бақылау – кез келген статистикалық зерттеудің алғашқы ақпаратын жинау бойынша негізгі әдісі әрі бастапқы сатысы.

Статистикалық бақылаудың деректері дегеніміз – статистикалық зерттеудің міндеттерін шешу үшін қажет алғашқы материал.

Статистикалық бақылауға келесі талаптар қойылады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: