Лекция №13 тақырыбы: 19ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Жоспары:

1. Неокантшылдық

2. Феноменология

Лекцияның мақсаты: 19ғ.батыс философиясымен танысу.

1. Неокантшылдық – “Кантқа қарай артқа!” деген ұранмен ХІХ ғасырдың екінші жартысында Германияда пайда болған философиялық идеялистік бағыт. Кейінірек бұл бағыт өзге де елдерге соның ішінде Ресейге де тарады. Оның басты міндеті: Кант философиясын (әсіресе оның идеялистік және метафизикалық элементтерін) жекелеген ғылым салаларында жаңа нәтижелермен толықтырып, жаңарту болды.

Неокантшылдықтың басты принциптері үш негізгі ұғымға келіп тіреледі:

А) Философияны танымды тек сынау ретінде ғана ұғыну.

ә) Танымды тәжірибе сферасымен шектеп, онтологияның ғылыми пән ретіндегі мәртебесінен бас тарту.

Б) Априорлық нормаларды танымның басты себепшісі ретінде мойындау.

Неокантшылдық өзінің толық мағынасында екі неміс мектебінде: Марбург және Фрейбург (баден) мектептерінде көрінді. Екі мектепке де тән негізгі сипат және бұлардың бастарынан кешкен ортақ қиыншылығы, Канттық ұғымдағы “өзіндік затты” қарастырып отырған негізгі мәселелерінен алып тастау арқылы Кант үшін үлкен мәнге ие болған танымның объективтілігі мәселесін шеше алмады.. Бұл мектептің ең басты өкілдері: Г.Коген (осы мектепті басқарған), П.Наторп және Ә.Кассирер. Бұлар таным пәнін кез-келген танымнан тыс жатқан субстанция ретінде емес, прогресс нәтижесінде тәжірибе болып қалыптасқан субъект ретінде қарастырады. Соған сәйкес философия, қандай да бір субъектіні талап шығарудағы шығармашылық жұмысты ғана алдыңғы орынға қоюды мақсат етіп қояды. Сонымен бірге бұл жұмысты өзінің таза заңды негізінде таниды.

Коген Герман (1842-1918) Кант ілімінің логикалық жағына мән бере отырып, ойлау тек форманы ғана емес, сонымен бірге танымның мазмұнын да туындатады. Ойлаудың білімді туындататын басты маделі Коген бойынша математика болып табылады.

Коген секілді Наторп Паульда (1854-1924) математикалық талдауды ғылыми білімнің классикалық үлгісі ретінде есептейді.

Коген мен Наторптан кейін Кассирер Әрнст та (1874-1945) Кант жүйесінен, тәжірибе әлемін қалыптастырушы екі фактордың бірі ретіндегі (таным субъектісімен қоса) “өзіндік зат” ұғымын алып тастады. Тәжірибені құрайтын материал Кассирер бойынша алдымен ойдың өзінде қалыптасады. Осылайша кеңістік пен уақыт түйсінудің априорлық формасы ретінде болудан қалып (Канттағыдай) ұғымға айналады. Канттың теориялық және практикалық санасының орнына Кассирерде біртұтас “мәдениет әлемі” болды.

Маргбургшілердің көзқарасы бойынша ғылым формасында берілген және соған бағытталған және ойлау мәдениетті жаратушы ретінде көрінеді. “Өзіндік заттан” бас тарту ойлаудың белсенділігінің абсолюттенуіне және субъективизмге алып келеді. Осыдан олардың тарапынан объективті-идеялистік бағытқа ден қоюдың қажеттілігі туындайды. Болмыстың алғы шарты ретіндегі қағиданы Марбургшілер Құдайдың ақыл-ойы мен құлықтылығы деп санайды.

Баден мектебі өкілдерінің ең басты қарастырған мәселесі - әлеуметтік танымның өзіндік ерекшелігі мәселесі, оның формалары, әдістері, жаратылыстану ғылымдарынан ерекшелігі т.б. болды.

Неокантшылдардың Баден мектебінің өкілдері: Виндельбанд Вильгельм (1848-1915) және Риккерт Генрих (1863-1936) ғылымдардың екі тобы: тарихи және жаратылыстану ғылымдары бар екендігі жайлы тезисті ұсынды. Мұның біріншісі - жеке, қайталанбас оқиғаларды, жағдайлар мен процестерді сипаттаушы болса, екіншісі - өмір сүрмейтін жекелеген қасиеттерден алшақтау арқылы зерттелетін объектілердің жалпы, қайталанып отыратын қалыпты қасиеттерін анықтап отырады. Біріншісі Бадендіктер идиографиялық деп атаса, екіншісін номотетикалық деп атады.

2 Феноменология (грекше- құбылыстар жайлы ілім)- 1) философиялық пән. 2) идеялистік философиялық бағыт.

Негізін қалаушы және философиядағы феноменологиялық мектептің басшысы Эдмунд Гуссерль (1859-1938).

ХХ ғасырдың басында феноменология дербес философиялық ілім ретінде пайда болды. Ә.Гуссерльдің пікірі бойынша, оның негізгі зерттеу объектісі – ол ғылыми білім мен таным. Мақсаты – ғылым жайлы ғылымды қалыптастыру, яғни “ғылымтану”. Философия бүкіл ғылыми білім жүйесінің негіздемесі ретінде қызмет атқаруы тиіс. Ол ғылыми танымның логикасына, әрі ғылым жайлы ілімге айналуы тиіс.

Ә.Гуссерль ілімінің мәні мынадай үш идеяға барып тіреледі:

1. Философияның сыртқы әлемге ешқандай да қатысы жоқ. Оның зерттеу саласы – таза сананың трансңендентальды әлемі, оның пәні – сана құбылыстары (феномендері).

2. Бұл құбылыстар – психологиялық құбылыстар емес, Қандай да бір абсолюттік мәнділіктер. Бұлардың жалпыға бірдей маңызы бар және жеке санадан тәуелсіз, бірақ сонда өмір сүреді.

3. Бұл мәнділіктер ақылмен танылмайды, сезіну уақытында аян болады.

Ә.Гуссерльдің феноменологифсы психологиялық өзіндік бақылаудың формасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Неокантшылдықтың негізгі принциптері

2. Э.Гуссерльдің негізгі философиялық ойлары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: