Лекция № 10 Тақырыбы: ЖаңаУақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Жоспары:

  1. Жаңа европалық философияның қалыптасуың алғышарттары және өзіндік сипаты.
  2. Ғылымы таным әдістері проблемасының талқылануы. Эмпиризм және рационализм.
  3. Д.Беркли мен Д.Юмның идеалистік ілімдері.
  4. XVIII ғасырдағы Европадағы ағартушылық философия.

Лекцияның мақсаты: Жаңа заманда қалыптасқан рационализм мен эмпиризм бағытаымен танысу.

  1. Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (жаңғыру) үлкен

ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жанғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық

және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың әкспериментальдық негіззі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-раукаполистер Декарт пен Лейбниц, философ-әмпиристер Локк және Юм, транңендентокис Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шеқараны деморкациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр – бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты әкспериментальды зерттеуді негіздеп әлемге үстемдік етуге рационализмді уағыздаған Жаңа Заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.

  1. Жаңа замандағы философиялық тайпаластардың ең өзекті

мәселелері мыналар: бөлімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) “айқындықты” рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал әмпиристер (Локк, Юм және т.б.) арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанңія, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселелері болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз-өзіне себе болып табыладды. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монадана мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен ғылым құрылады.

Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар, Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды.

  1. Беркли өзінің “өмір сүру” демек “қабылдану” деген метологиялық принципіне

сәйкес, жалғыз өмір сүретін тек Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етюді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады. Өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен байланысады.

Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани (ментальдық) субстанңя туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім орғандары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны, жаратылыстану ғылымындағы “меннің” себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім ықтималдықтарға қарсы индукцияның ролін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымды да, моральна да, саясатта да маңыздылығын көрсету.

4. Европа тарихында XVIII - ші ғасыр ағартушылықтың ғасыры ретінде белгілі болды. Локк пен Лейбництен мұраға қалған өмірді саналы негізде қайта құру идясы, Англияның, Германияның, Францияның және басқа да европалық ойшылдар тарапынан әрі қарай жалғасын тапты. Мұндай бетбұрыс сол кезеңдегі білімді адамдар арасында табиғат пен қоғам жайындағы пайдасы зор білімнің кең түрде таралуы ретінде ќабылданды. Билеушілерге ғылым пен философияның ең соңғы жетістіктерін таныстыру арқылы сол жетістіктерге айырықша көңіл бөлінді. Көзі ашық монархтар өз мемлекеттерінде сана принциптерінің енгізілуіне жағдай жасауға тырысты. Қоғам мен табиғат жайындағы ілімдер дәстүрлі христиандық қағидаларға қарама-қайшы болғандықтан ағартушы ойылшылдар өздерінің ең басты міндеті діни догмамен күресте екенін айқын сезінді.

Жаңа заман ойшылдары Декарт Спиноза, Лейбниц өздерінің дүниетанымында қалай болмасын, құдай идеясын қабылдап, сананың, діннің негізгі ережелерімен сәйкестігі жайлы тұжырымды қалыптастырса, ағартушы ойшылдар шығармашылығының христиандыққа, дінге қарсы бағыты, сонымен қатар метафизикаға да қарсы сипатта болды. Діни дүниетанымның алғы шарттары - тәжірибеден тыс жоғары тұрған, болжамдардан азат болған сананың, адамды зиянды нәрселерден аластатып тұруы тиіс екендігі. Ағартушылар өздерінің көзқарастарының жалпы философиялық негізін Локк ілімінен тапты. Алайда Дж.Локктың өзінің “Рационалды христиандық жайлы”деген еңбегінде тєжірибеге сүйенген рационалдық таным мен дінді ұштастыруға тырысса, оның ізбасарлары ағылшын ағартушылары Джон Толанд (1670-1722) пен Антони Коллинз (1676-1729) деизм позициясынан антидогматик ретінде көрінді. Толанд кейінірек материалистік ілімді қабылдаған. Ол қозғалыс материяның атрибуты деген тезисті ұсынды. Ал Дэвид Ғартли адам психикасының материалистік түсінігінің негізін ќалады. Джозеф Пристли (1733-1804) өзінің гносеологиясында Локк пен Гартлидің көзқарастарына сүйенді. Ол социологияда; егер де билеушілер халықтың табиғи құқықтарын аяққа басса халықтың көтеріліске шығу құқығын қорғады. Дж. Локк пен ағылшын ағартушыларының ықпалымен ағартушылар алыстағы Америкада да пайда болды. Олар Америка Құрама Штаттарын құрушы және сол мемлекетке адам мен оның құқықтары жайлы деистік ағартушылық идеяны бойына сіңірген Конституцияны жасап беруші - Томас Джефферсон (1743-1826) мен Бенджамин Франклин (1706-1790) болды.

Ағартушылық рухы әсіресе Францияда айқын көрінді. Бұл елде ағартушы ойшылдар революцияны идеологиялық жағынан дайындап берді. Француз ағатушыларының ұлы бастамасы “Энциклопедияны” жазып шығуда болды. Бұл еңбекте адамзаттың қолөнердегі, өнердегі, ғылымдағы жетістіктеріне ағартушылық тұрғыдан баға берілді, бұл орасан зор еңбек болды. Оны жазуға ағартушылардың бәрі қатысты. Оған Дени Дидро (1717-1784) және Жан Д’Аламбер (1717-1783) басшылық жасады. Математик, физик Ж.Д,Аламбер гносеологияда Локқа жақын болды. Сол заманның жаратылыстану іліміне сүйене отырып, деистік сипаттағы жалпы дүниетанымды негіздеуге тырысады.

Дидро, Жюльен, Ламетри мен Клод Гельвеций, Поль Гольбах секілді атеист болды. Ол атеизмді материалистік дүниетанымға негіздеді. Осы келтірілген ойшылдардың көңіл қояр ең басты мәселесі – адам болды. Адам қоршаған табиғатпен физикалық байланыста болады. Табиғат, тылсым күшті қажет етпей-ақ өздігінен өмір сүреді. Материя табиғаттың құрылыс материалы. Ол мәңгі және әрдайым қозғалыста болады. Адам, табиғатында мейірімді. Оны зұлымдыққа итермелейтін жетілмеген қоғамдық қатынастар. Мұндай кемшіліктерді ағартушылық жолмен түзету қажет дейді Француз ағартушылары.

Европалық ағартушылықтың ең басты мәселерінің бірі – ол қоғамдық қатынастың сол кезеңдегі жағдайы болды. Француз ағартушылығының ең көрнекті өкілі Франсуа Вольтер (1694-1778) бүкіл европалық ойға орасан зор ықпалы болған ойшыл болды. Ол өз ойларын ашық әрі батыл түрде айтудан шаршамады. Вольтер бәрінен бұрын революцияның жақындап келе жатқанын сеїді. Францияның өзге де ойшылдарымен бірге, ол әлеуметтік жаратылыстың идеологиясын дайындап берді. Ол философиялық-әлеуметтік қозғалыстың көсеміне айналды. Вольтер мен оның достары ой бостандығы мен сөз бостандығын батыл түрде талап етті. Ол бүкіл әлемге “Дербес түрде ойлауға құлшыныңдар” деп жар салды. Өзінің саяси көзқарасын Вольтер мына қанатты сөзімен түйіндейді: “Үкімет бәрі бағынған кезде ғана жақсы болады.”. Ол билеушінің данышпандығына, мейірімділігіне философ карольға үміт артты. Оны Англияның қоғамдық-саяси құрылысы қанағаттандырды.

Клерикализмді қатты сынға ала отырып, Вольтер Құдайға деген сенімнің керектігін

мойындады. Ол Құдайды бүкіл кеңістіктің қозғаушысы ретінде таниды. Мәнділіктің қозғалысының соңғы себебін ойлауды және рухани құбылыстардың бәрін Вольтер Құдайдың құдіреті деп есептеді.

Вольтер сол замандағы феодалдық тәртіпті қатаң сынға алды. Ол феодалдық биліктің кез келген тұрпайы да зұлым формасын жоюға шақырудан таймады.

Әлеуметтік және мүліктік теңдікті батыл түрде алға тартқан ағартушылардың бірі Жан-Жак Руссо болды (1712-1778). Қоғамдық келісім теориясын дамыта келе, ол оның ерекшелерінен, халықтың өктемшіл билеушіге қарсы көтеріліске шығу құқығын негіздеді. Руссоның шығармашылар секілді, қоғамдық процесті жоғары бағалай келе, ол сонымен бірге оның қарама-қайшылыққа толы сипатын да айқындап берді. Осыған байланысты ол алғашқы болып мәдениеттің дамуы жасанды қажеттіліктерді тудыратынын атты. Ал мұндай қажеттіліктерді Руссоның пікірінше қанағаттандыру күмәнді болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Танымдағы индуктивті әдістің маңызы

2. Б.Спинозаның пантейстік ілімі

3. Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: