Сыныбы:1. Тақырыбы: Есептерді шығару

Пәні: математика

Тақырыбы: Есептерді шығару

Мақсаты:

1. Есептерді шығару,салыстыру, есеп шығаруда сызбаларды қолдана білу дағдыларын бекіту;бақылау жұмысына дайындау;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Тірек білімдерін жетілдіру.

- 3пен 6,3 пен 5,7 мен 3 сандарының қосындысын тап;

- 10 мен 9,10мен 6,10 мен 2 сандарының айырмасын тап;

- 3санын 6-ға арттыр;

- 7 санын 2-ге кеміт;

- Азайғыш 9,азайтқыш 8,айырманың мәні неге тең?

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Балаларды есептің мәтіні мен оның сызбасымен дұрыс сәйкестендіруге үйрету маңызды.Ол үшін оқулықтың№1 тапсырмасы берілген.Әрбір есепті оқығаннан кейін мәтіндегі және сызбадағы әр санның нені білдіретінін анықтайды,балалар есептегі негізгі сөзді іздейді.Бұл сабақтың негізі осы жұмыс болып табылады,дәптердегі№1 тапсырма оның жалғасы болып саналады.Қалғандары-қосымша тапсырмалар,оның көлемі мен орындау түрін мұғалім өзі анықтайды.

Оқулықтың№3 тапсырмасын орындау кезінде кесте бойынша тағы да жұмыс ұйымдастыру пайдалы.

  шығыршық секіртпе доп
Майгүл + - -
Айнұр - + -
Ләйлә - - +

Балалар былай талдайды: «Майгүлде доп пен секіртпе болған жоқ,демек ода шығыршық бар,кестеге белгілемейміз,т.с.с»

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма: қайталау

VІ. Бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалаймын

ІІІ тоқсан Тексерілді:---------------

Күні: Реті:99


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: