Сыныбы:1. Тақырыбы: Кері есептер (айырмалық салыстыруға, санды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге берілген үштік есептер

Пәні: математика

Тақырыбы: Кері есептер (айырмалық салыстыруға, санды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге берілген үштік есептер.

Мақсаты:

1. Кері есептердің жаңа түрімен таныстыру, кері есептер құра білуге үйрету;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жаттығуларға алдыңғы сабаққа ұқсас теңестіру, сәйкестікті қоюға (үлкен, кіші, тең) арналған ойындар мен ойын жаттығуларын қолдануға болады. Тақтаға әрқайсысының артқы бетінде қосу мен азайтудың өтілген кестелік жағдайлары жазылған «бұлттар» ілінеді, ал бұлттардың бірінің астында «күн» жасырынған. Балалар кезекпен «бұлттарды» ашып, есептеулерді орындайды, ал «күнді» тапқан оқушы сыныпқа өзі өрнектер шығаруға тапсырма береді.

«Кері есеп» түсінігі қосындысы және белгісіз қосылғышты табуға берілген үштік есептердң мысалдармен қайталанады. Ол үшін мұғалім тірек сызбаларды –қысқаша жазылу үлгісі немесе есептің сызбасын қолданады.


Есеп шығарылатын арифметикалық амалды анықта (мұғалім жай есептің өтілген түрлерін, алдыңғы сабақтарда өтілген кері есептерді таңдап алады)

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

№1 тапсырма жаңа материалды түсіндіруге бағытталған. Өзара байланысты үш есепті шығара отырып, тақтаға оларды қысқаша жазады және есепке арналған суреті беріледі. Барлық үш есепті шығарып болғаннан кейін (дәптердегі№1) суреттің барлығы бірдей болып шығатындығы, тек есептің сандық деректері мен ізделінді санның ғана орны ауысатындығы туралы қортындыға келулері керек. Мұғалім мұндай есептердің «кері есептер» деп аталатындығын нақтылайды.

Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту үшін тағы бір үштік есепті шығаруға болады. Мұндай жұмыс көп еңбектенуді қажет ететін болғандықтан, тірек сызбаларды қолданған дұрыс.

І -  ІІ-?,  артық ІІ -  ІІ-?, кем І -  ІІ-?-еуі артық
● ●   ● ● ? ● ● ? ● ●  ● ● ?  ● ● 

Өтілген материал бойынша жұмыс мұғалімнің қалауынша құрылады. №2,4 тапсырмалар дәптерде орындалады. Оқулықтағы №5 тапсырма жаттығудың жаңа түрі болып саналады және оқушыларды мұндай тапсырмаларды шешу жолымен таныстыру керек. Тақтаға алдын ала мынандай түрдегі кестені дайындап қою керек:

  Биік шатыр Аласа шатыр Үлкен терезе Кіші терезе
+ - + -
+ - - +
- + + -

Содан кейін тапсырманың мәтініне талдау жасалады: «Үйлерде қандай фигуралар тұрады? Неше үй және қандай үйлер? (Биік шатыр және үлкен терезе, аласа шатыр және үлкен терезе, биік шатыр және кішкентай терезе). Не белгілі? Үшбұрыш пен дөңгелек үлкен терезесі бар үйде тұрады., кесте «+» таңбасын қоямыз; дөңгелек пен шаршы шатыры биік үйде тұрады, кесте «+» таңбасын қоямыз. Енді әр фигураның қайда тұратындығы туралы қортынды жасауға болады».

Өзіндік жұмыс.

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма:152-153 беттерді қайталау.

VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау

ІІІ тоқсан Тексерілді:-----------

Күні: Реті:95


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: