double arrow

ISBN 978-601-241-059-4 6 страница

Облыста жалпы ұзындығы 4600 км. болатын 200 ге жуық өзен мен шағын өзен бар, олардың ішіндегі ірі өзендер Орал, Шаған, Деркөл, Көшім, Үлкен және Кіші өзен, облыста 144 көл бар, олардың — 94 і тұзды. Анағұрлым маңыздылары Шалқар, Балықты Сакрыл және Қамыс Самар көлдерінің жүйелері.

Шалқар көлі Батыс Қазақстан облысының ең ірі және ең терең су айдыны. Көлге 1,4 млрд. текше метр шамасында су жиналады, көлдің ең үлкен алаңы 24000 га. Көлге шығыс жақтан екі өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал Солянка өзені көлден ағып шығып Орал өзеніне құяды. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ұзындығы 250 км Орал өзені ағады, оның «далалы аймағы» Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Батыс Қазақстан облысына қарайтын Шаған, Деркүл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Ембулатовка, Барбастау және тағы басқалар Орал өзенінің кіші бассейніне жатады. Орал өзені Қазақстанның ғана емес Ресейдің де мемлекеттік мағынасы бар негізгі сулы күретамырларының бірі болып табылады.

Аймақта Кирсанов (алаңы — 61,0 мың га), Бударин (алаңы — 80,0 мың га) және Жалтыркөл (алаңы — 19,0 мың га) деген мемлекеттік зоологиялық қорықшалар бар. Одан басқа, бұл жерде «Дубрава» табиғаттың ботаникалық ескерткіші, «Үлкен Ичка» табиғаттың тау ескерткіші, «Селекциялық» табиғат ескерткіші, «Садовское» табиғаттың көл ескерткіштері бар. «Ақ Құм» ландшафты қорықшасы, «Миргородский» ботаника зоологиялық ескерткіші, Урдинский геоботаникалық қорықшалары орналасқан.

Ең ұзын өзен – Орал (Жайық), 2428 км. Өзеннің ұзындығы Қазақстан Республикасы көлемінде – 1082 км.

Ең ірі өзен – Шалқар (360 шаршы километр), Теректі ауданында орналасқан.

Ең ірі аудан – Ақжайық (25,2 мың шаршы километр).

Облыс Евразияның орталық бөлігінде, Қазақстанның солтүстік батысында орналасқан. Ресей Федерациясымен шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы 2423 километрді құрайды.

Аумақтың жер бедері жазық дала. Теңіз деңгейінің биіктігі облыстың солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай төмендейді. Аймақ жер бедері бойынша бірнешеге бөлінеді, соның ішінде – Жалпы сырт, Ембі үстірті, Каспий маңындағы ойпатты жерлер. Облыстың солтүстігінде және солтүстік шығысында Жалпы сырттың және Орал үстіртінің тау сілімдері бар. Оңтүстікте Каспий маңының ойпатты жерлерінің шегінде Нарынқұмның Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқа құм алаптары орналасқан.

Облыстың ең биік жері Ичка тауы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр.

Ауа-райы қатал континентальды. Барлық жыл бойына күшті желдер соғып тұрады, жазы құрғақ.

Орташа температурасы қаңтарда−14, ал шілдеде +25 ке дейін.

Жылдық жауын шашын көрсеткіші оңтүстік аймақта 250 мм, ал солтүстікте 400 мм ге дейін.

Аймақтың экономикасы

Батыс Қазақстан облысы республиканың аграрлық өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Облыс экономикасы негізін, үлес салмағы ВРП көлемінде 55,1% ға жететін өндірістік өндіруші құрайды.

Нақты экономика секторындағы ең көп үлес салмағын кен өңдіру саласы 90% алып отыр, өңдеу саласының үлесіне 7,7% дан келеді, электрмен жабдықтау, газ беру, булы және ауа салқындатқыш – 1,9%, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, жиынды бақылау және қалдықты тарату – 0,4%.

Азық түлік өнімдерін өндіру (33,5%), мұнай өнімдерін қайта өңдеу (25,9%), машина жасау (16,3%), металлургиялық өнеркәсіп (5,6%) облыстың өңдеу өндірісінің құрылымындағы ең көп үлес салмағын алып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы астық өндіру және мал шаруашылық өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен қатар майлы және жарма дақылдары өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының негізі салалары ірі қара және қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы қосымша болып табылады.

Солтүстік Батыс Қазақстан экономикасын дамытуда келесідей күрделі мәселелер бар:

1. Аймақты энергиямен қамтамасыз ету;

2. Аймақты сумен қамтамасыз ету;

3. Негізгі қорлардың тозу деңгейінің жоғарлығы;

4. Шикізатты толық кешенді өңдеу проблемалары.

8.2 Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикасы

Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданын Атырау және Маңғыстау облыстары құрайды. Аймақтың ауданы 284 мың шаршы км.

Халқының саны 800 мың адамнан аса. Оның 75% қалалықтар. Тығыздығы 1шаршы метрге 3 адам. Теміржол ұзындығы 1650 км, асфальттанған жол - 5,5 мың км.

Негізгі салалары мұнай, газ өдіру, өңдеу мұнай, химия, балық өнеркәсібі. Ірі пайдаланатын мұнай кендері Теңіз және Мағышылақ мұнайды өңдеу Атырау мұнай зауытында жүргізіледі. Атыраудың химиялық зауыты жанар-жағармай, кокс, полиэтилен, полипропилен және т.б. өндіреді. Машина жасау Атырау мишина жасау зауытымен сипатталып, мұнай, газ машиналарын шығарады. Аймақ экономикасында маңызды орынды Атырау балық консервілік комбинаты алады. Оның маңызды өнімі қара уылдырық. Ауданның негізгі күрделі саласына Жаңа Өзен қаласындағы қазақ өңдеу зауыты жатады. Оның қуаты 2 милрд. куб м. газ. Зауыттың өнімі - этаны Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты болып табылады.

Ауыл шаруашылығының дамыған саласы - мал шаруашылығы, оның ішінде қой мен түйе шаруашылығы дамыған.

Атырау облысы республиканың батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған (1992 жылға дейін Гурьев облысы деп аталған).

Әкімшілік орталығы: Атырау қаласы.

Облыста 7 аудан бар:

1. Жылыой

2. Индер

3. Исатай

4. Қызылқоға

5. Құрманғазы

6. Мақат

7. Махамбет

Облысқа бағынатын 1 қала: Атырау.

Барлығы: 2 қала, 15 кент және 56 ауылдық округ.

Шектеседі: Батыс Қазақстан облысымен, Маңғыстау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен.

Облыстың аумағы 118,6 мың шаршы км.тең. Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін Гурьев қаласы), ол Орал өзенінде орналасқан және 1640 жылы негізін салған.

Атыраудан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км. халықтың тығыздығы облыс бойынша орташа 4,3 адамды құрайды (1 шаршы км.аумаққа).

Облыста 7 аудан, 2 қала, 2 кент және 174 ауылдық елді мекен бар.

Облыстың халқы 2009 жылға 1 желтоқсанға 512,5 мың адамды құраған, соның ішінде қала халқы - 251,3 мың адам. ауыл халқы 261,2 мың адам. облыс халқының саны 2009 жылдың басындағы санмен салыстырғанда 10,9 мың адамға өскенн

(2,1%-ға).

2009 жылда облыстың ұлттық құрамын: қазақтар - 91%, орыстар - 6,5%, украиндер - 0,3%, немістер - 0,1%, кәрістер - 0,5%, татарлар - 0,5%, басқалары - 1,0% құраған.

Облыс Каспий маңындағы жазықтар, солтүстік - батысында Еділ және оңтүстік - шығысында Үстірт арасында Каспий теңізінен солтүстіктен шығысқа орналасқан.

Жер беті жазық, солтүстігінде кішігірім таулары бар (Индер).

Климаты күрт континенталды, аса құрғақ, жазы ыстық және қысы орташа суық.

Каспий теңізінің оюлысқа тиіп жатқан бөлігінің тереңдігі 50 метрден аз. Жағалаудағы сызығы аз кесілген, кішігірім құмды шығанақ және жағалау маңындағы аралдар кездеседі.

Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы - батпақтанған қамыс жолақ Орал және Ембі жайылмаларында кішігірім ағаш - бұталы өскіндер (тоғайлар) созылып жатыр. облыс аумағының 1-ден аз % -ын ормандар мен бұталар алып жатыр.

Көптеген жабайы жануарлар сақталған: жыртқыштар (қасқыр, түлкі - қарсақ) кеміргіштер (саршұнақтар, қосаяқтар, қояндар, ор қоян және толай), тұяқтылар (қабан), киік (дуадақ, безгелдек, дала бүркіті)

Атырау облысы батысында Ресейдің Астрахань облысымен, солтүстігінде және солтүстік - шығысында Батыс - Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі. Еуропа мен Азия шекаралары.

Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік- батысындағы бұрын Маңғышлақ деп аталған облыс.

1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы облыс таратылды, 1990 жылы Маңғыстау аты беріліп, қайта қалпына келтірілді. Облыс солтүстік – шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде – Түркіменстан және шығысында Өзбекстанмен шекараласады. Ішкі шекарасының ұзындығы 319 километрді, сыртқы шекарасы – 1173 километрді, оның ішінде теңіз бойынша – 810 километрді құрайды.

Облыс орталығы – Ақтау қаласының 1963 жылы негізі қаланған, Каспий теңізі жағасында орналасқан және Қазақстанның «теңіз қақпасы» болып саналады.

Қазір облыс құрамында:

Облыстық маңызы бар 2 қала: Ақтау және Жаңаөзен.

5 аудан бар:

Бейнеу ауданы;

Қарақия ауданы;

Маңғыстау ауданы; Мұнайлы ауданы; Түпқараған ауданы.

Бастапқыда 1973 жылы облыс 3 ауданға бөлінген: Бейнеу, Ералиев және Маңғыстау аудандары. 1980 жылы Мұнайлы ауданы құрылды, алайда ол таратылды. 1992 жылы Түпқараған ауданы, ал бір жылдан кейін Ералиев ауданы Қарақия болып өзгертілді. 2007 жылы Мұнайлы ауданы қалпына келтірілді.

Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік аудан, мұнда Қазақстан мұнайының 25 % өндіріледі. Маңғыстау облысы аумағында Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау қаласы орналасқан.

Аймақтың жер бедері әртүрлі. Солтүстік жартысын Каспий маңы ойпаты, орталық бөлігін Маңғыстау жарты аралы және ТМД елдеріндегі ең терең ойпат Қарақия алып жатыр. Оңтүстік – батысында Кендірлі – Қаясан үстірті, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты бар. Облыстың шығысын Үстірт жотасы алып жатыр. Ауарайы қатал континентті. Қаңтар айының орташа температурасы – 3 С, шілде айында + 26 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 150 миллиметрге дейін.

Аймақтың басым бөлігін тұзды шөлдер құрайды: жер бедері жарым-жартылай сазды, тақыр сортаңдармен және аса сирек өсімділігі бар топырақпен жабылған.

Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың шаршы км (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 6,1%). Халқының саны 2009 жылдың 1 желтоқсанында – 443,1 мың адам (республика халқының 2,8%), оның ішінде қала халқы – 234,7 мың адам (53%), ауыл халқы – 208,3 мың адам (47%). Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 2,7 адамды құрайды.

Облыста 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен), 5 ауылдық аудан (Форт – Шевченко кіші қаласымен қоса), 3 елдімекен, 39 ауыл аймағы және 54 ауыл орналасқан.

Облыс экономикасының негізгі көлемін аймақта өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемнің 90 %-дан астамын алатын мұнай газ өнеркәсібі құрайды. Мұнайдың аса бай қорлары Маңғыстауды отандық және шетелдік ірі компаниялардың өндіріс ошағына айналдырды.

Облыс экспортқа көмірсутегі шикізатын жеткізіп берушілердің бірі болып саналады. Мұнайды негізгі экспорттаушылар – «Өзенмұнайгаз» ПФ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражамбасмұнай» АҚ, «Арман» ЖШШ БК, «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ. Мұнай негізінен Швейцарияға, Виргин аралдарына, Италияға, Ұлыбританияғы, Гибралтар, Багам аралдарына жіберіледі.

Маңғыстау алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай. Минералды шикізат қорларының көптүрлілігі, сілемдерінің қуаттылығы, оларды әзірлеудің ыңғайлылығы жөнінен әлемдік геологияда теңдесі жоқ. Мұнай мен газ Маңғыстау пайдалы қазбаларының негізгі түрі болып саналады.

Маңғыстау облысы – Қазақстан мұнайының 30 % -дайы шығарылатын өнеркәсіптік аймақ. Облыс аймағында 70-ке жуық жалпы алынатын мұнайдың қорлары – 702542 мың тонна, газ – 157730 мың тонна текше метр, конденсат – 4,7 млн. тонна көмірсутегі шикізаттарының кен орындары барланған, олардың ішінде 27 кен орны кен шығарып жатыр. Жылдар бойы облыста 426 771 млн.тонна мұнай шығарылған, бұл республикадағы мұнай шығару саласының қалыптасқан кезінен бастап шығарылған мұнайдың 73% құрайды. Өзен мұнай-газ кен орнынан алынатын мұнай қоры 500 млн. тоннаға жуық, мұнайгаз конденсатты Жетібай кен орны қоры 150 млн. тоннаға жуық, Қаражамбас, Солтүстік Бұзашы, Қаламқас жалпы бастапқы қоры 350 млн. тоннаға жуықтайды, теңдесі жоқ мұнай-газ кен орындары бар.

Каспий теңізінің су айлағы бөлігінің келешегі зор. Каспий шельфінің тек 600 метр тереңдікке дейінгі мұнай қорлары 500 млн. тоннаны құрайды, бұл Әзірбайжан аймағының қорларынан 4 есе асып түседі. «Жемчужина» теңіздегі мұнай-газ кен орнының табылу дерегі маңызды оқиға болды, бұл Каспий шельфінің жоғары әлеуетін растайды және аймақтың ұзақ мерзімдік келешегін айқындайды.

Маңғыстау облысы аймағындағы Каспий теңізінде барлығы – 14 келешегі бар көмірсутегі телімдері орналасқан.

Сол сияқты аймақтың салыстырмалы аз бөлігінде фосфорит, минералды және ас тұзының, темір кенінің кен орындары барланған. 50 – жылдардың басында Маңғыстаудың жер қойнауынан уранның аса бай сілемдері және сирек жер элементтері табылған. Жетібай поселкесінің солтүстік - шығысының 40 - километрінде 60 млн. тоннаға жуық бекітілген қоры бар «Беке» кирлер кен орны орналасқан. Бұл пайдалы қазбаны жол – құрылыс жұмыстарында кеңінен қолдануға болады.

Облыс аймағында бұрғылау көмірінің бес көрінісі танымал. 1940 жылы Түпқараған ауданындағы Қызыл-Қаспақ- Айыржарал кен орны баланс арқылы бекітілді. Сол кезеңге бекітілген қорлары 34,7 млн теңгені құрады, өңделгені 0,5 млн.тонна, қалған қорлар балансталғанға жатқызылған. Бұрғылау көмірінің басқа түрлері с.Шетпе ауданында орналасқан. Бұрғылау көмірі бұрғылау ерітінділеріне арналған химреагент дайындау үшін келешекті шикізат ретінде бағаланады. Шамамен алынған есеп бойынша барлық кен орындарының көмір қорлары 253 млн.тоннаны құрап отыр.

Маңғышлақ жартылай аралы стронцийлі минералдау түрлері кең тараған дүниежүзінің аймақтарының бірі болып саналады. Маңғыстау облысының аумағында Қазақстандағы стронцийдің барлық қорының 100 % пайызы бар. Барлығы целестин және целестин – бариттің 20 жуық көрінісі анықталған. Анағұрлым ірі болып Ауыртас, Үнғозы, Үшкүйік кен орындары саналады. Анықталған кендердегі стронцийдің құрамы шамамен 20% пайызды құрайды.

Мұнай газ саласында бұрғылау ерітінділерін ауырлатқыш ретінде барит қолданылады. Барит-целестинді кендерінің орындары, ашық өңдеу үшін қолайлы болып сипатталатын стронцийдің Ауыртас кен орнының қапталы болып келеді.

Барит – целестин кендерінің қорлары барий тотығының 8,4% орташа құрамымен бірге елеулі мөлшерін құрайды. Ауыртас кен орны Шетпе ауылының оңтүстік – батысына қарай 37 километр, темір жолдан 15 километр, жоғары вольтты Ақтау – Бейнеу ЛЭП-тен 9 километр қашықтықта орналасқан.

Маңғыстаудың таулы бөлігінде түйінді фосфорит пен темір кендерінің түрлері бар. Ханга-Баба, Тюбаджик, Жалбарт, Таушық және Жангелді фосфорит кен орындары алдын-ала барланғын. Олардың жалпы қоры шамамен 175 млн. тоннаны құрайды. Темір кендерінің анағұрлым ірісі – Шығыс Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір темір кені. Оның қорлары құрамында орташа алғанда 44,73% темірі бар шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Аймақта тағы да бір марганец пен бірнеше кен түрі бар. Барланған қорлар құрамындағы орташа – 12 пайыз марганецімен, 2,7 млн. тоннаны құрайды. Шығыс, Батыс Қаратау және Қаратаушық жоталары шегінде 100-ге жуық мыс кендерінің түрлері белгілі, олардың елеулі бөлігі әлі бағаланған жоқ. Маңғыстау жер қойнауы тұз сілемдеріне де бай. Ас тұзының үш ірі кен орны белгілі:Форт – Шевченко ауданында орналасқан Бұлақ І. Көлемі 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр.

Құрамындағы Na CI 95,2%, қорлары шамамен 300 мың тонна. Каспий теңізінің жағалауына тікелей жақын орналасқан Қошқар кен орны және 25,17 кв.км жер көлемін алып жатыр. Құрамындағы Na CI 97 %, қорлары –17,8 млн.тонна. Қарақия кен орны Қарақия ойпатының орталық бөлігінде орналасқан, алып жатқан көлемі 160 шаршы километр. Құрамындағы Na CI - 97 %, қорлары есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кен орны болып саналады.

Минералды тұздардың түрлерінен Өлі Құлтұқ саздарынның төрттен бір шөгінділерінде мирабалит, тенардит кендерінің түрлері бар. Сусыз тұздағы натрий сульфатының құрамы 73-97 % құрайды. 1982-1990 жылдары Үстірт теміржол станциясынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан шамамен 630 млн.тонна шикі тұздарының қоры бар Жаманайрақты кен орны табылған, учаскенің шегінде тұз 17кв.м ауданда деп белгіленген. Құлтық-Қайдақ ойпатының аумағындағы болжанған ресурстар 6,8 млрд.тонна шикі тұздары, оның ішінде 2,9 млрд.тонна – натрий сульфаты бар деп бағаланады.

Облыс аумағының бетінде тұтастай дерлік, тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге қиыр шет елдердің бірқатарында белгілі болған, қолдануға дайын құрылыс материалы әктас- ұлутас кең таралып отыр. Маңғыстау ұлутас - әктасы – қабырғалық және қаптау материалы ретінде пайдаланылады.

Физикалық – механикалық сапасы жағынан әктас – ұлутас тек қана бетон тақталары мен шлак бетондары ғана емес, күйдірілген кірпіштің параметрлерінен асып түседі. Өңдеу материалының түстік гаммасы алуан-түрлі: қызғылт, ақшыл сарыдан ақ түске дейін. Ұлутас – әктастың болжалған қоры бірнеше миллиард текше метр. Ұлутас – әктастың 100-ге жуық кен орындарыы барланған. Облыс аумағында ұлутас – әктастан басқа көптеген құрылыс материалдарының кен орындары бар: ұсақталған тас кесектерін өндіруге арналған құрылыс тасы, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т. б.

Маңғыстау жері – бұл мемлекеттік қорғау астына алынған 11 мыңнан астам тарихи ескерткіштері ашық аспан астындағы мұражай, ежелгі өркениет аймағы, арехологиялық қорық, мыңдаған қабырға поэма-суреттері, Қазақстаннан ғана емес, Түркіменстан мен Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан көптеген қажылар келіп жататын Масат-Атау, Шопан-Ата, Шақпақ – ата, Бекет – ата мешіттері мен бірегей құрылыстар бар..Аңыздар бойынша Маңғыстауда 362 киелі әулиелердің қабірлері орналасқан. Табиғи ортасындағы жер бедерінің басқалардан өзгешелігі және Каспий теңізінің жақындығы аймақта туризмді дамытудың келешегінің бар екендігін көрсетеді.

Ежелгі қабірлер, кесенелер, орта ғасырлық жер асты мешіттері, ежелгі қоныстардың қалдықтары ерекше әсер қалдырады. Сәулетті кесенелері мен ежелгі қабірлер бұл өлкеге ерекше сән береді.

Маңғыстау облысының ормандары жалпы Қазақстан Республикасы бойынша орман көлемінің 1,8% немесе 244143,8 мың гектарды құрайды. Облыс аумағында: Түпқараған ауданынының аймағында 1987 жылы құрылған, Ақтау – Бұзашы мемлекеттік табиғи шағын қорығы орналасқан. Шағын қорықтың жер көлемі 170,0 мың гектарды құрайды.

Қарақия – Қаракөл мемлекеттік шағын қорығы Қарақия ауданының аймағында 1986 жылы құрылған. Қорықшаның көлемі 137,5 мың гектар. Шағын қорықтар жабайы аңдар мен өсімдіктерге ғылыми және мәдени, шаруашылық жағынан көңіл бөліп, сақтау мен қалпына келтіру мақсатында құрылады және ұзақ мерзімді қорлар болып есептеледі;

Кендірлі – Қаясан мемлекеттік қорық аймағы 2001 жылы Қарақия ауданының аймағында құрылған. Қорық аймағы Кендірлі – Қаясан үстіртінде орналасқан. Қорық аймағының жалпы көлемі 1231,0 мың гектарды құрайды. Қорық аймағы қызметінің мақсаты Кендірлі – Қаясан үстірті шөлдері табиғат кешенін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін табиғи жағдайда сақтау болып саналады.

Үстірт мемлекеттік табиғат қорығы Қарақия ауданының аумағында 1984 жылы құрылған. Қорық аймағы Үстірт жонының батыс бөлігінің тар жолағын және Қарақияның кеңбайтақ етегін алып жатыр. Қорық қызметінің мақсаты Үстірт жонының солтүстік шөлдері табиғат кешенін, сонымен бірге сирек кездесетін флора мен фауна түрлерін табиғи жағдайда сақтау болып саналады;

Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағы Шевченко қаласында 25.03.71 жылғы № 59 Ғылым Академиясы Президиумының Қаулысымен, 9.03.1971 жылғы №129 Қаз ССР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен, 1.12.1970 жылғы № 61 СССР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік комитетінің шешімімен құрылған. 1999 жылы аты Мемлекеттік қазыналық «Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағы» болып өзгертілген. Жалпы көлемі 21 гектарды құрайды

Облыста сол сияқты облыстық маңызы бар ормандар мен жануарларды қорғау жөніндегі 2 мемлекеттік мекеме бар (Бейнеу және Самск – 242361мың гектар).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: