double arrow

ISBN 978-601-241-059-4 5 страница

Алматы қаласы

Экономикалық мамандану. Қазіргі уақытта қала республикада қызметтер секторының үлес салмағы бойынша көшбасшы болып отыр - 30% дерлік (1-орын). Қаланың ЖӨӨ құрылымында қызметтер көрсету секторы негізгі үлесті құрайды (73,0%), бұл қала экономикасының индустриядан кейінгі кезең дамуына біртіндеп өтуін көрсетеді. Қала экономикасындағы өнеркәсіп рөлі соңғы он жылдықта күрт төмендеді.

Соңғы жылдары қаланың индустриялық әлеуетінің төмендеуі байқалады. Осылайша:

1. Елдің экономикалық әлеуетінің жартысы дерлігі (47,2%) төрт өңірде (Алматы және Астана қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары) шоғырланған. Төрт аграрлық өңірлердің үлесіне (Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстары) ЖІӨ-нің 11,3% келеді.

2. Өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамуындағы алшақтық сақталып отыр. Жан басына шаққанда ЖӨӨ ең төмен көрсеткіші қарастырылатын кезеңде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орташа республикалық деңгейдің 70 %-ға дейінгі көлемінде сақталып отыр, яғни республика аумағының 27 %-ы, онда ел халқының 40 %-ы өмір сүреді. Бұл негізінен ауыл шаруашылығына маманданған өңірлер.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. Аймақтық қаржы ұғымы және олардың жіктелуі.

2. Аймақтың бюджетінің құрылуы.

3. Аймақтық қаржыны дұрыс пайдалану.

4. Казіргі кездегі ҚР аймақтарының дамуы бойнша бөлінуі.

5. Аймақтың қаржысын пайдалану тиімділігін жоғарлату жолдары.

8 тарау. Батыс Қазақстан экономикасы

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, ҚамысСамарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.

2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.

Атырау облысы 400 метрлі жыраларға және диаметрі 2 метр болатын аппақ, домаланған тастарға толы. Бұл жерлерді көне заманғы мұхит түбінен қалған әктасты қыраттар құрайды. Каспий және Арал теңіздері осы мұхиттың қалдықтары. Шөлді жазық дала Урал өзенімен (қазақша - Жайық) тоғысады да, кейбір жерлер Флорида саз батпақтарын еске түсіреді. Бұл шынымен де су құстарына жұмақ жер болып табылады. Бұл жерлерде тек ауалық жастықшалы қайықтардың жүруі рұқсат етілген. Аққу, үйрек және қаздар тобы туристердің үстінен ұшып өткенде, олардың көптігі әркімді таң қалдырады.

Қазына түбегі... Осылай адамдар қазақстанның ең бай жерлерінің бірі – Маңғыстауды атайды. Бұл мекен мұнайға, газға, құрылыс материалдарына және минералдарға өте бай. Қазіргі уақытта мәдени мұраларға бай Маңғыстау туризм және демалыс мекені болып есептелінеді.

Өлі Қолтық жағасында, Қызанның солтүстігінде көне қорғандар табылған.

Олар біз заманыздың IV-V ғасырларына жатқызылады. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл ашулар осы жерлерде өмір сүрген Сақ-Массагет дәуіріндегі адамдар жайлы толық ақпарат береді.

Шетпеден 18 км-де орналасқан Ақмыш жері туристерді өз әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар көне Қызыл Қала тарихи жерлерімен таң қалдырады. Ақмышсайдан 3 км жүрген соң, сіз Самал мен Сазанбай атты терең шатқалдарға тап боласыз. Келесі әсем жер - Қаңлы Баба Форт-Шевченкодан 30 км жерде орналасқан. Сіз бұл жерде қайнар көздерін, долана ағаштарын, қожақат, қып-қызыл жидек бұталарын, ильм және терек тоғайларын көре аласыз. Көне Қаңлы Баба Мазары мен мешіт осы жерде орналасқан.

Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.

Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі,

Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.

Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.

Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде – континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және солтүстікте желдің жылдамдығы 24 м/с-тан асып кетеді. Шілде және тамыз айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін, оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен). Су деңгейінің соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған мекендер бар.

Жалпы Батыс Қазақстан экономикасын Солтүстік Батыс және Оңтүстік Батыс экономикалық аудандарға бөліп қарастыруға болады.

8.1 Солтүстік Батыс Қазақстан экономикасы

Солтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан құралады.

Ауданның территориясы 452 мың шаршы км, тұрғындарының саны 1,5 млн.

адамға жуық. Оның 49 % қала тұрғындары. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 3 адам. Темір жол ұзындығы 1,5 мың км-ден аса, асфальттанған жол - 12 мың км.

Бұл экономикалық ауданның негізгі өндірістері мұнай өндіру, химиялық, жеңіл, машина жасау, тамақ өнеркәсіптері. Маңызды орынды мал шаруашылығы мен астық дақылдар алады. Бұл ауданда Қазақстанның барлық никель мен хромы өндіріледі, темір қорытпаларының 30% және минералды тыңайтқыштардың 27% өндіріледі. Фосфорлық рудалардың қоры бойынша Қаратаудан кейінгі 2-орынды алады.

Хром және басқа рудалар негізінде қара және түсті металлургия дамыған. Мұнда 20 хромит кеңінен жоғары сапалы болатты өндіруге қажетті шикізат өндіріледі. Ақтөбе қаласында хром қосындыларымен темір қойықпасы зауыты жұмыс істейді. Зауыт өнімдері сыртқа экспортталады. Химия өнеркәсібі Алға қаласындағы химиялық комбинатпен сипатталады. Оның өнімдері бор, бор қышқылы, минералды тыңайтқыштар және күкірт қышқылы. Ақтөбе қаласында лак және краскалар зауыты жұмыс істейді.

Химиялық өнеркәсіп шикізаты Багданов фосфорит кені мен Жильян кенінің калий тұздарына негізделеді. Аймақтығы машина жасау саласына Ақтөбе рентген жабдықтары зауыты, Орал арматура зауыты жатады. Олар негізінен химия және мұнай, газ өнеркәсіп жабдықтарын өндіреді. Орал жөндеу зауытында автокөлік және трактор двигательдері жөнделіп аграрлақ техника бөлшектері өндіріледі.

Машина жасаудың ірі кәсіпорындарына Оралдың механикалық зауыты мен металл өнімдері зауыты жатады. Аймақ экономикасында басты рольді мұнай мен газды өндіру алады. Ауданның мұнай кендеріне Ембі бассейіні жатады. Ембі бассейінінде кирлардың (табиғи асфальт) қоры 4 млн.куба м. Батыс Қазақстан облысында мұнай мен газ Қарашығанақ, Гремяч және Западная Тепловка кендері де өндіріледі.

Солтүстік Батыс Қазақстан аймағының ауыл шаруашылығында жақсы дамыған салалары - бұл ірі қара мал шаруашылығы, қой, түйе, жылқы шаруашылықтары. Ал өсімдіктерден астық шаруашылығы.

Ақтөбе облысы — қазіргі шекарасында 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 (Қазақстан Республикасы аумағының 11%, Қарағанды облысынан кейінгі көлемі жағынан екінші аймақ). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:

батысында – Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарымен; шығысында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен; солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;

оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасы Қарақалпақ автономиялы облысымен

шекаралас.

Облыс орталығы – Ақтөбе қ, Астана қ, қашықтығы - 1 678 км. Қала 1869 жылы Қарғалы мен Елек өзендерінің құятын сағасында төбенің етегінде (осыдан оның - «ақ төбе» атауы шыққан) салынған. 2010 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Ақтөбе облысының халқы 719,5 мың адамды құрайды.

Облысқа: 12 әкімшілік аудан, Ақтөбе, Алға, Жем, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Хромтау, Шалқар тәрізді 8 қала, 4 қала үлгісіндегі пәселке кіреді.

Аудандары:

- Алға ауданы — Алға қаласы

- Әйтекеби ауданы— Комсомол селосы

- Байғанин ауданы— Қарауылкелді селосы (Бұрынғы Байғанин)

- Қарғалы ауданы — Бадамша селосы (бұрынғы Батамшин) - Қобда ауданы — Қобда ауылы (бұрынғы. Новоалексеевка)

- Мәртөк ауданы — Мәртөк селосы

- Мұғалжар ауданы — Қандыағаш қаласы

- Ойыл ауданы — Ойыл селосы

- Темір ауданы — Шұбарқұдық қаласы

- Хромтау ауданы — Хромтау қаласы

- Шалқар ауданы — Шалқар қаласы

- Ырғыз ауданы — Ырғыз селосы

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданға, 141 селолық (ауылдық) окургке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала және 410 ауыл (село) орналасқан.

Ақтөбе облысы бірегей минеральды-шикі затқа бай. Пайдалы қазба байлықтардың негізгі түрлері: хром, мұнай, мұнай-газ конденсаты, қоңыр көмір, никель, мрамор, мыс рудасы, хромиттер, фосфориттер, құм-қиыршық тастары, кірпіш балшығы, гипс, әк у тастары.

Ақтөбе облысы хром өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында

(Хромтау ауданы, Оңтүстік-Кемпірсай рудный ауданы) және Қазақстан Республикасында никель кенін шығаратын жалғыз аймақ болып табылады. (Кемпірсай тобы, рудадағы негізгі өндірістік компоненттер – никель мен аралас кобальт).

Ақтөбе облысы аумағында - Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарында Қазақстандағы 10% барланған және 30% шамасында болжамды көмірсутегі қоры бар деп негізделеді. Ең ірі кен орындары – Жаңажол мен Кеңқияқ.

Қарғалы ауданында шикізат пен энерготасушылардың ішкі қажеттіліктерінің көпшілік бөлігін қамтамасыз ететін қоңыр көмірдің қоры сақталған.

Аймақта жүзден аса кеңінен таралған пайдалы қазбалар кен орындары зерттелді. Олардың негізгі үлесі Хромтау (24%) және Мұғалжар (18%) аудандарында, сондай-ақ, Ақтөбе қаласында орналасқан (21%).

91 жерасты су көздері барланды, олардың 3-еуі -бальнеотерапевтикалық қолдану үшін зерттелді.

Жер бедері - жазық, облыс аумағының ауқымды бөлігі – төбе-бөктерлі жазықтық. Солтүстігінде Орал тауларының оңжақ сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларының шөгінділері (657 м). Батыс бөлігін Каспий өңірінен оңтүстік батысқа қарай созылған Урал үстірті алып жатыр. Оңтүстік шығысында – тұтасқан жал-жал құмдар: Арал өңірі Қарақұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық. Солтүстік шығысында – Торғай үстірті.

Облыстың солтүстігі орман жазықтығы, ауқымды бетегелі ақселеу мен жусанды кеңістікті сары дала. Сондай-ақ, оңтүстігіне қарай жапырақты қарағай мен шоқ қайыңнан бастап тобылғы мен сексеуілге дейін өсетін жартылай елсіз кең алқап.

Облыстың солтүстік батыс бөлігі – сортаңды ақтаңдақтарымен қоңыр қошқыл топырақты бетеге, боз, жусан өсетін жазық.

Оралық және солтүстік шығыс бөлігін ақшыл сарғылт және сұр түсті топырақты дәнді алқап алып жатыр.

Оңтүстігі күн сәулесі төгілген жусан иісті қоңыр топырақты тұзды құмдар мен ақ сор жапқан шөл дала.

Аймақтағы ауа райы континеттік құбылмалы. Қаңтар айындағы температура 15 -16 Со құраса, мауымда +22-тен +25 Со дейін жетеді. Шауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 125-350 мм.

Ақтөбе облысының басты өзендері Сағыз (510 км), Қобда, Ембі (712 км), Ұлқаяқ (349 км), Елек (623 км) болып табылады. Сондай-ақ, облысы аумағында ірі Торғай (825 км), Ойыл (800 км), Жем (712 км), Ырғыз (593 км), Ор (314 км) өзендері ағады. Торғайдан басқа, аймақтағы барлық үлкен өзендер бастауын Ақтөбе облысының орталығындағы Мұғалжар тауының қайнарынан алады. Негізінен өзендер жыл бойғы 75-95% жоғалтқан арнасын көктемгі қар суымен толықтырады.

Ақтөбе облысында 1 700-ден аса көл бар. Олардың 227-сі 1 км2 астам аумаққа орналасқан. Ең ірі көлдердің (Жаркөл, Байтақкөл, Құрдым, тағы басқалар.) 10-нан 45 км2 дейін айдыны бар. Көлдердің көбінің сулары тұщшы немесе татымды минеральды болып келеді. Шағын өзендердің орташа тереңдігі 0,7-1,2 м, үлкендері - 4 м дейін жетеді.

Аймақта тұщшы жер асты суы мен минеральды су қорларының мөлшері жеткілікті. Су қорларының жоғарғы бөлігі орташа көпжылдық су сақталуы бойынша 3 610 млн. м3 суды, жерасты су қорлары - 653 млн. м3 суды құрайды.

Ақтөбе облысы орман қорының жалпы көлемі 193 246 га. немесе аймақ аумағының 0,6%-ін құрайды. Негізгі орман құраушы ағаш түрлері қарағай, қайың, емен, сексеуіл болып табылады. Сондай-ақ, табиғи көк терек, қандыағаш, жайылма орман, талдар өсіп, шегіршін, шетен, үйеңке, жиде сияқты қолдан отырғызылған ағаштарда аз емес. Аймақта орман шаруашылығының жеті мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының аумағы бірегей ландшафт ретінде сипатталып, туризмді дамытуға таптырмайтын алғышарттар жасауда.

Ақтөбе облысының аумағында республикалық маңызы бар: Байпыкөл, Байтақкөл, Әйке, Құрдым, Төбіскен, Белқопа, Қармақкөл, Айыркөл, Қулыкөл, Қызылкөл, Малайдар сияқты табиғи қорық қорының нысандары мен экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және демалыстық құндылықтары айырықша 18 жер қойнауы телімі орналасқан.

Ақтөбе облысының қазіргі фаунасыда 62 сүт қоректілер түрі (олардың 35-і – аңшылық-кәсіпшілік бағытта), құстың 214 түрі (олардың 80-і – аңшылық-кәсіпшілік бағытта) кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына 10 аң түрі, 35 құс түрі енгізілді. Облысы аумағында көбейетін екі түрі – үстірт және бетпақдала киіктері мекендейтін республикадағы негізгі ареал орналасқан.

Аймақ су тоғандарында балықтың 27 түрі кездеседі. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су қоймалары тізбесіне сағалы 10 ірі және орташа өзен, 86 көл, 13 су қоймасы, 29 тоған кіреді.

Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы. Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облыстарымен шекаралас:

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен; шығыста — Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысымен;

оңтүстікте — Қазақстан Республикасының Атырау облысымен және Ресей

Федерациясының Астрахань облысымен; батыста — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен; солтүстік батыста — Ресей Федерациясының Самара облысымен.

Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр.

Әкімшілік орталығы – Орал қаласы. Облыс орталығы 1613 жылы і қаланған. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км.

Қазіргі таңда облыстың әкімшілік аумақтық құрылыс жүйесіне 12 әкімшілік аудан, 156 ауылдық округ, 3 поселкелік округ, облыстық маңызы бар бір қала (Орал қаласы) және аудандық мағынадағы бір қала (Ақсай қаласы), 475 ауылдық тұрғын кенттер кіреді.

Облыс 12 ауданнан тұрады:

Тасқала ауданы — Тасқала селосы Зеленов ауданы — Переметный селосы

Теректі ауданы Фёдоровка селосы

Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы

Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау селосы

Жәнібек ауданы — Жәнібек селосы

Казталовка ауданы — Казталовка селосы

Ақжайық ауданы — Чапаев селосы

Сырым ауданы — Жымпиты ауылы

Қаратөбе ауданы — Қаратөбе селосы

Бөкейордасы ауданы (Орда ауданы) — Сайхын селосы

Жаңақала ауданы — Жаңақала селосы

Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2010 жылдың басында 624 280 адамды құраған, соның ішінде, қала тұрғындары 282 911 және ауыл тұрғындары – 341 369 адам. Тұрғындардың жалпы санынан ұлттық құрамы бойынша:

қазақтар – 445 937 (71,4%) орыстар – 140 096 (22,4%) украиндықтар - 14 900 (2,4%) татарлар – 9 039 (1,5%)

басқа ұлттар – 14 308 (2,3%)

Топырағы сарғылт қоңыр, сарғылт, ақшыл сарғылт сазды және сортаң. Дәнді – түрлі шөпті, дәнді жусанды, жусанды бидайықты өсімдіктер басым. Оңтүстік аудандарда қоңыр топырақтар, сортаң және сортаң топырақтар кездеседі, құм алаптары бар.

Солтүстікте – бетеге боз шөпті дала, Орал өзенінің және жолдардың бойында орман қарғау жолақтар – терек, тал, емен, қайың, шегіршін және тағы басқа ағаштар, сонымен қатар оңтүстік батыста және солтүстікте қарағай өсіріледі.

Бұл аймақта елік, бұлан, қабан, қарақұйрық, түлкі, күзен, қасқыр, қоян, құндыз, ондатра, суыр және тағы басқа аңдар жүреді. Облыс аумағында аққу, қоңыр қаз, бірқазан, тырна, балшықұның, бұлдырық, сұңқар, лашын, қаршыға, қарлығаш, қараторғай және т.б. құстар ұя салады. Бауырымен жорғалаушылардан жыландар мен кесірткелер бар. Көлдері мен өзендері балыққа бай: торта балық, тыран, сазан, көксерке, қарабалық, ақмарқа, шортан, алабұға және т.б. балықтар мекендейді. Оралда – шоқыр, қортпа, бекіре балықтары бар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: