Саяси режим

1.Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастыру.

2.Басқару нысаны. – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттілігінің өзара қатынасы, оладың қүрылымы және құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалы органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика табылады.

Монархия – бұл жоғарғы мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бой иеленеді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз орны болып табылса, бұл монархия шектелмеген болып аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір орган арасында бөлінсе, бұл манархия шекетелген деп аталады. Шектелген монархиялар,өз кезегінде өкілдік және парламентаралық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министірлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентаралық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монар заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір иерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер өз кезегінде төмедегідей түрлерге бөлінеді: 1)парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші роль парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) призиденттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысыболып табылады, сол себепті,ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызыметінен босатады; 3)аралас, бұл мемлекетте үкімет призидент пен парламент бірлесе отырып құрайды.

3.Мемлекеттік құрылым нысаны. – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінең және осы бөліктердің әрбірінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұас мемлекет – бұл өз ішіндебөлңінбейтін тұтас мемлекет,оның өз ішінде дербес мемлекеттіек құрылымдармболмайды бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болды. Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныштылық деңгейі әр түрлі болған. Империяладың басты ерекшеліктері – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік құқықтық мәртебесі болмаған.

Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құралады. Бұл нақты тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация- «Федус» деген сөз (одақ) деп латын тілінен аударылады – бұл мемлекеттің күрделі құрылымы федерацияда азаматтық, констиуция, астана, заңдар, сот және қаржы жүесі бәрі екіге бөлінеді.

Федерация- «Федус» деген сөз (одақ) деп латын тілінен аударылады – бұл мемлекеттің күрделі құрылымы федерацияда азаматтық, констиуция, астана, заңдар, сот және қаржы жүесі бәрі екіге бөлінеді.

4.Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады- демократиялық және антидемократиялық режимдер

Демократиялық режимдердің белгілері:

1)халық мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруға және өкілдік демократия арқылы қатысады;

2)шешімді көпшілік азшылықтың мүдделеріе ескере отырып қабылдайды;

3)мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдпрдың сайланбалығы және ауыспалығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4)сендіру,келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5)қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6)адам мен азаматтфң құқықтары мен бостандықтары жариялынады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;

7)саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялық;

8)биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық ркжимдерге мына белгілер тән:

1) бір саяси партияның үстемдігі

2)бір ресми идеологияның болуы.

3)бір меншік түрінің болуы;

4)халықтың төмен экономикалық деңгейі.

Негізгі әдебиеттер:

1 Венгеров А.Б –мемлекет ж/е құқық теориалары. 2-бөлім құқық теориасы. М-96.

2 Спиридонов Л.И: Мемлекет ж/е құқық теориалары. М-1996.

3 Комаров С.А Жалпы мемлекет ж/е құқық теориялары М-95.

Қосымша әдебиеттер:

4 Мемлекет ж/е құқық теориясы 1-бөлім. Редакция. Вегоров А.Б-95.

5 ХропонюкВ.Н. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1993.

6 Корльский В.М. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1998.

8 тақырып: МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ

1.Мемлекет типтінің түсінігі.

2.Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тәсіл.

3.Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл.

1.Мемлекет типтінің түсінігі. Мемлекет типі сәйкес трихм кезеңде туындайтың оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен өркениеттік және формациялық тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тәсіл. Формацмялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік экономикалық факторлар яғни, қоғамдық экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистерінің типтеріне қарай мемлекетті төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.

Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлекметтік экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғитарихи сипатын, кезеңділігін көрсетеді. Ал формацияның теорияның әлсіз әлсіз және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

3.Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл. Өокениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар – мәдени, діни, ұлттық, және т.б. факторлар орын алады. Өркениет – бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеліктерін тұйық және локальды сипаты. өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:

1 кезең – локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділіе, және т.б. өркениеттер).

2 кезең – белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).

3 кезең - өз мемлекеттілігімен ерекшеліктерін кәзіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік, саяси құрылымдардың дәстүрлі және кәзіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.

Өркениеттер мен олардың мемлекеттілігін типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни және т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. Венгеров А.Б. «Теория государства и права», «Новый юрист», Москва, 1998 жыл

2. Каморов С.А. «Общая теория государства и права», «Юрайт», Москва, 1998 жыл

3. Марченко М.Н. «Теория государства и права», Москва, 1996 жыл

4. Қосымша әдебиеттер:

5. 4 Мемлекет ж/е құқық теориясы 1-бөлім. Редакция. Вегоров А.Б-95.

6. 5 ХропонюкВ.Н. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1993.

7. 6 Корльский В.М. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1998.

9 тақырып: ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

1.Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.

2.Саяси жүйелердің түрлері.

3.Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рольі.

1.Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.

Қоғамның саяси жүйесі – бұл белгілі бір саяси функциялардың атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттын жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және қызымет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады.

1)Еңбек нәтежелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады; өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның әкономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идиологиясынан өзінше ойлау басыпжаншылып отырады; мемлекеттік идиология, дің, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

2)Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжірибесі мен идиологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады; құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3)Әлеуметтікортаны ұйымдастырудың үщінші түрі – аралас түрі, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенция саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі меқсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттар араласуы тән болып келеді.

2.Саяси жүйелердің түрлері. Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералды – демокроатиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

3.Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рольі. Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдар арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық билік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйедегі жетекші рольді иеленген, себебі:

а)оның аумақтық шекараларында азаматтық белгісі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рольін атқарады.

ә)егемендіктің жалғыс иесі болып табылады;

б)қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;

в)қарулы құрылымдары болады;

г)құқықшығармашылық қатысты монополияға ие;

д)материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына ие.

Негізгі әдебиеттер:

1. Баранов В.М. Истинность норм советского права: Проблемы теории и практики. Саратов, 1989 жыл

2. Баулин О.В. Специальные нормы в гражданском процессуальном праве. Воронеж.1998 жыл

3. Бурлай Е.В. Нормы права и правоотношения в социалистическом обществе. Киев, 1987 жыл

Қосымша әдебиеттер:

4. Вельяминов Г.М. О понятии нормы международного права. СЕМП 1971 жыл. Москва,1973 жыл стр. 138-140

5. Власенко Н.А. Коллизионные нормы в советском праве. Иркутск, 1994 жыл

10 тақырып: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

1.Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

2.Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.

3.Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.

1.Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнің қарастыруда оның негізгі екі жағын бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрсетеді;

2) формальдізаңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар жатады:

Билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілермен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;

Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

Қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;

Азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

2.Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Лок пен Ш.Монтеське ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бірбірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асырылуы тиіс.

Конституцияда бекітілген «тепетеңдік және тежемелі жүйесі» заң шығару, атқару, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Призидент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып призиднет өкілеттіліктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызыметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлауға тиім салу, коммерциялық қызыметпен айналысу талабы; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік призумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі; іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

3.Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол саяси биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік – заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді.

Заң арқылы ол өзінің азаматтарымен, қоғам ұйымдарымен, қарымқатынастарындағы әдеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойына алуы тиіс.

Құқыққа бағына отырып мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшілік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кезкелген деңгейіндегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызыметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үщін тәртіптік, азаматтыққұқықтық және құқықтық жауапкершілігі, импечмент және т.б. жатады.

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерді орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депутаттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.

Тұлғаның мемлекет алдында жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарымқатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Негізгі әдебиеттер.

1. Сапарғалиев Г.С. Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы Алматы «Жеті Жарғы» 1998 жыл

2. Алексеев С.С. «Государства и права», Начальный курс Москва, 1996 жыл

3. Алексеев С.С. «Теория права», Москва, 1994 жыл

4. Керимов Д.А. «Методика права» Москва,1989 жыл

Қосымша әдебиеттер:

5. Козлов В.А. «Проблемы предмета и методологии общей теории права» Ленинград, 1989 жыл

6. Ленинская мифология государства Под.ред. Разина Э. Москва, 1996 жыл

11тақырып МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

1.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.

2.Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.

1.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Ұоғам – бұл кең мағынада, адамдардың бірлескен қызыметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны. Мемлекет – бұл саяси биліктің саяси – аумақтық, егеменді түре ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамды мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.

Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленеді. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мелекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

2.Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Арестотель, Цицерон, Гоцкий, Т.Гобсс, Гегель, Маркс және т.б ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғылымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен және тұлғалар мен топтардың олардың мүдделерін қанағаттандырылатын Адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1)мемлекеттік емес, әлеуметтік – экономикалық қатынастар мен институттар;

2)мемлекеттен тәуелсізөндірушілердің жиынтығы;

3)қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4)саяси партиялар мен қозғалыстар;

5)тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;

6)мемлекеттік емес бұқаралық ақпаратқұралдарының жүйесі;

7)отбасы;

8)шіркеу және т.б.;

Азаматтық қоғамның белгілері:

Адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

өзінөзі басқару;

оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бірлестігі;

еркін түрде қалыптасқан қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

жалпы ақпараттану мен адамның ақпарат пен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

өмір сүру координация қағидасына негіделеді;

адамдардың жақсы өмір сүруі жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б

Негізгі әдебиеттер.

1. Сапарғалиев Г.С. Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы Алматы «Жеті Жарғы» 1998 жыл

2. Алексеев С.С. «Государства и права», Начальный курс Москва, 1996 жыл

3. Алексеев С.С. «Теория права», Москва, 1994 жыл

4. Булгакова Д.А. «Теория государства и права» Алматы, «Данекер», 1999 жыл

Қосымша әдебиеттер:

5. Венгеров А.Б. «Теория государства и права» Москва, «Новый юрист», 1998 жыл

6. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. «Теория государства и права» Алматы, «Өркениет» 2000 жыл

12 тақырып ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

1.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның, әлеуметтік – экономиканың біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесі өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындайды, ал бұл жағдай, өз кезегіеде алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсеріе тигізеді. Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:

1)алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар ең алдымен әдет- ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтежесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс тұрыс ережелерімен реттелген;

2)жазбаша нысандағы көрініс болмастан, адамдардың жүрістұрысы мен санасында өмір сүрген;

3)әдетті, сонымен қатар, сендіру және мәжбірлеу шараларымен қамтамасыз етілген;

4)оларда негізгі реттеу тәсілі болып тыйым табылады;

5)олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

2.Құқықтың пайда болу ерекшелігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болды, себебі,көп жағдайда олар бірбірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секліді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси биліктәі ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдіреді.Егер жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің қоғамдағы қарамақайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алуының салдары.

Құқық нормалары негізгі үщ жолмен қалыптасады:

1)мононормалардың әдет құқығының нормаларына айналуы және осған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;

2)құқық нормаларынан құралғае арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқықшығармашылық қызыметі.

3)сот және әкімшілік органдары мен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұсақ істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прициденттік құқық.

13тақырып ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ

1. Құқықтың түсінігі және белгілері

2. Құқықтың мақсаттары.

3. Құқықтың құндылығы.

4. Құқықтың мәні.

5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық.Позитивтік құқық.Бұқаралық және жеке құқық.

6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.

1.Құқықтың түсінігі және түрлері. Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды ретттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылған және қаматамасыз ететің, жалпыға міндетті, формальді анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1)еріктілік сипаты;

2)жалпыға міндетті;

3)нормативтілігі;

4)мемлекетпен байланысы;

5)формальді анықталғандығы;

6)жүйелілігі.

2. Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілденуінен, әділеттілікті қалыптастырунан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

3.Құқық құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызымет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап кетуге болады:

1)құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізі отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;

2)құқық тұлғаладың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүрістұрычы мен қызыметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басыпжаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүдде мен үйлестіреді.

3)құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығы бостандығын көрсетуші және атқарушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;

5)құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәкес қоғамның жаңаруының қайнар көзі болып табылады;

6)құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлт аралық сипаттағы мәселерді шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.

4.Құқықтың мәні өрениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден нормативтік негізінде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 1)формальдық- кезкелген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2)мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызымет еткендігі.

7.Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық.Позитивтік құқық.Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз ететің жалпыға міндетті, формальді анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прициденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүрістұрыстың шамасы. Субъектінің құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстырылған, оған тиесілінген және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге бостандаққа және т.б қамтиды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық ретінде көрініс табады, Яғни олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар – заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызыметігің нәтежесі болып табылады;

ә)ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни жай ой идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық инсттутардың құрылымы және қызыметі.

Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

6.Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1)мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбірлеу арқылы қамтамасыз етіледі;

2)құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді;

3)құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.

4)басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдікміндеттеуші мазмұны мен байланысты.

1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. «Теория государства и права» Алматы, «Өркениет» 2000 жыл

2. Комаров С.А «Общая теория государства и права» Москва, «Юрайт», 1998 жыл

3. Марченко М.Н. «Теория государства и права» Москва, 1996 жыл

4. «Основы государства и права» Алматы, «Жеті Жарғы», 1999 жыл

5. Сперидонов Л.И. «Теория государства и права» Москва, 1995 жыл

6. «Теория государства и права» Курс лекций, Под. Ред. М.Н.Марченко Москва, 1996 жыл

7. «Теория государства и права» Курс лекций Под. Ред. Н.И. Матузова Москва, 1997 жыл

14тақырып ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҚӘЗІРГІ КЕЗГІ БАҒЫТТАР

1. Нормативтік бағыт.

2. Құқықтың табиғиқұқықтық теортясы.

3. Құқықтың діни теориясы.

4. Құқықтың тарихи мектебі.

5. Психологиялық бағыт.

6. Социологиялық бағыт.

7. Марксистік бағыт.

8. Интегративтік бағыт.

1.Нормативтік бағыт. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Новогородцев,Кельзен және т.б) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормлар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда, Келзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заң шығарушы қабылдаған негізгі норма тұрады, және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады.

Құқық туралы нормтивистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған номативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.

2.Құқықтың табиғиқұқықтық теортясы. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса адамға тұрмысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл - өмір сүруге бостандыққа тендікке меншікке және тағы басқа құқық. Яғни, табиғи құқық – қолданыстағы құқыққы қарағанда жоғары құқық бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни позитивтік құқықпен қатар адамға сәтінен тиесілі жоғары, шынайы, табиғи құқықта болады.

3.Құқықтың діни теориясын түсіндіруде құдай кітптарына ең алдымен Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский және т.б.) егер адамға табиғи құқықтар туған сәтінен берілсе оларды құдай беруі мүмкін деп санаған.

4.Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи, Гуго, Г.Пухта және т.б) құқықты шығарушы қалыптастырылмайды, ол халықтық рухтың, дамуы нәтежесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған. Құқықтанушы ғылымдар халықтық құқықтық рухтың көріністерін дәл тауып, оның ережелерін заң формалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заң шығарушы дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.

5.Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л.И.Петражицкий, Росс, И.М.Рейснер және т.б.) нормалармен қатар «құқық» түсінігіне адамдардың құқықтық санасы да құқықтық эмоцияларын да енгізеді.Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі, бұл кезде жаңа заңдар қалыптаспаған болатын, тіпті, деректердің өзінде соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сәйкес шешуінде құқықтық санаға жүгінуі танылған еді.

6. Социологиялық бағыт. Құқықтық социологиялық теорияның өкілдері (П.Эрлих, Жени, С.И Муромцев және т.б) құқық табиғи құқықтар мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан көрініс табады деп санаған, яғни құқықты өз құқықтарынсбелгілі бір дәрежеде жүзеге асыршы жеке және заңды тұлғалардың қызметі ретінде түсіндірілген. Құқық ретінде мемлекетті құру тәжірибесі де жарияланған.

7.Марксистік бағыт Марксистік теорияның өкілдері(Маркс Энгельс, Ленин және т.б) құқықтық экономикалық үстем құрушы таптың заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Және таптық еріктің құқығынан көрініс тапқан мазмұнды материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен анықталған.

8. Итегративтік бағыт. Бұл бағытқа сәйкес шын мәніңде кемшіліксіз құқықтың болуына күмән келтіріледі, сондықтан, аталған бағыттың өкілдері әртүрлі теорияладан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып, құқыққа мынадай анықтама береді: «Құқық – бұл еркін еріктердің өзара байланыстылығы күресі мен келісімін реттейтін ресми қорғаумен қамтамасыз етілген және нақты бір қоғамда танылған теңдік пен әділеттілк нормтивтерінің жиынтығы».

Негізгі әдебиеттер:

1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. «Теория государства и права» Алматы, «Өркениет» 2000 жыл

2. Комаров С.А «Общая теория государства и права» Москва, «Юрайт», 1998 жыл

3. Марченко М.Н. «Теория государства и права» Москва, 1996 жыл

4. «Основы государства и права» Алматы, «Жеті Жарғы», 1999 жыл

Қосымша әдебиетттер:

5. Сперидонов Л.И. «Теория государства и права» Москва, 1995 жыл

6. «Теория государства и права» Курс лекций, Под. Ред. М.Н.Марченко Москва, 1996 жыл

7. «Теория государства и права» Курс лекций Под. Ред. Н.И. Матузова Москва, 1997 жыл

15 тақырып ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері.

2.Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.

1.Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері. Құқықтың қағидалары - бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығымен, табиғатын және әлеуметтік мәнің көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүрістұрыс ережелері болып табылады. Таралау саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.

Оларға мына қағидалар жатады:

әділеттілік;

азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;

ізгілік

демократиялық

құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;

сендіру мен мәжбірлеуді үйлестіру;

Салаарлық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жоспарлық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.

Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы: азаматтық құқыққа – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы;

Қылмыстық құқықта – кінәсіздік призумпциясы.

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.

2.Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері. ӨҚұқықтық функция – бұл құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көрсететің, құқықтық әсер етідің негізгі бағыттары.

Құқықтық функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық,саяси тәрбиелік функциялар

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші және қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция – бұл позитивтік жүрістұрыс ережелерін орнықтырудан, қоғамның, мемлекеттің,тұлғаның мүдделеріне сәкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатындақұқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер ететің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.

Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға олардың белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді.

Статистикалық функцияны жүзеге асыруда консттуцияда бекітілген аяси құқықтар мен бостандықтар инсттуты ерекше мәнге ие.

Реттеуші динамкалық функция құқықтың қоғамдық қатынастағрға құқық субъектілерінің белсенді жүрістұрысын қамтамасыз ету жолымен көрінед.Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.

Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жіктеу мен орындаудың тәртібің орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Негізгі әдебиеттер:

1. Сперидонов Л.И. «Теория государства и права» Москва, 1995 жыл

2. «Теория государства и права» Курс лекций, Под. Ред. М.Н.Марченко Москва, 1996 жыл

3. «Теория государства и права» Курс лекций Под. Ред. Н.И. Матузова Москва, 1997 жыл

4. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. «Теория государства и права» Алматы, «Өркениет» 2000 жыл

Қосымша әдебиеттер:

5. Комаров С.А «Общая теория государства и права» Москва, «Юрайт», 1998 жыл

6. Марченко М.Н. «Теория государства и права» Москва, 1996 жыл

7. «Основы государства и права» Алматы, «Жеті Жарғы», 1999 жыл

16 тақырып ҚҰҚЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ

1.Құқықтың типінің түсінігі.

2.Құқықтың тарихи типтері.

1.Құқықтың типінің түсінігі. Құқықтың тарихи типі – бұл экономикалық базиске тән барлық құқық жүйелерінің жалпы әлеуметтік сипаттарын көрсететің категория. Формациялық бағытқа сәйкес, базис қоғамдағы шешуші фактор болып табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін қалыптастырады. Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік типтерін бөліп қарастырады.

2.Құқықтың тарихи типтері. Құқықтың құқықиеленушілік типі – бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын және құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретің, құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.

Құқықтың феодалдық типі – бұл бір сословиелердің артықшылығын және екінші бір сословиелердің кемсітілуін бекітетің, феодалдар табының еркін білдіретін сословиелікқұқықтық нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны феодалдар тобының өмірінің материалдық жағдайына сәйкес анықталады.

Құқықтың буржуазиялық типі – бұл капиталистердің еркін білдіретің және олардың мүдделеріне жауап беретің, мемлекетпен қалыптастырылған және қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүрістұрыс ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың социалистік типі – бұл халықтың еркін білдіретін, мемлекетпен қалыптастырылған және қамтамасыз етілетің жалпыға міндетті заң нормаларының жиынтығы.

Негізгі әдебиеттер:

1. Сперидонов Л.И. «Теория государства и права» Москва, 1995 жыл

2. «Теория государства и права» Курс лекций, Под. Ред. М.Н.Марченко Москва, 1996 жыл

3. «Теория государства и права» Курс лекций Под. Ред. Н.И. Матузова Москва, 1997 жыл

4. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. «Теория государства и права» Алматы, «Өркениет» 2000 жыл

Қосымша әдебиеттер:

5. Комаров С.А «Общая теория государства и права» Москва, «Юрайт», 1998 жыл

6. Марченко М.Н. «Теория государства и права» Москва, 1996 жыл

7. «Основы государства и права» Алматы, «Жеті Жарғы», 1999 жыл

17 тақырып ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕ ҚҰҚЫҚ

1. Әлеуметтік және техникалық нормалар.

2. Құқық пен моральдің ара – қатынасы.

3. Құқық және діни нормалар.

4. Құқық және коорпаративтік нормалар.

5. Құқық және әдет – ғұрып.

1.Әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әр- түрлі салалардың жүріс тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар өз кезегінде техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар бұл адам құрамының және табиғат заттарының дұрыс қолдану ережесі. Мысалы: белгілі бір құрылыс жұмыстарын қолдану, шикізатты дұрыс қолдану ережесі, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар.

Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге иемденеді:

а) реттеу тек әлеуметтік сипатта емес;

ә)субъектілік құрамы тек адамдар мен ғана емес сонымен қатар сыртқы әлеммен табиғатпен техникамен байланысты.

Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс тұрыс ережелері, құқықтық, діни, моральдік, саяси, экономикалық, коорпаративтік нормалар жатады.

Әлеуметтік нормалар келесідей ерекшеліктерге иемденеді:

а) бұл жерде реттеу пәні әлеуметтік сипатта болады,ол қоғамдық қатынастар

ә)субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілеттілігі ретіндегі адамдардан ғана байланысты емес.

2.Мораль – бұл адамдардың жүрістұрысын жақсылық пен жаманжық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейді,нормалар мен қағидалар жүйесі. Құқық пен моральдің ортақ белгілері:

1.әлуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеніне тараған кешенді нормалар болып табылады.

2.олардың реттеу объектісінің біреуі - қоғамдық қатынастар.

3.олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды

Құқық пен моральдің


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: