Силлабус

Ф 08.06 - 52

Студенттерге арналған

СИЛЛАБУС

Ақтөбе - 2007

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының отырысында ұсынылды

2007 жыл 31 тамыз. № 1 хаттама

050301 – Құқықтану мамандығының 1 курс студенттеріне арналған Мемлекет және құқық теориясы пәнінен СИЛЛАБУСЫ

Пән туралы қысқаша сипаттамасы. Мемлекет және құқық теориясы – «заңтану» мамандығы студенттерінің оқитын негізгі курстарының бірі. Мемлекет және құқық теориясы осы мамандық бойынша оқытылатын басқа пәндер үшін базалық пән бола алады.

Мемлекет және құқық теориясын зерттеу мамандарды даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекет және құқық теориясының негізгі ережелері нәтижесінде қоғамның құқықтық және саяcи өміріне кең көзқарас қалыптасады.

Пәннің мақсаты: Студенттерді мемлекет және құқық туралы іргелі біліммен қамтамасыз ету, ол барлық мемлекеттерге қатысты әлеуметтік мақсаттар мен дамуының тарихи орны туралы білу қажет.

Пәннің міндеттері:

-кәсіптік ойлауды, құқықтық мәдениетті қамтамасыз ету;

-студенттердің нормативтік-құқықтық актілерді дұрыс түсінуі мен

іске асыруын қалыптастыру;

Пререквизиттер:

Қазақстан мемлекеті мен құқығының тарихы, ҚР Конституциялық құқығы, Саяси-құқықтық ілімдер құқығы; Шетелдер мемлекеті мен құқығы тарихы; Халықаралық құқық; Мемлекет және құқық теориясы шеңберінде оқытылатын мемлекеттік-құқықтық жалпы түсініктер мен категориялар осы пәндер үшін негіз бола алады.

Посреквизиттер:

Осы курсты зерттеген студент мына түсініктерді білуі міндет: құқық, құқық нормасы, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқық шығармашылығы, құқық жүйесі, құқықбұзушылық, құқықтық мәдениет, құқықтық жүйе, мемлекет, мемлекеттік билік, мемлекет нысаны, мемлекет қызметі, мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет;

Іскерлігі: мемлекет пен құқықтың қоғамдағы орнына баға беру, құқық нормаларына талдау жасау, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуге баға беру, құқық қолданушылық:

Дағдылары: нормативтік құқықтық актілердің құрылымын жасау, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар жазу, мемлекет және құқық теориясы мәселесінде жеке студенттік ғылыми жұмыстар жүргізу.

Қысқартылған сөздер:

СӨЖ – студенттің орындайтын өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ – оқытушы басшылығымен орындайтын СӨЖ

ҚР – Қазақстан Республикасы

ҚР АК – Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі

ҚР ҚК – Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі

ҚР ӘҚБтК – Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексі.

НҚА – нормативтік-құқықтық акт

ҚҚ – қылмыстық қатынас

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптар Дәріс Сұхбат сабақтары СӨЖ
  Мемлекет пен құқықтың методологиясы      
  Мемлекеттің пайда болуы, мәні типологиясы      
3-4 Мемлекеттің функциялары.      
  Мемлекет механизмі.      
6-7 Мемлекет нысаны      
  Мемлекет типі.      
  Қоғамның саяси жүйесі      
  Құқықтық мемлекет      
9-10 Құқықтың пайда болуы.      
  Құқықтың түсінігі, қағидалары және мәні      
  Құқықтың типтері      
13-14 Құқық жүйесі      
  Тұлға,құқық,мемлекет.      
  Құқықтың қайнар көздері.      
17-18 Құқық нормалары.      
19-20 Құқықшығармашылық және заңнаманы жүйелеу      
  Құқықтық қатынастар.      
  Құқықты жүзеге асыру.      
  Құқықты түсіндіру.      
  Құқықтық мінез құлық, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.      
  Құқықтық сана және мәдениет.      
  Заңдылық және құқықтық тәртіп.      
Барлық сағат саны:      

Дәрістер

1 тақырып: Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістемесі

Жоспар:

1.Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы.

2.Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері.

3.Мемлекет және құқық теориясының функциялары.

1.Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы. Мемлекет және құқық теориясы- бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы даму туралы жалпыланған білімдер жүйесі.

2.Ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:

Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар – мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыс тану, техника тану т.б.) ерекшелінеді.

Екіншіден, ол саяси заңды бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызыметі, саяси саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттікқұықтық құрылымды тікелей зерттемейтің басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.

Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.

Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттікқұқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттікқұқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.

3.Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:

1.Теориялықтанымдық- мемлекеттікқұқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалықзаңды жағынан ғана емес сонымен қатар олардың заңдылықтары, терең мәнді белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2.Тәжірибелікқолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқада заң ғылымдары сияқты мемлекеттің қызыметің жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталған ұсыныстар жасауға қызымет етеді.

3.Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Т.Мемлекет және құқық теориясы Оқу құралы.Алматы «Жеті Жарғы» 2001 ж

2. Сапарғалиев Г.С. Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы Алматы «Жеті Жарғы» 1998 жыл

3. Алексеев С.С. «Государства и права», Начальный курс Москва, 1996 жыл

4. Алексеев С.С. «Теория права», Москва, 1994 жыл

5. Булгакова Д.А. «Теория государства и права» Алматы, «Данекер», 1999 жыл

Қосымша әдебиеттер:

6. Керимов Д.А. «Методика права» Москва,1989 жыл

7. Козлов В.А. «Проблемы предмета и методологии общей теории права» Ленинград, 1989 жыл

2 тақырып: МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ.

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: