Тест №10 1. Тақырыбы: «Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік препараттар»

Добутамин в кардиомиоцитах:

1. ц-АМФ мөлшерін жоғарылатады

2. Кальций иондарының концентрациясын жоғарылатады

3. Натрий иондарының концент рациясын жоғарылатады

4. Калий иондарының концентрациясын төмендетеді

5. Фосфодиэстеразының мөлшерін жоғарылатады

№2 сабақ

1. Тақырыбы: «Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік препараттар»

2. Мақсаты: жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, жүрек жетіспеушілігі кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Жүрек жетіспеушілігінде қоданылатын заттардың дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену

4. Жүрек жетіспеушілігінде қоданылатындәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға уйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын тандауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүрек жетіспеушілігі фармакотерапиясының негізгі принциптері;

2. Кардиотоникалық заттар, әсер ету принципі, әсер ету механизмдері, негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы;

3. Қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

4. Жүрек жетіспеушілігін емдеудегі ангиотензинайналдырушы ферментті тежегіштердің (ААФ тежегіштері), ілмектік диуретиктердің, бета-адреноблокаторлардың, қазіргі замандағы метаболиктердің атқаратын ролі;

5. Жүрек жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты негізгі препараттардың тиімділігін салыстырмалы бағалау;

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии.\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: каптоприл, эналаприл, фозиноприл, рамиприл, гидрохлортиазид, фуросемид, спиронолактон, диакарб, метопролол, бисопролол, карведилол, дигоксин, дигитоксин, строфантин К, коргликон, целанид, меруертгүл шөбінің тұндырмасы

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі топ препараттар:

1. ААФ тежегіштері

2. Диуретиктер

3. Жүрек гликозидтер

4. Бета-адреноблокаторлар

5. Альфа-адреноблокаторлар

Тест №2. Полярлы жүрек гликозиды:

1. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

2. Дигитоксин

3. Дигоксин

4. Строфантин

5. Амринон

Тест №3. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын диуретиктер:

1. Эналаприл

2. Фуросемид

3. Метопролол

4. Спиронолактон

5. Гидрохлортиазид

Тест №4. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын жүрек гликозидтерінің қолдануға көрсетулері:

1. Жыбырлақ тахиаритмиялар

2. Жүректің гипертрофиясы

3. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің ишемиялық этиологиясында

4. Синустық брадикардияда

5. Атриовентрикулярлық тосқауылында

Тест №5. Жүрек гликозидтерінің негізгі әсері:

1. Теріс хронотропты әсері

2. Оң инотропты әсері

3. Теріс дромотропты әсері

4. Аз молшерде автоматизмді жоғарылатады

5. Теріс батмотропты әсері

Тест №6. Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1. Кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандыру

2. Кальций иондарының клеткада көбеюінің нәтижесінде миокардтағы миофибриллдердің қысқаруы

3. Вегетативті ганглилердің тежелуі

4. Кардиомиоциттердің кальций каналдарының тежелуі

5. Азот монооксидінің толықтырылуы клеткадағы кальцийдің мөлшерінің азаюына алып келеді

Тест №7. Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылатын препараттар:

1. Калий хлориді

2. Магний сульфаты

3. Гидрокортизон

4. Анаприлин

5. Кальций хлориді

Тест №8. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын селективті бета-адреноблокатор:

1. Анаприлин

2. Карведилол

3. Метопролол

4. Каптоприл

5. Дигоксин

Тест №9. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын ААФ тежегіші:

1. Бисопролол

2. Каптоприл

3. Спиронолактон

4. Эналаприл

5. Лозартан

Тест №10. Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданады:

1. Дигитоксин

2. Коргликон

3. Строфантин

4. Добутамин

5. Дигоксин

№3 сабақ

1.Тақырыбы: «Жүрек тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

2. Мақсаты: Жүрек тамыржүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білімдерін қорытындылау.

3.Оқыту міндеттері:.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: