Тапсырма №1502

18 жасар жігіт төменгі сол жақ тісіндегі ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында жиектері анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы бар, көлемі 3-5мм.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді:

А) +Созылмалы гранулденген периодонтит

В) Созылмалы гранулематозды периодонтит

С) Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Радикулярлы (түбірлік) киста

Тапсырма №1503

18 жасар әйел жоғарғы сол жақ тісіндегі тұрақты сыздаған ауру сезіміне, тістегенде және тиіп кеткен кезде ауыру сезімінің күшеюіне, басының ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің дистальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. 26 тістің түбір ұшы проекциясында өтпелі қатпардың кілегейлі қабығы ісінген және қызарғаны байқалады.

Аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

А) термотест

В) Электроодонтометрия

С)+Рентгенография

Д) Пальпация

Е) Перкуссия

Тапсырма №1504

45 жасар әйел жоғарғы сол жақ тісіндегі тұрақты сыздаған ауру сезіміне, тістегенде және тиіп кеткен кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің дистальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. 26 тістің түбір ұшы проекциясында өтпелі қатпардың кілегейлі қабығы ісінген және қызарған, қағып тексергенде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А)+ Жедел периодонтит, жалқықты сатысы

В) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

С) Жедел периодонтит, уыттану сатысы

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның жедел толық қабынуы

Тапсырма №1505

Жедел периодонтиттер мен созылмалы периодонтиттің өршуін салыстырмалы диагностика жүргізу үшін қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

А) +Рентгенография

В) Электроодонтометрия

С) термотест

Д) Пальпация

Е) Перкуссия

Тапсырма №1506

46 жасар әйел тісінің тұрақты сыздап ауыруына, тістеген кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Тісі таңертеңнен бері ауырады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, қағып тексергенде ауру сезімі бар. Тістің түбір ұшындағы кілегейлі қабық өзгермеген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

С) Жедел периодонтиттің жалқықтану сатысы

Д) +Жедел периодонтиттің уыттану сатысы

Е) Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: