Тапсырма №1511

64 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы тістерінің сыздап ауруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дисталді-шайнау бетінде пломба қалдықтары мен терең тісжегі қуысы көрінеді. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшындағы кілегей қабық қызарған, ісінген.

Аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

А) Пальпация

В) Сүңгілеу

С) Температуралық тітіркендіргішке реакция

Д) +Рентгенография

Е) Электроодонтометрия

Тапсырма №1512

24 жастағы қыз төменгі сол жағындағы тістерінің сыздауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дисталді-шайнау бетінде пломба қалдықтары мен терең тісжегі қуысы көрінеді, түсі өзгерген. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшындағы кілегей қабық қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентген суретте: түбір өзектің сағасында пломбалық материал байқалады. Дистальді түбір ұшында диаметрі 4мм, пішіні дөңгелек сүйек тінінің сорылуы байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Созылмалы гранулденген периодонтиттің өршуі

B) + Созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі

C) Созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі

D) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Тапсырма №1513

67 жасар әйел төменгі сол жақ тісіндегі ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 36 тістің түсі өзгерген, дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысты терең тісжегі қуыс байқалады. Қағып тексергенде ауырады, түбір ұшы маңайындағы кілегеі қабығы көкшыл түсті (цианотична), жылан көзінің тыртығы көрінеді.

Дұрыс диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы сәйкес келеді:

A) сипап тексеру

B) шұқып тексеру

C) Термотест

D) +Рентгенография

E) Электроодонтометрия

Тапсырма №1514

67 жасар әйел төменгі сол жақ тісіндегі ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 36 тістің түсі өзгерген, дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысты терең тісжегі қуыс байқалады. Қағып тексергенде ауырады, түбір ұшы маңайындағы кілегеі қабығы көкшыл түсті (цианотична), жылан көзінің тыртығы көрінеді. Ауызішілік рентгенограммада медиальды түбір ұшы маңайында шекаралары анық емес, көлемі 6 мм-ге дейін сүйек тінінің сорылу ошағы көрінеді.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

А) + Созылмалы гранулденген периодонтит

В) Созылмалы гранулематозды периодонтит

С) Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: