Тапсырма №1507

67 жастағы ер адам төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілегенде ауырмайды. Рентген көрінісінде дисталді түбір ұшында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Созылмалы гранулденген периодонтит

В) Созылмалы гранулематозды периодонтит

С) +Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Тапсырма №1508

18 жастағы қыз төменгі тісіндегі ыңғайсыз сезімге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тісте дисталді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Дисталді түбір ұшының проекциясындағы өтпелі қатпарда жылан көзден тыртық қалған, вазопарез симптомы оң болып келеді.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Электроодонтометрия

В) Сүңгілеу

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) +Рентгенография

Е) Перкуссия

Тапсырма №1509

58 жастағы әйел төменгі тісіндегі ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 27 тістінің дисталді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі байқалмайды. Рентген көрінісінде дисталді түбір ұшында сүйек тінінде тегіс емес көлемі 5мм-ге дейін сорылуы байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) +Созылмалы гранулденген периодонтит

В) Созылмалы гранулематозды периодонтит

С) Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Радикулярлы (түбірлік) киста

Тапсырма №1510

36 жастағы ер адам төменгі оң тісінің тұрақты, сыздап ауруына, тістеген кезде ауру сезімінің күшеюіне шағымданады. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, өтпелі қатпардың кілегейлі қабығы қызарған, ауызішілік рентген суретінде дисталді түбір ұшында жиектері анық домалақ пішінді, диаметрі 5мм-ге дейін ошақ байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Созылмалы гранулденген периодонтит

В) + Созылмалы гранулематозды периодонтит

С) Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: