Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе, қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

3-дәріс. Жастардың өзара қарым-қатынасының адамгершілік негіздері

1. Достық туралы ұғым.

2. Махаббат және оның түрлері.

3. Махаббатқа әлеуметтік-психологиялық қатынастар.

Қазіргі қоғамның адамгершілік рухани негізі рухани моралға сәйкес құрылады. Рухани моралдық принциптер өндірісте, күнделікті өмірде, тұрмыста, отбасында адамның сезімін, ойын, әрекетін реттеп, толықтырып отырады.

Адамгершілік принциптерінің идеялық мазмұнымен қаруланған отбасының негізгі мақсаты-болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осыған орай, әрбір адамның, әрбір жанұяның мүшесінің өмір және еңбек процесінде қарапайым, кішіпейіл, қайырымды және ұстамды болуы бірін-бірі сыйлай білуі, балалар тәрбиесіне ерекше қамқорлық жасауы-адамгершілік принциптерінің негізі. Мәселен қарапайымдылықты әрбір адамның сөзінен, ісінен, тәртібінен, басқа адамдармен сыйласып, қарым-қатынас жасай білуінен көруге болады. Ал ұстамдылық-адамның өзін-өзі бақылай білуі. Ұстамсыз адам «Тежегіші жоқ машина»,-дейді А.С.Макаренко. Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігі, ата-аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, жастардың сүйіспеншілігі өзара түсінушілігі болуы тиіс.

Белгілі психолог А.В Петровский жастардың отбасындағы қатынастарын 5 типке бөледі;

1) Үстемдік

2) Қамқоршылық

3) Қақтығысулық

4) Араласпаушылық

5) Ынтымақтастық.

Достықты жағымды өзара тығыз қарым-қатынас ретінде айқындауға болады. Ол өзара анықтылықта толық сенімділікке, қызығушылықтарының ортақ болуына, кез келген уақытта досына көмекке келуіне байланысты даяр болуына негізделеді. Мұнда адам досына ұнамды іс жасаудан жағымды сезімде болады. Достықтың махаббаттан айырмашылығы-бұл көбінесе бір жыныс адамдарының арасындағы қарым-қатынас.

Достықтың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін: іскерлік, сезімдік, рационалды, адамгершілікті т.б

Басында достық қатынастар жолдастық немесе таныстық сияқты сипат алады, кейіннен бірте-бірте достық қалыптасады.

Достық қарым-қатынастардың толық қанды мүшесі болу тұлға ретінде адамгершілік және ақыл-ой жағынан жетілуі керек. Бұл шамамен 14-15 жаста болады. Осы кезде достық қарым-қатынастар өзінің толық ауқымында бірінші рет көрінеді. Қарама-қарсы жыныс өкілдері арасындағы достық уақыт өте келе байқамай махаббатқа ұласуы мүмкін.

Махаббат ұғымы психологиялық тұрғыдан З.Фрейдтің классикалық психоанализінде, неопсихоанализде (К.Г Юнг, Э.Фромм), эго-психологияда (Эриксон), гуманистік психологияда (А.Маслоу, К.Роджерс), экзистенциалды психологияда (Р.Мей) қарастырылған.

Махаббат өзінің обьектісі бар эмоционалдық процесс ретінде де, іс-әрекеттің ерекше бір түрі ретінде де қаралады.

Бұлардың ішінде махаббатқа психологиялық талдау жасауда неғұрлым қызықтырады. Әрі мазмұндырағы Э.Фромның теориясы. Ол махаббатты адамзат өмір сүруінің ядросы деп санайды.

Э. Фромм махаббаттың әр түрлі түрлерін көрсетеді:

- Эротикалық - ер мен әйел арасындағы махаббат;

- Бауырластық - құрметке, теңқұқылыққа және бірлескен іс-әрекетке негізделген махаббат.

- Аналық - бұл әлсіздерге бәрін беруге, қамқорлыққа, жауапкершілікке негізделген махаббат.

- Өзіне деген махаббат-бұл түрлі адамға басқа адамдармен сүйіспеншілік қарым–қатынас құруға негіз болады. Өйткені өзін сүйе алмаған адам басқаны да сүйе алмайды.

- Құдайға деген махаббат.

Э. Фроммның ойынша сүю қабілеті адамға қабілеттен берілмейді. Ол адам игеруге тиіс өнер дейді Фромм.

Аналық және ата-аналық махаббат бұл адамның танитын ең алғашқы махаббат түрі. Ата-аналық махаббаттың аз болуы немесе бұзылуы бұл ата-ана мен бала арасындағы үлесімділіктің бұзылуына алып келеді. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының бұзылуы Фроммның ойынша, махаббаттағы келесі ауытқушылықтарға алып келеді немесе маниакальді махаббат формасындағы псевдомахаббат.

Нарцистік бұл эгоистік махаббат. Мұнда адам сүйікті болуды қалайды, ал өзі сүймейді. Қарым-қатынас ашық көрінетін тұтынушылық сипат алады.

Невротикалық махаббат. Мұнда адам екінші адамға өзінің жекеленген мақсаты тұрғысынан, өзінің проблемаларын шешудің құралы ретінде қарайды.

Сентиментальді махаббат өткен өмірде немесе болашақта болып жатады. Мұнда екінші жұп бар болғаны декарация, фон.

И.С. Кон махаббаттың 6 түрін көрсетеді:

- Эротикалық.

- Идонистикалық - бұл ойын, құмарлық тұрғысындағы махаббат. Қарым-қатынас терең емес, берік емес, көзге шөп салу, жұбынан айырылу адам жанында жаралы сезім қалдырмайды.

- Махаббат-достық, ұстамды, жылы сенімді қарым-қатынас.Мұнда негізгі көңіл эмоциялық жағынан бірін-бірі қолдауға, эмпатияға бөлінеді. Махаббат – достық тең құқылыққа және бірін-бірі құрметтеуге негізделеді.

- Прагматикалық махаббат - бұл есепке құрылған махаббат. Қарым-қатынаста маңызды рөлді прагматикалық құндылықтар (материалдық жағдайын жақсарту, статусын көтеру, қанда да бір пайда, артықшылық көру) алады. Мұнда пайда табудың қайнар көзі біткенде қарым-қатынаста үзіледі.

- Альтруистік махаббат. Мұнда екі жұптың позициясы тең емес. Бұл аналық махаббатқа ұқсайды. Жұптың біреуі екіншісі үшін барлығын беруге дайын болады. Мұндай жағдайда шексіз сүйген адамның мүмкіндіктерінің құнсыздану қауіптілігі туады.

- Арбаушы махаббат. Махаббаттың бұл түріне сенімсіздік, көңілін аударған объектінің мінез-құлқына тәуелділік жатады. Мұнда екінші жұптың образы тең өзгереді. Ол бірде табындырса, бірде алшақтатады.

Әлеуметтік–психологиялық қатынастар негізінде аттракция туғызатын факторлар зерттелген. Олардың кейбіріне тоқталсақ:

- Сыртқы тартымдылығы.

- Әлеуметтік сипаттамалары.

- Коммуникативті қабілетінің даму деңгейі.

- Идея, көзқарас, құндылықтарының ұқсас болуы.

- Алдын ала байқай білушілік.

- Сетуативті факторлар.

- Өмірдегі қиыншылықтарды бірлесе жеңу.

Бақылау сұрақтары

1. Достық өзара қарым-қатынастың бір түрі ретінде.

2. Адамгершілік туралы ұғым.

3. Үйлену оңай, үй болу қиын ұғымын психологиялық тұрғыда ашу.

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: