Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе,қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

7-дәріс. Ажырасу және оның себептері

1. Ерлі зайыптылар қарым-қатынасының деңгейлері.

2. Ажырасу себептерін түсіндіруге арналған схема.

3. Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді топқа бөлу.

4. Ажырасудың себептері.

5. Ажырасудың салдары мен отбасындағы мүшелерге әсері.

Отбасы- кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы-қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құралады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Отбасының негізін қалайтын неке – ол еріктіде тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс.

Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет.

Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды.

Соңғы уақытта ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінің бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткендей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылар арасында болатын әр түрлі шиеленістер (жалжал) ықпал етеді. Ерлі–зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеліністер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі - психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиіспеу, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана өзінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі- әлеуметтік–рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымдық пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық-тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу,т.б.Төртінші деңгей- әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірін түсуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік құндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.

Қай деңгей болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты екіге бөлуге болады.

1. Отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым- қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер.

2. Тәуекел етудің алғышарттары. Оған ерлі зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар, некеге немқұрайлы қарау және т.б. жатады.

Ажырасу себептерін түсіндіру схемасы


Ерлі–зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін –бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамауына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрамай тұрып қалыптасуы да ықтимал.

Ажырасуға әкеліп соғатын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады. Оның бірінші тобына-тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңдер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, қызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзіне шөп салуын, ажырасуға бірден–бір себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың араласуын жатқызуға болады.

Осы күнгі неке отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады:

1) отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы;

2) бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы;

3) отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы.

Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері, т.б.

Ажырасудың негізгі себептері:

1. Жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі;

2. Арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан;

3. Үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы;

4. Жұбайлық опасыздық;

5. Балалы болғысы келмеушілік;

6. Жыныстық кемшілік.

Осы аталған себептер әр аймақтарда әр түрлі көріністе болады. Ресейде - арақ ішу, мінездің сәйкессіздігі, Эстонияда-жұбайлардың опасыздығы, Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда – ата-анаға дұрыс қарамаушылық т.б.

Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды.

Отбасы–тұрақты жүйе, бiрақ оның тұрақтылығы мен берiктiгi әр кезде өзгерiп отырады. Отбасындағы қарым-қатынастың құлдырауы, бұзылу ерекшелiктерiне көбiне отбасының қайшылықтары әсер етедi, ол кей жағдайда ажырасуға әкеп соғады. Белгiлi бiр жағдайлардан соң некенiң тоқтауына немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң арыз жазуына байланысты неке бұзылады.

Ажырасудың негiзгi себептерiнiң бiрi–ерлi-зайыптылар мiнездерiнiң үйлеспеуi. Қазiргi кезгi ажырасуда етек ала отырған мұндай себептiң тасасында кәдiмгi бiр-бiрiмен бiрге өмiр сүре алмау, жұбайлардың мiнез-құлқы мен көзқарастарының сәйкес келмеуi болып тұр. Ажырасу себептерiнiң жиi кездесетiнi (айтылатын себеп–сылтаулардың iшiнде екiншi орын алады) – iшiмдiкке үйiр болуы. Әлеуметтанушылардың мәлiметтерi бойынша, мұндай жағдайда некенi бұзып, ажырасу қадамын жасайтындар әйелдер болады. Шынында да, маскүнем күйеу – үй-iшiнiң берекесiн кетiрушi, дау-жанжал, ұрыс-төбелес шығарушы, отбасының материалдық жағдайы әлсiретушi, балаларға да терiс ықпал етушi.

Ажырасудың келесi себебi–асығыс ойланып-толғанбай үйлене салу. Бұған «ерiксiз үйлену» деп аталатын неке (жүктi болу және бала туу), сондай-ақ өзiн қалалық жердегi баспанамен және басқа материалдық игiлiктермен қамтамасыз етудi көздеген неке жатады. Келесi бiр себебi – үй жағдайының қолайсыздығы, материалдық жағдайының төмен деңгейде болуы. Зерттеушiлер ажырасудың басқа да себептерiн келтiредi, бiрақ олар бiршама сирек кездеседi.

Кейде некелесуге деген асығыстық адамдардың жыныстық жетiлуiне байланысты, алғашқы, бұрын кездеспенген сезiмдi меңгере бiлмеуiнен, тiптi кей жағдайда меңгергiсi келмеуiнен келiп шығады. Эмоцияның молдығы әсерiне берiлiп, жас жiгiттер мен қыздар тезiрек дене сүйiспеншiлiгiн танып-бiлу үшiн некеге тұруға асығады. Сезiмге шыдамсыздық жастарға тән екенi рас, алайда дәл осының өзi көпшiлiгi жас отбасы араларында болып жүрген жиi ажырасудың себебi осында. Сезiм қажеттiлiгiн қанағаттандырып алғаннан кейiн жас жұбайлар көбiнесе шеше бiлмейтiн, тiптi кей жағдайда дұрыс шешкiсi келмейтiн отбасылық проблемаға кездеседi. Бұған олардың өмiр тәжiрибесiнiң, әлеуметтiк-психологиялық кемелденуiнiң жетiспеушiлiгi әсер етедi.

Некеге дайындықтың өз бағыттарын құруға тырысқан жастарға ғана емес, сонымен қоса олардың ата-аналарына да қатысы бар. Сондықтан ата-аналарының жас азаматтардың некелесу жөнiндегi шешiмдерiнiң ойланып жасалғанын, олардың өзi үшiн, жұбайы, болашақ балалары үшiн дербес жауап беруге даяр болып, жастардың сезiмдерiнiң терең әрi тұрақты екендiгiн түсiнуге, жазмыштағы күйеудi (қалындықты) туыс етiп қабылдап, пайда болған отбасымен iзгi, әдептi қатынас жасау үшiн психологиялық жағынан даяр болуы өте маңызды болады.

Отбасы некеге қарағанда күрделi жүйе. Себебi ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа да туыстарын жақындатып бiрiктiредi.

Отбасының қызметтерiнiң негiзгi түрлерi төмендегiдей:

1. Отбасының ұрпақ жалғастыруы;

2. Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық жағдайы;

3. Отбасының тәрбиелiк мәнi;

4. Отбасының демалыстық сәтi;

5. Отбасының сексуалдық-жыныстық қатынасы.

Осы негiзгi қызметтерiнiң iске асуы көптеген факторларға: саяси-экономикалық рухани жағдайына, некеде тұрған азаматтардың бiлiм дәрежесiне, мәдениетiне, өмiр-салтына, олардың құндылық бағыттарына байланысты.

Жас отаудың iргесi мықты болып, түтiнi түзу шығу үшiн қалындықтың жақсы болуы жеткiлiксiз, әрине күйеу жiгiттiң өзi жақсы қалындыққа лайық, отағасылық мiндеттi ойдағыдай атқаруға жан-жақты әзiрленген, бiлiм-бiлiгi бар, шаруашылық икемдi, ептi болуы тиiс. Қандай отбасы болсын олардың негiзгi мiндеттерi отбасының әдет-ғұрпын, үлгi-өнегесiн, ауызбiрлiгiн, тұрмыстық салтын, ерлi зайыптылардың сүйiспеншiлiгi, қиыншылықтарды жеңе бiлуiн ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру болып табылады.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасының психологиялық ахуалы.

2. Ажырасу және оның себептері.

3. Балалардың ажырасу процесінде жауап қайтару реакциялары.

4. Отбасының іргетасы мықты болу үшін қандай міндеттерді орындау керек.

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: