Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе,қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

11.Социология Алматы «Білім» 2001

12.Р. Әбсаттаров,М.Дәкенов. Әлеуметтану Алматы «Ғылым» 2003

13.М.Тәжин, Б.Аяғанов Социология негіздері. Алматы «Ана тілі» 1993.

8-дәріс. Отбасы психотерапиясы

1. Отбасылық психотерапия туралы түсінік.

2. Отбасылық терапияның кезеңдері: диагностикалық, отбасы қақтығысын жою, қайта құру кезеңі, қолдау көрсету кезеңі.

Отбасылық психотерапия деп тұлғаралық қарым-қатынастарды түзетуге бағытталған жанұядағы, әсіресе науқас отбасы мүшесіндегі эмоционалды бұзылыстарды жою мақсаты бар психотерапияның ерекше түрін айтамыз.

Отбасы терапиясы барысында 3 кезеңнен тұрады. Оның ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше жылдарға дейін созылуы мүмкін, оның ұзақтығы “белгіні таратушыда” психикалық бұзылыстың ауырлығымен отбасындағы тұлғааралық қақтығыстардың айқындылығымен, терапевтік өзгерістерге жетуге отбасы мүшелерінің мотивациясы мен қамтамасыз етіледі. Алғашында отбасы терапиясы 1-2 сеанс, ал кейін екі аптада бір рет, ал одан әрі үш аптада бір рет жиілікте өткізіледі.

Отбасы терапиясы 4 кезеңдерді жиі бөледі (Эйдемиллер, Юстицкис):

- отбасылық диагноз, анықтау кезеңі;

- отбасылық қақтығысты жою;

- қайта құру;

- қолдаушы.

Отбасылық анықтау дегеніміз–отбасы мүшелерінің индивидуальді жекелік қасиеттерін ескеру мен бұзылған отбасылық қарым-қатынастардың типтелуі. Отбасылық қатынастарды анықтау проблемалы болжамдарды алға қоятын және тексеретін психотерапевтің отбасылық топқа қосылу процесімен жүзеге асады. Отбасылық анықтау процедурасының ерекшелігі, ол отбасылық терапияны барлық кезеңдерге алып жүреді және психотерапевтік техникалардың таңдауын болжайды. Оның басқа ерекшелігі болып жатқан жайында отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпаратты отбасының басқа мүшелерімен, сұрастыру мен психотерапия процесінде қатысушылардың қылығын бақылаудың негізінде құрылған психотерапевтің өзінің әсерімен сәйкестендіру қажеттілігінен тұрады.

Екінші кезеңде психотерапевті клиентпен және оның отбасы мүшелерімен бір жақты кездесулерде отбасылық қақтығыстың негізін анықтау мен табу және оны қақтығысқа қатысты отбасының әрбір мүшесінің эмоционалды әсерленуі арқылы жою жүреді. Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға барлығына түсінікті тілде сөйлесуге үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар ол отбасы мүшесінің бірінен алынған қақтығыс жайындағы келісілген көлемдегі ақпаратты тасушы делдалдың рөлін орындайды. Бұл ақпараттың вербальды емес сыңары.

Отбасылық қарым-қатынастарды реконструкция кезеңінде көкейкесті отбасылық мәселелерді топпен не ұқсас мәселелермен параллель топтардағы клиенттермен талқылау. Бұл топтардағы рөлдік қылықтың тренинг пен конструктивті дауласудың ережелерімен оқыту жүргізіледі.

Отбасылық терапияның қолдаушы кезеңі табиғи отбасылық жағдайларда эмпатикалық қатынас пен рөлдің қылықтың кеңейтілген диапазонындағы өткен кезеңдердегі алынған дағдыларды нығайтудан тұрады. Сонымен қатар шындық өмірде қолданылатын қатынастың алынған дағдыға кеңес беру мен түзету жүргізіледі. Кезеңдерді бөлу отбасылық терапия процесін құрылымдауға мүмкіндік береді, диагностикалық мәліметтің мақсаттары мен көлеміне байланысты түрлі психотерапевтикалық әдістердің қолдану жүйелілігін дәлелдейді. Отбасы терапиясының жиі қолданылатын әдістері:

- үнемдеуді тиімді қолдану;

- тыңдай алу шеберлігі;

- сұрақтардың көмегімен оқыту;

- қайталау;

- соммалау, мазмұндау;

- нақтылау және аффектінің бейнеленуі;

- конфронтация, яғни, ерлі-зайыпты жұп, бейсаналы немесе амбивалентті мақсаттар, қатынастар, немесе оларды саналы меңгеру мен өңдеу мақсаты мен қылық стереотиптерін ұсыну;

- рөлдерді орындау;

- “тірі мүсіндерді” құру;

- видеожазбаны талдау.

Отбасы терапияның дамуы. ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік–тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбиелеудің рөліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып табылатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.

2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатар эклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.

Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.

Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық терапия ағымында жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер

2. Отбасы терапиясының пайда болуының тарихи даму кезеңдері

3. Диагностикалық, отбасы қақтығысын жою, қайта құру, қолдау көрсету кезеңдері бойынша күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қандай?

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: