Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе, қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

5-дәріс. Отбасындағы кикілжіңдер

1. Кикілжіңдер түрлері, ерекшеліктері.

2. Кикілжіңдердің шығу себептері.

3. Кикілжіңдерді шешу жолдары.

Кез келген жанұя өзінің өмір сүру барысында шешімі оның мүшелерінің жекелеген қажеттіліктері, түрлері мен қызығушылықтарына керағар келетін мәселелік ситуациялармен ұшырасады. Кикілжің өзара қарым-қатынаста субъектілердің қарама-қарсы бағытталған мақсаты, қызығушылықтары, позициясы, ой-пікірі ретінде анықталады.

Л.А.Петровская кикілжіңнің категориялық негіздерін келесідей көрсетті: құрылымы, динамикасы, қызметі, типологиясы. Кикілжіңнің құрылымы кикілжіңді ситуациямен және инцидентпен (кикілжіңге қатысушылардың ашық қақтығысы). Кикілжің динамикасында келесі кезеңдер болады: объективті кикілжің алды ситуацияның тууы; бұл ситуацияның кикілжің ретінде танылуы; инцидент; шешім (кикілжіңнің аяқталуы); кикілжіңнен кейінгі ситуация. Қызметіне келсек оң (конструктивті) және теріс (деструктивті) қызметтері болады кикілжіңнің.

Конструктивті қызмет әртүрлі пікірлер мен қарама қайшылықтардың шығу себептерін объективтендіруден, кикілжіңнен қашуға жағдай жасаудан, қарым-қатынастың дамуынан тұрады.

Қазіргі заманғы психологияда кикілжіңді жоя білу ғана емес, оны тиімді шеше білу де өте маңызды. Кикілжіңнен қашу жанұядағы қайшылықты мәселені шешпейді, қайта оны күшейте түседі.

Конструктивті кикілжің келесі белгілермен сипатталады:

● мәселе интеграция, компромисс және барлық жанұя мүшелерінің қызығушылықтарын есепке ала отырып шешіледі.

● нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас бекиді, өзара түсіністік жақсарады және жаңа кикілжіңдерді тиімді шешу қабілеті артады, жанұядағы кикілжің деңгейі толығымен төмендейді;

● соңында жанұядағы эмоционалдық климат жақсара түседі, қорқыныш, күйзеліс жоғалады.

Деструктивті кикілжіңнің конструктивтіден айырмасы келесідей сипатталады.

● мәселе шешілмейді– не кикілжіңге қатысушының бірі келесісіне толығымен бағынады, яғни мәселені шешуде өзінің вариантын күшпен таңады, не формальді түрде шешіледі, немесе проблемадан кету байқалады, кикілжің үзіледі.

● қажеттілік пен қызығушылықтың қайшылығы сақталады, кикілжіңнен «жеңіліс» тапқан жанұя мүшелерінің қажеттілігі қанағаттандырылмай қалады.

● нәтижеде эмоциональдық жатсыну, дистанциялық, жалғыздық сезімі туады. Егер мұндай жағдайлар асқынған сипат алса невротизацияға және депрессияға әкелуі мүмкін.

Сонымен, конструктивті кикілжің бұл жеңілгендер мен жеңгендер болмайтын, екі жақта ұтатын кикілжің, ал деструктивті – бұған қарама-қарсы.

Динамикаға тәуелділігіне орай кикілжің өзекті және прогрессивті болады. Сонымен бірге әдетті кикілжіңдер болады. Ол кез келген себептен туады және ерлі-зайыптылардың эмоционалды шаршауымен сипатталады, олар кикілжіңді шешуге күш жұмсамайды. Әдетте кикілжіңдердің артында терең қайшылықтар жасырынып жатады.

Көріну деңгейіне қарай кикілжіңдер ашық және жасырын болады.

Кикілжіңнің пайда болуының негізінде келесі себептер жатады:

● некенің адекватты емес мотивациясы.

● жанұяның рөлдік құрылымының бұзылуы.

● жанұяның лидерлікке отбасындағы ерлі-зайыптының екеуінің де таласуының шешілмеуі.

● құндылықтар, мақсаттар және баланы тәрбиелеу әдістері бойынша

көзқарастарының үйлеспеуі және келіспеушілігі.

● сексуальдық қатынастағы үйлесімсіздік, мұның негізінде көптеген жағдайларда махаббат сезімінің бұзылуына байланысты түрлі себептер жатады.

● махаббат сезімінің бұзылуы; эмоциональдық қолдау мен өзара түсіністіктің аз немесе жоқ болуы.

● тұлғалық өсу мүмкіндігінің шектелуі, өзіндік «Мен» құндылығының жанұя жүйесінде төмен бағалануы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрмет көрсетуінің жеткіліксіздігі.

● материалдық игіліктің төмен теңгейі, баспана мәселесі, бютжеттің тиімсіз жоспарлануы және орындалуы.

● кооперацияның төмен деңгейі, жанұяның тұрмыстық-шаруашылық мәселесін шешуде,өзара көмек пен өзара қалаудің төмен деңгейі үйеңбектерін бөлуде, балалар мен қарттарға күтімде өзара көмек пенөзара қолдаудың төмен деңгейі.

● ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімсіз жүйесі, ондағы шекараның шектен тыс қаталдығы.

● қызғаныш, ерлі-зайыптылар арасындағы бір-бірін сату.

● жанұяның бір мүшесінде ауытқушы мінез құлықтың болуы (маскүнемдім, агрессия, психоантивті заттарды қалдану, құмар ойындарға бейім болу).

● ерлі-зайыптылардың достарымен араласуында, демалысты қалай өткізуде көзқарастарының келіспеуі.

М.А.Уисман, А.Э.Диксон және Б.Джонсон 1997 жылы жанұямен жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың тәжірибесін талдай келе кең таралған мәселелер ретінде қарым-қатынастың бұзылуын, биікке және басқаруға күресті, сексуалдық мәселелерді, финанстық сұрақтарды атады.

Кикілжіңдердің жиілік, теоеңдік және көріну сипатына қарай жанұя дағдарысты, кикілжіңді, проблемалы және невротикалық деп бөлінеді.

Кикілжіңді шешу мәселесі Н.Пезешкиан жанұялық психотерапиясында да жақсы зерттелді. Ол кикілжіңді шешудің негізгі 4 формасын көрсетті: тәндік – қабылдау және түйсіну арқылы; іс-әрекеттік – ақыл-ой және іс әрекет арқылы; әлеуметтік – комуникативтік – контактілер арқылы, бұрынғы дәстүрлерді, тәжірибелерді қолдану; интуиция арқылы.

Мұнда 4 түрлі форманы да бірдей қалдану керек дейді ғалым.

Екінші бір кикілжіңді шешудің тиімді жолы Т.Гордонның (1997) ұсынған «жанұялық кеңес» моделі. Бұл модельдің негізгі идеясы болып кикілжіңді жағдайда оның қандай олғанына, себептеріне қарамастан жеңілгендер мен жеңгендер болмауы керек. Автор кикілжіңнің пайда болу себебін анықтау, кінәліні және инициаторды тобу мәселені шешпейді, қайта тереңдетеді дейді. Кикілжіңді шешуде конструктивті қатынас жанұя мүшелерінің тең құқықтылығына негізделуі керек.

«Жанұялық кеңес» моделінде мәселені шешудің негізгі 6 кезеңі көрсетіледі:

● кикілжіңді жанұя мүшелерінің қызығушылықтарының қайшылығы ретінде идентификациялау.

● шешім кикілжіңге қатысушылардың қаншалықты риза болатынын қарамай реттеу.

● әрбір кезеңді бақылау және бағалау.

● мәселені шешудің барлық жанұя мүшелеріне қалаулысын таңдай.

● жанұялық келісім, бақылау мен бағалау әдістерінің нәтижесін анықтау.

«Жанұялық кеңес» әдістемесінің тағы бір артықшылығы ол жанұямен психотерапиялық жұмысқа қарағанда аз уақытты және күшті талап етеді.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасындағы жайсыздық және оның себептері.

2. Отбасындағы кикілжіңдер түрлері, зардаптары

3. Конструктивті мен деструктивті кикілжің ерекшеліктері

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: