Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

14-дәріс. Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі

1. Психологтың теориялық бағыт бойынша біліктілігі.

2. Отбасын жүйелі бағалау жұмыстары.

Қазіргі таңда отбасымен жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы мәселе қатаң қарастырылуда. Отбасылық психологтың білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына қойылатын жеке талаптары бар. Өз іс-әрекетінде маман иесі психотерапиясының стратегиясын құруға және өзіне бағыт-бағдар болатын нақты теориялық түсініктер жүйесінің мазмұнына сүйенуі қажет. Бірақ бұл психологтың интуициялық, шығармашылық мүмкіндіктерінің ролін шектемейді, керісінше, оның іс-әркетіне нақты болжам жасауға және бақылампаздығының мазмұндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген мамандар отбасының толық құрамымен жұмыс істеуден қашқақтайды, өйткені келеңсіздіктер мен қобалжуды сезінеді. Нақты теориялық бағыттар маманға өз-өзін сенімді ұстауға көмек береді.

Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары мен қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі. Отбасылық психотерапевт отбасы ішіндегі қарым-қатынасты талдай білуі үшін жан – жақты әрі терең теориялық базамен қарулануы қажет. Жүйелі түсініктер сонымен қатар сипаттау мүмкіндіктеріне ие болады. Басқа түсініктер маманның диагностикалық мүмкіндіктерінің шегін қысқартады. Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез-құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет.

Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым-қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.

Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым-қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым-қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін таратады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.

Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез-құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез-құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.

Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады. Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.

Отбасы мен қоғамның өзара қатынасы
Отбасы жүйесінің ерекшеліктері
Жеке психикалық ерекшеліктер (тұлға теориясы)

(Отбасылық жүйелік түсініктер)

(Әлеуметтік құрылымдық теориялар)

Бақылау сұрақтары

1. Отбасылық психотерапевтің принциптері мен ұстанымдары

2. Психологтың кәсіби жұмысының сапалығы

3. Психологтың теория мен тәжірибені байланыстыру біліктілігі

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: