Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

11-дәріс. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

1. Психотерапевтің клиентпен жұмыс жүргізу тәсілдері.

2. Коррекция мәселесі.

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.

Отбасы психотерапиясы психотерапевтің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:

1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көзқарасты отбасында қалыптастыру;

2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.

Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себебтерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қатысушыларында қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы туралы көзқарас алып, оны жалғастыру керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті клиентке көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік және жауапкершілік алуды психотерапияның жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар керек. Алдымен психотерапевт клиенттің мәселесімен танысып алып, оның отбасымен байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп, клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге және күнделікті өмірде қолданатынына көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі міндеті–клиентте отбасылық психотерапияда кімде кім күмәнданса оның мәселесінің шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады. Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға қатысуға бұру және оған қатысты кедергі келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға клиенттің белсенді қызығушылығын ояту, келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын қарастырады:

1. Өзім жалғыз өткіземін бе, әлде психотерапевті шақырайын ба?

2. Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?

3. Отбасымен қандай жұмыс жасау бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?

4. Сабақты отбасымен түгелдей өткізу ме, әлде алдымен жеке-жеке ме?

5. Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?

6. Қандай мәселеден бастау жекелік пе, әлде отбасылық пе?

7. Нақты жоспар түзу қажет пе, әлде дайындықсыз ба?

Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу «ғылыми пікірмен» бөлектелінбей жүргізілуі керек. Оны ұйымдастыру отбасы ерекшелігіне байланысты. Отбасы психотерапевті тең деңгейде психотерапияның стилін қолдануға дайын болуы отбасына, оның жеке мүшелеріне байланысты болуы керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.

Отбасы психотерапиясының әдістемесі

Отбасы психотерапиясының әдістемесі – ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы жаңа келген мектептердің арқасында көптеген көлемдегі техникалармен қаруланды. Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер төмендегідей:

Директивті (нұсқау) әдістеме – отбасы алдына қойған мақсатқа жету үшін берілетін нұсқау, ол белгілі отбасы мүшесі немесе бәрі бірдей орындауға арналуы мүмкін. Бұл нұсқау былай берілуі мүмкін: мынаны орында, басқаша жаса, нені жасамау, оның алдында нені жасау және т.б. Парадоксалды нұсқау шынайы мақсат түрі, айтылмай қарама-қарсы жағы қарастырылады. Директивті әдістеменің орындалуы дұрыс қолданылуына байланысты, отбасын тыңғылықты зерттеу, ең маңыздысы психотерапевтің беделі болуы керек.

Отбасылық пікір талас - отбасылық тәжірибеде соңғы кездері жиі қолдануда. Оны отбасы мүшелері мәселесі төңірегінде, өз өмірлеріне қатысы бар тұстарды, сұрақтарды талдауда қарастырады. Пікір таласты көп жақты мақсатта қарастырса болады: отбасы өзара қарым-қатынасы туралы қате түсініктеме болуы мүмкін соны аңғаруға немесе пікір таласты дұрыс жүргізуді меңгеретін болады. Психотерапевтке пікір таласты жүргізуде іскерлікті қажет етеді. Отбасы пікір таласында қолданылатын негізгі тәсілдерге жататындар: үнсіздікті мәнді пайдалану, тыңдай білу, сұрақ арқылы меңгерту, қайталау, жалпылау, жеке мүшелерінің пікірлерімен конфрантацияға келу. Сол кезде отбасында жемісті өмірі сүру үшін қажетті дағды мен іскерліктің жетіспейтіні анықталады. Отбасы психотерапиясында жетпей жатқан дағды және іскерлікке арнайы жаттығулар, «жаттығу» отбасы рөлін ойнату және түрлі психотерапевтік техникалар қолданылады.

Бақылау сұрақтары

1. Психокоррекция бағыттары

2. Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар

3. Коррекция топтарын құру

4. Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті

5. Коррекциялық топтардың түрлері

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: