Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

13-дәріс. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

1. Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау.

2. Алғашқы сұхбатты жүргізу.

3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар, тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.

4. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар.

Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.

Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды – бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайда алғашқы психологиялық жұмыстың әрі қарайғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхбаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды.

Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетуімен анықталады.

Отбасы психотерапияның ортаңғы кезеңі, отбасы мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезінулерімен сипатталады. Бұл жеке және топтық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің бір-бірлерін айыптау екпіні, сонымен қатар әсіршіл мінез-құлық жойыла бастайды. Олар өз мінез-құлқына жауапкершілікті, сонымен қатар отбасы олар үшін маңызды ресурс екендігін сезіне бастайды. Урей және психологиялық араласуға қарсы қарым-қатынас төмендей бастайды, ал психолог олардың көз алдарындағы шартсыз бедел тұғырын жоғалта бастайды.

Бұл кезеңде отбасы мүшелері жағдайды жақсы түсіне бастайды. Психологқа келуге түрткі болған себептер, біртін келе өз мәнділіктерін жоғалтады. Бұл кезеңде кейбір отбасылар өз жұмыстарын аяқтайды, бұл асығыстық болып табылады, өйткені ішкі отбасылық өзара қарым-қатынастар жеткіліксіз деңгейде тұрақталған. Бұл кезеңде маманның мақсаты- отбасына әрі қарайғы міндеттерді анықтауға көмектесу.

Бұл кезеңде психолог, отбасы мүшелеріне өзара және әлеуметтік қоршағандарымен түрлі байланыстырды анықтауға көмектесетін сұрақтарды белсенді түрде қолдануы қажет. Жақындарымен және алыс туыстарымен өзара қарым-қатынастарын талдау отбасы татулығын сақтау бойынша міндеттерді анықтауға негіз болады. Мысалы, егер балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастары реттелсе, ата-аналармен сол әулеттің үлкендерімен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлу қажет. Психологтың отбасы мүшелерін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәліметтер жүйесі қажеттілігін ерекшелейді. Отбасы дисфункционалды болған сайын, сол ғұрлым оған мәліметтер аз түседі. Белгілі болғандай, ішкі қақтығыс күйіндегі отбасының ішкі ресурстары шектеулі.

Олардың мүшелері негізгі күштерін басқаларды өз қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санасуға жұмсайды, нәтижесінда қақтығыс түсіністікке әкеліп соғады. Егер де отбасы мүшелері қоршаған әлеммен белсенді түрде қатынас орната бастаса, олар жаңа ресурстарға тап болулары мүмкін. Осыған орай, олардың өзара талаптары әлсірей бастайды. Сыртқы әлеммен түрлі байланыстар орнату отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінің басты міндеті болып табылады.

Психотерапияның ортаңғы кезеңі өте жауапты кезең. Отбасының сыртқы ресурстарының белсенді қолдануымен, отбасы мәселесі туралы мүшелері түсініктерді өзгеруімен және отбасының жаңа мүмкіндіктерінің пайда болуымен ерекшеленеді.

Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.

Белгілі бір ұстанымдарды қолдану маманға отбасында ортаңғы кезең міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. Оларды психологиялық жұмыстың басынан ескеру керек, бірақ жанұя жаңа ресурстарға қол жеткізу қажет болған жағдайда, яғни ортаңғы кезеңде бұл принциптердің рөлі ұлғая түседі.

1. Жұмыстың мазмұнына қарағанда, процессуалды аспектілері үлкен мәнге ие. Отбасы мүшелері түзету жұмыстарының мазмұнына көбірек көңіл бөлуге бейім. Олардың пікірлерінше, ойларының мазмұны, қызығушылықтары және мәселелері туралы айтқандары- ең маңызды болып табылады. Сондықтан да психотерапевттің әсерлеуі мен бағалауына ерекше көңіл бөледі.

Бірақ маманның отбасы мүшелері пікірлеріне мөлшерден тыс көңіл бөлуінің қажеті жоқ. Ол оны тек отбасылық қатынастардың көрінісі ретінде қабылдауы керек. Айтылған ойлардың мазмұны-отбасы мүшелерінің мәселені қалай қабылдайтынын және өзара қарым-қатынастарын білдіреді. Оларды ескере отырып, психотерапевт, отбасы мүшелерінің ойнайтын рөлдерімен жақсырақ танысуына болады.

Айтылған пікірлердің мазмұны мәнді, өйткені ол әңгімелеушінің өзін, талдау іс-әрекетін сипаттайды, бірақ отбасының басқа мүшелерін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді. Психолог отбасы мүшелерінің басқа емес, не үшін осы жағдайға көңіл бөлетіндерін сұрастырып бағдарлап отыруы қажет. Отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұнынан абстракциялануға қабілетті маман, өз бағалауларына объективті болады. Ол айтылған пікірлердің мазмұндарына емес, процеске көбірек көңіл бөледі, яғни отбасында қандай жағдайлар болып жатқанына және қатысушылар пікірлерінің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл сол уақытағы психикалық қысымды, сонымен қатар қорғаныс тенденцияларын және бір-бірлерінің ойларын жақын қабылдау деңгейлерін әлсіретеді.

Осылайша, психолог айтылғандардың мазмұндары процесті бейнелемейтінін, дәлірек айтқанда процесс туралы білім әрі қарайғы жұмыстың мазмұнын анықтайтынын нақты есінде сақтауы қажет. Маман, отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұны астарында жатқан қызығушылықтарын байқайуы қажет. Бұл оған субъективизмнен аулақ болуға, ал отбасы мүшелеріне – мәселенің мәнін толық түсінуге көмектеседі.

2. Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек. Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.

3.Отбасышекарасын кеңейту мақсатында мультигенерационды концепцияны қолдану. Бұл принципті М.Боуэн жасаған. Бұл концепция, үлкен нуклеарлы отбасының тарихи және даму тұрғыда өзін-өзі түсінуге көмектесе алады деген түсінікпен байланысты. Бұл принцип маманды отбасы мүшелеріне көмек беру барысында өз тегін сезінуге және де жаңа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да туыстарымен байланыстарын қайта орнатуға бағыттайды.

Отбасы мүшелерінің өздерінің тарихи дамуын жақсы түсінулері психотерапияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кейде, мәселелі отбасында басқа туыстарымен әлсіз байланыста болуымен сипатталады. Мұндай отбасы мүшелерін сұрастыра келе, психолог, олардың бірнеше жылдар бойы көріспегендіктерін анықтайды. Сонымен қатар сол туыстары туралы әңгіме барысында мұндай отбасы мүшелері эмоционалды күшті әсерленеді. Отбасы мүшелерінің өздерін тұтас ретінде сезінулерін жақсартуға олардың басқа туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру негіз болады.

Соңғы уақыттарда, адамдардың туыстық байланыстарын бейнелейтін, отбасы тарихы және дамуы мәселелеріне қызығушылық жоғарылауда. Қазіргі уақытта, адамның туыстарымен байланысы күшті болған сайын, және өз дамуын жақсы білген сайын, ол адамның «мен» сезімі, денсаулығы мықты болады деген пікір жиі айтылуда. Осылайша, отбасы шекарасын кеңейту және нығайту үшін, психотерапевт мультигенерационды ыңғайды қолдана алады.

4. Мәселесі туралы түсінігін өзгертуге көмектесетін, отбасы мүшелерінің жаңа мәліметтер алуы. Психологтың басты міндеттерінің бірі дисфункционалды отбасы жүйесінде мүшелерінің мінез-құлықтарының жалпы заңдылықтарын және олардың қажеттіліктерін анықтау арқылы қалыптасуын сезіндіру. Маман отбасы мүшелерін кейбір жүйелі түсініктермен таныстыра алады. Отбасы мүшелеріне өз мінез-құлықтарын түсінуге келесі түсініктер көмектесе алады:

- отбасының рөлдік құрылымы және ол оның мүшелері мүмкіндіктерін қалайша шектей алады;

- альянстер және коалициялар түсініктері және олар ішкі отбасылық қақтығыстармен және бір-бірлерінің әрекеттерін адекватты бағалау қиындықтарымен қалай байланысқан;

Психолог отбасы мүшелеріне, әлеуметтік жүйе ретінде отбасы қызметі ерекшеліктері туралы түсініктері болуы үшін, осы түсініктер мәнін түсіндіріп өтеді.

Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінде отбасы мүшелерін осы түсініктермен таныстыру өте пайдалы. Өйткені бұл кезеңде отбасы мүшелері мінез-құлықтарындағы әсершіл сипаты біртіндеп жойыла бастайды, олар жаңа мәліметтер қабылдауға дайын болып, оларға байсалды және конструктивті түрде әсерленеді.

5. Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану. Әзіл-түрлі жағдайларда отбасына психотерапевтік көмек көрсетуде ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Егер отбасы мүшелері қиын жағдайларда күле алатын боса, олар мәселені шешу жолында деп есептеуге болады. Әзілді психотерапевтік құрал ретінде пайдалану психотерапевт тұлғасының қандай да бір қасиеті болып табылады, және оны қолдануда абай болу қажет.

6. Отбасы жүйесін қайта құру мақсатымен эмоционалды үшбұрыш түсінігін қолдану. Эмоционалды үшбұрыш түсінігін М.Боуэн енгізген. Оның пайымдауынша, үшбұрыштар кез-келген әлеуметтік жүйенің міндетті элементтері болып табылады. Жүйе қысым жағдайында болғанда, үшбұрыштар белсенділік танытады. Отбасымен жұмысты бастай отырып, психотерапевт міндетті түрді қандай да бір үшбұрыштарға енеді. Оны оның пайдалануы өте маңызды. Отбасы мүшелері психотерапевтті қандай да бір үшбұрыштарға енгізеді және қандай да бір жағын бейімдей отырып, оған белгілі бір мәліметтер береді. Үшінші тарауда айтылғандай, психотерапевт, отбасы мүшелерінің мәліметтері олардың арасындағы белгілі бір қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталғанын білуі қажет. Егер психотерапевт, үшбұрышты табысты қолдана білсе, ол отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектеседі. Маман үшбұрышқа ене отырып, қандай рөл орындайтынын түсінеді. Психотерапевтке отбасы мүшесінің біреуі басқа бір мүше туралы пікірін білдіргенде, ол оны үшбұрышқа енгізеді. Бұл жағдайда психотерапевт келесіше әрекет етуі мүмкін.

- үшбұрыштың бөлігі бола отырып, отбасы мүшесіне әңгімесін жалғастыруға мүмкіндік береді;

- оның жеке көзқарасын және айтып отырған жағдайға қатынасын анықтау мақсатында әңгімелеушігі бірнеше сұрақтар қою;

- айтушыға, оқиғаның кейіпкеріне айтуды ұсынады.

Барлық жағдайларда, отбасының басқа да мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгерту ниетімен, психолог өзінің үшбұрыш жағдайын пайдаланады.

7. Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер де олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану. Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықтары туралы толық түсінікке ие болу үшін қажетті.

9. Күш түсінігін қолдану. Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зерттеумен байланысты. Отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді.

10. Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.

Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар. Психотерапияның аяқталу кезеңі алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Егер де отбасы психотерапияның бастапқы және ортаңғы кезеңдері табысты өтетін болса, онда процесс аяқталу кезеңіне өтеді. Отбасы мүшелері мәселеге өз көзқарастарын өзгерте алған жағдайда олар өздерінің ішкі ресурстарын сезініп, аяқталу кезеңіне еш қиындықсыз өтеді. Аяқталу кезеңінің сипаты, алдыңғы кезеңдерде мәселелердің қаншалықты табысты шешілулеріне тәуелді.

Алғашында отбасы психотерапиясының әрбір сессиясының аяқталуы отбасы мүшелерінің үрейленулерін күшейті, өйткені олар өзара әрекеттің жаңа тәсілдері игерілмеген. Оларды үйге қайтып келгенде қайтадан баяғы мәселелермен кездесу туралы мазалады. Сессия барысыныда отбасы мүшелері өздерін өте жайлы сезінсе де, бұл жағдайдың ұзақ уақытқа созылатынына сенімсіз болды. Бірақ, отбасылық психотерапия барысында отбасы мүшелері жеке және жалпы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін өз ресурстарын біртіндеп сезінеді. Өйткені олар өздерін сенімді сезіне бастайды және сессияның аяқталуынан қорықпайды.

Алғашқы үш немесе төрт сессияда отбасы мүшелері жұмысқа еріксіз кіріседі және оның аяқталуынан қорқады. Әрі қарай психологиялық жұмысқа кедергі әлсірей бастайды. Отбасы мүшелері сессияның негізгі кезеңіне өтіп, белгілі бір мәселелер шеңберінде талдау жүргізеді және оларды сессиядан кейін талдауға да дайындықтарын білдіреді. Бұл ары қарайғы барлық жұмыс түрлері үшін тиімді. Отбасы жүйесі шекарасының кеңею мөлшері бойынша және оның мүшелерінің өз ресурстарын сезіну негізінде қатысушылар психотерапияна жалғыз құтқарушы деген пікірлерін жоя бастайды. Мұндай тұжырым бүкіл жұмыс нәтижесінің заңдылығы болып табылады. Отбасы мүшелері реактивті позициядан проактивті позицияға көшеді.

Олардың реактивті позициялары отбасы психотерапиясының алғашқы кезеңдерінде, яғни отбасы мүшелері өздерін өз мәселелерін дербес шешуге қабілетсіз деп есептеулеріне байланысты байқалады. Біртін келе олардың әрекеттері мен шешімдерінің үрей мен қорқынышқа тәуелділік деңгейі болады. Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды-бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың көзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.

Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рөлін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.

Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.

Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.

1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі.

2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.

3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.

4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады, және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.

5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.

6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.

Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.

Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасының қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.

Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процеске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевттің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).

Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.

Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процеске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.

Алғашқы сұхбатты жүргізу. Көп жағдайда алғашқы кездесу психологиялық жұмыстың әрі қарайғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхбаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші сессия қатысушылары құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау өте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің көпшілігі, әрқайысы белгілеген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.

Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетуімен анықталады.

Бірінші сессия төрт негізгі кезеңдерден тұрады:

1. «қыздыру» және психологиялық жағымды ахуал тудыру;

2. отбасының жетекші мәселесін анықтау;

3. отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге көзқарастарын өзгерту;

4. бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру.

Кейде бұл кезеңдер бір-бірлерін қабаттасады; сонымен қатар отбасының әрбір мүшелері түрлі жылдамдықта өтуі мүмкін. Мысалы, кейде отбасының бір мүшесі жетекші мәселені анықтау кезеңінде болса, басқалары осы мәселелерді бағалауда өз көзқарастарын өзгертіп қойған.

«Қыздыру» кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін анықтайды. Осы жерде отбасылық келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және көп сөйлемеулері, немесе шектен тыс көп сөйлеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсізді және психотерапевтке деген сенімділік мәселелері өте маңызды болып табылады.

Сессияның алғашқы 5-10 минут уақыт аралығында маманның негізгі міндеті, оның бөлмесі психологиялық қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің көздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қауіптенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасының барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп өтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар өздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелерінің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психотерапевт бірден бірнеше мақсатты көздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайысын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Мұндай сұрақтар белгілі бір түрде сұхбаттасудың алғашқы бөлімін құруға және отбасы мүшелерінің психологиялық жайлылық сезімдерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сессияға өздеріне ыңғайлы формада қатысу мүмкіндіктерін түсінеді. Отбасы мүшелеріне бірінші кездесудегі мақсаттары туралы қойылған сұрақ, психологқа жанама түрде отбасы мүшелерінің коммуникациялық ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психолог әрі қарай тікелей сұрақтар қойып, анықтауға ұмтылатын болса, онда тек үрейдің күшеюін тудырады. Отбасы мүшелері түсініспеушілік білдіріп, бір-бірлерін қорғауға ұмтылады. «Қыздыру» әрі қарайға кез-келен сессияның маңызды кезеңі болып табылады.

Бірінші сессия қатысушыларға қандай да бір тақырыпты бірлесіп талдау мүмкіндігін ұсынады. Егер де отбасы мүшелері бұған дағдыланбаған болса, психолог конструктивті түрде олардың өзара әрекеттестігіне көмек көрсетуі тиіс. Алғашқы 5-10 минут уақытта маманның өзін-өзі ұстауы, үлкен мәнге ие. Психолог өзінің барлық сұрақтарын оған телефон соққан және өзін сол жағдайдың иесі ретінде сезініп отырған отбасы мүшесіне қояды ма, немесе сұхбатты отбасы мүшелері негізгі мәселе сонымен байланысты деп көрсеткен отбасы мүшесінен бастайда ма? Яғни, психотерапевттің сессияның осы бөлімін құрастыруы, отбасының келесі кезеңге өтуге дайындығын анықтайды.

Екінші кезеңге өтуде маманның жағдайды бақылауға алғаны дұрыс. Оған келесі түрде қол жеткізуге болады, отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне сын айтуларын, айыптауларын болдырмау, болған жағдайда тоқтату, тікелей қарым-қатынасты шектеу, сонымен қатар маман әр қатысушы тек өз атынан сөйлеп, өз көзқарасынан бүгін не үшін қатысып отырғанын түсіндіруін қадағалау. Егер психолог мұның барлығын табысты орындаса, отбасы мүшелері әрі қарайғы жұмыстар міндеттерін жаңаша түсіне бастайды.

Осыдан кейін негізгі мәселеге қатысты отбасы көзқарасын өзгертуге бағытталған сессияның үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде қатысушылар жаңаша ойлай және жүйелей бастайды. Осы жерде маман келесі сәттерге ерекше көңіл бөлуі қажет:

- алғашында негізгі мәселелерді отбасының қай мүшесі құрастырды;

- отбасы мүшелері бір-бірлерімен өзара қалай әрекеттеседі және олар маманға қалай әсерленеді;

- отбасы мәселесін шешу үшін қайсысы көбірек күш салады;

- олардың қайысы психологқа отбасы ерекшеліктерін нақтырақ сипаттап беруге қабілетті.

Сессияның алғашқы минуттарынан бастап маман отбасы туралы жаңалықтар біле береді. Сұхбаттасудың дәл алғашқы үш кезеңі отбасының жұмысты жалғастыруға дайындығын анықтайды. Бұл төртінші кезеңге өту барысында байқалады.

Отбасы мүшелеріне бірінші сессияға қатысу тәжірибесі оң нәтиже беретін болса, отбасы кейінгі кездесулерге келісім береді. Егер осылай болатын болса, онда психолог бірінші кездесудегі негізі міндетті шеше алды деп есептеуге болады. Психолог өзара айыптау тәуекелдігі нөлге тең, психологиялық жайлы және қауіпсіз хал-ахуалдың жасалуына жауапты. Отбасы мүшелерінің негізгі мәселесін анықтауға кірісе отырып, психотерапевт бір мезгілде олардың көзқарастарын өзгертуге ұмтылады және жанұялық мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезіндіруге көмектеседі.

Жұмыстың алғашқы сәттерінен психолог, барлық мәселе бойынша отбасы ның қандай да бір мүшесін айыптау тіпті өнімсіз екендігін ерекшелеп отырады. Ол отбасы мүшелерінің тығыз әрекеттесулерінің маңыздылығын көрсете отырып, оларға қазіргі жағдайдың өткен жағдайлармен байланыстылығын сезіндіре отырып, мәселенің олармен байланысты екендігін түсіндіреді. Мысалы, ата-аналардың өзінің балалық кезеңдегі тәжірибесі көп жағдайда қалыптасқан жағдайларды қабылдау ерекшеліктерін анықтайды.

Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар. Отбасы психотерапияның ортаңғы кезеңі, отбасы мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезінулерімен сипатталады. Бұл жеке және топтық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің бір-бірлерін айыптау екпіні, сонымен қатар әсіршіл мінез-құлық жойыла бастайды. Олар өз мінез-құлқына жауапкершілікті, сонымен қатар отбасы олар үшін маңызды ресурс екендігін сезіне бастайды. Урей және психологиялық араласуға қарсы қарым-қатынас төмендей бастайды, ал психолог олардың көз алдарындағы шартсыз бедел тұғырын жоғалта бастайды.

Бұл кезеңде отбасы мүшелері жағдайды жақсы түсіне бастайды. Психологқа келуге түрткі болған себептер, біртін келе өз мәнділіктерін жоғалтады. Бұл кезеңде кейбір отбасылар өз жұмыстарын аяқтайды, бұл асығыстық болып табылады, өйткені ішкі отбасылық өзара қарым-қатынастар жеткіліксіз деңгейде тұрақталған. Бұл кезеңде маманның мақсаты-отбасына әрі қарайғы міндеттерді анықтауға көмектесу.

Бұл кезеңде психолог, отбасы мүшелеріне өзара және әлеуметтік қоршағандарымен түрлі байланыстырды анықтауға көмектесетін сұрақтарды белсенді түрде қолдануы қажет. Жақындарымен және алыс туыстарымен өзара қарым-қатынастарын талдау отбасы татулығын сақтау бойынша міндеттерді анықтауға негіз болады. Мысалы, егер балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастары реттелсе, ата-аналармен сол әулеттің үлкендерімен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлу қажет. Психологтың отбасы мүшелерін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәліметтер жүйесі қажеттілігін ерекшелейді. Отбасы дисфункционалды болған сайын, сол ғұрлым оған мәліметтер аз түседі. Белгілі болғандай, ішкі қақтығыс күйіндегі отбасының ішкі ресурстары шектеулі.

Олардың мүшелері негізгі күштерін басқаларды өз қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санасуға жұмсайды, нәтижесінде қақтығыс түсіністікке әкеліп соғады. Егер де отбасы мүшелері қоршаған әлеммен белсенді түрде қатынас орната бастаса, олар жаңа ресурстарға тап болулары мүмкін. Осыған орай, олардың өзара талаптары әлсірей бастайды. Сыртқы әлеммен түрлі байланыстар орнату отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінің басты міндеті болып табылады.

Психотерапияның ортаңғы кезеңі өте жауапты кезең. Отбасының сыртқы ресурстарының белсенді қолдануымен, отбасы мәселесі туралы мүшелері түсініктерді өзгеруімен және отбасының жаңа мүмкіндіктерінің пайда болуымен ерекшеленеді.

Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары. Белгілі бір ұстанымдарды қолдану маманға отбасында ортаңғы кезең міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. Оларды психологиялық жұмыстың басынан ескеру керек, бірақ жанұя жаңа ресурстарға қол жеткізу қажет болған жағдайда, яғни ортаңғы кезеңде бұл принциптердің рөлі ұлғая түседі.

1. Жұмыстың мазмұнына қарағанда, процессуалды аспектілері үлкен мәнге ие. Отбасы мүшелері түзету жұмыстарының мазмұнына көбірек көңіл бөлуге бейім. Олардың пікірлерінше, ойларының мазмұны, қызығушылықтары және мәселелері туралы айтқандары- ең маңызды болып табылады. Сондықтан да психотерапевттің әсерлеуі мен бағалауына ерекше көңіл бөледі.

Бірақ маманның отбасы мүшелері пікірлеріне мөлшерден тыс көңіл бөлуінің қажеті жоқ. Ол оны тек отбасылық қатынастардың көрінісі ретінде қабылдауы керек. Айтылған ойлардың мазмұны - отбасы мүшелерінің мәселені қалай қабылдайтынын және өзара қарым-қатынастарын білдіреді. Оларды ескере отырып, психотерапевт, отбасы мүшелерінің ойнайтын ролдерімен жақсырақ танысуына болады.

Айтылған пікірлердің мазмұны мәнді, өйткені ол әңгімелеушінің өзін, талдау іс-әрекетін сипаттайды, бірақ отбасының басқа мүшелерін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді. Психолог отбасы мүшелерінің басқа емес, не үшін осы жағдайға көңіл бөлетіндерін сұрастырып бағдарлап отыруы қажет. Отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұнынан абстракциялануға қабілетті маман, өз бағалауларына объективті болады. Ол айтылған пікірлердің мазмұндарына емес, процеске көбірек көңіл бөледі, яғни отбасында қандай жағдайлар болып жатқанына және қатысушылар пікірлерінің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл сол уақытағы психикалық қысымды, сонымен қатар қорғаныс тенденцияларын және бір-бірлерінің ойларын жақын қабылдау деңгейлерін әлсіретеді.

Осылайша, психолог айтылғандардың мазмұндары процесті бейнелемейтінін, дәлірек айтқанда процесс туралы білім әрі қарайғы жұмыстың мазмұнын анықтайтынын нақты есінде сақтауы қажет. Маман, отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұны астарында жатқан қызығушылықтарын байқауы қажет. Бұл оған субъективизмнен аулақ болуға, ал отбасы мүшелеріне – мәселенің мәнін толық түсінуге көмектеседі.

2. Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек.

Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.

3.Отбасышекарасын кеңейту мақсатында мультигенерационды концепцияны қолдану. Бұл принципті М.Боуэн жасаған. Бұл концепция, үлкен нуклеарлы отбасының тарихи және даму тұрғыда өзін-өзі түсінуге көмектесе алады деген түсінікпен байланысты. Бұл принцип маманды отбасы мүшелеріне көмек беру барысында өз тегін сезінуге және де жаңа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да туыстарымен байланыстарын қайта орнатуға бағыттайды.

Отбасы мүшелерінің өздерінің тарихи дамуын жақсы түсінулері психотерапияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кейде, мәселелі отбасында басқа туыстарымен әлсіз байланыста болуымен сипатталады. Мұндай отбасы мүшелерін сұрастыра келе, психолог, олардың бірнеше жылдар бойы көріспегендіктерін анықтайды. Сонымен қатар сол туыстары туралы әңгіме барысында мұндай отбасы мүшелері эмоционалды күшті әсерленеді. Отбасы мүшелерінің өздерін тұтас ретінде сезінулерін жақсартуға олардың басқа туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру негіз болады.

Соңғы уақыттарда, адамдардың туыстық байланыстарын бейнелейтін, отбасы тарихы және дамуы мәселелеріне қызығушылық жоғарылауда. Қазіргі уақытта, адамның туыстарымен байланысы күшті болған сайын, және өз дамуын жақсы білген сайын, ол адамның «мен» сезімі, денсаулығы мықты болады деген пікір жиі айтылуда. Осылайша, отбасы шекарасын кеңейту және нығайту үшін, психотерапевт мультигенерационды ыңғайды қолдана алады.

4. Мәселесі туралы түсінігін өзгертуге көмектесетін, отбасы мүшелерінің жаңа мәліметтер алуы. Психологтың басты міндеттерінің бірі дисфункционалды отбасы жүйесінде мүшелерінің мінез-құлықтарының жалпы заңдылықтарын және олардың қажеттіліктерін анықтау арқылы қалыптасуын сезіндіру. Маман отбасы мүшелерін кейбір жүйелі түсініктермен таныстыра алады. Отбасы мүшелеріне өз мінез-құлықтарын түсінуге келесі түсініктер көмектесе алады:

- отбасының рөлдік құрылымы және ол оның мүшелері мүмкіндіктерін қалайша шектей алады;

- альянстер және коалициялар түсініктері және олар ішкі отбасылық қақтығыстармен және бір-бірлерінің әрекеттерін адекватты бағалау қиындықтарымен қалай байланысқан;

Психолог отбасы мүшелеріне, әлеуметтік жүйе ретінде отбасы қызметі ерекшеліктері туралы түсініктері болуы үшін, осы түсініктер мәнін түсіндіріп өтеді.

Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінде отбасы мүшелерін осы түсініктермен таныстыру өте пайдалы. Өйткені бұл кезеңде отбасы мүшелері мінез-құлықтарындағы әсершіл сипаты біртіндеп жойыла бастайды, олар жаңа мәліметтер қабылдауға дайын болып, оларға байсалды және конструктивті түрде әсерленеді.

5. Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану. Әзіл-түрлі жағдайларда отбасына психотерапевтік көмек көрсетуде ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Егер отбасы мүшелері қиын жағдайларда күле алатын болса, олар мәселені шешу жолында деп есептеуге болады. Әзілді психотерапевтік құрал ретінде пайдалану психотерапевт тұлғасының қандай да бір қасиеті болып табылады, және оны қолдануда абай болу қажет.

6. Отбасы жүйесін қайта құру мақсатымен эмоционалды үшбұрыш түсінігін қолдану. Эмоционалды үшбұрыш түсінігін М.Боуэн енгізген. Оның пайымдауынша, үшбұрыштар кез-келген әлеуметтік жүйенің міндетті элементтері болып табылады. Жүйе қысым жағдайында болғанда, үшбұрыштар белсенділік танытады. Отбасымен жұмысты бастай отырып, психотерапевт міндетті түрді қандай да бір үшбұрыштарға енеді. Оны оның пайдалануы өте маңызды. Отбасы мүшелері психотерапевтті қандай да бір үшбұрыштарға енгізеді және қандай да бір жағын бейімдей отырып, оған белгілі бір мәліметтер береді. Үшінші тарауда айтылғандай, психотерапевт, отбасы мүшелерінің мәліметтері олардың арасындағы белгілі бір қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталғанын білуі қажет. Егер психотерапевт, үшбұрышты табысты қолдана білсе, ол отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектеседі. Маман үшбұрышқа ене отырып, қандай рөл орындайтынын түсінеді. Психотерапевтке отбасы мүшесінің біреуі басқа бір мүше туралы пікірін білдіргенде, ол оны үшбұрышқа енгізеді. Бұл жағдайда психотерапевт келесіше әрекет етуі мүмкін.

- үшбұрыштың бөлігі бола отырып, отбасы мүшесіне әңгімесін жалғастыруға мүмкіндік береді;

- оның жеке көзқарасын және айтып отырған жағдайға қатынасын анықтау мақсатында әңгімелеушігі бірнеше сұрақтар қою;

- айтушыға, оқиғаның кейіпкеріне айтуды ұсынады.

Барлық жағдайларда, отбасының басқа да мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгерту ниетімен, психолог өзінің үшбұрыш жағдайын пайдаланады.

7. Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер де олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану. Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып, отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықта


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: