Тірек лекциялар 13 страница

Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - "Исповедь" ("Жан сыры" немесе "Тәубе", еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің "Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского" еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.

Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат

тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы "Не үшін өмір сүрдім?" деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-

ын жазушы оте дәл суреттейді: "...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды - одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым".

Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде

- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.

Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген "мәңгілік" сұрақ екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:

1) Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.

2) Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.

3) Күш пен энергия жолы- өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.

4) Әлсіздік жолы- өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүру.

Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас- тары анық.

Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше-шеді: "Менің ойымша, өмірдің мәні - сенім. Сенім адамға күш береді". Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет

нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі - махаббатқа деген сенім: "Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім - махаббат, оны адамдардың бәрі біледі". Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: "...адам жанының ең басты қасиеті - сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат - адам өмірінің мәні".

Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, неболмаса сөзбен кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине, әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық

табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол - махаббат. Толстой адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп есептейді.

Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,

көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың "жануарлық өмір" сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы "Тұрмыс сананы билейді" қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.

Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандаста-рының көбі бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға. кейінгі Батыс экзистенциализміне мықты әсер етті. Жазушымен

хат алысып тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте "Л.Толстойдың езі өмірдің мәнін тапты ма?" деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда "мәңгілік", "шексіз" мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Өмірдің қиын кезеңдерін бірге өткізген жүбайы

Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен басқамән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оныңөмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толс ой өзінің "Иван Ильичтің өлімі" әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, "Осы мен қалай өмір сүрдім?'' деп қиналды Оның өз отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы "Өмір жолы" да осы мақсатқа арналған) еңбегінің еш кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін, адамзат жаралғаннан бері өмір сүріп келе жатқан зұлымдық әлі де үстемдік құрып отырғанын түсініп, шарасыздықтан жарық дүниеден түңілген де болар. Әлде өзі "Крейцер сонатасы" еңбегінде жазғандай, "Ешқандай мақсатың болмаса, өмір бізге өмір сүру үшін ғана берілген болса, тіршіліктің қажеті жоқ. Өмірде мақсат болған соң, сол мақсатқа жетісімен өмір тоқтауы тиіс деп шешті ме екен? Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар М ейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сезбен айтсақ - Адамгершілікке шақырады.

Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) - орыс халқының көрнекті философтарының бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты зерттеу ісі қазір ғана қолға алынып жатыр, себебі оның идеялары Ресей үшін енді ғана түсінікті болуда.

В.С.Соловьев белгілі тарихшы, Ресей тарихы бойынша 29 том еңбек жазған ғалымның отбасында дүниеге келді, сондықтан оның рухани да-муына қажетті барлық жағдайлар жеткілікті болды. Соловьев жас кезінде

әр түрлі саяси-философиялық ағымдармен әуестеніп, материализнің әсерімен әуелі физика-математика факультетіне түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология факультетіне ауысып, философияны мықтап игеруге ден қояды және бұл жолда үлкен табандылық пен білімділік үлгісін керсетеді. Бір

ғана мысал келтіре кетсек, университет бітірген соң бір жылдан кейін магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1881 жылы ол университеттегі оқытушылық жұмысын тастауға мәжбүр болады, оған себеп - Александр II патшаны елтіруге қастандық жасаушыларға христиандық кешірім жасап, өлім жасынан

босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан кеткені ол үшін бір жағынан жақсы да болды, философия, дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл өмірін ғылым ісіне алаңсыз арнауға мүмкіндік алды.

В. Соловьев философиясының нсгізгі идеялары туралы айтсақ: 1) В. Соловьевті ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры мазалады десек, қателеспейміз. Оның философиясынан болашаққа деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс қатты сезіледі, ол: "Қазіргі адамзат ауру қарт секілді. Оның орнын кім басады? Негрлер ме? Қытайлар ма?" деп мазаланады.

Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, "барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды". Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен "жалпы бірлік" идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, "жалпыбірліктің" жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.

Жеке адамның адамгершілігі ұ ялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт "Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін" демекші, Соловьев "Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін" дейді. Ұят - адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.

Кант этикасын қолдаушылардың бірі болған Соловьев оның парыз ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш - отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз қызмет етуді мақсат етіп қоюды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Соловьев адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға лайық шағын орта ретінде отбасын ұсынады, себебі оның әрбір мүшесі басқалар үшін нақты мақсат, нақты

мән. Бірақ отбасындағы туыстар тек өздерінің арасында ғана ізгілікті қарым-қатынас орнатса, бұл эгоизмнің тағы бір түрі болып шықпай ма? Соловьев бұл сұрақтың алдын алғандай болып, отбасы қанағаттандырылған эгоизм саласына айналмауы тиіс, керісінше, оның әрбір мүшесі үшін оны әлемдік адамгершілікке бастайтын

алғашқы басқыш болуы қажет деп ескертеді. ^< —'----V.

Орыс ойшылының пайымдауынша, адам ез ">"рЧ "і_'2ІІ"'"~А'~"'і "1?РН''п арқылы реттеп отыруы қажет. Оның үш қүрамдас болігі бар:

1) Өзіңнің моральдық жетілмегендігіңді сезіне білу;

2) Моральдық жетілгендіктің обьективті емір сүруі;

3) Адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.

В.Соловьев моральдық жан-жақты жетілгендіктің үлгісі - Құдай, ол барлық жағынан адамға үлгі, яғни, адамгершілік дегеніміз Құдай деп түсінеді. Ол "жалпыбірлік" идеясының, немесе болмыстың барлық фор- маларының бірлігі принципінің негізі. В.Соловьевтің пікірінше, адая қоғамы Құдайды абсолют деп таныса, соған ұмтылуға, ұқсауға тырысса православие, католицизм, протестантизм діндерінен құралған "дүниежүзілік шіркеудің" көмегімен "құдайы адам" дәрежесіне жетеді.

Соловьев үшін маңызды тақырып болған адамзат пен жеке адамныи ғана емес, Ресей мемлекетінің де тағдыры. Ресей тағдырын Соловьев христиан дінін қабылдаған князь Владимир билік еткен уақыттан бастап христиан дінімен тығыз байланыстырады, орыс мемлекетінің еркіндігі дін мен шіркеу еркіндігінсіз мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пайымдауынша, енді Ресей діни әдеп-ғұрыптарды орындап қана қоймай, өзінің ісі мен өмірін

осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргі

Ресей үшін аса маңызды екендігіне сөз жоқ. Ортағасырлық Аврелий Августиннің сөзімен айтсақ, Құдайға деген құр Сенім жеткіліксіз, бұл

сенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ.

Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм. Ұ лттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар

мен поляктар арасындағы жауластықты көрсетеді. Шындығына келсек, бұл құбылыс біздің заманымызға дейін жалғасып келе жатыр. Ұлттық эгоизмді жоюдағы Петр І-нің рөлін Соловьев баса атап көрсетеді: "Петрдің реформасының терең христиандық сипаты бар, себебі ұлттың өзін-өзі кінәлауы - адамгершіліктік-діни акт". Соловьевтің ойынша, орыс ұлты

басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. "Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады", - дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. Әрине, бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.

Эгоизмге қарсы тұрар, адамды жалған өзімшілдіктен құтқарар күш ретінде Соловьев махаббаттты ұсынады. Оның түсінігінше, махаббат па-

асатты санадан үлкен, бірақ сананың көмегімен ғана жекелік ерекшелікті төмендетпей, керісінше, биіктете түседі. Адам парасатты сана арқылы ғана өзінің жекелік ерекшелігін эгоизмінен бөліп қарастырады, махаббатка беріле отырып, эгоизмінен арылады. Яғни, махаббат эгоизмді құртып, жекелік ерекшелікті нығайтады. Бұл ретте Соловьев махаббаттын ғажайып жасампаз күшін дәл сипаттайды, оны жалпы адамзаттық денгейге дейін көтереді.

Қазіргі Ресейде Соловьевтің идеялары қолдау таппай, мемлекеттік идеологиядан оның теориясына орын табылмай отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары орыс мемлекетінің болашақ дамуына қажетті идеологиялық,

қару болуға әбден лайық. Себебі, қазіргі Ресей әлемдік деңгейдегі беделін қайта қалпына келтіру бағытында көптеген жұмыстар атқаруды, бұл

өте күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев те өз отанының болашағына аса зор үмітпен қарап, Ресейді түбінде Шығыс пен Батысты татуластыратын жаңа мәдени-тарихи тип, оның негізі - христиан дінін ұстанатын дүниежүзілік шіркеу деп жариялаған еді.

Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген "О назначеңии человека" еңбе- гінде былай дейді: "Адам мәселесі - философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде".

Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: "Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип". Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады.

Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың "Жан сырында" уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, "өмірдің мәні туралы ойланудың

өзі - өмірдің мәні" дейді.Бердяев философиясының басты категориясы

Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық - жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. " Самопознание" ("Өзін-өзі танып-білу") еңбегінде ол былай дейді:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: