Тапсырма 1

Әрбір нарық түріне (1-6) осы рынок құрылымына сәйкес келетін жағдайды (а – м) тауып, жауап кестесіне енгізіңіз.

1. Жетілген бәсекелестік  
2. Монополиялық бәсекелестік  
3. Олигополия  
4. Монополия  
5. Шектеулі монополия  
6. Екіжақты монополия  

а) ҚР ұлттық банкі ұлттық валюта – теңгені эмиссиялауда ерекше құқыққа ие;

б) Көп автомобильдері бар қалада екі ғана бензин құятын станция бар;

в) Мемлекет жүргізген, Астананы салуға арналған конкурста бірнеше ірі құрылыс компаниялары қатысты

г) Ақ саңырауқұлақтардың нарығында көптеген сатушылар мен сатып алушылар бар;

д) Бірнеше өндірушілер өсіреген қант қызылшасы қант зауыттарында өңделеді;

е) Құрылыс тасын жасаушы жалғыз компания өз өнімін үйдің сыртын безендіретін компанияға ұсынады;

ж) Гүлдер көптеген дүкендерде сатылады, ал бұл дүкендерге келуші тұтынушылар да көп;

з) Көптұрғынды қаланы сүтпен көптеген шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді;

и) Аудан орталығында жалғыз әмбебап магазин бар;

к) Студенттердің көбі оқу кезінде үйді пәтерін берушілерден жалға алады;

л) Бірнеше кір жуатын порошок өндірушілер көптеген үй шаруашылығына қызмет көрсетеді.

м) Кремний өндіруші компания өз өнімін компьютер чиптерін жасаушы фирмаға ұсынады.

Жауаптар: 1 – г, д, з, 2 – ж, к 3 –б, в, д, л 4 – а, е, и, м


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: