Тапсырма

Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарық

Жетілген бәсекелі рынок – көптеген сатушылар бірдей өнім сататын, салыстырмалы түрде жеңіл кіріп, шығуға болатын рынок. Мұндай рыноктарда сатушылар өз өнімінің бағасын бақылай алмайды. Олар нарықтық бағаны қабылдауға тиіс және осы бағамен қанша сатқысы келсе, сонша сата алады.

Егер мұндай шарттар болмаса, әңгіме жетілмеген бәсекелі рынок жайлы болғаны. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрі болады. Ол мынаған байланысты болады:

1) Сатушы санына,

2) Өндіретін өнім түріне(әсіресе тауардың ауыстырушысы көп болуына),

3) Рынокқа кірудің жеңілдігіне.

Жетілген және жетілмеген рыноктардың осы сипаттарын ескере отырып, өзіңізді төмендегі рыноктардың бірінің сатушысымын деп елестетіңіз.

Сіздің ойыңызша, егер сіз бағаны өсірсеңіз немесе түсірсеңіз сату көлемінің деңгейі қалай өзгеретінін түсіндіріңіз. Сату көлемі қаншалықты өзгерді, неге?

А) Бидай өсіруші фермер:

Бағаны өсіреді

Бағаны түсіреді

Б) Жергілікті электрокомпания:

Бағаны өсіреді

Бағаны түсіреді

В) Автомобиль өндіруші:

Бағаны өсіреді

Бағаны түсіреді

Г) Гүл сататын дүкен:

Бағаны өсіреді

Бағаны түсіреді

2 тапсырма. Түрмедегідер диллемасы

Керім мен Мұрат – ұрлықшылар. Оларды автомобиль бөлшектерін ұрлау үстінде ұстаған, енді олар қала түрмесінің әр түрлі камераларында отыр. Керім мен Мұратты қылмыс жасау үстінде қолға түсіргендіктен жергілікті прокурорының қуанышында шек жоқ. Ол Керім мен Мұраттың бұл ұрлыққа ғана емес, соңғы жылғы жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар екенін біледі. Соны біле тура сотта дәлелдей алмайды.

Жергілікті прокурор Керім мен Мұратты келісімге шақыра отырып; өз кінәларын мойнына алуға көндіргісі келеді. Прокурор олардың әрқайсысына былай деді: «Сендерді бір жылға жабу үшін менде мәліметтер жеткілікті, бірақ егер сен басқа ұрлықтарды мойныңа алсаң, 10 жылға сотталасың да, осы жерден 3 айдан соң шығасың, ал 10 жылды сенің досың арқалап кетеді. Егер екеуің де басқа ұрлықтарды мойындарыңа алсаңдар, әрқайсысың 5 жылдан аласыңдар».

Керім мен Мұраттың конституциялық құқығының бұзылуы, оларға қандай үкім шығаратыны сізді қобалжытпай-ақ қойсын. Бұл сұрақтар өте маңызды және қызықты болғанымен олар басқа тапсырмада немесе курста қаралатын болады. Ал қазір келесі төрт ойдың бірін қабылдайық:

1. Егер Керім шындықты айтса, ал Мұрат айтпаса, онда Керім түрмеге үш айға, ал Мұрат 10 жылға отырады.

2. Егер Мұрат шындықты айтса, ал Керім айтпаса, онда Мұрат түрмеге үш айға, ал Керім 10 жылға отырады.

3. Егер Керім де, Мұрат та шындықты мойнына алса, онда екеуі де 5 жылға отырады.

4. Егер екеуі де мойындамаса, онда екеуі де түрмеде 1 жылдан отырады.

А. 1. Егер Мұрат шынын айтты деп ойласаңыз, Керімнің орында не істер едіңіз? Неге?

2. Егер Мұрат шынын айтпады деп ойласаңыз, Керімнің орында не істер едіңіз? Неге?

Б. 1. Егер Керім шынын айтты деп ойласаңыз, Мұраттың орында не істер едіңіз? Неге?

2. Егер Керім шынын айтпады деп ойласаңыз, Мұраттың орында не істер едіңіз? Неге?

В. Егер серігіңіздің шынын айтқанына немесе айтпағанына сеніміңіз болмаса Керім мен Мұраттың орнында не істер едіңіз? Неге?

Г. Қандай жағдайда Керім мен Мұрат шындарын айтпаушы еді?

3 тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі

Самат пен Қанат өздерінің бензин құятын станцияларында жұмыс жасайды. Жеке иелері болып табылады. Екеуінің бензин құятын станциялары қаланың шетіндегі шоссенің жанында орналасқан. Бұл қалада басқа бензоқұбырлар жоқ. Қазір олар бензинді бірдей бағамен сатуда және әрқайсысының бензоқұбырында баға көрсетілген үлкен табло тұр.

1. Самат бағаны көтергісі келеді, өйткені ол адамдар бағаның көтерілгеніне қарамастан бензинді сол бұрынғыдай мөлшерде тұтынады деп ойлайды. Ол сату көлемінің азаюынан болатын шығынды жоғары бағамен сататындықтан артығымен жаба аламын деп санайды. Саматқа сіз осы жағдайда қандай кеңес бере алар едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

2. Қанат бағаны түсіргісі келеді. Сол арқылы Санаттың бизнесінің біраз бөлігін жаулап аламын деп ойлайды. Әр галлоннан түсетін табыстың төмендеуінен болатын шығынды, бензин мөлшерін көбірек сатып, артығымен қайтарамын деп санайды. Сіз Қанатқа қандай кеңес бере алар едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Сіздің ойыңызша Самат пен Қанат өз бизнестерінің пайдалылығын арттыру үшін басқа қандай әрекеттер жасай алады?

4 тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?

Оқу бітіргеніңізге 10 жыл өтті деп және сізді табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау Агенттігіне экономист – кеңесші ретінде жұмысқа алды деп елестетіңіз. Сізге пікіріңізді білуге төмендегі іс жіберілді. Осы істе көрсетілген рыноктар мен информациялар аумағындағы барлық біліміңізді көрсете келе, монополияға қарсы саясат жүргізетін Агенттіктің заң жөніндегі орынбасарына өз ұсынысыңызды жасауға дайындалыңыз.

Екі, салыстырмалы алғанда жас Аэрофлот және Жетісу авиа өздерінің бірігуі туралы жоспарын хабарлады. Төмендегі кестеде Қазақстандағы басты авиокомпаниялардың соңғы жылдағы жалпы билет сатудағы үлесі көрсетілген.

Астана әуе жолы 17%

Алматы әуе жолы 15%

Атырау әуе жолы 14%

Аэрофлот 11%

Шығыс әуе жолы 10%

Жетісу авиа 9%

Ақтөбе әуе жолы 8%

Басқа қалғандары 16%

Соңғы бес жылда авиатасымалдау саласы бұрынғыдан да шоғырлана бастады, оған себеп — ұсақ авиакомпаниялардың нарықтан кетуі немесе үлкен компанияларға қосылуы.Қазіргі кезде төрт ірі компанияға барлық сату көлемінің 57% келетініне назар аударыңыз.

Қосылуға қарсы дәлелдер: Агенствоның кейбір заңгерлері қосылуға қарсы тұруды жөн көреді.Олардың ойынша төртінші және алтыншы ірі компаниялардың бірігуі авиакомпаниялардың іріленуінің сатуды орталықтандыру және бәсекені азайту сияқты жаман жақтарын ары қарай жалғастырады.Біріккен соң жаңа авиокомпания елдегі ең ірі компанияға айналады да қазіргі кезбен салыстырғанда алдыңғы қатарлы авиабайланыстардан да сату көлемін көп мөлшерге ұлғайтады.Ірі авиабайланыстардың жүргізетін агрессивті жарнама кампаниялары бұл рынокқа кіргісі келетін жаңа бәсекелестерге үлкен кедергі келтіреді.

Қосылуды қолдайтын дәлелдер: Авиакомпаниялардың бірігуін қолдайтын заңгерлердіңдайындаған құжаттарында мұндай қосылу бұл саладағы бәсекеге материалдық жағынан әсерін тигізбейтіні көрсетілген. «Аэрофлот» компаниясы бизнесінің көп бөлігін «бір жағалаудан екінші жағалауға» ұшатын үлкен ұшақтар құрайды. Ал «Жетісу Авиа» қысқа аралыққа кішкентай ұшақтармен ұшуға маманданған. Бүгінгі күні екі компания төрт қалаға ғана қызмет көрсетеді. Сонымен қоса қазіргі жағдайда бұл саладағы ірі авиакәсіпорындардың жоғарғы бәсекелестігінен ұзақ мерзімдегі болашақта ешқандай авиакомпания бірігусіз жеке өмір сүре алмайды делінген. Қосылғаннан кейін компания бюджеттің қомақты бөлігін жарнамаға жұмсап, билет сатудан көп табыс түсіруі мүмкін. Егер екі авиакомпанияның біреуінің жағдайы қиындаса, соның кесірінен азайған сату көлемін басқа үш ірі компания көтеріп алады, ал бұл рыноктың шоғырлануына әкеледі. Заңгерлер мықты бір компанияның екі шағын рыноктан шығып қалу қаупі бар компаниялардан дұрыс болатынын дәлелдемекші.

Сұрақ: Заң бөлімі компаниялардың қосылуына қарсы екенін айту керек пе? Сіздің ұсынысыңыз қандай? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

______________ Қосылуды қолдаймын

______________ Қосылуға қарсымын

9 тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.

Сабақтың мақсаты:

1. Материалды қарастырғанда өндіріс факторларына сұраныс туынды сипатта болатынына ерекше назар аудару?

2. Жоғары пайда тапқысы келетін бәсекелес фирма тиімді еңбек тиімді еңбек санын (жалданушы жұмысшылар) анықтайды.

3. Еңбек рыногындағы ең төмен жалақы деңгейін салдары.

4. Оукен заңын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

• Фирмалар сатып алушы ретінде факторлар рыногында қалай әрекет етеді?

• Еңбек рыногы басқа басқа факторлар рыногынан несімен ерекшеленеді?

• Факторлар рыногында баға қалай анықталады?

• Факторлық бағалар фактор иелерінің табысын қалай анықтайды?

• Фирманың өндіріс факторына деген сұранысы рыноктағы түпкілікті өнім сұранысынан және өнімділіктен қалай байланысты?

• Туынды сұраныс дегеніміз не?

• Баға қабылдаушы фирманың жұмысшыларды жалдау шарттары қандай?

Сабақтың жоспары:

1. Еңбек рыногы дегеніміз не?

2. Еңбек ресурстары және жұмыссыздық. Жұмыссыздық салдары. Сызбанұсқаны талдау, тесті анализдеу. Есептер шығару.

3. Еңбек рыногының ерекшеліктері және жалақы. Есептер шығару. Графикті талдау.

4. Еңбекке сұраныс. Туынды сұраныс. Есептер шығару.

5. Еңбек рыногындағы ұсыныс. Графиктерді қарастыру.

6. Рыноктық тепе-теңдік. Есептер шығару. Тесті талдау.

7. Жалақыны мемлекеттік реттеу. Графикті талдау.

Қолданылған әдебиет тізімі:

1. Основы экономической теории: Учебник для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики/Гос. унив. – Высшая школа экономики; Под ред. С.И. Иванова. – 7-е изд. – В 2-х книгах. Книга 1. – М.: Вита-Пресс, 2004, с.237-265.

2. Практикум по основам экономической теории: Уч. пособие для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики/Гос. унив. – Высшая школа экономики; Под ред. С.И. Иванова. – М.: Вита-Пресс, 1999, с.123-134.

3. Липсиц И.В. Экономика: В 2 кн. Кн.1.: Учебник для 9 кл. общеобразоват. учрежд.- 4-е изд., перераб. и доп.- М.: Вита-Пресс, 2000, с.114-177.

4. Буфетова А.Н., Веселая Л.С. – Новосибирск, НГУ, экономический факультет, 2006, с. 26-31, 89-93

5. Мицкевич А.А.- Сборник заданий по экономике: Для учащихся 10 -11 кл.- В 3-х книгах. Кн. 1. Задачник по микроэкономике.- 3-е изд., переработанное. – М.: Вита-Пресс, 2001, с.334-372.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Туынды сұраныс, еңбекке сұраныстың икемділігі, ақшамен көрсетілген шекті табыс, еңбек ұсынысы, еңбек рыногындағы ұсыныс.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

Жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ететін және жұмыспен қамту сферасындағы шешімдерді оралықтандыратын рынокты – еңбек рыногы деп атайды.

Барлық раноктарда сияқты мұнда да сатушылар мен сатып алушылар әрекет етеді. Кез-келген уақытта олардың саны өте көп болғандықтан қабылданатын шешім де әрқайсысына тікелей байланысты. Мысалы, бір жұмыс беруші еңбекақыны көтерсе, басқа компания да жұмыс күшін тартуда бәсекелесінен қалмас үшін осылай жасауы мүмкін. Осылайша, жұмысқа тұру өте қиын екенін көрсе, қызметкер басқа жұмысты таңдауы мүмкін.

Осылайша еңбек рыногы еңбекті сатушылар мен сатып алушылардан құралады.

Кейбір еңбек рыноктары нда егер сатушы өз кәсіподағы арқылы әрекет етсе, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім ішінара қатаң шарттарға сүйеніп жасалады.

Кәсіподақ рөлі күшті еңбек рыноктарында жұмыс беруші кімді жұмысқа алатынын өзі білгенімен, оның әрекеті кәсіподақ пен кәсіпорын басшы арасындағы төмендегідей бағыттағы келісімдерді ескеруі керек: жұмысшыны жұмыстан шығару, жалақыға байланысты сұрақтар, шағымдарды қарастыру, жұмы көлемі, темпі және қызмет бабымен жоғарылау т.б. Ал кәсіподағы жоқ рыноктардығы (мемлекет немесе ірі жұмыс беруші) іс-әрекеттер әкімшіліктің билігін шектейтін және жалданушыларға әділ қатынастар құруға кепілдік беретін ережелерге сүйенеді.

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Жұмыссыздық – жұмысқа жарамды және жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыс таба алмай жүрген кезіндегі еңбек рыногындағы жағдай.

“Жұмыс күші” ұғымына 16 жастан асқан жұмысы барларнемесе оны іздеп жүргендер, жұмыстан шығып қалып, қайта шақырылуын тосып жүргендер жатады. Еңбек рыногындағы ақысыз жұмыс істейтіндер жұмыссыздар қатарына кіреді. Жұмыспен қамтылмай, жұмыс іздемей жүргендер жұмыс күшіне жатпайды. Сондықтан жиынтық жұмыс күші жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздардан құралады. Әрбір нақты еңбек рыногында жұмыс күшінің саны мен сапасы өзгеріп тұрады.

Демек,

Жұмыссыздар – 16 жастан асқан, жұмыс істегісі келетін, белсенді түрде жұмыс ітеп, бірақ қандайда бір себеппен оны таба алмай жүрген еңбекке жарамды адамдар.

Соныман жұмыссыз деп төмендегі үш көрсеткішті қанағаттандыратын адамдар есептелінеді:

· Жұмысы жоқ (табысы жоқ)

· Жұмысқа кірісуге дайын

· Жұмысты белсенді түрде іздейді, яғни мемлекетік немесе жеке меншік жұмыспен қамту орнына, тікелей жұмыс берушіге жолығады, жеке таныстары, жарнама арқылы іздейді, өз ісін ұйымдастыруға ұмтылады.

Оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер егер жұмыс іздеп, оны орындауға дайын болса жұмыссыз қатарына қосылады.

Жұмыспен қамтылғандар – 16-дан асқан, жұмысы бар(жұмысқа жалданған, жеке бизнеспен айналысатын, мемлекеттегі қызметтегі) еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі.

Жұмыс орнынан уақытша босатылған(сырқатына, демалысына, оқуына т.б. байланысты) адамдар да жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады.

Экономикадағы жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандарды қосып осы елдегі экономикалық белсенді халықты анықтауға болады.

Экономикалық белсенді халық – еңбек рыногындағы жұмыс күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін елдегі тұрғындардың бір бөлігі.

1-кесте. Ел тұрғындарының категория түрлеріне қарай бөлінуі

Ел тұрғындары
Жұмысқа жарамды жастағы Әйелдер – 16-дан 58-ге дейін Еркектер – 16-дан 63-ке дейін Жұмықа жарамсыз жастағы 16-ға дейінгідер Зейнеткерлер
Жұмысқа жарамдылары 15-тен 73-ке дейінгі мүгедектерден, түрмкдегілерден және психиатриялық емделу орнының пациенттерінен басқалар Жұмысқа жарамсыздары
Экономикалық белсенді халық Жұмыс күшіне жатпайтындар Өз еркімен жұмыс істемейтіндер, яғни жұмыс істей алады, бірақ оны іздемейді (зейнеткер, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс іздеуден жалыққан жұмыссыздар, күндізгі бөлімде оқитындар).
Жұмыспен қамтылғандар Жұмыссыздар

Осы ғасырдағы жұмыс күшінің даму тенденциясының мәні зор: жұмыс күшіне ер адамдардың қатысу деңгейі азайып, әйел адамдардігі көбейген.

Жұмыссыздық деңгейін жұмыссыздар санының жұмыс күші санына қатынасы анықтайды. Осы көрсеткіш соншалықты нақты болмаса да рыноктың жағдайын бағалауға өте қажет.

Жұмыссыздықты өлшеу үшін көбінесе төмендегі көрсеткіштерд қолданады:

1. Жұмыссыздардың жалпы саны

2. Жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыздық деңгейі (r) – пайызбен алғандағы жұмыссыздар санының (U) экономикалық белсенді халыққа (L) қатынасы.

Басқаша айтқанда еңбек рыногы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының арсындағы қатынасты реттейтін механизм.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРЛЕРІ

Жұмыссыздық түрлерінің классификация адамдардың уақытш жұмыспен қамтылуының себептерімен анықталады. Оның түрлер:

1. Фрикционды жұмыссыздық

Фрикционды жұмыссыздық еңбек рыногына енді келген немесе бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысу кезеңінде уақытша жұмыс істемейтін адамдарды қамтиды.

Оған мысалы, мектеп және жоғары оқу орнын бітірушілер, баламен отырған әйелдер, запастағы әскери қызмткерлер, өз еркімен жұмыстан босатылғандар.

Фрикционды жұмыссыздық міндетті түрде болады, өйткені еңбек рыногында жаңадан келгендер, бір жұмытан екіншіге ауысқандар әрқашан табылады. Бұл жұмыссыздық ұзаққа созылмайды.

2. Құрылым жұмыссыздығы

Құрылым жұмыссыздығы халық шаруашылығының құрылымындағы объективті өзгерістерге байланысты мамандықтары керексіз болғын адамдарды қамтиды.

Бұл жұмыссыздықтың болу себебі – жұмыс орны құрылымының жұмыссыздардың мамандықтарының құрамына сәйкес келмеуі, яғни бос жұмыс орындары бар, ал оған алынуы керек жұмыссыздардың сәйкес мамандықтары жоқ.

Құрылым жұмыссыздығы да міндетті түрде болады, өйткені ол экономикалық өмірдегі тұрақты өзгерістердің салдары және ол ұзағырақ созылады, бұл жұмыссыздарды алдын ала дайындау мерзімі мен түсіндіріледі.

Құрылым жұмыссыздығының бір түрі – техникалық жұмыссыздық, ол жаңа техниканың енгізілуімен байланысты.

3. Циклды жұмыссыздық

Циклды жұмыссыздық экономика дамуының циклдық сипатына негізделген, экономикалық құлдырауда болады.

Экономикалық құлдырау фазасында өндіріс қысқарады, жұмыс орны азаяды, жұмысшыларды қысқартуға тура келеді, нәтижесінде циклды жұмыссыздық пайда болады.

4. Жасырын жұмыссыздық

Жасырын жұмыссыздық адамдар толық жұмыс күнін немесе толық жұмыс аптасын істемеуге мәжбүр болғанда орын алады.

90-шы жылдардың басында нарықтық өзгерістердің басталуы себепті біздің елде бұл жұмыссыздық көптеп кездесті.

Жұмыссыздық деңгейін анықтауда бұл түрі есептелінбегендіктен өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейі бір қарағанда сәйкес болмады.

ТАБИҒИ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ

Құрылым және фрикционды жұмыссыздық барлық елдердің экономикасында болғандықтан және олар еңбек рыногының “Табиғи жағдайы” болып табылғандықтан экономисттер табиғи жұмыссыздық ұғымын енгізді.

Табиғи жұмыссыздық – тек қана фрикционды және құрылым жұмыссыздықтарының болуымен анықталатын жұмыссыздық.

“Табиғи жұмыссыздық” ұғымымен “толық жұмысбастылық” ұғымы тығыз байланысты.

Толық жұмысбастылық – экономикада тек қана табиғи жұмыссыздық болатын жұмыспен қамтылу деңгейі.

Нарықтық экономикалы елдерде түрлі тұрғындар тобының арасында жұмыссыздық көрсеткіштерінің кейбір ортақ заңдылықтары белгілі:

· Жұмыссыздық деңгейі үлкендерге қарағанда жастардың арасында жоғары

· Жұмыссыздық деңгейі жоғары квалификациялы, оқыған адамдардың арасында төмен

· Қызметкерлердің арасында жұмыссыздық деңгейі жұмысшыларға қарағанда төмен.

· Қалалықтарға қарағанда жұмыссыздық ауыл тұрғындарында төмен

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ САЛДАРЫ

Жұмыссыздықтың әр түрінің өзінше салдары бар. Фрикционды жұмыссыздықтың жақсы жақтары:

Ø біріншіден, адам бұрынғыдан қызықты, жоғары жалақылы жұмыс табады;

Ø екіншіден, қоғамға да пайдалы, өйткені адам өзіне ұнайтын жұмыс тапқан соң ісі нәтижелі болады, яғни еңбек ресурстары тиімді бөлінеді де ЖІӨ өседі.

Құрылым жұмыссыздығының да артықшылығын көрсетейік: егер жұмысшы рынокка қажет жаңа мамандықты игерсе, немесе квалификациясын көтерсе оған жұмыс табу қиынға түспейді, бұдан қоғам ұтады, өйткені мұндай жұмысшы еңбек өнімділігін арыттырады, ақырында ЖІӨ өседі.

Бірақ ұзаққа созылған жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық салдары бар. Әсіресе ол циклды жұмыссыздыққа тән.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.

· Жанұяның жалпы табысының төмендеуі

· Өмір сүру деңгейінің түсуі

· Квалификацияны жоғалту

· Психологиялық соққы алу, адам өзін керексіз сезінеді, өзіне қол жұмсауы мүмкін

· Ұзақ мерзімді жұмыссыздық ұлт денсаулығының төмендеуіне, қылмыстың көбеюіне әкеледі.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ.

Өндіріс көлемінің толық жұмысбастылық кезіндегіден азаюынан көрінеді. Мұны ӨМҚ графигі арқылы көрсетуге болады:

Жұмыссыздықтың өсуі өндіріс ресурстарының толық емес және тиімсіз қолданылуына әкеледі, яғни график солға, төмен жылжиды.

ЖІӨ көлемінің қалысы = Потенциалды ЖІӨ - Нақты ЖІӨ

Нақты ЖІӨ - осы уақыт аралығындағы нақты шығарылға өнім.

Потенциалды немесе табиғи ЖІӨ - толық жұмысбастылық кезінде және ресурстар, әсіресе құрал-жабдық тиімді қолданылған кездегі ЖІӨ деңгейі.

ОУКЕН ЗАҢЫ

ЖІӨ өсу темпінің циклдық ауытқулары жұмыссыздықтың толқуына әкеледі. ЖІӨ өсу темпі көтерілсе жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады, еңбекке сұраныс ұсынысқа қарағанда жылдам артады. ЖІӨ өсі темпі түссе жұмыс орнының саны өспек тұрмақ кемуі мүмкін. Соның салдарынан еңбекке деген сұраныс та азаяды.

Сонымен ЖІӨ өсу темпі жоғарыласа жұмыссыздық азаяды, төмендесе көбейеді. Осыған байланысты ЖІӨ өсу темпі мен жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі арасындағы сандық қатынас теориялық және практикалық мәнге ие болды. Бұл сұраққы жауапты Оукен заңы береді.

Оукен заңы төмендегідей жағдайда көрсетілуі мүмкін:

• Егер ЖІӨ өсу темпі жылына 2,5% болса, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді.

• Егер ЖІӨ өсу темпі 2,5%-тен көп болса, жұмыссыздық деңгейі азаяды және 2,5%-тен жоғары әр 1%-ке сәйкес жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ке түсіп отырады.

• Егер ЖІӨ өсу темпі 2,5%-тен аз болса, жұмыссыздық деңгейі көбейеді және 2,5%-тен төмен әр бір 1%-ке жұмыссыздық деңгейі сәйкесінше 0,4%-ке түсіп отырады.

Оукен заңы жалпы түрде мына теңдеумен анықталады:

, мұндағы - жұмыссыздық деңгейінің өсімі.

Кейінірек зерттеулер жұмыспен қамту деңгейі тұрақты болғанда, ал жұмыссыздық деңгейі 1%-ке түскенде ЖІӨ-нің өсу темпі 2,8-3%-ке тең болатынын көрсетті.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ.

Халықаралық стандарт бойынша Оукен заңын былай көрсетуге болады:

ЖІӨ қалысы (GDP gap) нақты және потенциалды ЖІӨ айырмасының потенциалды ЖІӨ-ге проценттік қатынасына тең.

Артуп Оукен, американдық экономист, президент Дж. Кеннедидің экономикалық кеңесшісі, 1960-шы жылдары статистикалық мәліметтерді ескере отырып, жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ арасындағы байланысты көрсетеді.

Мұнда u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; - циклдық жұмыссыздық деңгейі; - Оукен коэфиценті, ( >1), нақты жұмыссыздықтың деңгейі 1%-ке өзгергенде, нақты ЖІӨ потенциалдыға қарағанда неше % азаятынын көрсетеді.

АҚШ экономикасында Оукен кезінде болды, әр кезеңде ол әр түрлі болуы мүмкін. “-” белгісі нақты ЖІӨ мен циклдық жұмыссыздық арасындағы кері қатынасты көрсетеді.

Кез келген жылдың нақты ЖІӨ алдыңғы жылғы нақты ЖІӨ байланысты өзгеруін де Оукен есептеп көрсеткен.

Мұнда - биылғы жылғы нақты жұмыссыздық деңгейі

- былтырғы жылғы

3%- дамыған елдердегі потенциалды ЖІӨ орташа өсу типі

2- коэфицент, экономикалық өсу болмағанда жұмыссыздық деңгейі 1% өссе, нақты ЖІӨ неше % түсетінін көрсетеді (яғни 2%).

Осы формулалардың негізінде жұмыссыздық деңгейінің өсуінен ЖІӨ өзгеруін ғана емес, керісінше экономикадығы құлдырау негізінде жқмыссыздықтың нақты деңгейінің өсуін де анықтауға болады.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Рыноктың реттеушілігі еңбек нарығының проблемаларын шеше алмайды. XXғ. 50-70 жылдары көптеген елдер Дж. Кейнстің әдісін қолданды. Оның мәнісі мынада: салықты, банк процентін түсіру арқылы өндірістің өсуіне жағдай туғызу. Сонда жұмыс орны көбейіп, жұмыспен қамту жоғарылайды. Бірақ кәсіпорындар еңбекті үнемдейтін жаңа технология қолдану арқылы жаңа жұмыс орнын ашпауы да мүмкін еді.

XX ғ. 80 жылдарынан бастап еңбек рыногында екі бағыттан тұратын саясат жүргізіле бастады:

XX ғ. 80 жылдарынан бастап еңбек рыногындағы саясат
Жұмыссыздықтың ұзақтығын және деңгейін еңбекпен қамту жүйесі бойынша реттеу. Жұмыссыздықтан жапа шеккендерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Бұл бағыттағы іс-әрекетті еңбекпен қамту қызметі немесе еңбек биржасы ұйымдастырады, олар жұмыссыздарды тіркеуге алады, бос орындар туралы мәліметтер жинайды, сол орындармен жұмыссыздарды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қорғауға жататындар: · Қысқартуға түскен жұмысшыларға компенсация төлеу · Жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу · Қайта дайындау кезінде стипендия төлеу

Дегенмен мемлекет жұмыссыздарды орналастырудың барлық проблемасын шешуді қолға алмайды, ол жұмыссыздарға өз бетімен жұмыс іздеуге көмек көрсетуі керек.

ЖАЛАҚЫ

Еңбек рыногында сатып алушының да, сатушының да іс-әрекеті еңбекті бөлуге және еңбек түріне бағаны анықтауға бағытталады. Баға еңбекті бөлу процесінде сигнал және ынталандыру болып табылады. Жұмысшының көзқарасы бойынша еңбек бағасының табысты, яғни сатып алу қабілетін анықтауда мәні зор.

Еңбек рыногында тауар болып жұмыс күші, яғни тауарнемесе қызмет көрсету өндірісі процесінде қолданатын дене және ой қабілеттерінің жиынтығы табылады.

Жұмыс күшінің немесе “еңбек” өндіріс факторының бағасы жалақы деп аталады.

Жалақы – жұмысшыға оның жұмыс күшін пайдаланғаны үшін төленетін төленім.
Еңбек рыногының ерекшеліктері
Еңбек рыногының ерекшелігі жалақы мөлшерінің қалыптасуы процесінде рыноктық емес факторлардың ролі өте зор болуында. Оларға жататындар:
а) мемлекеттің әсері б) кәсіподақ ролі в) еңбек төленіміндегі дискриминация
Жалақыға мемлекет әсерінің ең негізгі құралы – ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу. Кәсіподақ жалақыға әсер ете алады, егер: § Осы мамандық бойынша басым көп немесе барлық жұмысшыларды біріктіре алса. Бұл жағдайда кәсіподақ жұмысшылардың мүддесін қорғай отырып рынокта жұмыс күшін сататын бір ғана сатушы, яғни монополист болып табылады да жалақыны көтерте алады. § Егер кәсіподақ барлық жұмысшыны қамтымаса кәсіпкерлерді өз мүшелерін жұмысқа алуға ғана күштейді, сөйтіп олардың таңдауын шектейді Еңбек төленіміндегі айырмашылық жұмысшылардың жасына, жынысына, жағдайына қарай дискриминациялаудан болуы мүмкін.
1. Тауар рыногындағыдай емес онда еңбек бағасын теңестіру болмайды.

Жалақы дифференцияциясына әсер етуші факторлар

Еңбек рыноктарының автономдылығы (өзінше ерекшелігі)

Әр рынок жұмысшыларының ой, дене, шығармашылық қабілеттеріне, профессионалдық дағдыларына ерекше талап қояды(мысалы ұшқыш немесе опера әншісі);

Адамдардың қабілеттері (мысалы жай және танымал әнші);

Квалификациядағы айырмашылық

Білім деңгейі

Еңбек жағдайы

Аймақтың ерекшеліктері

Еңбек тәуекелділігі

Еңбекті ауыстырудағы шектеу (кейбіреуі басқа қалаға көше алмау себебінен қажет еңбекке қолы жетпейді);

Информацияның жетіспеушілігі (жұмыс іздеушілер бос орын, жалақы т.б. туралы толық ақпаратты білмеуі мүмкін);

Егер жоғарыдағы факторлар болмаса жұмыс күші бір кәсіпорыннан екіншіге, бір саладан басқаға, бір аймақтан келесіге тез ауыса берер еді де жалақы деңгейі барлық жерде бірдей болушы еді.

ЖАЛАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сызбанұсқада жалақының негізгі түрлері мен формалары көрсетілген.

           
   
 
   
Кесімді: A. Жай кесімді B. Кесімді-сыйақылы C. Кесімді-прогресивті D. Аккордты
 
Мерзімді: A. Жай мерзімді B. Мерзімді-сыйақылы
 


Есептелінген жалақы – жұмысшыға еңбек еткені үшін есептелінген ақша сомасы(салық та кіреді). Төленетін жалақы – салықты алып тастағандағы есептелетін жалақы.

ЖАЛАҚЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

( жалақыны есептеу әдісі бойынша )

1. Мерзімді жалақы жұмыс істеген уақытына байланысты. Ол мына жағдайларда қолданылады:

Ø еңбек темпі анықталғанда, мысалы конвейердегі еңбекақы

Ø күрделі еңбек, мысалы ғылыми қызметкер жалақысы

Ø әртүрлі еңбек, мысалы секретарь жалақысы

Мерзімді жалақының негізгі жүйелері:

Ø Жай мерзімді (жұмыс істеген уақытына тікелей байланысты)

Ø Мерзімді – сыйақылы: қосымша белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштер үшін сыйақы беріледі (мысалы, бухгалтерге кварталдық есеп бергені үшін сыйақы беріледі)

2. Кесімді жалақы жұмысшының өндірген өнім санына байланысты. Көбінесе түпкілікті нәтиже жұмысшының жылдамдығына қатысты болғанда қолданылады(мысалы тігінші жалақысы).

Кесімді жалақының негізгі жүйелері:

Ø Жай кесімді;

Ø Кесімді – сыйақылы: қосымша сапасы үшін төленеді (мысалы аңаш шеберінің төленімі);

Ø Кесімді – прогрессивті: нақты норма белгіленеді, ал одан асса қосымша төленеді (мысалы жеміс терушінің ақысы);

Ø Аккордты: еңбек төленімі белгілі бір көлемге, уақытқа, сапаға негізделген келісім бойынша белгіленеді

Қазіргі кезде ең көп тарағаны мерзімді жалақы, оның түрлері және аккордты жалақы.

Экономикалық анализ мақсатында сонымен бірге номиналды және нақты жалақы қолданылады.

Номиналды жалақы – белгілі уақыт аралығындағы ақшамен көрсетілген жалақы Нақты жалақы – номиналды жалақыға келетін тауар және қызмет көрсетулердің мөлшері

ҚЫСҚА ОЙЫН ТҮРІН ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ.

Сыныпты үй шаруашылығы болып табылатын 3-4 топқа бөледі. Сізге 2-3 көмекші керек. Топтарға табысты (әр топқа бірдей) таратыңыз. Ойын ақша қолданыңыз. Сіз және сіздің көмекшілеріңіз дүкенде сатушысыздар және үш түрлі кәмпит сатасыздар (мұз кәмпит, карамель, шоколад). Үй шаруашылықтары барлық табысын жұмсап кез- келгенін сатып алуына болады. Бір кәмпиттің бағасын тақтаға жазып қойыңыз.

1 раунд. Барлық тұтынушы дүкенге кәмпитке келеді. Уақыт – 3 мин.

Табыс 15 а.б  
Баға мұз кәмпит 1 а.б.
  карамель 3 а.б.
  шоколад 6 а.б.

Әр топтың сатып алғанын қорытындылап, тақтаға жазыңыз.

2 раунд. Тағы табыстарын беріңіз. Жаңа баға тағайындаңыз.(қант қымбаттады, кәмпит те)

Табыс 16 а.б.  
Баға мұз кәмпит 3 а.б.
  карамель 6 а.б.
  шоколад 10 а.б.

Барлығы қайта сауда жасайды.Қорытындылаңыз.

Сұрақ қойылады:Не өзгерді? Табыс өсті емес пе, неліктен аз тұтындыңыздар?

Жауап: Иә, табыс өсті, бірақ баға одан да көп өсті, сондықтан тұтыну азайды.

Сонымен екі түрлі табыс болады:номиналды(ND) және нақты(RD). Баға индексі –

RD=ND/баға индексі; баға деңгейі баға индексімен өлшенеді.

= (1 жылғы баға / 0 жылғы баға) * 100%

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Еңбек нарығын зерттеу еңбекке сұраныс пен ұсынысты анализдеуден басталып, сонымен аяқталады. Жұмыс күшіне сұранысты жұмыс беруші анықтайды, ал ұсынысқа болашақ жұмысшының немесе жұмысшының шешімі әсер етеді. Экономикалық нәтижені Альфред Маршаллдың айтуынша сұраныс пен ұсыныс факторларының өзара әрекетінен анықтауға болады, образдап айтсақ қайшының екі жүзі арқылы ғана матаны кесе аласыз.

Фирмалар өз қызметінде тауар мен қызмет көрсетуді өндіру үшін түрлі өндіріс факторларын, әсіресе капитал мен еңбекті қолданады. Өндіріс көлемі осы өнімге деген сұранысқа, фирманың еңбек пен капиталды қалай үйлестіргеніне, пайдаланылған технологияға байланысты. Еңбекке сұранысты зерттегенде біз жұмысшы санының мөлшері қандай факторларға байланысты болатынын қарастырамыз.

ЕҢБЕККЕ СҰРАНЫС

Еңбекке сұранысқа әсер етуші факторлар

· Осы еңбек түрін қолданып өндірілетін өнім бағасының динамикасы. Егер өнім бағасы өссе (оған сұраныс өссе), онда өндіруші пайдасы өседі, ол өндірісті ұлғайтқысы келеді, оған қосымша жұмыс күші керек, яғни еңбекке сұраныс та өседі.

· Нақты капитал мен жұмыс күшінің баға қатынастарындағы өзгеріс. Егер жұмыс күшін қолдану нақты капиталға (машина, құрал-жабдық)қарағанда арзан болса, қол еңбегін пайдалану тиімдірек, яғни еңбекке сұраныс өседі.

· Еңбек өнімділігінің өзгеруі. Бұл фактордың әсері біржақты емес. Егер еңбек өнімділігі өссе, әр жұмысшы бұрынғыдан да көбірек өндіреді, кәсіпкер қосымша жұмысшылар алады, еңбекке сұраныс өседі. Егер бұл жағдай осы саланың барлық кәсіпорнынатән болса, онда тауар ұсынысы кең масштабта көбейеді, бағасы түседі, қайтадан еңбекке сұраныс кемиді.

· Экономиканың жағдайы, экономикалық өсу темпі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым еңбекке сұраныс та жоңары.

Сонымен еңбекке сұраныс туынды сипатта болады, яғни ол осы еңбекті қолданып өндірілетін тауар сұранысынан тікелей байланысты. Еңбекке сұраныс қисығы кемімелі сипатта болады.

L— еңбек саны (жұмысшы саны)

W- жалақы мөлшері

Еңбекке сұранысты талдаған кезде екі жағдайды ескереді. Біріншіден еңбекке сұраныс фирма тарапынан болса, екіншіден жалпы нарық тарапынан қарастырылуы мүмкін.

ЖОҒАРЫ МӨЛШЕРДЕ ПАЙДА АЛУ ШАРТЫ

Тиімділіктің кему заңы белгілі бір кезден бастап айнымалы ресурстың (мысалы, еңбек) өсімі тұрақты ресурс (мысалы, капитал) өзгермеген жағдайда айнымалы ресурстың шекті өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Мұны “Дока Пицца өндіру” ойынынан көрсетуге болады.

Еңбекке байланысты былай айтуға болады: әрбір қосымша жұмысшының шекті өнім мөлшері алдыңғыға қарағанда кеміп отырады.

Осыған дейін еңбек өнімі физикалық өлшеммен өлшенсе, енді оны ақшаға айналдырып қарастырамыз. Сонда әрбір келесі жұмысшыны қабылдағанда фирма табысы қалай өзгеретінін көреміз.

Ақшалай көрсетілген шекті еңбек өнімі (MRPL) фирманың қосымша еңбек бірлігін алғандағы жалпы табыс өсімінің мөлшерін көрсетеді.

Еңбек өнімінің ақшалай және физикалық түрінің байланысы:

MRPL=(dTR)/(dL)

MRPL=MPL*MR

Жетілген бәсекелестік жағдайында шекті өнімнің бағасы осы өнімнен түскен шекті табысқа тең, яни P=MR. Бұдан шекті еңбек өнімінің ақшалай түрі шекті еңбек өнімінің құны болып табылады.

VMPL=MPL*P(тек жетілген бәсеке жағдайында)

Кесте 1. Бәсекелес фирманың ақшалай көрсетілген шекті еңбек өнімін есептеу.

Жұмысшы саны Өнім көлемі, дана, Q Шекті еңбек өнімі, MPL,дана Бір өнімнің бағасы, P=MR Ақшалай көрсетілген шекті еңбек өнімі, MRPL=MPL*MR,теңге
         
         
         
         
         
         

Фирма жұмысшыларды қабылдағанда W=MRPL ережесіне сүйенетін болғандықтан MRPL қисығы фирма тарпынан еңбекке сұраныс қисығы болады.

Фирма жұмысшылардың санын соңғы жұмысшының шекті табысы оның шекті шығынына (жалақысына) тең болғанша ғана ұлғайтады.

Фирма пайдасы оның табысынан шығынын алып тастағанға тең болғандықтан егер шекті табыс (түсім) шекті шығыннан көп болса жалпы пайда жұмысшы қабылдағаннан көбеюі мүмкін. Керісінше, егер MR<MС болса, жалпы пайда азаяды да, оны көбейту үшін жұмысшыны қысқарту керек болады.

Нәтижесінде пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу соңғы жұмысшыны қабылдағандағы шекті табыс оның шекті шығынына тең болғанда ғана мүмкін. Бұдан шығатыны:

Егер MR>MC(W), жұмысшы санын көбейту керек

Егер MR<MC(W), жұмысшы санын азайту керек

Егер MR=MC(W), жұмысшы санын өзгертпеу керек, өйткені пайда ең жоғарғы мөлшерде.

MRPL=W=MPL*MR фирма өз өнімін жетілген бәсекелі рынокта өткізеді деп есептегендіктен баға өзгермейді, сондықтан MR=P.

MRPL=W=MPL*P – ең жоғарғы пайда табудың

шарты.

MRPL=MPL*P

ЕҢБЕК ҰСЫНЫСЫ

Адам жұмыс іздеу барсысында жұмыс күшінің бір бөлігіне айналады. Жұмысқа тұру туралы шешім демалыс пен төленетін жұмысты орындау арасында таңдау жасау түрінде өтеді. Еңбек ұсынысы жалақының өзгеруіне сәйкес екі жағдауға сүйенеді: табыс әсері және алмастыру әсері.

Табыс әсері жалақының өсуіне байланысты жұмысшы жағдайының да өсуімен түсіндіріледі.

Алмастыру әсері жалақының өсуімен демалысқа деген альтернативтік шығынның өсетінін көрсетеді.

Осы екі әсерге сүйенгендіктен шешім қабылдағанда қайсысы басым болатыны алдын ала белгісіз.

Ұсыныс қисығы жұмысшының қалайтын жұмыс орнының саны мен жалақының арасындағы байланысты көрсеткендіктен, алмастыру әсері басым болғанда ол өспелі болады, яғни жалақы өссе, ұсыныс та өседі.

Табыс әсері басым болғанда ұсыныс қисығы кемімелі. Жалақы W*-дан төмен болғанда жұмыс уақытының ұзақтығы өседі(алмастыру әсері), ал одан жоғары болғанда қысқарады(табыс әсері).

Еңбекке жеке ұсыныс қисығының түрі:

Жалпы рыноктағы ұсыныс қисығы барлық аралықта өспелі болады.

Бұл бір адамдар жоғары жалақыға уақытын бөлгісі келмесе оған басқа адамдардың табылатынымен, шақырылатынымен түсіндіріледі.

Еңбек ресурсына әсер ететін факторлар:

· Демографиялық жағдай (тұрғындардың туу және өлу, өсу және кему қатынастары)

· Тұрғындар миграциясының интенсивтілігі

· Тұрғындардың экономикалық белсенділігінің деңгейі. Ол еңбекке жарамды тұрғындардың еңбек рыногына өз еңбек күшін ұсынуымен анықталады. Бірнеше факторға тәуелді: елдегі табыс деңгейі(егер ол төмен болса ер адамның табысы аз болғандықтан әйелі де жұмысқа шығуға мәжбүр); кейбір азаматтарға жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін заңдар (жұмыссыздар, көп балалы аналар т.б.) оларға өз қызметтерін рынокқа ұсынуын белгілі уақытқа шектеуі мүмкін.

· Адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі: егер адам кәсіпкерлікпен айналысса, онда ол рынокта өз еңбегін сатушы болып есептелмейді.

НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Бәсекелес еңбек рыногында жалақының тепе-теңдік мөлшерін сұраныс пен ұсынысты анализдеу арқылы анықтайды. Ол еңбектің шекті табыстылығына тең

6 суретте фирманың қабылдайтын жұмысшы санын анықтау көрсетілген. Бәсекелес еңбек рыногында бекітілген тепе-теңдік жалақы мөлшері осы рыноктан жұмысшы жалдайтын барлық фирмалар үшін берілген жалақы болып табылады. Сондықтан еңбек ұсынысы өте икемді. Тиімді жұмысшы саны еңбекке фирма тарапынан сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысы қисығының қиылысуы мен анықталады. OWeELe фигурасының ауданы фирманың жалақыға жұмсайтын шығынын сипаттайды. WeAE үшбұрышының ауданы фирма табысының мөлшеріне тең, және басқа өндіріс факторлары табыстарының (капитал мен жер) қосындысына тең нүкте.

Өндіріс факторының рыноктық бағасы тек қана сұраныс пен ұсынысқа емес, осы нарықтың типіне де байланысты. Жетілген бәсеке нарығында тепе-теңдікке өндіріс факторын толық және тиімді пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Бұл фактор иелерінің ұсыныс көлеміне байланысты өз жоспарларын толық жүзеге асырғанын білдіреді. Еңбекті тиімді қолдану шекті еңбек өнімінің құны оған кеткен шекті шығынға тең болғанда орындалады. Бұл жағдайда сатушы мен сатып алушылардың тұтыну артықшылықтары ең жоғары деңгейге жетеді.

Факторлардың нарықтық бағасы ұлттық табысты финкционалды бөлудің құралы болып табылады. Ұлттық табыстағы өндіріс факторының үлесі оның сатылатын рыногының типі мен анықталады.

Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар

Жоғары квалификациялы қызыметкерлер (мысалы, менеджер) бір уақыт бірлігінде төмен квалификациялы жұмысшыға қарағанда ақшамен көрсеткенде көп пайда әкеледі. Жоғары білім алу үлкен шығынды ғана емес, белгілі дәрежеде қабілетті де қажет етеді, ал ол көп адамдарда бола бермейді. Сондықтан мұндай қызметкерлердің ұсынысы сол сияқты жоғары квалификацияны талап етпейтін нарықтағы ұсыныстан төмен. Осыған байланысты бі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: