Монополия

Монополия (monos + poleo = «жалғыз сататын») –

Ø көптеген тұтынушысы бар жалғыз сатушы;

Ø бәсекелестік жоқ, өйткені бір ғана өндіруші билік етіп, ерекше тауарын ұсынады;

Ø кедергілердің тым жоғарғы болуына орай басқа өндірушілер рынокқа еркін кіре алмайды;

Ø рыноктағы жалғыз билеуші ретінде монополист тауарға төмен бағасын тағайындай алады.

Табиғи монополия – көптеген өндіріс орындарының есесіне әр өнімге келетін шығынын азайта отырып, өнімді бір ғана өндіріс орнында шығаратын шаруашылық саласы.

Қазақстан Республикасында табиғи монополияға келесі өндіріс түрлері жатады:

Ø мұнайды және мұнай өнімдерін өндіру,

Ø газ және газ конденсаттарын тасымалдау, электр және жылу энергияларын өндіру және бөлу,

Ø сумен қамтамасыздандыру, теміржол байланысы,

Ø телекоммуникациялық байланыс,

Ø пошта қызметі (толығымен: ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңы 09.07.1998ж).

Ыңғайлы болу үшін барлық мәліметтерді кестеге енгізейік:

Рынок құрылымы

Атауы Жетілген бәсекелестік Монополиялық бәсекелестік Олигополия Монополия
Фирма саны Көп фирма Көп фирма Бірнеше ірі фирма Жалғыз ірі фирма
Бағаны бақылау Жоқ. Баға рынокта анықталады, ал компания оны қабылдайды Әсер ету ауыстыру мүмкіндігімен шектелген Баға лидерінің әсері бар Толық бақылау
Тауарды дифференциял-дау Жоқ. Өнімдердің сапасы мен қасиеті бойынша айырмашылығы жоқ. Өзіндік рыноктарға арналып, тауар мен қызмет көрсету дифференциялданған Кейбір тауарларда көбірек байқалады. Стандартты тауарларда аз. Жоқ
Кіру жеңілдігі (жаңа істі бастау мүмкіндігі) Салыстырмалы түрде кіру жеңіл Салыстырмалы түрде кіру жеңіл Кәдімгідей қиын Өте қиын
Мысалдар Астық, темір нарығы, ұйымдастырылған биржаларда сатылатын акция мен облигациялар Тіс пастасы, порошок нарығы. Компьютер нарығы, автомобиль өнеркәсібі. Телефон, электр, сумен қамсыздандыру

Монополиялық рынок, огополиялық сияқты, негізінен фирмалардың қосылуы нәтижесінде пайда болады.

Қосылу – екі немесе бірнеше фирмалардың бір кәсіпорын құру мақсатында немесе бір жағының екінші қатысушы жағын «жұтып қою» негізінде өзара еркін келісімге келуі.

Фирмалардың қосылуының нәтижесі - өндірістің шоғырлануы болып табылады. Сонымен,

Өндірістің шоғырлануы – бұл нарықтық (экономикалық) биліктің жеке шаруашылық субьектілерінің қолында жинақталу процесі.

Өндірістің шоғырлануының ішкі және сыртқы көздері бар.

Өндірісті шоғырландыру көздері
ішкі сыртқы
кәсіпорын пайданы капиталға (ішкі өсу) айналдыру арқылы іріленеді. сатушының экономикалық билігі кооперация, бірігіп жұмыс істеу немесе қосылу арқылы артады ).

Іскерлік негізінде бірігу кәсіпорындарға өзінің шаруашылық және құқықтық еркіндігін көп мөлшерде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ø Ал картель немесе синдикат құрғанда олар өзінің шаруашылық еркіндігінің бір бөлігінен айрылады.

Ø Концернге біріккенде кейбір кәсіпорындар толығымен өзінің экономикалық еркіндігінен бас тартады.

Ø Трестке қосылғанда кәсіпорын экономикалық та, құқықтық та қатынастарда тәуелді болады.

Кәсіпорындардың келісім немесе ақшалай міндеттемелер негізінде шоғырлануы

Қосылу түрі Сипаты
Картель (лат. Carta – қағаз, документ) Монополиялық қосылудың түрі, мұнда қатысушылар өндіріс көлемін реттеу, өнімді өткізу шарттарын жасау, монополиялық пайда табу мақсатында жұмыс күшін жалдау келісімдеріне қол қояды. Картельдік келісімге қол қою нәтижесінде бірыңғай кәсіпорындар бірігеді (көлденең шоғырлану). Картельдің қатысушылары заңдық еркіндіктерін сақтап қалады, бірақ өз шаруашылығының бір бөлігінен бас тартады. Картельді құру мақсаты – бәсекені жою, немесе шектеу. Неғұрлым бір саланың қамтамасыздандырушылары осы картельге кірсе, соғұрлым бұл мақсатқа жету тиімдірек орындалады. Халықаралық картель – көбінесе бір саладағы бірнеше елдердің өнімді өткізу нарығын анықтау, шикізат көзін бөлу, монополиялық баға тағайындау, петенттерді қолдану туралы келісім одағы (мысалы, ОПЕК).
Синдикат (грек. Syndicos – бірігіп қимылдау) Монополиялық бірігудің түрі, барлық комерциялық әрекеттерді өзіне алатын кәсіпкерлердің бірігуі (бағаны анықтау, шикізат сатып алу, өнімді өткізу), мұнда кіретін кәсіпорындардың заңдық және шаруашылық еріктері сақталады.
Концерн (ағыл. Concern – қызығушылық, қатысу) Монополиялық қосылудың ең көп тараған формасы. Мұнда экономиканың әр түрлі саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік, қаржы) кәсіпорындары көпсалалы акционерлік қоғамғабірігеді, ал қатысушылар қызығушылықтары ортақ болғандықтан өздерінің құқығының бір бөлігін концерннің ортақ басқарушы органына делегірлейді, бірдей қаржылық және шаруашылық саясат жүргізеді. Концернге кіретін кәсіпорындар заңдық және шаруашылық субъектілері ретінде ерікті болып қалады. Нақты түрде олар ортақ қаржылық стратегияға, инвестиция және басқа да облыстардағы саясатқа бағынады. Олардың түрлері: координациялау концерні, бағынушы концерндер, холдингтік компаниялар.
Трест (ағыл. Trust – сенім, жауапкершілік). Монополиялық бірлестікке енген кәсіпорындардың шаруашылық және заңдық еркіндіктерін жоғалтып, бір басқаруға бағынатын түрі. Тресттегі нақты билік басқарма уысына немесе басшы компанияға жинақталады. Тресттер біріңғай өнім шығаратын салаларда ерекше дамыған.

Қолында бар техникалық мүмкіндіктерді мейлінше толық қолдануды мақсат еткен шағын және орта кәсіпорындардың бірігіуі (қосылуы) бәсекелестіктің жандануына әсерін тигізеді.

Өндірісті шоғырландыруды қорғауға төмендегідей аргументтерді келтіруге болады:

Ø «Бір өнімге келетін шығынды азайту»: жаңа техникалық жетістіктерді қолдану «масштаб тиімділігінің» барлық артықшылықтарын іске асыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде өндіріс шығындары азайып, еңбек өнімділігі артып,бағаның тусуіне ықпалын тигізеді.

Ø «Техникалық прогресті жылдамдату»: ірі кәсіпорындардың жаңа өнімдер мен технологияларды зерттеуге, талдауға, енгізуге қомақты қаржылық мүмкіндіктерінің болуы.

Ø «Тәуекелді азайту»: Тұтынушылардың таңдаулары мен талғамдарының өзгеруіне, экономикалық құлдыраудан болатын жиынтық сұраныстың түсуіне байланысты кәсіпорындар өз өнімдерін өткізуде тұрақты түрде тәуекелге ұшырап отырады.Бұл жағдай ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын және орта кәсіпорындарға қауіпті.

Ø «Халықаралық бәсекелестік деңгейіне сәйкес болу»: нарықтағы билік үшін жүретін халықаралық бәсекелестегі күреске тек ірі кәсіпорындар ғана шыдай алады,сондықтан ұлттық кәсіпорындарды трансұлттық корпорациялардың параметріне технологиялық,қаржылық және экономикалық жағынан сәйкестендіру жағынан мемлекеттің көмегі қажет.

Қазақстан Республикасында бәсекені қорғау мақсатында 2001 жылы 19 қаңтарда «Бәсеке және монополиялық әрекеттерді шектеу туралы» заң қабылданды.

Бұл заңды іске асырушы мемлекеттік монополияға қарсы органның қызметін Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау Агенттігі орындайды.

Монополияға қарсы комитеттің негізгі міндеті – монополия мен теріс бағыттағы бәсекенің алдын алу, болғызбау, шектеу.

ҚР Азаматтық Кодексінің 11 бабының 1 бөлімінде «Заңдық бәсекені шектеуге немесе болғызбауға, негіздемелген ерекшеліктерге ие болуға, тұтынушының құқығын және заңды қызығушылықтарын бұзуға бағытталған монополиялық және басқа да әрекеттерге жол берілмейді» деп көрсетілген.

Теріс бағыттағы бәсекеге (11 бет, п. 3, ҚРАК): «Тұтынушылардың және өзіне ұқсас кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың заңды қызығушылықтарын бұзуға бағытталған теріс әрекеттерді жасауы жатады», яғни:

· тұтынушыға тиімсіз қосымша сату шарттарын жасатуға тырысу;

· бәсекелестер арасында рынокты бөлу;

· баға туралы кез-келген келісімге отыру; тұтынушыны шатастыратын басқа фирманың атауын, тауар белгісін заңсыз қолдану;

· өнімге, бәсекелестің аты мен беделіне нұқсан келтіретін өтірік мәлеметтерді алдын-ала тарату, ол көбінесе тауарларды жарнамалық және басқа да ақпараттарда дұрыс емес салыстыру арқылы жүзеге асырылады;

· бәсекелестің коммерцияллық және қызмет бабындағы құпиясы болып табылатын ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа информацияларды иесінің рұқсатынсыз алу, қолдану және басқаларға тарату, хабарлау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: