Маркетинг конценциясы

Бұл концепция маркетингтік 4 сатысынан немесе төрт «Р» - сынан тұрады:

1. Өнім

2. Өнім бағасы

3. Өрби қозғалуы

4. Өткізу

МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

  АТАУЫ   ТҮСІНДІРІЛУІ
Ақпарат жинау Сатудың мүмкін көлемін болжау үшін фирмалар өткізу нарығы туралы ақпараттар жинайды.
Сатып алу Тауар жеке саудада сатылудан бұрын, өндірушіден немесе көтерме саудадан таңдалып, сатылып алуы керек.
Тасымалдау Тауар сатылатын орнына жеткізілуі керек
Сату Тауар жарнамалануға және сатылуға тиіс
  Сақтау Фирмалар тауарды әрқашан бір күнгі саудаға керек мөлшерден көп ұстап отыруы қажет. Сондықтан тауар сатуға дейін сенімді сақтау орнында болуы тиіс.
Қаржыландыру Өткізілетін тауарды сатып алу үшін ақша немесе несие табу керек.
Стандарттау Тауар және қызмет көрсетулерді арнайы сипаттарға, стандартқа сәйкестендіру қажет.
Сорттау Тауарларды сапасы мен мөлшеріне қарай классификациялау.
Сақтандыру Тәуекелді азайту үшін жасалатын қадамдар.

Қорытынды

1. Жетілмеген бәсекелестік нарығында көбінесе фирмалар бір-бірімен байланысты болады, соның ішінде біреуінің іс-әрекеті басқаларының қызметіне қатты әсерін тигізеді.

2. Бір-бірімен бәсекелес ірі фирмалар баға өзгеруіне қарсыластарының қалай әрекет ететінін білмегендіктен және қажетті деңгейден бағаны жоғары ұстау қызығушылығы бәрінде болғандықтан көбінесе тура бағалық бәсекелестіктен бас тартады.

3. Жетілмеген бәсекелестік нарығында ірі фирмалар сияқты ұсақ фирмалар да бағалық емес бәсекелетікке ерекше көңіл бөледі, әсіресе оны тұтынушыларға ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің нақты және елестегі айырмашылықтарын көрсететін жарнамалардан байқауға болады.

4. Ірі фирмалар үстемдік ететін нарықта баға келісімін қолдауға қатты қысым жасалады.

5. Шағын, бірдей өнім өндіретін фирмалар арасындағы бәсекелестіктің болуы дұрыс, өйткені соның нәтижесінде тұтынушыларға арналған баға төмендеп, шектеулі ресурстар тиімдірек қолданылады. Жетілмеген бәсекеслетік көбінесе өнім көлемінің азаюына, бағаның өсуіне әкеледі. Кейде бұл жағымсыз нәтижелер ірі фирмалардың масштаб көлемінен ұтуымен бөлінбей кетеді, өйткені бұл жағдай өндіріс шығындарын және бағаны азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тұтынушыларға өнім мен стиль түрлерінің көп және әртүрлі болғаны ұнайтыны анық, бұл белгілі мөлшерде жетілмеген бәсекелестікке тән.

6. Жетілмеген бәсекедегі нақты рынокты бағалау үшін осы аталған жақсы, жаман жақтарды жақсылап қарастырып, салыстыру керек. Бәсекенің тиімді деңгейін ұстап тұру үшін қоғамдық саясат міндетті түрде нарықты билеушілердің тым бірігіп кетпеуіне, баға және басқа да заңсыз келісімдердің болмауына бағытталуы керек. Бірақ мұндай саясат жетілген бәсекелестік болмады деп ірі фирмаларды жоюға бағытталудан аулақ болғаны жөн.

7. Өндірістің шоғырлануы – бұл нарықтық (экономикалық) биліктің жеке шаруашылық субъектілерінің қолында жинақталуы.

Тақырып 8. Бәсекелестік. Рынок құрылымы. (тапсырмалар, тест сұрақтары)

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: