double arrow

Астана, 2014 ж. 1.Тақырып № 7: Адренергиялық заттар- 3

1.Тақырып № 7: Адренергиялық заттар- 3.

2. Мақсаты: адренергиялық синапсқа әсер ететін заттардың әсер ету ерекшеліктері туралыбілім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқыту мақсаты:

1. Адренергиялық заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

2. Студенттерді адреномиметиктер мен адреноблокаторларды дәлелді тағайындауға және осы топтың препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адренергиялық синапс. a- және b - адренорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

2. Адренергиялық заттардың жіктелуі.

3. a- и b-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Әсер ету механизмдері. Эпинефриннің (адреналин гидрохлориді) жүрек-қан тамыр жүйесіне, көз қарашығына, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттеріне, көмірсу, май алмасуына көрсететін фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері, қолдануға қарсы көрсеткіштері.

4. Симпатомиметиктер (эфедрин гидрохлориді).Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері. Эпинефриннен айырмашылығы. Қолдану көрсетіштері, жанама әсерлері.

5. a-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсетіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Норэпинефрин мен мезатонның салыстырмалы сипаттамалары.

6. b-адреномиметиктер. Селективті және селективті емес b-адреномиметиктерге бөлінуі. Изадриннің фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшіліктері. b- адреномиметиктерді қолдану көрсеткіштері. Жатырдың тонусына әсер етуі.

7. a-адреноблокаторлар. Фентоламиннің негізгі фармакологиялық әсерлері. Празозиннің фентоламиннен айырмашылығы. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

8. b-адреноблокаторлар. Селективті және селективті емес b-адреноблокаторларға бөлінуі. Фармакологиялық әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

9. Симпатолитиктер. Әсер ету механизмдері.Осы топтағы дәрілік заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшіліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, рецепттер жазу, тесттік тапсырмаларды орындау, ақуалды есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастыру.

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.

2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.

5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...

6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.

7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.

Ағылшын:

Негізгі:

1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.

2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.

7.Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билеті (рецепт жазу, алгоритм, фармакологиялық сипаттамасы бойынша препаратты анықтау), тәжірибелік сабаққа хаттама құрастыру.

Рецепт жазуға арналған препараттар:

1. Эпинефрин – Epinephrinum (0,1% еріт. амп. 1 мл)

2. Мезатон– Mesatonum (1% еріт. амп. 1 мл)

3. Сальбутамол– Salbutamolum (таб. 0,004 №30; 0,1% еріт. амп. 5 мл)

4. Пропранолол – Propranololum (таб. 0,04 №20; 0,25% еріт. амп. 1 мл)

5. Атенолол– Atenololum (таб. 0,05 №20)

6. Нафтизин – Naphthyzinum (0,05% еріт. фл. 10мл)

Тобын анықтауға арналған препараттар:

Изадрин, Фенотерол, Бисопролол, Доксазозин, Эфедрин, Фентоламин.

Тәжірибелік сабақтың хаттамасы:

Топтары α, β -адрено миметиктер β-адрено миметиктер β-адрено блокаторлар
Жіктелуі ХПМА      
Әсер ету механизмі      
Фармакологиялық әсерлері      
Қолдану көрсеткіштері      
Жанама әсерлері      
Қолдануға қарсы көрсеткіштері және улану      

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаУ

Пәні: Фармакология - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Тақырып №8: «Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне әсер ететін дәрілік заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Құрастырушы: Уайсова.Д.С.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: