Геометрия 11 сынып. Сабақтың тақырыбы:Цилиндр, цилиндрдің қимасы

Сабақ №19 Өтілу мерзімі: 14.11.12

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр, цилиндрдің қимасы

Сабақтың мақсаты:

І. БІЛІМДІЛІК. Оқушыларға цилиндр ұғымын айналу денесі ретінде енгізу, цилиндрді жазықтықпен қиғанда пайда болған әртүрлі қималарын қарастыру.

ІІ. ТӘРБИЕЛІК. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа баулу.

ІІІ. ДАМЫТУШЫЛЫҚ. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: циркуль

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, түгендеу

ІІ. Үй жұмысын тексеру.а) Ой қозғау(сұрақ-жауап)

1. Дұрыс көпжақтардың 5 түрін атап, оларға сипаттама беріңдер.

2. Есептеулер жүргізе отырып, Эйлер теоремасын есте сақтаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Анықтама. Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны (денені) атайды.


1-суретте геометриялық фигура цилиндр берілген;

2-суретте айналу денелерінің мысалы ретінде токарьлық станоктарда дайындалған тетіктер;

3-суреттің 1) F төртбұрышы және оның бір қабырғасын қамтитын l осі берілген. 2) егер F төртбұрышын айналдырса, онда біз айналу денесі (фигурасы) цилиндрді аламыз.

АОО1 В төртбұрышын ОО1 қабырғасынан айналдырғанда шыққан цилиндр кескінделген.

1. Төртбұрыштың ОА және О1В қабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады.

2. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады және цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды.

3. Жасаушының ұзындығы цилиндрге биіктік болып табылады, ол табан жазықтықтарының арақашықтығына, яғни ОО1 кесіндісінің ұзындығына тең.

Цилиндрдің қимасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды.

1. Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Мұдай қималар осьтік қималар деп аталады.

1-суреттегі АА1 В1В және СС1D1D қималары осьтік қималар. Егер цилиндрдің осьтік қимасы квадрат болса, ондай цилиндр тең қабырғалы деп аталды.

2. Қиманы цилиндрдің осіне параллель жүргізуге болады. 2-суретте ММ1 К1К қимасы ОО1 осіне параллель өтіп тұр.

3. Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға да болады (4-сурет).

4. Егер цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне перпендикуляр емес (β) жазықтықпен қисақ, онда қимада эллипс аламыз. Су құйылған стақанды еңкейткеде, су бетінің қабылдайтын эллипс пішіні қарастырылып отырған қимаға көрнекі мысал болады. (5-сурет)

5.Цилиндрдің АВ жасаушысы арқылы өтетін және онымен басқа ортақ нүктелері жоқ γ жазықтық цилиндрге жанама жазықтық (6-сурет) деп аталады. Ол цилиндрдің сол жасаушы арқылы өтетін АВСD осьтік қимасына перпендикуляр.

IV. Бекіту жаттығулары №19, 20, 21,...

№19.

Берілгені: Цилиндр, А және В, нүктелері,

Т/к: АВ1 және ОО1 түзулерінің арасындағы бұрыш.

Шешуі: А1О1В1, АОВ үшбұрыштарын жүргізіп,

АВОА1В1О1 призмаға толықтырамыз.

А1О1В1 центрлік бұрыш 600-қа тең болғандықтан,

А1О1В1 үшбұрышы тең бүйірлі және призма дұрыс

призма болып табылады. Сондықтан іздеп отырған

бұрыш АВ1 және АА1 түзулерінің арасындағы бұрышқа тең.

немесе

Есеп.

Берілгені: Цилиндрдің осьтік қимасы – квадрат, оның ауданы Q-ге тең. Цилиндрдің табанының ауданын табыңдар.

Шешуі: квадраттың құабырғасы . Ол цилиндр табанындағы дөңгелектің диаметріне тең. Сондықтан табанының ауданы мынаған тең болады:

V. Сабақты қорытындылау:

1. Тіктөртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда қандай фигура шығады?

2. Тік цилиндрдің осьтік қимасының пішіні қандай болады?

VІ. Оқушылар білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру:



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: