Сабақ №16 Өтілу мерзімі: 26.10.12
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар
Сабақтың мақсаты:
І. БІЛІМДІЛІК. Оқушыларды дұрыс көпжақтың 5 түрімен таныстыру. Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу.
ІІ. ТӘРБИЕЛІК. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа баулу.
ІІІ. ДАМЫТУШЫЛЫҚ. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: сызғыш, транспортир
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
а) Ой қозғау(сұрақ-жауап)
1. Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасы тең болуы мүмкін бе?
2. 1) Пирамиданың бүйір бетінің ауданын; 2) Дұрыс қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданын қандай формуласымен есептейді?
ІІІ. Жаңа сабақ
|
|
|
Егер көпжақтың жақтары қабырғаларының саны бірдей дұрыс көпжақтар болса және көпжақтың әрбір төбесінен шығатын қырларының саны бірдей болса, онда оны дұрыс көпжақ деп атайды.
Дөңес дұрыс көпжақтың бес түрі болады: дұрыс тэтраэдр, куб, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр.

7-теорема. (Эйлер теоремасы). Дөңес көпжақтың жақтарының санын Г, қырларының санын Р, төбелерінің санын В деп белгілесек, онда Г+В=P+2 болады.
IV. Бекіту жаттығулары
1. Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінде үш қыры тоғысқан. Егер оның қырларының саны 12-ге тең болса, онда төбелері мен жақтарының санын анықтаңдар.
Шешуі: Берілген көпжақтың төбелер саны В, қырлар саны Р және жақтарының саны Г делік. Сонда 3Г=2Р және Р=12 екенін ескерсек, В=8.
Эйлер теоремасы бойынша:
Г=2-В+Р, Г=2-8+12=6.
Сонымен, берілген жөңес көпжақта В=8, Р=12, Г=6. Мұндай көпжақ куб, кез келген төртбұрышты призма, төртбұрышты қиық пирамида болуы мүмкін.
V. Сабақты қорытындылау:
1. Дұрыс көпжақтардың 5 түрін атап, оларға сипаттама беріңдер.
2. Есептеулер жүргізе отырып, Эйлер теоремасын есте сақтаңдар.
VІ. Оқушылар білімін бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру: №






