Геометрия 11 сынып. Сабақтың тақырыбы:Бақылау жұмысы №2(І тоқсандық)

Сабақ №17 Өтілу мерзімі: 31.10.12

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №2(І тоқсандық)

Сабақтың мақсаты:

І. БІЛІМДІЛІК. Оқушылардың І тоқсанда өткен тақырыптар бойынша алған біліктілігін тексеру, бағалау.

ІІ. ТӘРБИЕЛІК. Есептер шығару арқылы оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа баулу.

ІІІ. ДАМЫТУШЫЛЫҚ. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: бақылау, бағалау

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, түгендеу

ІІ. Бақылау жұмысы

І нұсқа

1. Үшбұрышты тік призманың табан қабырғалары 10 см, 17 см, 21 см, призма биіктігі 18 см. Бүйір қыры мен табанының кіші биіктігі арқылы жүргізілген қима ауданын тап.

2.Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары тең. Бүйір беті . Биіктігін тап.

3. Пирамида табаны тең бүйірлі үшбұрыш ∆, оның табаны 12 см-ге, ал бүйір қабырғасы 10 см-ге тең. Бүйір жақтарының табанымен жасайтын екі жақты бұрыштары тең, олар . Пирамида биіктігін тап.

ІІ нұсқа

1. Тік бұрышты параллепипедтің табан қабырғалары 7 дм, 24 дм, ал параллепипедтің биіктігі 8 дм. Диагональдың қима ауданын тап.

2. Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті , ал толық беті биіктігін тап.

3. Пирамида табаны тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір бүйір қыры 13 см-ге тең. Пирамида биіктігін есептеп шығар.

ІІІ. Сабақты қорытындылау:

IV. Оқушылар білімін бағалау

V. Үйге тапсырма беру: қайталау



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: