Elastic limit

Материалға түсіргенде пластикалық деформация туындамайтын максимал кернеу. Материалға пластикалық немесе қайтымсыз деформация тудыруға жеткілікті кернеу түсіргенде сол материал серпімділік шегінен асып түседі.

Өткізгіш

Conductor, current conductors

Электр өткізгіштігі өте жоғары зат.

— екінші текті өткізгіш / electrolytic conductor, ionic conductor, second class conductor — электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүретін және ондағы электр тогы оң және теріс иондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.

— екі өлшемді өткізгіш / two-dimensional conductor — жасанды түрде жасалған, екі нашар өткізетін орталардың, мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылай өткізгіш – диэлектрик, жанасу шекарасындағы электр өткізгіш жүйе.

— бірінші текті өткізгіш / electronic conductorfirst class conductor —электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүрмейтін және ондағы электр тогы электрондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.

— супер ионды өткізгіш / ionic conductor — супер ионды өткізгіштікке ие өткізгіш.

— асқын өткізгіш / superconductor асқын өткізгіштік құбылысы байқалатын зат. Рентгенография.

Radiographic imaging, X-ray imaging, X-ray investigation, X-ray photography, photoradiography

Рентген сәулесінің дифракциясын зерттеуге негізделген, кристалл және аморф заттардың құрылымын зерттеу әдістерінің жиынтығы. Рентгенографияды негізінен сипаттаушы рентгендік сәуле қолданылады(қараңыз Рентгендік спектроскопия); дифракциялық бейнесі не фотоәдістің, яғни рентгендік пленканың(рентгенограмманың), не дифрактометрлік әдіспен – иондаушы сәуле тіркегіштердің(дифрактограмманың) көмегімен тіркеледі.

Кристаллдық тор

Сrystal lattice

Үш өлшемде де периодтық қайталанғыштығымен сипатталатын, кристалдарға тән бөлшектердің(атомдардың, олардың ядроларының, иондардың, молекулалардың, электрондардың) қалыпты орналасуы.

Жоғары құрылым

Superlattice structure, superstructure

1.Аралық фазалардың кристаллдық құрылымы. Оған компоненттерінің атомдары бір-біріне енгізіліп торастыларда орналасу тән. «Жоғары құрылым» термині қатты ерітінділердің реттелген құрылымын сипаттау үшін енгізілген. Сонымен қатар, кез келген температурада реттеліп орналасатын және ретсіз құрылымы жоқ фазалардың кристаллдық құрылымын сипаттау үшін қолданылады.

2. Орын басу қатты ерітінділеріндегі әр текті атомдардың орналасуына алыс реттілік сәйкес келетін түзіліс. Қорытпалардың реттелу процесі нәтижесінде түзіледі.

Иондаушы сәулелердің әсер етуі кейде жоғары құрылымдардың түзілуін елеулі түрде қуаттайды.

Атомаралық байланыс (молекулааралық)

Bond
Атомдардың (молекулалардың, радикалдардың) өзара тартылу немесе тебілу құбылысы.

— сутегілік байланыс / hidrogen bond — атомаралық байланыстың ковалентті химиялық байланыс пен валентсіз атомаралық өзара байланыс арасындағы аралық түрі. Молекулалар немесе молекулалар атомдарының арасында орналасқан сутегі атомының қатысуымен іске асатын байланыс түрі.

— донорлы- акцепторлы байланыс / donor-acceptor bond —бір атомның электроны (донор) мен басқа атомның бос энергия деңгейі (акцептор) жұбының есебінен жүзеге асатын химиялық байланыс.

— ионды байланыс (электровалентті, гетеровалентті) / ionic bond — қарама-қарсы зарядталған иондар арасындағы электростатикалық өзара әсерлесуге негізделген химиялық байланыстың бір түрі. Оған валентті электрондардың бір атомнан екіншісіне ауысу(оң және теріс иондардың түзілуі) және олардың арасындағы электростатикалық(кулондық) әсерлесу тән. Металлдардың бейметаллдар арасындағы байланысқа, мысалы, NaCl молекуласына және ас тұзы кристаллына тән.

— ковалентті байланыс (гомеополярлы)/ covalent bond — өзара әсерлесуші атомдардың сыртқы электрондарының ұжымдануымен ерекшеленетін химиялық байланыс. Қарапайым газдарға(мысалы, H2), қосылыстарға(H2O), органикалық молекулаларға тән.

Координациялық байланыс/ coordination bonding — қараңыз: донорлы- акцепторлы байланыс.

— металлдық байланыс / metallic bonding — металлдардағы электронды газ бен кристалл торының оң зарядталған иондарының өзара әсерлесуіне негізделген химиялық байланыс. Металлдық байланыстың идеал моделі өткізгіштік аймақ деп аталатын металл электрондарымен түгелімен толтырылмаған энергиялық деңгейлер аймақтарының түзілуіне(қараңыз қатты дене) сәйкес келеді. Металлдық байланысты тек кванттық механика негізінде ғана сандық түрде бағалауға болады, ал оның түзілуін сапалық түрде коваленттік байланыс туралы көзқарас негізінде ғана түсінуге болады.

— химиялық байланыс / chemical bond (binding) — молекулалар мен кристаллдардың түзілуіне әкелетін атомдардың өзара тартылысы.

Шынытәрізді күй

Glassy state, vitrescence

Қатты салқындатылған ерітіндінің қатуы кезінде түзілетін заттың(қатты дененің) аморфты күйі. Мысалы, қатты дене бетінің қуатты импульсті ионды шоқтың әсерінен кейінгі өте жылдам салқындауы кезінде орын алады.

Құрылым

Structure

Кристаллдарда - қарапайым ұяшықтардың формасы мен өлшемі, қарапайым ұяшық көлеміндегі барлық атомдардың орналасу реті. Микроқұрылымдарда - фазалардың өлшемі, формасы және орналасуы.

— кристаллдық құрылым / crystalline structure — кристаллдағы атомдардың, иондардың, молекулалардың өзара орналасуы..

— субдәндік құрылым (субшекаралық) / sub-boundary structure (subgrain structure) — негізінен микроқұрылымдардың негізгі дәндер арасындағы бағдарсыз азбұрышты шекаралар торы. Орташа дән өлшемінен тым аз өлшемге ие.

Қатты дене

Solid

Формасының тұрақтылығымен және тепе-теңдік күйінің айналасында кішкене тербеліс жасайтын атомдарының жылулық қозғалысымен сипатталатын заттың агрегаттық күйі.

Жылусыйымдылық

Heat capacity

Денені 1 градусқа қыздыруға қажетті жылу мөлшері; дәлірек айтсақ — дене температурасын шексіз аз шамаға өзгерткенде осы дене жұтқан жылу мөлшерінің температураның осы өзгерісіне қатынасы. Бірлік массалы заттың жылусыйымдылығы меншікті жылусыйымдылық, ал 1 моль заттікі — молярлы жылусыйымдылық деп аталады. Жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі ретінде Дж/ (кг∙К), Дж/ (моль∙К), Дж/ (м ∙К) қолданылады, ал жүйелік емес бірлігі кал/ (моль∙К).

— Ұзару

Elongation, extension, enlargement

Бірості созу жағдайында үзілуден кейінгі материалдың пластикалық деформациясының шамасы.

— салыстырмалы ұзару / tensile strain, percent elongation, elongation — дененің созу кезіндегі сызықтық өзгерісінің оның бастапқы мәніне қатынасы. Материалдың беріктелуі

Hardening

Материалдың сыртқы жүктеме әсерінен туындайтын пластикалық деформация мен қирау процесіне қарсы тұру қабілетінің артуы.

— лазерлік беріктендіру / laser hardening —бетті жылдам қыздыру мақссатында лазер қолданылатын бетті беріктеу процесі.

Плазмалық беріктендіру / plasma hardening бетті жылдам қыздыру мақссатында плазма қолданылатын бетті беріктеу процесі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow