Элей мектебі. Парменид пен Зенон 19 страница

Маркс танымның негізгі мәселелерінің бірі - ақиқат жөнінде де тың ойларды ұсынады. Өмірден, практикадан сырт қалған ақиқат жөніндегі дау-дамайлар - бітпейтін схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күші шынайы өмірде өзін көрсетуі керек. «...философтар тек қана әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге тырысты, ал шынайы мақсат - өзгертудің керектігінде», - деп қорытады ұлы ойшыл. Маркстік философияның келесі ерекшелігі - осындай толық-қанды материалистік көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, Гегельдің ойынша, «ай астындағы дүниеде» тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух саласында болса, ал оның өзі абсолюттік идеяның өзін-өзі тану жолындағы адамзатты құрап ретінде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзін сол материалдық дүниенің ішкі қайшылығынан көреді: заттың ішкі қайшылығы оны бүгінгі болмыс шеңберінен шығарып, басқа затқа айналуына әкеліп соғады. Олай болса, қоғам өмірінің де негізгі қайшылығы материалдық өндірістегі өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының арасында жатыр.

Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өміріндегі капиталистік қатынастардың аса қатыгездігін көрді. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген зерттеуінде қарапайым жұмысшылардың өмірінің асқан қиыншылықтарын ашық та айқын көрсетіп, сол кездегі қоғамдық пікірге зор әсерін тигізді. Олардың ойынша, мұндай жағдай ішкі терең қайшылықтардың негізінде өзгеруге тиіс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерістің бәрін ұлттық іс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптан көреді. XIX ғасырдағы көп ойшылдар саяқты, олар қоғамның прогрессивтік өрлеуіне кәміл сенеді, ал ол - жарқын болашаққа жеткізетін негізгі күш - пролетариат, жұмысшы табы. Өйткені олар қоғамға керек негізгі материалдық қажеттіктерді өндіреді, сандық жағынан алып қарағанда, әлеуметтік топтардың ең көлемдісі, сонымен қатар олар жекеменшіктің шырмауына байланбаған әлеуметтік әділеттілікті жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшін ойшылдар шығармашылық аз еңбегімен айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстің жоғарыда келтірілген пікірі өзінің кенеттігімен сол кездегі қоғамды дүр сілкіндірді. Жаңбырдан кейінгі саңырау-құлақтар саяқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бірақ осы кезде өмір сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстің идеяларына қарсы шығып, олар өмірге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнің келетінін болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдеді.

Бұл оқулық құралда біз марксизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына, социализм және коммунизм мәселелеріне толығынан тоқталып, талдамаймыз. Алайда айтып кететін бір нәрсе – ол қазіргі дамыған елдердің көбіндегі әлеуметтіліктің жыл өткен сайын алатын орнының өсуінде. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы мағнасы - әлеуметтілік. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз білім беруге, денсаулықты сақтауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаұлы әлеуметтік бағдарламалар жасалып, іске қосылуда. Ал бұлардың өзі Маркстің жасаған болжамын дәлелдегендей. Бірақ олар таптық күрес, революцияның, озбырлықтың, Қантөгістің негізінде емес, сол қоғамның іштей эволюциялық жолмен бірте-бірте өзгеруі арқылы іске асып отыр.

Ал коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура келеді, өйткені ол жер бетінде жұмақ орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, бұл идеяны Батыс Еуропалық 2 мың жылға созылған ой толғауының логикалык түрдегі соңғы нүктесі деп айтуға әбден болады. Сонау көне Грек Дәуірінен бастап, Протагордың айтқан «адам - барлық нәрсенің өлшемі» деген идеясы ғасырлар бойы дамып, ақырында коммунизм идеясын тудырған болатын. Маркс утолистердің көзқарастарын сынағанмен, өзінің ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла алмады. «әрбір адамнан - қабілетіне қарай, әрбір адамға - қажеттігіне қарай» деген принциптің өзінде утолиялық қиял жатқан жоқ па?! Егер барлық адамдардың қажеттіктері толығынан өтелсе, онда қоғам сол сәтте іріп-шіри бастар еді, өйткені тек толығынан өтелмеген қажеттіктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған шығармашылық іс-әрекеттерін тудырады, ал өтелген қажеттіктер сол сәтте жаңа бұрьшғыдан да биік қажеттіктерді тудырады.

Әрине, Маркс пен Энгельс - өз заманының тұлғалары. Маркстің өзі уақытында: «Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», - деп айтқан болатын. Міне, осы тұрғыдан бағалап, біз олардың ғылыми жетістіктері мен адасуларын таразыға сала келе, оларды өз заманының ғажап ұлы тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстік философиямен Батыс Еуропа топырағында пайда болған ақыл-ойға негізделген (рационалдық) философияға қанағаттанбаушылық, оның орнына неше түрлі бейклассикалық ой-пікірлерді дүниеге әкеледі.

XIX ғ. мәдениетіндегі бейклассикалық философия. Сонымен жоғарыдағы тарауларда көрсеткеніміздей, XVIII ғ. бастап, Батыс философиясында рационализм бағыты өзінің кемеліне келіп, философияның негізгі іргетасына айналады. Бір қарағандағы материализм мен идеализм бағыттарының арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, осы екі негізгі ағымның негіздерінде адамның ақыл-ойына деген сенушілік, адамзаттың болашақ өрлеуіне күмән келтірмеушілік, ал маркстік философияны алар болсақ, онда тіпті ақыл-ойдың негізінде болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзат тек жағалай ортаны күрт өзгертіп қана қоймай, сол іс-әрекеттің негізінде адамның өзінің табиғаты өзгеретіндігіне сену байқалды.

Бірақ сол кездегі өмірдегі қоғамдық қатынастар мұндай оптимистік өміршеңдік көзқарастарға бірте-бірте күмәндануды туғызды. Біріншіден, күннің жарық сәулесінің шығуын асыға күткендей саяқты шаттықпен қарсы алынған ұлы француз революциясы үлкен төңкерістерге ғана әкеліп қоймай, сонымен бірге зор Қантөгіс, зорлық-зомбылыққа ұласып, одан күткен үміттерді жоққа шығарды. 1848-49 жж. біршама Европа елдерін дүр сілкіндірген буржуазиялық-демократиялық революциялар да олардан күткен үмітті ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының тәжірибесі марксизмнің «жұмысшы табы диктатурасының қажеттігі» жөніндегі идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы ағарту, адамзаттың өрлеуіне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдіретті күшіне сенуден бас тартып, олардан түңілуіне әкеліп соқты.

Осы көрсетілген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық философияға, дискурсивтік ойлау әдісіне деген теріс пікірлерді оятып, оларға қарсы бағытталған философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көшті бастаған неміс философы А.Шопенгауер мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуі де Гегельдің панлогистік көзқарасын сынаудан бастады.

Кьеркогердің ойына қарағанда, Гегельдің философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенің шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдің болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі жөніндегі негіздемесіне қарсы шығады, өйткені ол болмыстың не екенін бізге түсіндірмейді, сондықтан ол - «абстракциялық құбыжық» қана. Соңынан мұндай көзқарастардың негізінде XX ғ. экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде, біз Кьеркогердің идеяларына қайтып ораламыз. Рационализм бағытына қарсы шыққан екінші философ - А.Шопенгауэр болды. Оның ойынша, дүниенің негізінде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - жалған пікірлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған іс-әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс - оны үлкен дағдарысқа әкеліп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердің бір түрі. Өйткені дүниенің негізінде жатқан нәрсе - ол ессіз, бейсаналық әлемдік ерік. Енді, мше, Шопенгауэрдің философиясына толығынан тоқталуға мүмкшдік келді, екінші жағынан, ойшылдың көп идеялары бүгінгі дағдарыстағы қоғамдағы адамдардың сана-сезімінде біршама қызығушылық тудырып отырғаны құпия емес.

Артур Шопенгауер (1788-1860 жж.) Данциг қаласында бай саудагердің отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялық білім алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» деген атпен 1844 ж. жарық көреді. Берлин университетінде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. Сондықтан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдық пайыздарын жұмсап, өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Өмірінің соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына да ие болады. Бірақ нағыз атақтылық оған XX ғ. келеді.

Шопенгауердің ойынша, Дүниенің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтар жатқызған дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады.

Бұл ұғымның тарихына көз жүгіртсек, көне заманда «сана» мен «ерік» категориялары әлі бір-бірінен бөлініп алынған жоқты. Мысалы, Сократ адамдардың жүріс-түрысы мен іс-әрекеттеріндеп келеңсіз жайттар оларды білмегендерінде деген пікір айтқан болатын. Егер адам жамандықты білетін болса, онда ол оған! бармайды. Алайда Орта ғасырда өмір сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай көзқарасты толығынан теріске шығарады. «Жамандықтың не екенін білсем де, соған қарай мені тартады, мен соны іске асыруға ынтықпын», - дейді ұлы ойшыл. Өйткені ақыл-ой - біледі, ал ерік - таңдайды. Міне, осы сәтте Августин сана мен еріктің екі түрлілігін айқын көрсетеді. Діни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлігінің негізгі себебін еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан ауытқуынан табады.

Жаңа Дәуірде неміс философиясының шеңберінде Кант практикалық зерденің үстемдігін көрсете келіп, оның негізін еріктің бостандығынан көреді. Канттың бұл идеясын Фихте әрі қарай дамытып, «Меннің» ерікті іс-әрекетінен Дүниенің пайда болуының рухани қайнар көзін көреді. Қалай айтқанда да, Шопенгауерге дейін ерік категориясы ерекше түрде алынып, Дүниенің негізіне жатқы-зылған жоқты.

Сонымен, Шопенгауердің ойынша, Дүниенің негізінде жатқан Ерік - ол біреу және одан басқа еш нәрсе жоқ, бірақ ол өзінің өмірдегі құбылуында шексіз сан алуан болып керінеді. Ол - өзінің толық еркімен теңелетін бейтұлғалық орасан зор құдіретті күш. Ол бейсаналы болғаннан кейін, өзінің мәңгілік калыптасу, мақсат - мұратсыз өмірге ынтық болу барысында неше түрлі залымдықты тудыруы мүмкін. Әлемдік еріктің ешқандай себебі, белгілі бір негізі болмағаннан кейін, ол ешқандай заңдылықтарға бағынбайды. Өзінің өмірде болуға деген іңкәрінің негізінде ол бүкіл дүниені тудырса да, оған ешқандай тәртіп, жоспар саяқты нәрселерді әкеле алмайды, керісінше, ол заттарды бір-бірінен бөліп, қиратып, қарсы қойып, оған тағы да қанағаттанбай, өзінің шексіз ізденісін, күресін жалғастыра береді. Ол ызаға толы, не істеу керектігін білмегеннен кейін, өзін-өзі тырнап, жыртып жатқан жануарға ұқсайды.

Енді әлемдік еріктің тудырған дүниесіндегі оның көріністеріне назар аударсақ, олар - өлі табиғаттағы дүниежүзілік тарту, магнетизм, химиялық қосындылар т.с.с. табиғат күштері. Тірі табиғатта - тіршіліктер формаларының өмірге деген еркі, сол үшін өзара бір-бірімен күресі, өмірді жалғастыруға бағытталған жыныс инстинктері, адам өміріндегі ешқашанда ойдағы нәтижелерге әкелмейтін саналы талпыныстар, бейсаналық түрде пайда болатын әртүрлі сезім толқындары т.с.с.

Бірақ қандай да болмасын өмірдегі құбылыстарды тудырса да, олар күрделеніп, саналы түрде сезінілген сайын, әлемдік ерік оларға қанағаттанбай, өзін зардап шегіп, азапқа толы, бақытсыз ретінде есзінеді. Мысалы, адам өмірінің деңгейіндегі еріктің көрінісіне кслер болсақ, онда мынаны байқауға болады: егер адам ой өрісі мен адамгершілік тұрғысынан қатты дамыса, соғұрлым оның өмірде неше түрлі қайшылықтарға келуі көбейіп, зардап шегуі де өседі, әлеуметтік өмірде көре алмаушылық, надандық пен екіжүзділік жиі кездеседі. Адамдардың өмірі жетіспеушілік пен үрейге, қайғы мен қасіреттерге толы. Өмірге келген жаңа ұрпақтар өткендердің қателіктерін тағы да қайталайды, адамгершілігі жоқ адамдар қоғамды билейді, ғылыми жетістіктер залымдық жолында жұмсалады. Ал моральдық салаға келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық болған жоқ - езілу, зардап шегу, қантөгіс, қатыгездік осы уақытқа шейін азаюдың орнына көбейіп келеді. Мәңгілік алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бір-біріне деген сенбеушілігі өмірді шырмап алған.

Әрине, Шопенгауердің жоғарыдағы көрсетілген қоғам өміріндегі келеңсіз жайттар жөніндегі ойларын біз сырттата алмаймыз. Керісінше, оның санын бүгінгі өмірге қарап өсіртуге де болар еді. Өмір алдына үлкен мақсат-мұраттар қойып, соған жету жолында неше түрлі «тар жол, тайғақ кешуден» өтпеген адам кемде-кем болса керек. Бұл өмірдің трагикалық диалектикасын өмірден әсіресе көп зардап шеккен қазақ халқы «орындалмайтын арман», «жалған», «дүниенің төрт құбыласы ешқашанда бір-біріне тең емес т.с.с. ойлармен беріп, нағыз бақытты өмірді о дүниедегі жұмақтан іздеген болатын.

Сонымен, Шопенгауердің ойынша, зардапқа толы дүниенің негізгі күнәкары - әлемдік Еріктің өзі. Бірақ оның санасы болмағаннан кейін, ол өз істеріне жауап бере алмайды, тек қана мәңгілік бір трагедиядан өтіп, екіншіге т.с.с. ауыса береді. Бұл арадағы бір үміт - әлемдік Ерік сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелді. Міне, дүниенің ажырамас бір бөлігі ретіндегі адамдардың өзі ғана сол әлемдік Ерікке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенің зардабы тоқтатылады. Ол үшін адам өзінің өмірлік күш- қуатын, өз бойындағы еркін сол дүниені тудырған әлемдік Ерікке қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзі ең алдымен адамдардың философиялык таным арқылы әлемдік Еріктің терең мәнін зерттеп- білуімен тығыз байланысты. Содан кейін адам екі сатыдан өтуі керек. Алғашқысы - эстетикалық аңдау, соңғысы – моральдық жолмен жетілу. Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып кеткен пікірін қолдап, оның риясыздығына аса көп көңіл бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, я болмаса пайдақорлық ойлар, мүдделер болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі мақсаты - 1 адамның жан-дүниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштыққа бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопенгауер I мүсін мен сурет - кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады дейді. Бұлардың бәрі де өз мүмкіндігінше әлемдік ерікті сипаттайды, бірақ әуеннен терең өнердің түрі жоқ. Өйткені әуенде оны шығарушы, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы айырмашылық мүлдем азаяды. Өзінің ең биік жетістіктерінде әуен әлемдік Ерікті ақылмен түсіндірілмейтін құпия жолмен біздің жан-тәнімізге сезіндіреді. Әрине, Шопенгауердің бұл ойлары Шеллингтің көзқарасына жақын екенін байқауға болады. Тек Шеллинг әуенді, әсіресе оның симфониялық I түрін, Абсолютке жетудің жолы деп есептеген болатын. Ал Шопенгауердің дүниесезіміне трагикалық музыка (реквием саяқты) жақынырақ болды - тек қана осы әуендер адам болмысының қайғылылығын, трагедиясын жете сезіндіре алады.

Әлемдік Ерікпен күрестің екінші жолы - этикалық. Егер дүниедегі барлық зардаптың түп-тамыры ерікке барып тірелсе, оны жою моральдық жағынан алып қарағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пенде ретінде өз ішіндегі ерікті жою арқылы әлеуметтік ерікті тарата алады. Ол үшін Шопенгауер адамдарға «категорикалық императив» (үзілді-кесілді талап) ұсынады: «өзіңе қалай-тынның бәрінен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса». Бір қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе саяқты. Бірақ оның негізінде жатқан мағына мынада: ол - адамның өмірге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркін сөндіру. Ол үшін адам аскетикалық өмір салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлісіп, өзінің жан-дүниесінде ешқандай да өзімшілдіктің жүрнағын қалдырмай құртуы керек. Сонда ғана адам өмірге деген қызығушылықган толығынаи арылып, өзі саяқты жердегі бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бірігіп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңілдетугс тырысады. Бұл көзқарас үнді халқының тудырған «нирвана», көне Грек философтарының «атараксия» деген ұғымдарына өте жақын.

Әрине, Шопенгауердің дүниеге деген көзқарасында өз заманының көп теріс жақтары әшкереленген. Бүгінгі таңда адамзат ол қайшылықтардың бәрін шешті деп айта алмаймыз. Керісінше, Шопенгауердің көрсеткен теріс құбылыстары етек жайып, әрі қарай бара жатқанға ұқсайды. XX ғ. адамзаттың қолы жеткен ғажап ғылыми жетістіктерінің негізінде пайда болған болашақ жөніндегі романтикалық көзқарастар бүгінгі XXI ғ. басында тек қана ауыр өкініштен басқа еш сезім тудырмайды. Жақында ғана Үндістан мен Пәкістан елінің арасындағы қайшылықтар ядролык, қирудың қолданылуына әкелуі мүмкін деген үрейді тудырып, қоғамдық ахуалды дүр сілкіндірді. Жер бетіндегі экологиялық жағдай бірте-бірте өршіп, жыл сайын ғаламдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. Уақытында неміс халқының заңды түрде берген дауысын алып, билікке келген Гитлер адамзатты қандай қантөгіске әкелгенін оқырман жақсы біледі. Бірақ бұл трагедиядан адамзат сабақ алды ма? Өкінішке қарай, «Жоқ», деп жауап беруге тура келеді, өйткені бүгінгі таңда байлығымен масаттанған біршама Батыс елдерінде ұлтшылдық қозғалыстар тағы да бой көтеріп, басқа слдерден келген адамдарға қысымшылық жасалуда. Расында да, Шопенгауер айтқандай, тарихтағы трагикалық қателіктер тағысынтағы қайталана береді!!! Адамзаттың моральдық-адамгершілік тоқырауына қарап, оның аспанға, тазалыққа тартатын рухынан гөрі, дене қажеттіктері, күңгірт инстинктері, ләззат алуға деген еркі басым ба деген ой келеді. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердің қозғаған көп мәселелерінің бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетеді.

Сонымен қатар Шопенгауердің «ғарыштық пессимизміне» толығынан қосылуға болмайды. Әсіресе оның философиясының иегізінде жатқан қағидасына. Расында да, егер бұл Дүниені тудырған бейсаналық ессіз Ерік болатын болса, онда бұл дүниенің иеге заңдылықтары, қисыны, тәртібі бар? Егер адамдар осы орасанзор шексіз ғарыштың туындысы болса, олар өз көлемі мұхиттың ішіндегі бір тамшыдай бола түрып, оны қалайша тарата алады? Мұндай сұрақтардың санын әлде де көбейте беруге болар еді. Ал олардың бәрі де Шопенгауердің философиясының негізінде жатқан қағидалардың әлсіздігін, жалғандығын көрсетеді.

Ал енді адам тағдыры мен өміріне келер болсақ, әрине, Ноmо Sapiens - ғарыштың ғажап туындысы, «ұлы мәртебелі Табиғаттың» тудырған ең әсем гүлі, ол адам арқылы өз-өзін сезініп, түсіну дәрежесіне көтеріледі. Бүкіл Дүниені шырмап жатқан қайшылықтар адам жүрегінен де өтеді. Бұл Дүниеге келген адам өз өмірінің шеңберінде жақсылық пен жамандықтың да дәмін татады, көпшілік жағдайда, өкінішке қарай, зардаптың салмағы бақытты емірден гөрі басымырақ болады, әсіресе бүгінгі жағдайдағы саяқты өтпелі дәуірлерде өмір салты, рухани құндылықтар қайта қаралып жатқан кезде көп қиындықтарды бастан өткізуге тура келеді. Ал бұлардың өзі, Шопенгауердің айтқанындай, өмірден бас тартуға әкелуі керек пе?! Әрине, жоқ. Есі дұрыс адам өмірді бағалап, оның қызығына тоймайды, ол - бізге берілген ең құнды, бағасы жоқ сый. Өмірдегі зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмірге бірдеңенің жетіспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, бұл дүние - өзінің ұғымына толығынан сәйкес келмейтін бірдеңе. Бірақ соның арқасында өмір, талпыныс, жетілуге деген құмар бар. Бақыт дегеннің өзі адамның алдына қойған мақсаттарын іске асырып, өзінің арнасынан шығып тасуымен байланысты болса керек. Бірақ өзеннің көктемдегі тасып, содан кейін өз арнасына қайтып оралғаны саяқты, орындалған арман келесі сатыда адамның алдына жаңа мақсат-мұраттарды әкеліп, тағы да оның талпынысын тудырады, осы жолда ол тағы да қаншама ізденіс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткізеді десеңізші?! Бүгінгі өтпелі қоғамда орасанзор қиындықтарға қарамастан, қаншама адамдар өзінің белсенді іс-қимылдары арқылы жаңа өмірден өз орнын тауып жатыр! Бүгінгі қиындық-тармен қатар, өмір біздің алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған мумкіндіктерді тудырып отыр. Оларды іске асыру үшін талпыныс, жақсы оқып білім алу, өмірді шығармашылық түрғы-сынан игеру, қиындықтарды жеңе білу қажет. Өмір деген - өнер. Олай болса, күнбе-күнгі қарапайым қиын өмірдің өзінен қуанышты, таңғаларлық нәрселерді, ізгілік пен әсемдікті, махаббат пен нәзіктікті іздеп тауып, содан нәр алып, өзіңді бақыттымын деп сезінуге болады. Тек оған ұмтылу, оны қалау қажет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: