Элей мектебі. Парменид пен Зенон 16 страница

И.Канттың ойынша, ешкім және ешқашан тек кдна парыз идеясының негізінде өмір сүре алмайды. Жоғарыдағы айтқандай, тек қана трансценденттік шексіздіктің аясында ғана категорикалық императивтің толық орындалуына үміт артуға болады. Сондықтан адамның жан дүниесінің өлместігі болуы қажет. Міне, бұл - практикалық зерденің екінші тұжырымы.

И.Канттың ойынша, тарихи ғасырлар өткен сайын адамзат моральдық идеалға жақындай түсуде, әсіресе болашак «этикалық мемлекет» орнаған кезде Бұл процесс тездеуі мүмкін. Ал, бірақ трансценденттік жағдайда идеалға жақындап жету басқаша болмақ, өйткені адам өлместік сатысына көшеді.

Жігердің еріктігі мен жан-дүниенің өлместігі үшін қажетті түрде белгілі бір онтологиялық (болмыстық) негіз керек. Ең болма-ғайда логикалық түрде адам Дүниеде күдіретті күштің бар екенін мойындауы керек. Олай болса, Мұндай негіз деп тек Құдайды атауға болады. Құдай, сондықтан бар және болуы қажет.

И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушілік адамдардың мо-ральдық деңгейлерін күрт төмендетер еді, олар табиғаттан әлсіз және жетілмеген болып жаратылғаннан кейін, күнәға батып адамдық қасиеттерінен жұрдай болуы мүмкін. Сонымен И.Кант «Мен не нәрсеге үміттене аламын?» - деген сұраққа: «Діни сенімге», - деп жауап қайтарады.

Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-күнгі тәжірибесінен аулақ болатын болса, оның құдтық көзқа-растары, керісінше, нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Адам-дардың табиғи құқтарының негізгі қызметі - тұлғаның моральдық еркіндігін бекіту, парыздың орындалуына жағдай өмір сүруінің ерекшелігі - ол әртүрлі адамның әділеттіліктің негізінде ретке келтіреді.

И.Канттың ойынша, адамдардың негізгі таб жекеменшікке деген құқ жатады, тек ол басқа адаіу дығына зияндығын тигізбесе болды.

Ал мемлекет мәселесіне келер болсақ, - ол адамдардың заңдардың негізіндегі бірігіп қауымдасуы, оның негізінде әділеттілік принципі жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық; басқару жүйесі король билігіне қарағанда жақсы, өйткеиі король даналық пен әділеттілікті ұзақ уакыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билікті ұстаған адам қажетті түрде зерденің ерікті ырқырымын бұрмалайды.

Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип бар. Олар - әр адамның еріктілігі, азаматтардың теңдігі және әрбір азаматтың дербестігі.

И.Канттың ойынша, халықтардың дамып-жетілуі көп жағдайларда «сол елдердің туған жеріне, еңбек салаларына, әдет-ғұртыпына, қолөнері мен саудаға, халықтың тығыздығына байланысты».

Қоғам өмірінде гипотетикалық және категорикалық имперагивтер бір-бірімен қайшылыққа түседі. Адамдар өз табиғаты бойын-ша тойымсыз, сараң және өлшемсіз, билікке, үстемдікке деген құштарлықтарымен мінезделеді.

Сонымен қатар категорикалық императивтің талаптарына сәйкес, олар өздерінің жүріс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келеді. Бір жағынан адамдар бір-бірінен алшақтап, екінші жағынан бір-біріне жақындайды, өйткені олар неше түрлі өздерінің қажеттіктерін өтеу жолында бір-бірінен көмек іздеуге мәжбүр болады. «Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейін, оны қанша сүргілесең де, түп-түзу қылу мүмкін емес», - дейді И.Кант. Бірақ, осыған қарамастан, жеке адамдар арасындағы қайшылықгар бүкіл қоғамдық тұрғыдан алып қарағанда, тарихты алға жылжытады. Қоғам әлеуметтік жағынан алға жылжыған сайын, қайшылықтар да өсе бастайды. Жетілген болашақ қоғамда «оның мүшелеріне орасан зор еріктік беріледі, олай болса, олардың арасындағы қайшылықтар да өмір сүреді», - деп қорытады И.Кант.

И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкіладамзаттың құқтық-азаматтық ахуалына қарай дамып келеді, бірақ оған толығынан Бұл дүниеде жету мүмкін емес. «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениеті оның моральдық жетілуіне қарағанда анағұрлым тез дамып келеді. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей», - деп есептейді ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейінгі уақыт Бұл кісінің ойының негізсіз емес екенін ашық көрсетті: тек өткен XX ғ. өзінде-ақ екі дүниежүзілік соғыста миллиондаған адамдар соның құрбаны болған жоқ па?!!

Сондықтан И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, халықтар арасындағы алауыздықты қалайша жою керек, адамзат өмірінде «мәңгілік бейбітшілікті» қалай орнату керек деген саяқты көкейтесті сұрақтарға жауап беруге тырысты.

«Бүгінгі таңда халықаралық қатынастарда үстемдік жасайтын құқ емес, тек қана зорлық-зомбылық», - деп қорытады ұлы ойшыл. Соғыс - адамның өз-өзіне мақсат еткенін аяққа басады, сондықтан, «ол болмауы қажет».

Соғыс болмауы үшін мемлекеттер арасында тек қару-жарақ болып, олар өздерін өзара қорқытып ұстауы қажет, я болмаса болашақта бүкіл адамзатты бір ғана дүниежүзілік мемлекетгің аясында біріктіру қажет деген кең тараған пікірлерге И.Кант үзілді-кесілді қарсы шығады. Оның ойынша, мемлекет арасындағы қару-жарақ, күш теңдігі ертелі-кеш әрқашанда бұзылады, ал бүкіл дүниежүзілік мемлекет халықтардың бостандығын аяққа басар еді.

И.Канттың ойынша, тек қана бүкіл жер бетіндегі мемлекеттердің ерікті федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси дербестігін сақтап қалуға мүмкіншілік береді. «Ол халықтар одағы болар еді, бірақ ол ешқашанда халықтардың мемлекеті болмауы керек», - деп ойлайды И.Кант. Сонымен ол ұлттық мемлекеттің өмір сүру қүқын осылайша қорғайды.

Бүкіл адамзаттық-азаматтық ахуалды жақындату үшін, халықаралық келісімдер қатаң сақталып, мемлекеттің ішкі істеріне басқалар араласпай, халықтар арасында сауда-саттық, мәдени байланыстарды дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың бұл саладағы негізгі идеялары өз заманын озып, бүгінгі уақытта да өзектілігімен байқалады.

И.Канттың философиясы дүниежүзілік философия тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына қарағанда, И.Кант XIX ғ. неміс философиясының негізін ғана қалап қоймай, XX ғ. көп философиялық толғауларға өзінің әсерін тигізді.

Фихтенің философиясы. Иоған Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) - И. Канттан кейінгі неміс классикалық философиясының өкілі. Иена және Лейпций университеттерінде оқып, білім алған.

Бір жағынан алғанда, И. Фихтенің өмір сұрген уақыты Наполеонның Еуропа елдерін жаулап алып, империя құруьшен байланысты болса, екінші жағынан, Германияның өзіндегі феодалдық қатынастардың іріп-шіріп, буржуазиялық-демократиялық қоғамға қарай бетбұрысымен байланысты болды.

Сондықтан И.Фихтенің бүкіл жан-дүниесін баурап алған идея - ол неміс халқын азат ету, оған бостандьщ әперу, екінші жағынан, жеке тұлғаның еріктігі үшін күресу, феодалдық адам тәуел-ділігіне қарсы шығу.

Бұл идеяларды философиялық жолмен негіздеу үшін И.Фихте субъективтік идеалистік философия жолына түсіп, өзінің тамаша ойларын дүниеге әкеледі.

И.Фихтенің философиясын терең түсіне алмаған замандастары ол жөнінде неше түрлі аңыздар қалдырған. Солардың бірі: Фихте өзінің зайыбымен театрға келгенде, әйелдер бір-біріне сыбырлап: «Фихте мырза, бізді айтпағанның өзінде, өз әйелін басындағы қиялы ғана деп есептей ме екен», - деп күлген екен.

Неміс халқын азат ету жолында Фихте соғысқа өз еркімен кетіп, сүзек ауруынан 1814 ж. қайтыс болады.

Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі ілім», «Неміс салтына арналған сөздер» т.с.с.

Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте тұлғаның рухани белсенділігін көрсетеді, ал оның өзі бүкіл Дүниенің негізін құрайтын рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі.

Фихтенің ойынша, Дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып тіреледі. Ол - ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, іс-әрекеттік, өзін-өзі толығынан танып-білуге ұмтылған, өзінің себебі өзіндегі рух. Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады.

Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай:

1. Алғашында орасан зор тебіреніс арқылы «Үлкен Мен» өз - өзін анықтап «Мен - Менмін» деген дәрежеге келеді.

Келесі сатыда «Мен» өзінен «Мен еместі» тудырып, өзіне қарсы қояды. «Мен емес» өз ішінде «кіші ен» (оның санасы бар) мен бірге табиғатты (оның санасы жоқ) қамтиды. Сонымен «кіші Мен» - ол тарихта өмір үріп жатқан тұлғалар - тірі адамдар.

Соңғы сатыда шексіз «Үлкен Мен» мен өзі тудырған «Мен еместің» арасында, бір жағынан, ексіздікке бағытталған, екінші жағынан, шектелген диалектикалық байланыстар пайда болады.

Сонымен қатар «Мен еместің» өз ішінде адам (кіші Мен) мен Табиғаттың арасында «кіші Меннің» белсенділігі, оның қоршаған ортаны, қол астындағы болмысты өзгерту, «Үлкен Менге» қарай үмтылу, соған қосылу іңкәрінің негізінде күрделі байланыстар пайда болады.

Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік - табиғат - өз-өзіне жеткілікті, дербес емес, ол тек қана объект, зат, кедергі. Оны субъект - «кіші Мен» әр қашанда іс-әрекет арқылы бұзып, игеріп, өзін-өзі толықтырып, «Үлкен Менге» жақындай тұседі. Алайда «кіші Мен» мен «Үлкен Мен» бір-біріне толық ұласып кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай іс-әрекет қажет болмай қалар еді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы - «Үлкен Менге» - Дүниежүзілік рухқа өне бойы шексіз жақындау.

Сонымен «Үлкен Мен» Дүниедегі барлық субъектілер мен объектілерді жаратады. Оның барлық тірі адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бірақ ол өзі шексіз болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды.

Ал енді адамның тұлғалық өзіндік санасына келер болсақ, ол тек қана өзінің «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда болады. Олай болса, субъектісіз объект жоқ, объектсіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді.

Материалдық дүниені - табиғатгы игеру тарихы, Фихтенің ойынша, адамзат мәдениетінің қалыптасып дамуымен тең. Осы процесте адам тек қана табиғатты игеріп қана қоймай, сонымен қатар өзінің табиғи негіздерін де жетілдіру керек, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Осы арада біз Фихтенің тарих философиясына жақындап қалдық.

Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылық жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, анықтамасы және мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашылық шабыты арқылы жүзеге асады.

Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мұраттарын іске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің кеңеюі білімнің өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», - деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал – ол мемлекет пен құқ.

Фихтенің ойынша, адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өмір сүре алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтіріп отыратын заңдар әрқашанда қоғамға қажет. Осы себепті, Фихте адамзат тарихындағы табиғи, иә болмаса мемлекетке дейінгі сатыны толығынан теріске шығарады. Мемлекет әрқашанда дүниежүзілік тарихта болған.

Бірақ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жоғары тұрған мақсат-мұрат емес, ол - тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адам-дардьщ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғылым мен білімді, өнді-рісті ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың мемле-кетті әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет сала-сында істеп жатқан шен иелерінің алауыздығы мен жемқорлығын сынай келіп, Фихте: «Мемлекет - кажетті залымдық, бірақ адамдар мыңдаған жылдардан кейін адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», - деген пікірге келеді. - Сонда ғана, моральдық жетілудің негізінде нағыз адамның «табиғи ахуалы» дүниеге келіп, мемлекет, құқ, шіркеу деген құбылыстар келмеске кетеді, - деп қорытады ұлы ойшыл.

Шамасы, Фихтенің бұл ойлары К.Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастарына зор әсерін тигізген болуы керек, өйткені олар адамзат тарихындағы болашақ коммунистік коғамда да дін, құқ, мемлекет деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп болжаған болатын.

Фихтенің екінші - жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы экономиқаны» жасау, адамдардың білім алуға және еңбекке деген құқын қамтамасыз ету, сыртқы басқа елдермен сауда-саттықты жасауды толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән туғызбаса керек.

Әсіресе, қазіргі өтпелі қоғамдағы үлкен қиындықтарды жеңу жолында, Фихтенің кейбір ойларын жандандыратын ахуал қалып-тасып жатыр. Біз қоғамды жаңарту жолында бүкіладамзаттык кауымның бір бөлігі ретінде «ашық қоғам» болуымыз керек деген тұжырымға жармасып, елдегі көп өндірістер шетелдерден келген тауарлардың қысымына шыдай алмай, тоқтап қалды. Екінші жағынан алғанда, бүкіл сыртқы экономикалық байланыстарды өз қүзырына алған бұрынғы Кеңес мемлекетінің өндірісті қандай түйықтыққа әкелгенін жақын тарихтан жақсы білеміз.

Сонымен қатар «ашық қоғамға» деген ұмтылыс бізді тағы да бодандықтың астыртын түріне, трансұлттық корпорациялардың билеп-төстеуіне әкеліп соқпас па екен? - деген күдік тағы да бар. Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып, қазіргі түйықтықтан шығатын жолды табуға өз үлесін қосар ма екен деген үміттеміз.

Дінге қарай бетбұрыс. Фихтенің субъективті-идеалистік философиясы соңында бірте-бірте діни философияға қарай жылжи бастайды. Егер алғашқы шығармашылық сатысында онтологиялық (болмыстық) маңызы бар «Үлкен Мен» мәңгілік «Ерік», шығармашылық «өмір» ретінде түсіндірілген болса, келесі сатыда ол болмыстың адам арқылы өз-өзін танитыны жөніндегі ойларды қозғайды. Гегельдің философиялық жүйесі осы соңғы ойдың негізінде пайда болды деп те айтуға, болжауға болатын сияқты.

Ақырында, «Үлкен Мен» абсолюттік «Болмысқа», өмірдегі «Бірге», «Құдіретті Сәулеге», ең соңында «Құдайға» келіп тіреледі. Бірақ кенеттен сүзек ауруына шалдығып дүниеден ерте кеткеннен кейін, Фихтенің философиясы толығынан діни көзқарасқа айнала алған жоқ.

Қорыта келе, біз Фихтенің неміс классикалық философиясының шеңберіндегі өз орны бар ұлы ойшыл екенін тағы да атап өткеніміз артық болмайды. Фихтенің: «Іс-әрекет жаса, тағы да іс-әрекет ет!» - деген ұраны біздің халыққа бүгінгі таңда ауадай қажет. Адамның орасан зор шығармашылық белсенділігін көрсете білген, адамзаттың жарқын болашағына сенімділік көрсеткен ұлы ойшыл философия тарихында мәңгілік қалады.

Фридрих Вильгельм Иосиф Шеллинг (1775-1854 жж.) - неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі. Дарынды тұлға 15 жасында Тюбинген университетінің теология факультетіне оқуға түсіп, екі жылдан кейін философия магистрі атағын алған. 1798 ж. 23 жасында профессор атағын алып, ол Иена университетінде лекциялар оқи бастайды. Оның педагогикалық жұмысы осы кезден басталып, 1846 ж. дейін созылды. Шеллинг 1854 ж. дүние салды.

Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализм жүйесі», «Дүниежүзілік жан жөнінде», «Өнер философиясы», «Философия және дін» т.с.с.

Жаңа Дәуірдегі философияда натурфилософиялық мәселелерді өз заманындағы ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен ұштастырып, сонымен қатар біршама жаңа ойларды дүниеге келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда, ешкіммен салыстыруға болмайды. Оны Фихтенің жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты тек қана құрал ретінде түсінуі қанағаттандырмайды.

Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көреді. Ол - субъект пен объектінің тепе-теңдігі. Өзінің алғашқы кейпін алар болсақ, ол - өзінің субъект, иә болмаса объект екенін әлі білмейтін рух, саналы және бейсаналы іс-әрекеттің теңдігі. Сонымен Шеллингтің сөздерімен айтсақ, Абсолют «өзінің мәні бойынша идеалды да, реалды да емес, ойлау да, болмыс та емес бірдеңе».

Алайда бұл бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашқы нақтылы көрінісі - ол Табиғат. Егер Фихтенің философиясында «әрекет ет!» деген талап үлкен орын алса, Шеллинг: «Бол!» - дейді. Сонымен, Шеллингтің ойынша, алғашқы Дүниенің негізінде жатқан тепе-теңдік, оның өмірде болу құштарлығын оятып, ол табиғатқа айналады. Табиғат өзінің алғашқы өмір сүруінен бастап құнарлы, оны тек қана жұмсақ, қай нәрсені болмасын қабылдай алатын негіз - деп есептеуге болмайды. Әрине, табиғат өзінің алғашқы сатыларында бейсаналык, стихиялық түрде іс-әрекетте болғанымен, ол белгілі бір мақсатқа лайықты нәтижелерге әкеле бастайды. Табиғаттың осындай даму сатыларын Шеллинг заттардың бір-біріне тартуы мен өзара ите-рулерінен көреді (физикалық тілмен айтқанда, гравитация мен магнетизм). Келесі сатыда табиғатта химиялық өзгерістер пайда болады, ал оның өзі электрлік процестермен тығыз байланысты. Ал бұл процестердің өзі жүре келе тіршілік әлемін дүниеге әкеледі. Осы тұрғыдан Шеллинг тіршілік жөніндегі әртүрлі преформистік көзқарастарды сынға алады. Әрине, тіршілік дами келе өзінің ғажап туындысын - адамды Дүниеге әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, адам мен табиғат - субъект пен объектінің бірегейлігін көрсетеді. Таза табиғаттағы гравитация (тарту) қасиеті идеалды өмірде бақылауға ауысады. Соның негізінде адамның ішкі өмірінде бірте-бірте өзіндік сана-сезім пайда бола бастайды.

Өзіндік сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көреді.

Бірінші сатыда ол көмескі түйсіктен шығармашылық аңдауға шейін көтеріледі. Бұл сатыда ішкі сезім мен сезінілетін объект әлі бір-бірімен тең.

Екінші сатыда шығармашылық аңдаудан үтымдарды туғызуға дейін көтеріледі (кеңістік, уақыт, себептілік, қажеттік т.с.с. категориялар пайда болады).

Үшінші сатыда ұғымдардан өзіндік санаға дейін көтеріледі, яғни субъект өзін сыртқы Дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз-өзін объект ретінде тани алатын дәрежеге көтеріледі. Демек, бейса-налық тарихтан өтіп, белсенді, ерікті және саналы, табиғаттың құрсауын бұзып шығатын күшке айналады. Яғни табиғат қоғамға ауысады. Бұл арада біз Шеллингтің тарих философиясына келіп тірелдік.

Қоғам дамуының ерекшелігін Шеллинг «екінші табиғатты» жасаудан көреді: өз-өзін анықтаған субъект енді айнала қоршаған заттарды игеріп, оларды қайта жарастырып, құрып, өз ерекше көндіреді, яғни адамның шығармашылық іс-әрекетінің негізінде объективтік пен субъективтік бір-біріне өтіп, қайта қосылады. Бұл кісі Қайта өрлеу заманынан бері келе жатқан «іс-әрекет арқылы тану», «жасадың - таныдың» деген нақыл сөздерді қолдайды.

Бірақ, Шеллингтің ойынша, Дүниені ең терең түрде тану басқаша жолмен беріледі. Ол - эзотерикалық жол, ол тек қана интеллектуалдық интуиция арқылы ғана болуы мүмкін. Ал оның өзі барлық адамдардың қолынан келе бермейді. Оған тек таңдаұлы, аса дарынды адамдар ғана жетпек.

Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы - мақсатқа лайықты дамып жатқан Абсолюттің дамуының ең құнды сатысы. Ол өзі тудырған адамзаттың шығармашылық іс-әрекеті арқылы іске асып жатады. Бірақ осы жолда адамдар қаншалықты талпынғанымен, абсолютке жете алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексіз идеалдық қоғам орнату жолымен жылжуында ғана іске асады. Сондықтан тарихта адамдар өз заманының мүдтаждықтарынан шығатын, шешуге келетін, шынайы мақсаттарды ғана қойып, соларға жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны қазіргі замандағы мәселелермен үштастырсақ, онда «коммунизм қоғамы» саяқты идеалды, барлық қайшылықтар жойылған қоғамға ешқашанда жетуге болмайды, оған тек шексіз жақындай беруге болатын саяқты.

Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуі қажет. Бірінші - трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессіз күштері көне замандағы ұлы мемлекеттерді келмеске жібереді. Екінші сатыда халықтар мен әртүрлі мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай біріге бастайды, үшінші - әлі тарихқа келмеген болашақта - тағдыр мен табиғаттың күштері бір-бірімен ұласып, Дүниеге Мессия (Құтқарушы) келеді. Әрине, мұндай көзқарастан біз Шеллингтің бірте-бірте теософиялық ағымға өтіп бара жатқанын байқаймыз.

Шеллинг еріктік мәселесіне, Фихте саяқты, көп көңіл бөледі. Бірақ ол бұл категорияны қажеттікпен тығыз үштастырады.

Еріктік дегеніміз - ол тарихи қажеттікті танып-білу, ал оның кілті - жеке адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткені әр адам өз өмірінің шеңберінде өзінің жеке мақсаттарын қойып, соған жетуге тырысады. Бірақ барлық адамдардың қосыла жеткен тарихтағы нәтижелері басқаша болып шығады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: