Элей мектебі. Парменид пен Зенон 18 страница

Гегельдің философиясының алғашқы негіздерін зерттей келе, Фейербах оның түп-тамырының теологияға кететінін айқын көрсетеді. Фейербахтың ойынша, қайсыбір идеализм, соның ішінде Гегельдің философиялық жүйесі де - дүниеге деген нәзіктелген діни көзқарас. Табиғаттың алдында өмір сүріп жатқан логикалық категориялар жөніндегі Гегельдің ілімі - басқаша сөздермен айтылған Дүниені Жаратушы идеясы. Ойлауға қабілеті бар пенделерден басқа материядан тыс өмір сүріп жатқан таза ойлау еш жерде жоқ. Материя рухтан шықпайды, керісінше, материя рухты тудырады. Адамның ойлау қабілеті - ол қандай ғажап болса да -мидың қызметінен туады. «Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, сонымен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық саналықтың, беймақсаттық мақсаттылықтың алдында өмір сүреді». Фейербахтың ойынша, рух дегеніміз - ол іс-әрекеттегі адамның қабілеті, қасиеті. Денеден бөліп алып, адамның шектелген және соңы бар өмірінен босатып қаралған рух Құдайға айналады. Мән дегеніміз - ол ұғым ғана, оны адамның денесін қүрастыратын сүйектерімен салыстыруға болады. Бірақ тірі адамның денесі, еті мен қаны да бар. Бірақ Гегельдің философиясы тек өлімтікті жеп қоректенетін қорқау саяқты, Дүниенің қаңқасымен ғана қанағаттанады.

Олай болса, философия өзінің қайнар көзін болмыс ұғымынан емес, нақ болмыстың өзінен бастауы қажет. Онда біз заңды түрде жалпылықтан емес, жалқылықтан бүкіл философиялық ұғымдар-ды шығаруымыз керек. Өйткені қайсыбір болмыс - ол нақтылы болмыс - дүниеде болып жатқан «бірдеңе», «мынау», «анау». Болмыс жалқылық пен жекеліктен тұрса, ойлау - жалпылықты тудырады.

Таным мәселесін қарай келе, Фейербах агностицизмді қатты сынға алады. Оның ойынша, түйсіктер бізді Дүниеден алшақтатпайды, керісінше, бізді онымен байланыстырады. Ол - сыртқы Дүниенің бейнесі. Бұл жерде ол діни терминді қолданып, оны «Евангелие» (яғни «Ізгі хабар») ретінде түсінеді. Түйсіктер арқылы біз Дүние жөнінде хабардар боламыз.

Фейербах Дүниенің көптүрлілігін мойындайды. Материяның өмір сүру формасы - ол қозғалыс, ал ол қажетті түрде кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, олар болмыстың өмір сүруінің негізгі жағдайлары. Табиғаттың өзінің себебі өзінде, оны ешкім тудырған жоқ, ол мәңгілік өмір сүреді. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкім және еш нәрсе жоқ. Табиғатта ақыл-ой жоқ, ол адам арқылы ғана ақыл-ойға ие болады. Адам арқылы ғана ол өзін-өзі түсіну дәрежесіне көтеріледі. Тек адам ғана өзінің іс-әрекет жасау негізінде табиғатты қайта өзгертіп, өзінің санасын табиғатқа таңады.

Олай болса, рух дегеніміз - ол тірі пенде, адамның қасиеті, ойлау мүшесі - ми адамның денесіне жатады. Сондықтан адамды Қр,ай жаратты деген жалған аңыз Құдайдың өзін адам тудырды деген шынайы білімге негізделген қағидаға ауыстырылуы керек.

Осы мақсатты өз алдына қойып, оны өмірге енгізу жолында Фейербах қажымай-талмай, батыл жұмыс жасады. Оның ойынша, қалың бүдараның Құдайға сенуінің қайнар көзі адамның жан дүниесінің құпияларында жатыр. Солардың ішіндегі ең негізгілерінің біреуі - адамның табиғаттың орасан зор күштерінен қорқып, соларға тәуелді болуы. «Үрей кұдайларды тудырды. Барлығын билеп-төстейтін бұл үрейдің өзін кім тудырды? Оны тудырған тірі пенденің бақытқа деген ұмтылысы», - деп қорытады ол. Қаһарлы я болмаса мейірбанды Құдайлар адамдардың құмартуының тұңғиығы мен шытырман қажеттіктерінен шығады. Сонымен адамдардың сан алуан мұқтаждықтары мен содан шығатын тілектері - діннің дүниеге келуінің әкесі. Ал сонда оның шешесі кім? Фейербахтың ойынша, ол адамның бақытқа деген іңкәрінен шығатын қиялдары, яғни таным процесіндегі қиындықтарда жатыр. «Адамның надандығының түбі және қиялының шегі жоқ. Надандықтың арқасында өзінің негізінен айырылған табиғат күштері шексіз қиялдауға қосылып, Құдіретті Құдайды тудырады».

Сонымен қатар Фейербах діннің психологиялық түп-тамырына да терең мінездеме береді. Ол - адамның өлместікке деген іңкәрі, соның себебінде қайсыбір діннің «о дүние» жөніндегі ғажап қағидасына сенуі. «Адам өзінің өмірінің соңдығын, әлсіздігін, шектелгенін басқа еш нәрсеге қарағанда өлімнен қашып қүтыла алмайтындығынан ең терең сезініп тебіренеді», - деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен дін дегеніміз - құпияландырылған қиялдың жемісі болып шықты.

Фейербах діннің ғасырлар бойы қалыптасқан екі формасын көрсетеді. Біріншісі - ол мистификацияланған (құлияланған, құдіретгелген) табиғат күштері. Екіншісі - ол адамның өзіне ұқсайтын Құдай идеясы. Ол жөнінде Фейербах былай дейді: «Шексіз де құдіретті Құдайдың мәні дегеніміз - ол адамның өзінен бөліп алынып, ерекше өмір сүріп жатқан саяқты адамның рухани мәнінің өзі».

Сонымен қатар Фейербах христиан дінінің езілген адамның рухани жұбатушысы ретіндегі қызметін көрсетіп, оны әшкерлейді. Оның ойынша, Құдайға сену - дүниедегі зұлымдықты құртуға бағытталған құралдар жөніндегі ойларды шетке шығарып тастайды. Адам Бұл дүниеде іске аспайтын ынталарына бола, іске асыра алатын тілектерін аяққа басады. Олай болса, Фейербах: «Мен Құдайды терістеймін, олай дегенім - мен адамды терістеуді терістеймін», - деп, Гегельдің тілімен оның іліміне қарсы шығады. Өйткені о дүниені терістеу дегеніміз - бұл дүниені орнықтыру деген сөз. Жарқын болашақ - ол сенімге емес, адамның өзінің борышына жатады.

Міне, енді біз Фейербахтың философиясының негізгі мәселесіне келіп тірелдік, ол - адам мәселесі. «Жаңа философия адамды және соның негізі ретіндегі табиғатты философияның ең негізгі универсалды пәніне айналдырады». Сондықтан біз Фейербахтың ілімін антролологиялық философия дейміз. Ол адамды, негізінен психо-физиологиялық пенде ретінде қарайды. Фейербахты неміс философтарының адамды тек қана рух ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бір жағынан, материалдық дене болатын болса, екінші жағынан, - ойлайтын рух. Фейербах көбіне адамның табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына келтіруге тырысады. «Мен» дегеніміз - ол ойлайтын рух қана емес, ол денесі мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеңістік пен уақыттың шеңберінде өмір сүріп жатқан тірі адамның өзі.

Фейербах адамның негізгі мінездемесі ретінде оның сезімдігін келтіреді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігіне Фейербах болмыс пен сезімдіктің теңдігін қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана «сезінетін пенде ғана - шынайы ақиқатты пенде». Сезімдік болмыс деп Фейербах біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүріп жатқан материалдық дүниені айтады. Олай айтқан себебі, Дүниедегі мате-риалдық заттар мен құбылыстардың өзіндік өміріне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрін тек қана адамга деген байланысы арқылы қарады, соңғының өзі сезімдік деректер арқылы адамға берілетіні сөзсіз. Екіншіден, адамның өзінің материалдығын, денелігін ойшыл сезімдік арқылы түсінеді. Адам түйсіктері мен сезімдерінің өзі - оның материалдық дене екендігін көрсететін бірде-бір дәлелдеме. Сонымен «мен» - сезімтал пенде, олай болса, дене адамның мәніне толық түрде кіреді. Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзін айыра алмайды деп түсінсе, адам, өзінің мәнін болмыстан айыра алатын пенде.

Фейербахтың сезімдік қағидасының гносеологиялық (танымдық) жағы да бар. Айнала қоршаған ортаны танып-білу сезімдік қабылдау, түйсіктер, андау арқылы жүреді. Оның айтуынша, тек сезімдік аңдаумен анықталған, бағытталған ойлау ғана шынайы. Егер ойлау сезімдіктен алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзіп, өзінің шеңберінен шыға алмай адасады.

Сезімдіктің тағы да бір аса мәнді жағы - оның ішіне қажетті түрде сүюдің енуі. Фейербахтың ойынша, «біздің сүймейтін, сүюге болмайтын нәрсеміз - ол жоқ», «сүю жоқ жерде - ақиқат та жоқ», «сүю - заттардың бізден тыс өмір сүруінің шынайы онтологиялық дәлелдемесі». Әрі қарай өз ойын жалғастырып, Фейербах сүюді іңкәрмен теңейді. Олай болса, тек іңкәр ғана - заттың өмір сүруінің анықтамасы. Тек іңкәрдің ұмтылған заты ғана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерін субъективті-идеалистік бағытта қарауға бол-майды. Оның айтқысы келгені - адам өзінің керек қылатын заттарына, өмірлік құндылығы бар құбылыстар ға немқұрайды қарамайды, ол оларды сүйеді, оларды игеруге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың адамнан тыс өмір сүріп жатқаны оған айқын көрінеді. Егер ол өзі сүйетін, керек қылатын заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып-қамығады, зардап шегеді. Оның өзі шынайы өмірде керек нәрсенің жоқтығын, оның біздің жан-дүниемізден тыс өмір сүретінін көрсетеді.

Фейербахтың философиясында әлеуметтік, моральдық мәселелерге көп көңіл бөлінген. Ол өз заманындағы қоғамдық қатынастарға қанағаттанбайды, әсіресе христиан дінінің осы Дүниенің құдіретті Жаратушысы Құдайдың өзіне сеніп, адал болған адамдарға мәңгі рақатқа бөленген о дүниедегі өмір беріледі деген негізгі қағидасына теріс баға беріп, ол қарапайым адамдардың осы өмірдегі жағдайларын жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергі келтіреді деген пікір айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгілік өмірге сену - жердегі өмірдің құндылығын жояды.

Бірақ Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өміріне бәрібір діннің керектігін мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бірін-бірі ауыстыратын үлкен дәуірлер діндердің ауысуымен тығыз байланысты. Олай болса, өзінің мүмкіндіктерін сарқыған христиан дінінің орнына жаңа дін керек. Ол дін Құдайға деген сүйіспеншіліктің орнына адамды сүюді қою керек. «Христиандықтың мәні» деген негізгі еңбегіндегі соңғы тарауында Фейербах «Адам адамға - Құдай» деген пікір айтады. Сонымен бүкіл философиясы материалистік бағытта болған философ мүлздай көзқарасқа неге келеді деген сұрақ біздің ойымызға еріксіз келеді. Оның ойынша, адамдардың бір-біріне деген қатынастарына діни бітім берілмесе, олар өзінің гуманистік (адамгершілік) қасиетте-рінен жүрдай болады, өйткені ондай жағдайда адамдар өздерінің табиғи өзімшілдігінен арыла алмай қалады. Дінсіз болу - тек адамның өзін ғана ойлауымен тең, дінге сену - басқаларды да ойлаумен бірдей, - дейді Фейербах.

Енді, міне, Жаңа замандағы материалист-ойшыл Фейербах бұл мәселеге қандай жаңалық әкелді екен? Оның ойынша, еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезімге негізделген сүйіспеншілік осы жаңа діннің арқауы болуы керек. Өйткені адам табиғи-биологиялық пенде болғаннан кейін, оның түйсіктері мен сезімдері оны алдамайды, тек қана сүйіспеншіліктен басқа шынайы практикалық және органикалық нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пікірін айтады. Олай болса, «аспандағы ләззаттан» гөрі, адам жердегі «сезімдік бақытқа» ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бір-бірін сүйетін «сен» мен «меннің» қарым-қатынасы. Адамдардың бір-біріне деген қажеттіктері оларды бір-бірімен теңеп, толтастырады. Егер адамдар Құдайға сенуден гөрі, өздеріне сеніп, адамның өзін Құдай ретінде қараса, онда барлық адамдардың арасында, олардың жынысына қарамай, достық қарым-қатынастар қалыптасып, коммунизмге жол ашылар еді, - дейді ұлы ойшыл. Осындай өздерінің рухани-адамгершілік ойларымен Фейербахтың есімі біздің санамызда сақталып қалады.

Дәріс №8

19 ғасыр мәдениетіндегі бейклассикалық философия. Маркстік философия

Дәрістің мақсаты: класикалық және бейклассикалық ұғымдарды ажырату мәнін ашу, ақыл мен сезім арасындағы айырмашылықтарды, таным процесіндегі рөлін анықтау

1. Марксизм философиясы

2. Иррационалды философияның қалыптасуы

3. Волюнтаризм ілімі: А.Шопенгауэр, Ф.Ницше

4. Сезім философиясы: С.Кьеркегор, А.Бергсон, Дильтей

Маркстік философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының XX ғасырдағы өмірі мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік эксперименттің қүрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі Дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар сол заманға әртүрлі баға беруде. Біреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнің дүниеге келуімен теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдігі» орнаған қауым деп есептесе, екіншілер өткен тарихқа өкіне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, білім беру, денсаұлық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспірім балалар мен әлсіз қалған кәрілерге деген мемлекеттің көмегіне жылы шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға беріліп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмірге енгізуіміз керек деген пікірлер бүгінгі таңда аз емес.

Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстік философия - дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биік шыңы» деген пікірде болғанбыз. Содан кейін, өтпелі қоғамның шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де көптеп пайда болды.

Әңгіменің шынына келсек, маркстік философия - адамзаттың рухани ізденісінің көп шыңдарының біреуі, оны асыра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сіз бұл ілімнің негізгі қағидаларын зерттеп, оны басқа ілімдермен салыстырып және бүгінгі адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен байланыстыра отырып, өз бағаңызды өзгертер деген ойдамыз.

Маркстік философияның негізін қалаған екі неміс ойшылы Карл Маркс (1818-1883 жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) болды. Егер К.Маркстің әкесі - сол кездегі ірі заңгерлердің бірі болса, Ф.Энгельс өзінің жекеменшіктегі фабрикасы бар іскердің отбасында дүниеге келеді. Сондықтан олардың екеуі де өз заманындағы үлкен жоғары оқу орындарда оқып, білім алады. Студенттік жас кездерінде олар «жас гегельшілердің» қатарында болғанымен, сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрі, революциялық демократизм жолына қарай итермелейді. Олардың шынайы революциялық көзқарастарының қалыптасуына, әсіресе 1848 ж. Батыс Европа елдерінде өте шиеленген қайшылықтардың негізінде пайда болған революциялар өзінің зор әсерін тигізді. Дәл осы кезде олардың философиялық көзқарастары өзінің кемеліне келіп, айрықша жүйе ретінде қалыптасты. Оның негізгі өзегі - дүниені түсініп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттігі, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негіздеуі қажет. Әрине, мұндай мақсат билік басындағылардың үрейін туғызды. Осы айтылған себептердің негізінде К.Маркс қуғындауға үшырап, калған өмірін Лондон қаласында өткізуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмірінің аяғына дейін қолдағанмен, К.Маркс кедейліктің, аурудың, кейбір балаларының өлімін т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткізіп, соған қарамастан, өмірінің аяғына дейін өзінің ғылыми еңбектерін жазып, жұмысшылар қозғалысына белсенді қатысып, өз ілімінің жарқын болашағына сенді.

Енді, әңгімені нақтылай келіп, маркстік философиядағы жаңалықтарға келер болсақ, онда қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына ең бірінші тоқтауға тура келеді. Мұның өзі материализм бағытындағы негізгі кемшілікті - табиғатты материалистік тұрғыдан түсінгенмен, қоғам өміріне келгенде идеалистік жолдан шыға алмауын - жойып, дүниеге деген толыққанды материалистік көзқарасты тудырды. Әңгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам - ойының оның жасайтын іс-әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейін ғана ол іске асады. Сондықтан ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы қолбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердің т.с.с. ойлары мен еркінде деген пікірден шыға алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргізіп отырған саясатына кім шешуші ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың мәселелері көбінесе мемлекет басшыларының көңіл-күйіне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негізінде француздардың - әйелді іздеңдер деген нақыл сөздері пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (әкесі мен баласы) «20 жылдан кейін», «10 жылдан кейін», «Виконт де Бражелон» т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың негізінде көрсетілген. Сол заманда өмір сүрген философ Монтескьенің өзі де осындай көзқараста болған, оның ойынша, тарихтың дамуы көбінесе жақсы заңдардың шығарылуымен байланысты. Ал заңдарды жасайтын адамдардың өзі-ақ емес пе, олар заңгерлердің рухани шығармашылығының туындысы ғана.

Күні бүгінге дейін қарапайым сананың шеңберінде біз осындай көзқарастың әлде де болса өмір сүріп жатқанын байқаймыз. «Кеңес Одағы неге құрдымға кетті?» - деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтің, ия болмаса Ельциннің, Кравчуктың т.с.с. сол кездегі өкімет басындағы адамдардың іс-әрекеттерімен байланыстырады. Тіпті кейбіреулер оның себебін Раиса Максимовнаның (Горбачевтың әйелі) мемлекеттік саясатқа ықпал еткенінен көреді. Ақырында, біз «әйелді іздеңдерге» тағы да келеміз. Ал әңгіменің шынына келсек, Кеңес Одағының өмірден кетуі - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндіргіш күштердің даму қарқыны төмендеп кетіп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда болуында т.с.с.

Әрине, маркстік философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлін шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлері». Бірақ олар мәселені тереңдете қарайды - сол белгілі бір уақытта өмір сүріп жатқан қоғамдағы өзекті идеялардың түп-тамыры қайда кетеді? Неге уақыт өткен сайын бір идеялардың орнына екінші идеялар келеді? Осы сұрақтарға жауап бере келіп, К.Маркс адамдардың сана-сезімінің өзі олардың өмір сүру жағдайларымен тығыз байла-нысты, соларға тәуелді екенін ашады. «Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды», - деген тұжырымға келеді. Әрине, қоғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді, олардың әрбіреуі өзінің алдына өмірлік мақсаттар қойып, соларды іске асыруға тырысады. Көбінесе сол мақсат-мұраттар мен ұмтылыстар бір-біріне қайшы келіп, бір-бірін тежеп теңестіріп жатады. Сол күштердің параллелограмы тарихи процесті тудырады. Жалпы алғанда, қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзінің белгілі бір қажетті сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес Одағының құруының тағы да бір себебі - Лениннің әяі капиталистік сатыға толық жетпеген, соның шеңберінде дамып кемеліне келмеген қоғамға, сол сатыдан аттап өтіп, социалистік қоғамды озбырлық жолмен таңуында болса керек. Нәтижесінде, нешетүрлі трагедиялардан өтіп, біз социализмнің дүниеге ерте уақытсыз келген әлсіз бұрмаланған түрін орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмірін қүрбан еттік. Енді, міне, «ұлы мәртебелі Тарих» біздің жағамыздан ұстап, сендер қайда кеттіңдер деп, бізді аттап өткен сатымызға қайта оралтып жатыр.

Бүгінгі таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, міне, тарихтағы солшыл саясатқа барып тіреледі, оған Маркс кінәлі емес. Қоғам өміріндегі саяси, құқтық, моральдық, діни т.с.с. көзқарастардың рөлі қаншалықты үлкен болғанымен, олардың өзі белгілі бір сатыдағы өндіріс тәсілінің нәтижесі ретінде қаралуы керек.

Маркстік философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат беріледі. Бү-рынғы материализмге келер болсақ, олар танымды түйсіктер арқылы бейнеленетін аңдау ретінде түсінді: сыртқы дүние біздің сезімдік мүшелерімізге өзінің ықпалын тигізіп, адамның дүниені қабылдауьш туғызады, яғни адам - енжар келетін қабылдаушы ғана, ал белсенділік сыртқы дүниедегі затгар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстің ойлауына қарағанда, қайсыбір дүниетаным субъект (адам) пен объектінің (сыртқы дүниедегі танылатын зат) өзара байланысы мен іс-әрекетінен тұрады. Адамның назарына, іс-әрекетіне түспеген таза объект - ол табиғаттың шикізаты ғана. Ф.Энгельстің айтуына қарағанда, «жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейін адамның ойлауына тигізетін іс-әрекеттің ықпалып зерттеуді есепке алмады. Олар, бір жағьшан, табиғатты ғана, екінші жағынан, ойлауды ғана білді. Бірақ адамның ойлауының ең жақын да мәнді негізі тек сол жалғыз табиғаттың өзінде ғана емес, сол табиғатты адамның өзгертуінде, тек сол өзгерістерге сәйкес адамның ақыл-ойы әрі қарай дамиды». Тек адамның белсенділігі арқылы зат танылып, оның іс-әрекеті арқылы қайта қүрылып, оның қажеттіктерін өтейді. Сонымен танымды ерекше алдау ретінде түсіну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция ғана. Шынайы өмірдегі таным - ол затты белсенді түрде субъектінің игеруімен тең.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: