Болмыс философиясы (Онтология ) 5 страница

Детерминизм. Себеп пен салдар

Дүниедегі сан қилы заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болып, бір-біріне өз әсерін тигізіп, өзара өзгеруде. Алайда біз Дүниеде ретке келтірілген өзгерістерді, я болмаса тәртібі жоқ тұңғиықты байқаймыз ба? Бүгінгі таңдағы деректерге сүйенсек, Дүниеде, бір жағынан, өзіндік ұйымдасу, күрделену, тәртіпке келу үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, құлазу, ыдырау, термоди-иамикалық теңдікке жету өзгерістері де бар.

Детерминизм (ёеіепліпо - латын сөзі, анықтаймын) Дүние-дегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың иегізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады.

Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, я болмаса құбылыс жоқ. Ал байланыс дегеніміздің өзі өзара іс-орекетке әкелетіні де сөзсіз. Олай болса, затты қоршаған басқа іаттар мен құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір сүруінің объективтік факторларын құрайды.

Қайсыбір даму үрдісі уақыттың шеңберінде өткеннен кейін, бір заттың орнына екінші зат келеді: әрбір өмірге келген нәрсенің өз себептері бар. Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, ең ақырғы күннің сәулесіне шалынған көзге әзер көрінетін шаңның да өзінің себебі бар.

Әдебиетте бейсебептіліктің негізінде пайда болатын детер-минация болуы мүмкін деген пікір бар (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Философия., Проспект, 1998, 403-6.). Алайда мұндай пікірдің бізді мистикалық (құлиялық), иррационалдық (ақылға сыймайтын) бағытқа сілтейтін салдарын да ұмытпағанымыз жөн.

Заттардың өзара әрекеті белгілі бір заңдылықтардың негізіщя рет-ретімен іске асады, Бұл да - детерминацияның ерекшеліктерініи бірі.

Детерминизмге қарсы тұрған бағыт - индетерминизм (іп -I қосымша, лат., теріс мағына береді), яғни болмыстың өз себептілі-і гін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, И.Кант) себептілік тек біздің Дүниені қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде ол жоқ деген пікір айтады.

Үшінші бағыт (неоКантиандық) табиғатта себептілік болуы мүмкін, бірақ адам ырқы оған көнбейді, өйткені ол - саналы пенде, оның еріктілігі мен жауапкершілігі бар. Жалпы алғанда, рухтың дамуын себептілік арқылы түсіну мүмкін емес деген ой айтады.

Детерминизм категориясын толыққанды зерттеу тек қана себептілікті талдаумен тең емес. Сонымен қатар «заң», «заңды-лық», «мүмкіндік пен шындық», қажеттілік пен кездейсоқтық», «еріктік пен тәуелділік» т.с.с. ұғымдарды пайдаланып қана оны жете түсінуге болады. Енді соған кірісейік.

«Себеп пен салдар» - детерминизм категорияларының негізгі-леріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстарды ң белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасьшың негізінде тек қана студент емес, сонымен қатар оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі әлектрон мен позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып, екі фотонға айналуына әкеледі.

Себеп салдарды зат, энергия, ақпараттық ықпал арқылы іске асырады. Екінші бір ескеретін нәрсе - себеп пен салдар уақыттың шеңберінде болғаннан кейін, олар бірбағыттылықтың негізінде жүреді, яғни салдар себептің алдына ешқашанда шығып кете алмайды, соңғы әрқашанда - алда. Сонымен қатар бір құбылыстың артынан екіншінің келуі себеп пен салдардың Нәтижесінде болмауы да мүмкін. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, судың көтерілуі мен кері кетуі, т.с.с. табиғи құбылыстар бір-бірін себептік байланыс арқылы тудырмайды, олардың бір-біріне өтуі - жердің айналысы, айдың тартуымен байланысты құбылыстар.

Қоғам өмірінде саналы адамдар іс-әрекет етіп, шым-шытырық байланыстарға түскеннен кейін, шынайы себеп астыртын түрде іскс асып, сылтау саяқты көрінуі мүмкін. Ол әсіресе халықаралық дипломатияда кеңінен кездесетін нәрсе. Мысалы, АҚШ «халықа-ралық терроризмге» қарсы күресеміз деп, талай рет Ирак мемле-кетін бомбалады, ол, әрине, сылтау. Шынайы себеп сол аймақтағы мұнай байлығында, соған тартыста жатыр. Ал халықаралық ісрроризмге келер болсақ, оның терең себептері - кедей елдердегі халықтардың дамыған елдердің дене ләззатына бағытталған «материалдық-сезімдік» құндылықтарына қарсылығы, соған қосыл-ган жұмыссыздық, қайыршылық т.с.с. факторлар.

Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана «жабық жүйелерде» кездеседі. Оны былайша көрсетуге болады:...А-Б-С-Д... яғни А себеп ретінде Б-ні, Б - С-ні т.с.с. тудырады. Сонымен әрбір құбылыс, бір жағынан, белгілі бір себептің салдары болса, екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады.

Ал күрделі де ашық жүйелерге келсек, онда олардың көбі «кері байланыстың» негізінде өмір сүреді. Мысалы, қайсыбір машинаның моторы жұмыс істеген кезде, оның қызуына әкеледі, гемпература белгілі бір нүктеге жеткен кезде, вентилятор іске қосылып, оның қызуын төмендетеді де, тоқтайды, мотор тағы да қызғанда, айтылған механизм тағы да іске қосылады... Мұндай жүйелер кері байланыстың үлкен рөлін көрсетеді.

Философиялық әдебиетте әсіресе діни философияда «бірінші себеп» (саиза ргіта), «соңғы себеп» (саша йпаіік) деген катего-риялар кездеседі. Дүние іш және сырт жағынан да шексіз болғаннан кейін, «бірінші», я «соңғы» себеп болуы мүмкін емес. Оны мойын-дау қажетті түрде осы Дүниені тудырған «Құдай идеясына» әкеледі.

«Соңғы себеппен» байланысты телеологиялық (Іеіеоз - грек сөзі, - мақсат-мұрат, 1о§О8 - ілім) детерминация болып табылады. Оны қолдайтын ойшылдар ерекше телеономдық себептер барын мойындайды. Ол «не үшін туды?», «қандай мақсат үшін жара-тылды?» деген сұрақтарға жауап береді. Яғни алдын ала берілген мақсат (соңғы себеп) сол заттың дамуына себеп болады деген сөз. Мысалы, XX ғ. өмір сүрген ұлы діни философ Теяр де Шарден Дүниенің жаратылуы мен дамуында мақсатқа лайықтылықтың негізінде дамып жатқан рухани күш бар дейді. Физикалық энергия ыдырау үстінде болса, рухани күш Дүниені күрделендіріп, жетіл-діріп алдын ала берілген «Омега нүктесіне» (Құдайға) жақындатуда.

Әрине, әрбір тіршілік формасы өзінің іштей берілген «өмір бағдарламасының» негізінде дамиды. Ал тіршіліктің шындықты алдын ала бейнелеу қасиетінің қалайша табиғи түрде пайда болғанын біз жоғарғы тарауда сөз қылғанбыз. Ал қоғам өмірінеі келер болсақ, онда ғалымдар мен мамандар, саясаткерлер неше түрлі бағдарламалар жасап, соларды іске асыруға тырысады. Мақсат-мұрат дегеніміз - ой елегінен өткізіліп, болашаққа бағыт-талған идеалдық нәтиже. Бірақ ешқандай бағдарламалар толығы-нан орындалмайды, себебі, оны іске асыру барысында неше түрлі ескерілмеген жағдайлар пайда болып, көбінесе оның іске асуына өзінің теріс әсерін тигізеді. Ал ол жағдайларды күні бұрын ешкім де біле алмайды. Дегенмен де алға қойған үлкен мақсат зор күш-қуатты оятып, адамды үлкен белестерге көтеріп тастайды. Елдің президентінің тікелей қатысуымен жасалған үлкен бағдарлама «Қазақстан-2030» жаңа тәуелсіздігін алған халыққа зор рух беріп, оны үлкен белестерге көтеруде. «Генерал болам!» деп армандаған жасөспірім сол жолда қажымай-талмай еңбек етсе, полковник дәрежесіне көтерілуі мүмкін, тіпті одан да асып, маршал атағына ие болуы ғажап емес. Сондықтан, жас дос, өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып, соны іске асыруға тырыссаң, еміріңнің мән-мағынасы сонда ғана ашылады.

Мүмкіндік пен шындық. Мүмкіндік пен шындық ұғымдары себептілікті толықтырып, даму барысын терең түсінуге мүмкіндік береді. Кең түрде алғанда, шындыққа бүкіл өмір сүріп жатқан ғажап Дүние жатады. Тар мағынада шындық деп кеңістік пен уақыттьщ шеңберінде өзінің мән-мағынасына толы нақтылы өмір сүретін жеке объектіні айтамыз.

Ал мүмкіндікке келер болсақ, ол - заттың бүгінгі болашағы, оның өзгеруі мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандары, алғышарттары.

Бұл категорияларды алғашқы философияға енгізген Арис-тотель болатын (сіупатіз - грек сөзі, мүмкіндік, епег§еіа - шындық; латынша: асШ§ - шындық, роіепііа - мүмкіндік). Оның ойынша, қозғалыс пен даму дегеніміз - мүмкіндіктің шындыққа айналуы: үрық - болашақ адамның мүмкіндігі, жерде жатқан мәрмәр тас -Венера мүсінінің мүмкіндігі, тастың шындығы, кірпіш - саздың шындығы, үйдің мүмкіндігі т.с.с. Аристотельдің ойынша, материя -таза мүмкіндік қана. Оны шындыққа айналдыратын эйдос, форма ғана. Кейбір кезде ол әнтелехия ұғымын пайдаланады.

Ортағасырлық философияда Аристотельдің кіргізген осы ұғымдары оның негізгі категорияларына айналады.

Жаңа Дәуірдегі көп ойшылдар шындықтағы себептілікті зерттеуге көп көңіл бөліп, мүмкіндікті теріске шығарып, я болмаса оны кездейсоқтықпен теңеді. Ал Кантқа келер болсақ, ол оларды тек қана ойға берілген априорлық модальдық категориялар ретінде түсінді.

Гегель мүмкіндік пен шындықты абсолюттік идеяның өз-өзін танудағы белгілі бір сатысындағы туындылары деп түсінді. Осы гұрғыдан алғанда, мүмкіндік - шындықтың абстрактылық сәті ғана, ал соңғы - мән-мағына мен өмір сүрудің, ішкі мен сыртқының бірлігі - нақтылы болмыс.

Маркстік философияда Бұл категориялар Дүниенің қозғалуы мен дамуының негізгі сәттері ретінде қаралады. Олар бейорга-никалық, тіршілік, қоғам, ойлауда өз көріністерін табады: қайсыбір мүмкіндік белгілі жағдайда шындыққа айналады да, сонымен қатар өзімен бірге болашақ өзгерістердің, мүмкіндіктердің ұрығын әкеледі т.с.с. Ол оның ішкі қайшылығынан шығады.

Мүмкіндік пен шындық жөніндегі бүгінгі түсініктерге келер болсақ, шындық дегеніміз - заттың актуальдық болмысы, ал мүм-кіндік - ішкі қайшылықтан шығатын заттың дамуының бағыттары, алғышарттары.

Нақтылы шындық өз даму барысында біршама мүмкіндік-терді бойында сақтайды. Бірақ оның көлемі шексіз болмайды - ол белгілі бір заңдылықтармен шектелген. Мүмкін еместік - заттың объективтік заңдылықтарының шеңберінен шығатын мүмкіндік, ол ешқашанда өмірге келмейді. Мысалы, кәрінің жасөспірімге айналуы, я болмаса күннің үстінде тіршіліктің өмір сүруі т.с.с.

Сонымен қатар абстрактіліқ және шынайы мүмкіндіктерді айыру қажет. Абстрактіліқ мүмкіндік - заттың даму заңдылық-тарына қайшы келмегенмен, нақтылы ахуалда дүниеге келуіне жағдайлардың жоқтығын көрсетеді. Шынайы мүмкіндіктің өмірге келуге нақтылы алғышарттары бар, ол шындыққа уақыты келгенде айналады.

Мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін, негізінен, екі алғышарт керек. Олардың біріншісі - белгілі бір заңдылықтардың болуы, екіншісі - нақтылы керек жағдайлардың жасалуы.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әрбір шындық өз ішінде біршама мүмкіндіктердің ұрығын сақтайды. Сондықтан заттың дамуында белгілі бір бейнақтылық сақталады. Егер белгілі бір жағдай толығынан болмаса, онда ол мүмкіндік басқа мүмкін-діктермен бірге сол қалпында қала береді. Жағдай толығынан туған кезде ол мүмкіндік жеңіп, шындыққа айналады.

Өлі және тірі табиғатта мүмкіндіктер стихиялық түрде неше түрлі шытырман байланыстардың ішінде белгілі бір нақтылыі жағдай пайда болған кезде шындыққа айналады. Онда әсіресе і кездейсоқтықтың рөлі өте үлкен - оны келесі тарауда талдайтын боламыз. Бұл арада, тек мысал ретінде, қайсыбір тіршіліктің шашатын ұрығының саны мен солардың шындыққа айналатын санын келтірсе де болады. Миллиондаған балықтың уылды-рығынан ондағаны ғана өсіп-өніп, балыққа айналады. Қалғандары лайықты жағдайға кез болмай құриды, яғни мүмкіндік шындыққа айналмай қалады.

Қоғам өмірінде жағдай басқаша қалыптасады, өйткені оларды адам саналы түрде өз қолымен жасайды. Адамдар қалалар салып, жасанды көлдерді тудырады, өсімдіктер мен жануарлардың даму мүмкіндіктерінің ішінен қолайлысын тауып алып, оның шындыққа айналуына жағдай тудырып, көмектеседі. Мысал ретінде бидайдың қуаңшылыққа қарсы тұра алатын сорттарын дүниеге әкелу, сүтгі көп беретін сиырлардың тұқымын шығару т.с.с. айтуға болар еді.

Сонымен қатар айнала қоршаған ортаны жасанды өзгертуде адамзат көп келеңсіз нәтижелерге де жетті, өйткен себебі, бір ғылыми жаңалықты енгізіп, оның пайдасын табу жолында оның өзімен бірге әкелетін теріс жақтарын көбінесе болжай білмейді. Соңында оның пайдалы жағы теріс жағынан кем болып шығып, жаңа мәселелерді тудырады. Оның мысалы ретінде бүгінгі таңдағы экологиялық дағдарысты келтірсе де жеткілікті.

Мүмкіндік пен шындықтың қоғам өміріндегі көрінісіне келсек, онда адами фактордың орны ерекше. Ол адамдардың саналы іс-әрекеті, қажымас қайраты, саяси және құқтық пісіп-жетілгені, күш-қуаты, үйымдасу деңгейімнен т.с.с. байланысты. Мысалы, бүкіл дүниежүзілік қауымның соғысқа қарсы іс-әрекетінің негізінде ядролық соғыстың болу мүмкіндігі толық жойылмағанмен, алыстады деп айтуға қүқымыз бар. Оны дүниежүзілік деңгейде жою үшін, жаңа халықаралық экономикалық тәртіп орнатып, алпауыт дамыған елдердің әлсіз елдерді, олардың табиғи байлық-тарын қанауын тоқтату керек. Оның біздің елге де қатысы бары сөзсіз. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оны оқырман өз рухани толғауымен толықтырады деген ойдамыз.

Қоғам дамуындағы мүмкіндіктерді сараптап, ең тиімді шешім-дерді қабылдауда саясаттың орны ерекше. Сондықтан саясатты кейбір кезде «мүмкіндіктід өнері» дейді. Саясатта қоғамның барлық ресурстары есепке алынып, «мақсатқа лайықты» шешімдер қабылданады.

Қажеттілік пен кездейсоқтық. Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажеттілік пен кездейсоқ-гық өзара диалектикалық байланысының Нәтижесінде іске асады. Ойткені Дүниеде, бір жағынан қажеттілік, екінші жағынан, кездейсоқтық бар.

Қажеттілік деп зат, я болмаса құбылыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтарын айтамыз. Кездейсоқтыққа келер болсақ, ол болуы, я болмауы да, өмірге енуі, я енбеуі де мүмкін.

Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі қажеттілікті мойындаған. Мысалы, Демокрит Дүниедегі қажетгілікті атомдар-дың қозғалысы, бір-бірімен соқтығысуы, байланысынан көреді. Оның ойынша, Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, олай болса, кездейсоқтық та жоқ. «Тек біз себебін білмеген затты кездейсоқтық деп есеп-тейміз», - дейді ұлы ойшыл. Сондықтан әр нәрсенің себебін білуге ұмтылу қажет. «Мен өзім танылмаған бір нәрсенің себебін білуге бола, парсылардың тағынан да бас тартар едім», -деген Демокрит жөніндегі аңыз осы уақытқа шейін сақталған.

Мұндай көзқарасты Жаңа Дәуірдегі ұлы ойшылдар да қолда-ған болатын (Б.Спиноза, П.Гольбах т.б.). Қажеттілікті себептілік-пен теңеген ойшылдар заңды түрде кездейсоқтықтан бас тартып, Дүниедегінің бәрі де қажетті деп түсінді. Олай болса, Дүниеде кездейсоқтық болмаса, тек алдын ала берілген қажеттілік, тәртіп болса, онда еш нәрсені өзгерте алмайсың, тағдырдың (фатализм) тәлкегінің бәріне көнуден басқа шара қалмайды деген ой келеді.

Мұндай пікірді қанағат етпеген ойшылдар, керісінше, Дүниеде еш қажеттілік жоқ, бәрі де кездейсоқгық, олай болса, ешқандай заңдылық, тәртіп жоқ деген пікірге келген болатыи, Мысалы, А.Шопенгауер: «Дүниенің негізі материяда, я болмасн санада емес, өзін бұлдыр сезінетін, мақсат-мұраты жоқ, тек өмірге деген талпынысы бар соқыр дүниежүзілік ерікте», - дейді. Ал мұндай жағдайда да адам еш нәрсе жасай алмайды, бейсаналық ерік оның ісін бір сәтте-ақ жоққа шығарады.

Идеалистік философия желісіне келер болсак, олар қажет-тілікті дүниежүзілік рухтың, я болмаса Құдайдың құдіретті күші ретінде түсінеді. Ал Кант өз философиясында қажеттілікті адамның Дүниеге енгізетін ойлау формасы ретінде қарады.

Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысын терең зерттеген Гегель болды. Қажеттілік заттың өзіндік ішкі себептерінен, оның мән-мағынасынан туындайтьш болса, кездейсоқтық сыртқы құбылысынан, басқа заттармен байла-нысынан пайда болады.

Алайда Мұндай көзқарас та бүгінгі әдебиетте сынға алынады. Заттың сыртқы байланысынан шығатын кездейсоқтық, сол затты одан да кең жүйенің шеңберіндегі әлементі етіп қарағанда, қажеттілікке айналады. Оны шексіз кеңіте берсек, Дүниеде тағы да кездейсоқтыққа орын қалмайды (қараңыз: Материалистическая диалектика., т.1, М., Мысль, 1981, 205-6.).

Сондықтан Бұл тұжырымды жақтайтындар қажеттілікті мүм-кіндік категориясымен байланыстырып қарайды. Онда қажеттілік белгілі бір жағдайдағы қалыптасатын жалғыз мүмкіндіктің ертелі-кеш шындыққа айналуымен тең болып шығады.

Жоғарыда көрсетілген пікірдің әлсіз жағы: ешқашанда қай-сыбір затты алсақ та, ол жалғыз мүмкіндіктен түрмайды. Сонымен қатар белгілі бір жағдайда бірнеше мүмкіндіктің шындыққа айналуының сәтті болуы да ғажап емес. Егер біз асықты лақтырсақ, төрт жағының біреуіне тұрады (бір жолы «бүк» болса, екінші жолы «шік», я болмаса тағы да «бүк», я «тәйке» болуы мүмкін. Мұны кездейсоқтыққа жатқызуға болады. Бірақ олардың бәріне бірдей жалпылық - бір жағына қалайда түру - қажеттілік болып шығады.

Қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысының терең мәні - Дүниедегі таза қажеттіліктің жоқтығы. Сондықтан қажеттілік әрқашанда кездейсоқтық арқылы көрінеді. Кездейсоқтықтың өзі болмыста терең тамырланған, ол заттың дербестікке, тәуелсіздікке деген «ұмтылысынан» шығады.

Кейбір студенттер, таза қажеттіліктің мысалы ретінде мегаүр-дістерді, соның ішінде күн жүйесін келтіреді. Мысалы, жер мен іійдың айналу координаттарын есептеп, 1000 жылдан кейін жердің неше градус ендігі мен бойлығының түйісінде қай күні, сағаты, минутында күн түтылу басталатынын айқындауға болады. Ал мұның өзі таза табиғаттың қажеттілігін көрсетеді.

Әрине, мұндай мысалды теріске шығару онша қиын шаруа емес. Ғарыштағы неше түрлі кездейсоқтықтарға байланысты күнбе-күн жерді мыңдаған метеориттер бомбалайды. Көбі жердің бетіне жетпей жанып кеткенмен, біршамасы жерге жетеді. Мүмкін, алда-ғы мың жылдың шеңберінде жердің бетіне «Тунгус метеориті» саяқты үлкен болит те (көлемі бірнеше шақырымды алатын ғарыш-тағы үлкен тастар) құлауы мүмкін. Сондықтан мың жылдың шеңберінде жер ауырлап, оның орбитасына аз да болса өзгерістер енетіні - хақ. Ал астрофизиктердің айтуына қарағанда, айдың өзі жыл сайын бірнеше метрге жерден алыстайды екен. Олай болса, осы фактордың өзі ғана болашақ «таза» қажеттілікті теріске шыға-рады. Жоғарыдағы айтылған координаттың өзі де өзгеріп, сағаты мен уақыты да басқаша болады. Бірақ сол өзгерістерге қарамастан, күн тұтылады, өйткені ол - табиғаттың қажеттілігі. Яғни күн жүйесінің өзінде де таза қажеттілік жоқ, оған да кездейсоқтық факторлар өзгеріс енгізіп отырады.

Келесі мысал ретінде жастардың уақыты келгенде үйленуі, отбасы құруы. Ол - табиғи қажеттілік. Бірақ әр жас азамат өзінің өмір шеңберінде кімді кездестіріп, сүйеді, таңдайды, ол көп кездейсоқтықтарға байланысты.

XX ғ. 70-ші жылдарында дүниеге келіп, тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғылым саласы - синергетика - тіпті кездейсоқ-тықтың қажеттікке қарағанда іргетастығын мойындайды. 13 млрд. жыл бұрын «ұлы жарылыс» басталғанда, сансыз кездейсоқтықтың ішіндегі белгілі бір кездейсоқтық Ғарыштың осы түрін туғызып, Дүниеге тіршілік, ақыл-ой келді. Басқа кездейсоқтық іске асқанда, Ғарыштың басқа түрінің келуі мүмкін болатын. Бірақ, қалай дегенде де, Ғарыштың Дүниеге келуі қажеттілік.

Кездейсоқтықтың мән-мағынасы статистикалық (көп санды) үрдістерде әсіресе айқын көрінеді. Мысалы, Қостанай қаласында 250 мың халық тұрады екен. Сонымен қатар 50 мыңдай мәшине бар. Осы екі үрдістің тоғысқан жерінде жыл сайын 25-30 адам өледі. Ол, өкінішке қарай, көп санды үрдістердің тоғысуынан шығатын қажеттілік. Нақтылы адамның мәшине астында қалып қойып өлуі -таза кездейсоқтық. «Ол асықты, біз оған тағы да бір аяқ шай іш деп едік, отырмады. Егерде ол 5 минут кейін кеткенде, тірі болатын еді» - дейді өкініш пен қайғыдағы оның туысқандары мен жолдастары.

Ол - рас. Бірақ жыл сайын белгілі бір тұрақты сандағы адамдардыңі мәшине астында қалып қоюы - техникалық прогрестен шығатыні қажеттілік, олар - соның құрбаны.

Қазіргі кездегі статистика ғылымы қарқынды дамыған, компьютерлік бағдарламалардың негізінде жұмыс істейтін ғылым саласына айналды. Соның арқасында қоғам өміріндегі кейбір үрдістер зерттеліп, оған ықтималдық (вероятность) тұрғыдан баға беріліп, жүргізілетін саясатқа өзгерістер еніп отырады. Мысалы, әрбір отбасына шаққанда 1,8 баладан келеді, я болмаса халықтың саны бұгінгідей құндырамауы үшін, әр жанұяда 2,6 бала болуы керек, ал оның аз-мүз өсуі үшін кемінде 3 баладан болуы керек. т.с.с. Бірақ шынайы өмірде бір отбасында бір де бала болмауы мүмкін, ал келесісінде 6 бала болуы да ғажап емес.

Нарықтық экономикада миллиондаған адамдардың ынталы жасампаздық іс-әрекетінің Нәтижесінде, олардың арасында шым-шытырық, сан алуан байланыстар пайда болып, кездейсоқтықтың рөлі күрт өседі. Біреу кедейліктен байлыққа, келесі, керісінше, кездейсоқтықтың Нәтижесінде байлықтан тақырға отырып қалуы мүмкін. Алайда ол үшін іскерлік, ізденіс керек. Үйде енжар отыра берсеңіз, ешқандай кездейсоқтыққа ұшырамайсыз. Сонымен қатар мемлекет статистикалық ақпараттар арқылы экономиқаның қажетті сатыларын анықтап, оларға неше түрлі бағдарламалар мен заңдар арқылы өз ықпалын тигізе алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: