Болмыс философиясы (Онтология ) 4 страница

Екіншіден, тіршіліктің Дүниеге келуі зат және энергиямен қатар, информацияның рөлін анағұрлым арттырады. Қазіргі деректерге сүйенсек, тірі организмнің күрделілігі соншалықты, оның әр клеткасының өзегінде 10/32-ші дәрежедегі бит генети-калық мәлімет сақталады екен!! Егер әр адамның бойында Імлрд. жуық клеткалар болатын болса, онда, көркемдеп айтсақ, адам организм ретінде 1 млрд. табиғи компьютерден тұрады екен. Бұл не деген табиғаттың ойға сыймас ғажаптығы!! Сондықтан американ ғалымы Ф.Типлер: «Өмір дегеніміз - белгілі бір табиғи таңдаудың Нәтижесінде құрылған кодтық дәрежедегі информация», - дейді. Алайда, мұндай анықтаманың танымдық құндылығы өте төмен екендігін айтсақ та болады.

Жоғарғы айтылған қасиеттерден басқа өмір айнала қоршаған ортамен белсенді байланысқа түседі, егер тасты итерсеңіз, ол жылжиды, ал жыланды қозғасаңыз, ол сізден қашады, я болмаса шағып алады.

Барлық тіршілік өсіп-өніп, жаңа буындарды Дүниеге әкеледі, бірақ олар өткен ұрпақтармен ұқсастығы, сонымен қатар айырмашылығымен сипатталады. Жаңа қасиеттердің организмде жиылуының арқасында мыңдаған жылдар өте, тіршіліктің жаңа түрі Дүниеге келеді т.с.с. Яғни тіршілікте прогрессивтік даму үрдісі бар және ол өлі табиғатқа қарағанда анағұрлым тез қарқынмен жүруде. Бұл арада оның тарихи күрделену деңгейін қысқаша былай көрсетсе де болады: молекулярлық, клеткалық, организмдік, полуляциялық, биоценоздық, биосфералық деңгейлер.

Тіршілікті прогрестік тұрғыдан бағалау - оның күрделі жүйе ретіндегі өмірге бейімделу деңгейі, сонымен қатар айнала қоршаған ортадан тәуелсіздігінің өсуі, оқпараттық байланыстардың көбею т.с.с. жатқызуға болады. Енді кезек қоғам өміріндегі прогресті анықтауға келген саяқты.

Биологиялық қозғалыс формасы миллиардтаған жылдардағы даму үрдісінде белгілі бір сәтте өз мүмкіндігін толығынан іске асырып, шегіне жетті («ақылды» жануарлар Дүниеге келді). Әрі қарай даму биологиялық даму шеңберінде мүмкін емес еді: ол үшін әлеуметтік қозғалыс формасына секіріс қажет болды және ол жер бетінде іске асты да. Оны тудырған адамдардың арғы тегі архантрол деген атақ алған адамға ұқсас маймылдар болды.

Биологиялық шеңберді бұзып-жарып Дүниеге келген қоғамның негізгі ерекшелігі - онда рух бар, ал оның иесі - саналы адам. Онымен бірге шығармашылық іс-әрекет, соның нәтижесінде айнала қоршаған ортаны саналы түрде өзгерту үрдісі келеді. Адам өз санасы арқылы табиғаттың сиқырлы күштерін игеріп, өз күш-қуатына айналдырады.

Бүгінгі таңдағы біз білетін Әлемде қоғамнан күрделі жүйе жоқ саяқты. Мүмкін, Ғарыштың бір бұрышында адамзаттан да биік дәрежеде ұйымдасқан рух болуы ғажап емес, бірақ ол бізге беймәлім. Екінші ескеретін нәрсе - қоғам дамуы қарқынының ғасырдан-ғасырға тездей түсуі. Термодинамиканың бірінші баста-масына сәйкес, ол үрдіс энергия мен мәліметтің соған сәйкес жылдамдықпен өсуін талап етеді. Осы себепті соңғы кезде адамзатқа энергияның, қанша көп өндірсе де, жетіспеуі айғақ.

Әрине, қоғамның прогрессивті дамуы ешкімнің қарсылығын туғызбайтын жайт. Алғашқы тобырдағы жабайы адам мен қазіргі «цивилизацияланған» адамның екі арасы шексіз деп айтуға болады. Бірақ оның анықтамалары қандай деген сұрақ біздің ойымызға келеді. Егер өндіргіш күштердің дамуын анықтама ретінде алсақ, онда АҚШ-тан артық ел жоқ саяқты. Ал онда кейбір араб елдерінде оны неге «шайтан қоғамы» дейді? Материалдық байлығымен масатғанатын Бұл елдің рухани озықтығы қандай? Американдықтар өз адами қасиеттерімен бізді озып кетті ме т.с.с. сұрақтарды қойсақ, онда прогрессивтік дамудың қайшылықты екенін, оны анықтау үшін бірнеше факторларды ескеруіміз керек екенін байқаймыз. Бұл арада, әрине, адам табиғатын терең сараптаған жөн саяқты.

Адам - Бұл Дүниенің дамуының ең биік шыңы, ол -қайшылықты пенде. Бір жағынан - ол дене, сонымен бірге оның неше түрлі материалдық қажеттіліктері келеді, олар өтелмейінше, өмір жоқ. Екінші жағынан алғанда, ол - рух, ерікті, саналы. Әрине, соңғысы - басыңқы болуы керек, өйткені дене қажеттігі - барлық тіршілікке тән нәрсе, ал адам болса жануар емес. Сонау Кон-Фу-Цзы мен Сократтан бастап, Жаңа Дәуірдегі ойшылдарға шейіві «адами ахуалды рухани ахуалмен» теңейді. И.Кант айтып кеткен-1 дей «Бұл Дүниеде таңғалатын екі-ақ нәрсе бар: ол - аспанға толыі жымыңдаған жұлдыздар, екіншісі - адам ішіндегі адамгершілікі заңы», яғни В.Франкл айтқандай, «ар-ркданы - ішкі Құдайы».і XVIII ғ. өмір сүрген неміс ағартушысы Г.Гердер: «Адамгершілік -1 адам табиғатының мақсат-мұраты», - деген еді. Орыс ойшылы Н.А.Бердяев қоғамдық прогрестің негізгі анықтамасы ретінде ізгілік, жақсылықтың өсуі мен зұлымдықтың азаюын келтірген болатын. Американ ойшылы П.Сорокин: «Прогрестің анықтамасы -адамның өзін бақытты сезінуінде», - деген ой тастайды. Ал оның өзі адамның жан-жақты үйлесімді дамуынан, өз дарындарын сыртқа шығарып гүлдетуінен шықпай ма? Ал Бұл айтылған терең ойлардың бәрін қорытсақ, онда қоғамның прогрессивті дамуының негізгі анықтамасы - адамгершіліктің өсуіне (гуманитарлық критерий) келіп тіреледі.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңдағы адамзат Бұл анықтамаға сай дамып келе жатыр деп айта алмаймыз. Дүниені өте нәзік те терең сезінетін қазақ халқының алға үхтар ақыны М.Шаханов мұны «цивилизацияның адасуы» дейді. Осы ақынның кітабын Біріккен ұлттар Үйымы ағылшын тіліне аударып, бүкіл дүние жүзіндегі мемлекет басшыларына таратқан болатын. Бұл да қазақ халқының мықты руханиятын, оның дүниежүзілік қауымға берерінің мол екенін көрсетсе керек.

Расында да, капитализмнің бетке үхтар бағыты - капиталдың, байлықтың өсуін басты мақсат етіп қоюуы, бүкіл ақпарат құрал-дарын соны насихаттауға бағыттауы - соңғы ғасырларда адамдар-дың негізгі өмір мақсаты ретінде материалдық-сезімдік құнды-лықтарға бағытталуына әкелді. Осыған орай, ағылшын ойшылы Б.Рассел: «Қазіргі адамдар рухани жағынан көне замандағы «үңгір түрғынының» деңгейінде», - десе, американ философы Ә.Фромм: «Техникалық жағынан қазіргі адамдар атом Дәуірінде болса, әмо-ционалдық жағынан көпшілік тас Дәуірінде, соның ішіне билік-тегілерді де қосуға болады», - дейді. Осы ойларға қосылып, біз де: «Егер адамзат осы даму бағытын әрі қарай үхтаса, онда жер бетіндегі «қатерлі ісікке» айналып, ақырында соның тағдырын кешеді», - дер едік. Онда осы «табиғаттың патшасы» аталған пенде, шынына келгенде, «табиғаттың қателігі» болмас па екен?! Өткен тарих көрсеткендей, бірде-бір таза байлықты қуған қоғам адамдарға зардаптан басқа бақыт әкелген жоқ (Нерон мен КалигуАла заманын, Кир патшаның тағдырын еске алыңыз). Ал біздің ұлы ойшылымыз Әл-Фараби «динар (арабтың алтын ақшасы) қуған қоғамды «надан қала» деп айтып кеткен болатын.

Тәуелсіздікті қолымызға алып, қоғамды жаңартып жатқан кезде «ұлы мәртебелі тарих» бізге басқаша дамуға мүмкіндік береді, өйткені қазақ халқының мыңдаған жылдардағы жинаған руханияты өмірдің мәнін басқаша түсінеді (ол жөнінде: Мырзалы С.Қ., Есбол Ғ.Ш. Философия әлеміне саяхат (Отандық философия), Қостанай, 2001, 3-10 б.б.). Ол үшін біз жалаң еліктеушіліктен бас тартып, руханияты биік, әлсіздерге қол ұшын беретін, дүниеде алудан гөрі болуды басымдылық ететін қоғам орнатуымыз керек.

Қазіргі таңда Батыс қоғамдарында да Бұл мәселе қызу талданып, «өмір сапасына» көп көңіл бөлінуде. Өмір сапасы жалғыз материалдық байлыққа келіп тірелмейді: оған таза ауа, ішетін су, ақысыз білім мен денсаұлық қажеттіктерін өтеу, жастарға арналған арнаұлы әлеуметтік бағдарламалар болуы т.с.с. көп нәрселер кіреді. Яғни қоғам өміріне жаңа «өмір сапасын» енгізу дегеніміз - жеке мүддеден гөрі қауымдық мүддені жоғары ұстау. Ол үшін, негізінен алғанда, саясатга әлеуметтік демократиялық жолға түсу керек. Ол біздің дініміз бен ділімізге сай келер еді.

Жүйе, әлемент, күрылым

Жоғарыдағы талданған категориялар саяқты, жүйелік те -болмыстағы заттар мен құбылыстарға тән қасиет. Ол дүниедегі ретке келгендікті, белгілі бір заңдылықты, хаосқа қарсы тұрған үрдістерді сипаттайды.

Жүйе дегеніміз белгілі бір тәртіпке келген өзара байла-ныстағы элементтер жиынтығы. Элементтер деп нақтылы түргыдан алып қарағанда, әрі қарай бөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөлшектерін айтамыз. Басқа жағдайда, байланыстарда сол элементтердің өзі жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл Дүниені жүйенің жүйесі ретінде қарауға болады.

Әрбір әлемент белгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Егер ол болмаса, онда жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байланысы мен іс-әрекеті жүйенің жаңа - өз элементтерінің қосындыларына тең емес - қасиеттерін тудырады. Мысалы, суды құрайтын сутегі мен оттегі бөлек-бөлек алсақ - жанғыш. Ал судың элементтері ретінде біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.

Қайсыбір жүйе өзіне тән құрылымнан тұрады. Құрылым деп жүйенің элементтерінің арасындағы тұрақты байланыстары мен қарым-қатынасының жиынтығы айтылады: Ал тұрақті.і байланыстар заңдылықтың негізінде жатқан жоқ па? Олай болсм, құрылымды элементтердің заңдылықты байланыстары десек те болады.

Дүниедегі сан қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуп-болады. Оның бірі - бейорганикалық, яғни өлі табиғаттағы кеі десетін жүйелер. Оған мысал ретінде күн жүйесін, неше түрлі химиялық қосындыларды, техникалық жүйелерді келтірсек ті-жетеді. Олардың ерекшелігі - жүйе оны құрайтын қүрамдіН' бөлшектеріне тәуелді. Мысалы, күн жүйесін құрайтын планетп лардың біреуі болмағанда, жердің орбитасы басқа болып, онып бетінде, мүмкін, өмір пайда болмаған да болар еді!

Екінші: органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өтг күрделілігімен, сонымен қатар біртұтастықтың өзінің кұрамдас бөлшектеріне қарағанда басымдылығының арқасында өмір сүреді Олар өз-өзін толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін көтеріледі. Оған мысал ретінде қайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорга никалық жүйелердің бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда, дербес болып, өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің элементтері жүйеге толығынан тәуелді, одан сырт қалса, өмір сүре алмайды. Мысалы, адамның бауыры меп бүйрегі біртұтас организм жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады. Тек қана организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.

Органикалық жүйелердің екінші керемет қасиеті - олардың ішкі даму бағдарламасының болуы. Оның терең мән-мағынасын бүгінгі таңда тез қарқынмен дамып келе жатқан генетика ғылымы зерттейді. Қоғам өмірінде ол саналы түрде жасалған мақсат-мұратқа айналады. Мысал ретінде «Қазақстан-2030» бағдарламасын келті-руге болады.

Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, қоғам. Қоғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы пенделер, өз өмірін жоспарлап, өз алдына неше түрлі мақсаттар қойьш, оны іске асыру жолында басқа адамдармен толтасып, көзге көрінетін сан алуан қарым-қатынастарға түседі. Ал көзге көрінбейтін саны жоқ қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге барып бір нан сатып алсаңыз, ол тек қана сіз бен сатушының қарым-қатынасын көрсетіп қана қоймайды. Сол әлементарлы байланыс сізді саны жоқ астыртын миллиондаған;ідамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды, ал оны өндіру үшін ипдай қажет, ол үшін егін егу керек, оған тракторлар мен сепкіштер керек, ал оларды жасау үшін темір рудасын өндіріп, оны мстаАлургия комбинатында балқыту керек...т.с.с!!!

Қоғамның күрделі жүйе екендігін реформа барысында,.кіресе саясаткерлер естерінен шығармаулары керек. «Ең алдымен жономика саласындағы реформаларды жасап алайық, қалғаны һірте-бірте өз орнына келер» деген жалаң да түрпайы ұрандар, Құдайға шүкір, бүгінгі таңда келмеске кетті. Экономика қоғамның іргетасын құрайтындығы - хақ. Сонымен қатар бүгінгі таңда «адам факторы» негізгі қоғам байлығына айналып жатқаны да еш күмән туғызбайды.

Қоғамды Дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның озі де ішкі оған бағынышты қосалқы жүйелерден тұратынын айқын-даймыз. Бүгінгі кең тараған пікір - оны 4 қосалқы жүйеге бөлу:

экономикалық жүйе;

· әлеуметтікжүйе;

· саяси-құқықтық жүйе;

· рухани-адамгершілік жүйе;

Олардың әрбіреуінің өзіндік элементтері, күрылым заңдықтары бар. Бірақ оларды талдауды «әлеуметтік философияға» арналған тарауымызда қарастырамыз.

Бүтін және бөлшек

«Бүтін» және «бөлшек» ұғымдары өзінің мазмұны жағынан «жүйе» және «әлементке» өте жақын. Дегенмен де олардың айыр-машылығы да жоқ емес.

Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бір-лікке әкеліп, оларды анықтайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз.

Бөлшек деп бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиет-терін өз бойына қабылдайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен әлементтен айырмашылығы - бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе - бірліктің көптілігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре алмайды, ал әлемент бір жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар, басқа байланыстарға да түсуі мүмкін.

Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар өзіне тән ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін біріктіріп, солар арқылы оз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі.

Бүтін мен бөлшектің өзара байланысын зерттеуде екі асыра-сілтеушілік бар. Біріншісі бүтінді асыра бағалайды, оны холизмі (һоіе - ағылшын сөзі, бүтін) десе, екіншісі бөлшекті негізгі деп| есептейді, оны меризм (теге ағылшын сөзі, қарапайым) деп атайды.

Мысалы, тірі организмді алсақ, меризм оны механикалық, I физикалық, химиялықтың қосындыларына тең деген пікір айтады. Холизм же жоғарыдағы үшеуімен қатар, организмнің төртінші, яғни бәрін біріктіріп, оны өмір сүру мен дамуға итермелейтін «х-факторды» мойындайды. Соңғы - рухани (Аристотельдің сөзімеч айтсақ, заттың энтелехиясы), ол танылмайды.

Мәселенің шын шешіміне келер болсақ, тірі организм өз заңдылықтарының (биологиялық) негізінде өмір сүреді, сонымеа қатар төменгі қозғалыс формалары (механик., физик., химиялық) тәуелді түрде оның өмір сүруінде сақталып, өз қызметтеріп атқарады.

Холизмді асыра түсіну негізінде саясатта неше түрлі тота-литарлық түлсырымдамалар дүниеге келеді. Ол идеялар өмірде іскс асқан жағдайда жеке адамдардың мақсат-мүдделері толығынам қоғамдық жалпы мүдделерге бағынышты болуы керек. Жеке адам өмірінің құндылығы, қажеттігі, оның өз алдына қойған мақсат-мұраты, оларды іске асыруға бағытталған әрекеттері т.с.с. бәрі -қоғамдық жалпы мүдденің шеңберінен тыс шықпау керек. Оны уақытында болыпевиктер мынандай мақал-мәтелмен берген: «Ағашты шапқанда жоңқалар үшады» (сондағы «жоңқалар» - жекс адам өмірі!). XX ғ. пайда болған неше түрлі тоталитарлық режимдер миАлиоңдаған жеке адамдарды өзінің қияли «қоғамдык мүдделеріне» қарсы келді деп құртып жіберген жоқ па?!

Енді бүгінгі таңда «либералдық демократия» саясатынап туындаған «әлеуметтік атомизм» тұжырымдамасына келер болсақ, ол, керісінше, жеке адамның мүдделері мен мақсат-мү-ратыи қоғамдық мүддеден биік қояды. «Жеке адамның іс-әрекетіне толығынан жол ашылсын!», «Адам құқтары мен еріктігі басымқы болсын!» деген ұрандардан «керісінше тоталитаризмді» байқауға болатын саяқты.

Әрине, бөлшек, бөлік деген сөздердің өзі «бөліну, өз еркіп іске асыру» деген мағына береді. Бірақ, екінші жағынан, ол тек Гюлік қана, сондықтан тұтастың, бүтіннің шеңбершде өмір сүруі қажет Олай болса, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмаиды, сонымен қатар' қоғам жеке адамның мүддесі мен мақсат-мұратымен еанаспай, оны толығынан өз еркіне көндіруге әрекет жасамауы қажет Адам қауымшыл, қоғам адамгершіл болғанда ғана екі жақтың мүдделері іске асып, үйлесімді дамуға жол ашылады.

Мазмүн және форма. Келесі талдайтын категориялар - мазмұн және форма, өйткені біз болмысты талдауда әрі қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я болмаса кұбылыстың барлық құрамдас бөліктершщ жиынтығы, олардың қасиетгері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұиымдасу тәртібін айтамыз.

Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-әполеясьш алсақ, оның мазмұнына қазақ халқының сайын даласындағы XIX ғ. сан қилы оқиғалар, Абайдын өмір кезеңдері, оның философиялық толғаулары т.с.с. жатады. Романның формасына келер болсақ, оған әртүрлі тараулардың бір-бірімен байланысы, автордың стилі, көркем сөзінің ерекшеліктері т.с.с. жатады. Ол - романньщ шш РМа^онымен қатар роман баспадан окушыларға арналып, арзан
қағазға басылып, жұмсақ мұқабамен түптелуі мүмюн, ол – оның сыртқы формасы. Ол басқаша да болуы мүмкін: қымбат ақ қағазға басылып, ішінде суретшінің жасаған құнды түрлі түст суреттемелері де болуы мүмкін..

Затгың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді Мысалы, үшақтың, сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с. сыртқы формасы мақсатқа лайықты болмаса, ол өз қызметш дұрыс атқара алмас еді. Сондықтан ғалымдар Құстың қанатын, балықтың дене формасын зерттеп, оны осы өндірістерде пайдаланады.

Тарихи форма категориясын философияға енпзген ұлы Аристотель болды. Оның ойынша, материя пассивті, енжар, өзшдік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз саяқты. Оны Дүниеге келтхретш дамытатьш - форма ғана. Материя формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.

Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын моиындап, оның белсенділігі мен форманың оған тәуелдшпн көрсеткен Ф.Бэкон болған-ды.

Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн категориясыя философияға енгізіп, оны материя мен форма арасындағы дәнекер" ретінде қарайды.

Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үрдісіп анықтауда пайдаланылатын категориялар ретінде қаралады.

Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен фор-маны бір-бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн форма-ланған, форма - мазмұнды; олар қайшылықты бірлікте, даму үрді-сінде бір-біріне өтуі мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму үрдісі жүреді.

Мазмүн мен форманың арақатынасын талдауда екі бір-біріне қарсы пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас -форманың белсенділігі.

Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас - мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен өне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске үшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға сыймай, оны өзгертеді, жаңа пайда болған форма мазмұнның әрі қарай дамуына жағдай туғызады.

Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен қатар қоғам өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық үрдістердің күрт дамуына жағдай жасады. Муни-ципалдық, зейнеткерлік реформалар жаңа формаларды енгізу арқы-лы жүруде, соның арқасында Бұл салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа формаларды енгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске асып жатыр.

Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оның бәрі де қоғам өміріндегі форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда жүретінін көрсетеді.

Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм деген теріс құбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен иелерінің қызметіне байланысты. Ондай адам-дарды халық «қағаздық жан» (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына қарап шешудің орнына неше түрлі ұсақ-түйекке арқа сүйеп, тежейді.

Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, формаларды енгізумен байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен қатар барлық енгізілген жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту да қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар мен колхоздарды жою, тіпті жақсы пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір шаруашылықтарды жасанды түрде банкроттау, әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда жасалған үлкен қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат аркылы сол ескі формаларға жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытга кішігірім фермерлер олдірісті дамытуға күштері жетпей, қайта бірігу үрдісінде. Алып жерлерді игеріп жатқан қаланың лендлордтары тек өз қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың құрылымы әсіресе әлеуметтік сала жан нярлық халде. Олай болса, әңгіме тек жаңа формаларды енгізуде ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік жасай шіатын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: