МБ нормалдау. Нормал формалар. Бойсс-Кодд нормал формасы

ДББЖ-нің құрамына енетін кестелер деректерінде қайталанатын жазбалар ДБ-да қателер туындатады, оның көлемін ұлғайтады және соның салдарынан жұмыс жылдамдығы кемиді. Сондықтан ДББЖ жобалау барысында деректерді өзара байланысқан кестелерге тиімді етіп орналастыру маңызды орын алады. Ең бірінші деректердің құрылымына назар аударылады, яғни:

Ø кестеден деректерді жылдам алу мүмкіндігін беру;

Ø компьютер жадын үнемдеу мақсатында кестелердегі деректердің қайталанбауын қадағалау;

Ø қандай да бір деректердің өзгеруі негізінде онымен сәйкесті байланысқан деректердің де өзгеруін қамтамасыз ету мақсаттарын алға қою керек.

ДБ-нан артық деректерді азайту, кеміту процесі нормалдау деп аталады. Нормалдауға негіз болатын математикалық теория күрделі болғанымен, нормалдауды практикалық тұрғыда қарапайым ережелер көмегімен сипаттауға болады. Нормалдау теориясы 5 нормал форманы ұсынады. Әрбір нормал форманың өзіндік талабы бар және алдыңғы нормал форма (НФ) шарттарына қайшы келмейді, керісінше, келесі НФ алдыңғы НФ шартын қанағаттандырады. Көп жағдайда алдыңғы 3 НФ қолданылады, 4НФ және 5НФ қолданыла бермейді.

1 ереже (НФ): Кестенің әрбір өрісі ерекше болуы тиіс.

1 НФ ережесі кестеде қайталанатын өрістердің болмауын, көпмәнді атрибуттардың болмауын талап етеді. Жазбалардың қайталанбауы үшін өрістер индекстелуі керек, яғни әрбір жазбаға ерекше код бекітіліп, деректер реттеледі.

2 ереже (2НФ): Әрбір кестеде ерекше идентификатор болуы керек, яғни бір не бірнеше өрістерден тұратын алғашқы кілт болуы тиіс.

Бұл ереже кестенің 1НФ шарттарын қанағаттандыратынын және кез-келген кілттік емес өріс алғашқы кілт бекітілген өріс арқылы сипатталатындығын білдіреді.

3 ереже (3НФ): алғашқы кілттің әрбір мәніне кесте бағандарындағы мәндер сәйкес келіп, оны толығымен сипаттау керек.

Яғни кестеде алғашқы кілт сипаттайтын объектіге тиісті емес деректер болмауы керек, бұл деректердің алғашқы кілтке функционалды тәуелділігін сипаттайды. 3 нормал форма Бойс-Кодд нормал формасы деп те аталады.

4 ереже (4НФ): Кесте 3НФ шарттарын қанағаттандыру керек және кез-келген өріс мәнін (алғашқы кілт емес) басқа өрістерге кері әсерін тигізбей өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс.

Яғни көпмәнді атрибуттардың өзара тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

5НФ: Бірлескен тәуелділікті болдырмайтын нормал форма.

5НФ практикалық тұрғыда ешқандай қолданыс таппайды, тек теория жүзінде 1, 2, 3, 4 НФ-дың шектеу шарттарына байланысты кейбір тәуелділіктерді болдырмау мақсатында ұсынылады.

ДББЖ-мен жұмыс барысында басқа да нормал формалар қолданылады, мысалы, аймақ/кілт нормал формасы. Реляциялық кестелерді нормалдау нәтижесінде оларды деректері қайталанбайтын және өрістері өзара функционалды тәуелді болатын стандарт түрдегі кестеге келтіреді.

Өрістерге өзгерістер енгізу. Кесте өрістерін түрлендіруді, мысалы, өріс өлшемін, атауын, орналасқан орнын өзгерту, жаңа өріс кірістіру және өшіру әрекеттерін кестені толтырып болғаннан кейін де жүргізуге болады. Өрістер көшірмелерін де кез-келген позицияға орналастыруға болады.

Өріс типін өзгертуде ондағы деректер типін MS Access сәйкесті типке алмастыруды автоматты түрде қамтамасыз етеді. Кейбір өріс типін өзгертуде белгілі бір шектеулер қойылады, мысалы, текстілік типті MEMO типіне алмастырғанда ол өрістегі барлық индекстер жойылады. Текстілікті сандық типке өзгерткенде өзгертілетін өріс тек сандық деректер мен белгілі ажыратқыштардан ғана тұруы керек. МЕМО өрісін текстке алмастырғанда 255 символдан артығы қиылып тасталынады. Барлық өріс типі санағыщ типіне мәлімет енгізілгенге дейін ғана өзгертіледі. Сандық, мерзімдік, санағыш, ақшалық типтер текстілік типке ешқандай шектеусіз алмаса алады.

Өрістерге өзгерістер жүргізілгенде қате операциялар жүргізілсе, Access сәйкесті хабарлама береді.

Деректерді басқару. Үлкен көлемді ДБ-нан деректерді жылдам іздеп табу, алмастыру мақсатында Access программасында көптеген тәсілдер қолданылады. Деректерді іздеу барысында қажетті ақпараттың дұрыс не толық жазылуын білмеген жағдайда және ұқсас мәндерді іздегенде алмастыру символдарын қолдануға болады.

* - кез-келген символдар тобы; Ай* - өрістен Ай сөзінен басталатын барлық мәндерді іздейді.

? – бір текстілік символ; мысалы, Ай?ан - өрістен Айжан, Айман, Айдан сияқты мәндерді табады.

[Символ] – жақшалар ішіндегі символды іздеп табу; мысалы, іздеу параметрі ретінде Ай[джм]ан көрсетілсе, кестеден Айдан, Айман, Айжан мәндерін іздеп табады.

[!Символ] – жақшадағы символға сәйкес емес символдарды іздеу; мысалы, [!А] өріс мәндері ішінен А символы жоқ мәндерді іздеп табады.

# - кез-келген цифрды іздеп табу; мысалы, [#]103 іздеу үлгісі өрістен 103 цифрасын іздеуді қамтамасыз етеді. 55# - #12 – нәтижесінде өрістен 55 цифрларынан басталып, 12 цифрларынан аяқталатын мәндерді іздейді.

Деректерді сұрыптау ретсіз (бейберекет) толтырылған ДБ реттеуге мүмкіндік береді. Сұрыптау деректердің өсу не кему реті бойынша жүргізіледі.

118. Реляциялық мәліметтер базасын SQL көмегімен басқару

Реляциялық модель және реляциялық тілдер жөніндегі Е.Ф.Коддтың мақаларынан кейін реляциялық тілдерді пайдалану, тарату мәселелерімен айналысатын коммерциялық және зерттеу бірлестіктерінің жұмысы дами түсті. Соның нәтижесінде SQL (эскюэль немесе сиквел деп оқылады) (Structured Query Language) құрылымдық сұраныстар тілі, QBE (Query-by-Example) – үлгі бойынша сұраныс және QUEL (Query Language) – сұраныстар тілдері ең маңызды тілдерге айналды. SQL мен QBE тілдері 1970 жылдар IBM фирмасында шығарылды және SQL – текстілік тіл, ал QBE – графиктік тіл екендігіне қарамастан көптеген ұқсас функцияларды атқарды. QUEL – INGRES ерекше тілінің негізінде шығарылды. SQL тілі реляциялық ДБ құру, өңдеу процесін SEQUEL (Structured English Query Language – английский язык структурированных запросов) тілі негізінде жүргізеді. 1981 жылы SQL тілін қолданатын SQL/DS, 1983 жылы – DB2, 1986 жылы SQL-дің алғашқы ANSI стандарты шығарылды. Кейіннен әмбебап ЭЕМ-ге және дербес компьютерге арналған клиент-сервер типті SQL версиялары жарық көрді. Мысалы Sybase SQL Sever, Microsoft SQL Server, IBM OS/2 Extanded Edition Database Manager, DEC Rdb/VMS және Oracle Server for OS/2 клиент-сервержүйесіне арналған программалар; ал R:Base, dBase дербес компьютерге негізделген программалар болып саналады.

Құрылымдық сұраныс тілдері деректердің тұтастығын қолдау және қорғау, деректерді жылдам өңдеу, деректер сөздігі мен ақпараттық схеманы басқару, сұраныс құру, басқару кестелерді анықтау, деректерді жаңарту, деректер базасын пайдалану шарттарын бекіту және өңдеу әрекеттердің барлығын орындайды.

SQL жүйесінде кестелер мен схемаларды анықтау. SQL жүйесінде пайдаланушылар бірнеше схемаларды анықтауына болады. Схемалар кталогтарға біріктіріледі. Әрбір каталог мета деректерден тұратын арнайы ақпараттық схемаларды қамтиды, ал басқа схемаларды пайдаланушылар анықтайды. Схеманы анықтау CREATE SCHEMA бұйрығы арқылы жүргізіледі, содан кейін облыс, кесте, мәліметтер сипаттамасы айқындалады. Кестені анықтамас бұрын бағандар мәні алынатын облыстардың қалай айқындалатындығын көру керек. Реляциялық модель тұрғысынан қарағанда облыс – реляциялық кесте бағандарына мән беруге болатын жиын болып табылады. Осы мағынада алдын-ала анықталған деректер типтері облыс болып саналады. Ал SQL облысты басқаша анықтайды. Барлық жағдайда да SQL деректер типтерін алдын-ала анықтауды қамтамасыз етеді және пайдаланушылар анықтаған облыстарды қолдануға мүмкіндік береді. SQL анықтамасы бойынша алдын-ала анықталғае деректер типтері де, пайдаланушылар анықтаған облыстар да реляциялық модель тұрғысынан облыс болып табылады.

119. SQL құрылымдық сұраныс тілі. SQL тілінің мәліметтері типтері.

SQL тілі (сұраныстардың құрылымдық тілі) 70 жылдың басында ЭЕМ фирмасында өңделген. Бұл берілген базамен жұмыс істеу үшін арналған жаңа тәсіл берілген базада қолданылады (құру, іздеу, өзгерту, жанарту, берілген хабар). SQL тілі Американың ұлттық стандарттау институты мен Халықаралық стандартау ұйымында компьютерлік спецификадан тәуелсіз берілген базалар үшін ресми стандарттау негізінде бекітілген. SQL тілі командаларының типтері SQL тілі командалардан тұрады. Нақты іс-әрекеттерді орындау берілген база жұмысын басқару үшін, SQL командасының әрекет ету объектісі бір кесте және де кестелер тобынан тұруы мүмкін. MS ACCESS автоматты түрде эквиваленттік команданы құрады,

Деректер типтері:

1) Нақты, дәл сандық типтер:

- Integer - бүтін сан;

- Numeric (x,y) – сан;

- Small integer - қысқа сан;

- Decimal (x,y) - ондық сан.

(x,y) – x -жалпы санның қанша орыннан тұратындығы, ал y – үтірден кейінгі орынды анықтайды.

2) Жуық сандық типтер:

- Real – нақты сан;

- Float – жылжымалы үтірлі сан;

- Double precision – екі есе дәлдіктегі сан.

Бұл типтер әдетте ғылыми және инженерлік есептеулерде қолданылады.

3) Символдық қатарлар:

- Character (n)- символдық қатар

- Character varying (n)- айнымалы ұзындықтағы символдық қатар;

Мұндағы n символдар саны. Character типті өрістер үнемі n символдан тұрады, енгізілген мән ұзындығы n-нен кем болса, оң жағынан бос орындармен толықтырылады. Character varying типті өріс ұзындығы енгізілген символдар санына сәйкес болады.

4) Екілік қатарлар:

- Bit (n) - екілік қатар;

- Bit varying (n) – айнымалы ұзындықтағы екілік қатар.

Бұл өрістер жалаушалар және басқа екілік маскаларға қолданылады.

5) Мерзімдік типтер:

- Data – дата;

- Time – уақыт;

- Time stamp - дата мен уақыт;

- Time with time zone - уақыт және сағаттық белдеуі;

- Time stamp with time zone - дата, уақыт және сағат белдеуі.

Дата: жыл, ай,күн параметрлерімен көрсетіледі. Жыл 4 белгіден тұрады.

Уақыт: сағат (0-23), минут, секунд және секунданың ондық бөлігі.

6) Interval аралық типі:

- Year-month - жыл және ай;

- Day – time - күн және уақыт. Аралық тип екі датаның не екі уақыт мерзімінің айырымдарын анықтайды.

120. Реляциялық мәліметтер базасын SQL көмегімен басқару

Реляциялық модель және реляциялық тілдер жөніндегі Е.Ф.Коддтың мақаларынан кейін реляциялық тілдерді пайдалану, тарату мәселелерімен айналысатын коммерциялық және зерттеу бірлестіктерінің жұмысы дами түсті. Соның нәтижесінде SQL (эскюэль немесе сиквел деп оқылады) (Structured Query Language) құрылымдық сұраныстар тілі, QBE (Query-by-Example) – үлгі бойынша сұраныс және QUEL (Query Language) – сұраныстар тілдері ең маңызды тілдерге айналды. SQL мен QBE тілдері 1970 жылдар IBM фирмасында шығарылды және SQL – текстілік тіл, ал QBE – графиктік тіл екендігіне қарамастан көптеген ұқсас функцияларды атқарды. QUEL – INGRES ерекше тілінің негізінде шығарылды. SQL тілі реляциялық ДБ құру, өңдеу процесін SEQUEL (Structured English Query Language – английский язык структурированных запросов) тілі негізінде жүргізеді. 1981 жылы SQL тілін қолданатын SQL/DS, 1983 жылы – DB2, 1986 жылы SQL-дің алғашқы ANSI стандарты шығарылды. Кейіннен әмбебап ЭЕМ-ге және дербес компьютерге арналған клиент-сервер типті SQL версиялары жарық көрді. Мысалы Sybase SQL Sever, Microsoft SQL Server, IBM OS/2 Extanded Edition Database Manager, DEC Rdb/VMS және Oracle Server for OS/2 клиент-сервержүйесіне арналған программалар; ал R:Base, dBase дербес компьютерге негізделген программалар болып саналады.

Құрылымдық сұраныс тілдері деректердің тұтастығын қолдау және қорғау, деректерді жылдам өңдеу, деректер сөздігі мен ақпараттық схеманы басқару, сұраныс құру, басқару кестелерді анықтау, деректерді жаңарту, деректер базасын пайдалану шарттарын бекіту және өңдеу әрекеттердің барлығын орындайды.

SQL жүйесінде кестелер мен схемаларды анықтау. SQL жүйесінде пайдаланушылар бірнеше схемаларды анықтауына болады. Схемалар кталогтарға біріктіріледі. Әрбір каталог мета деректерден тұратын арнайы ақпараттық схемаларды қамтиды, ал басқа схемаларды пайдаланушылар анықтайды. Схеманы анықтау CREATE SCHEMA бұйрығы арқылы жүргізіледі, содан кейін облыс, кесте, мәліметтер сипаттамасы айқындалады. Кестені анықтамас бұрын бағандар мәні алынатын облыстардың қалай айқындалатындығын көру керек. Реляциялық модель тұрғысынан қарағанда облыс – реляциялық кесте бағандарына мән беруге болатын жиын болып табылады. Осы мағынада алдын-ала анықталған деректер типтері облыс болып саналады. Ал SQL облысты басқаша анықтайды. Барлық жағдайда да SQL деректер типтерін алдын-ала анықтауды қамтамасыз етеді және пайдаланушылар анықтаған облыстарды қолдануға мүмкіндік береді. SQL анықтамасы бойынша алдын-ала анықталғае деректер типтері де, пайдаланушылар анықтаған облыстар да реляциялық модель тұрғысынан облыс болып табылады.

121. SQL құрылымдық сұраныс тілі. SQL тілінің мәліметтері типтері.

SQL тілі (сұраныстардың құрылымдық тілі) 70 жылдың басында ЭЕМ фирмасында өңделген. Бұл берілген базамен жұмыс істеу үшін арналған жаңа тәсіл берілген базада қолданылады (құру, іздеу, өзгерту, жанарту, берілген хабар). SQL тілі Американың ұлттық стандарттау институты мен Халықаралық стандартау ұйымында компьютерлік спецификадан тәуелсіз берілген базалар үшін ресми стандарттау негізінде бекітілген. SQL тілі командаларының типтері SQL тілі командалардан тұрады. Нақты іс-әрекеттерді орындау берілген база жұмысын басқару үшін, SQL командасының әрекет ету объектісі бір кесте және де кестелер тобынан тұруы мүмкін. MS ACCESS автоматты түрде эквиваленттік команданы құрады,

Деректер типтері:

7) Нақты, дәл сандық типтер:

- Integer - бүтін сан;

- Numeric (x,y) – сан;

- Small integer - қысқа сан;

- Decimal (x,y) - ондық сан.

(x,y) – x -жалпы санның қанша орыннан тұратындығы, ал y – үтірден кейінгі орынды анықтайды.

8) Жуық сандық типтер:

- Real – нақты сан;

- Float – жылжымалы үтірлі сан;

- Double precision – екі есе дәлдіктегі сан.

Бұл типтер әдетте ғылыми және инженерлік есептеулерде қолданылады.

9) Символдық қатарлар:

- Character (n)- символдық қатар

- Character varying (n)- айнымалы ұзындықтағы символдық қатар;

Мұндағы n символдар саны. Character типті өрістер үнемі n символдан тұрады, енгізілген мән ұзындығы n-нен кем болса, оң жағынан бос орындармен толықтырылады. Character varying типті өріс ұзындығы енгізілген символдар санына сәйкес болады.

10) Екілік қатарлар:

- Bit (n) - екілік қатар;

- Bit varying (n) – айнымалы ұзындықтағы екілік қатар.

Бұл өрістер жалаушалар және басқа екілік маскаларға қолданылады.

11) Мерзімдік типтер:

- Data – дата;

- Time – уақыт;

- Time stamp - дата мен уақыт;

- Time with time zone - уақыт және сағаттық белдеуі;

- Time stamp with time zone - дата, уақыт және сағат белдеуі.

Дата: жыл, ай,күн параметрлерімен көрсетіледі. Жыл 4 белгіден тұрады.

Уақыт: сағат (0-23), минут, секунд және секунданың ондық бөлігі.

12) Interval аралық типі:

- Year-month - жыл және ай;

- Day – time - күн және уақыт. Аралық тип екі датаның не екі уақыт мерзімінің айырымдарын анықтайды.

122. Концептуалды мәліметтер моделі. Концептуалды модель терминдері мен анықтамалары. МБ-ң концептуалды моделін жобалау.

Реляциялық ДБ моделі обьектінің барлық ерекшеліктерін сипаттай алмайды. Ал, концептуалдық модельдер обьектіні толығырақ сипаттайды. Концептуалды деректер моделі екіге бөлінеді:

3. Обьектіге бейімделген модель (обьектно-ориентированная модель) - бұл деректерді жазба түрінде емес, обьекті түрінде суреттейтін модель.

4. Семантикалық модель – бұл қатынастың мағынасын және категориясын сипаттайтын модель.

Концептуалды деректер моделінің негізгі элементтері: обьект және қатынас.

Обьект дегеніміз тұтынушы қолданатын модельденетін зат. Обьектіге мысал ретінде адамдарды, үйді, машиналарды және тағы басқаларды алуға болады. Бұлардың барлығы нақты обьектіге жатады.

Концептуалды обьектілерге компаниялар, мекемелер, құрылыстардың жобалары, жұмыс операциялары жатады.

Мысалы: біртектес заттарды сипаттау үшін “обьектілік жиын” терминін қолданамыз. Ал оның 1 элементін обьектілік элемент деп атаймыз. Обьектілік жиынның аты үлкен әріппен жазылады (жекеше түрде). Кіші әріптермен оның элементтері жазылады.

Обьектілік жиын дегеніміз біртектес элементтер жиыны. Ал обьектінің элементі дегеніміз жиынның арнайы бір элементі. Екі обьектілік жиынның элементінің байланысын қатынас деп атаймыз.

Концептуалды модель құру жолдары

Деректердің концептуалды моделі

ДБ жобалау нәтижесінде жүйені құру барысы, ақпарат жинақтау, талдау процесі, қолданылу кезеңі жүйенің өмір сүру циклі деп аталады. Ол процесс талап-тілекті анықтау, жүйені жобалау, тексеру, жүйе жұмысын бағалау және қолдау жасап отыру қадамдарынан тұрады.

ДБ-ның өмір сүру циклі 6 кезеңнен тұрады:

7. Алдын-ала жоспарлау;

8. Жүзеге асырылу мүмкіндігін тексеру;

9. Талаптарды анықтау;

10. Концептуалды жобалау;

11. Жүзеге асыру;

12. Жұмысты бағалау және оған қолдау жасау.

Деңгей 1. Методологиялық жобалау- жобалау процессін жеңілдету мақсатында арнайы процедуралар, техникалық құралдар, инструменттер, документацияларды қолдану. Методологиялық жобалау бүкіл процессті бірнеше фазаларға, ал фазалар бірнеше деңгейтарға бөледі. Әр деңгейта жасаушыға алдындағы есепті шешу үшін техникалық құралдар беріледі.

Жобалаудың бірінші деңгейы ол жасалатын қосымшаларын қолданушыларының типтеріне сәйкес концептуалдық модель жасау. Кез келген мәліметтердің концептуалдық моделі өзіне келесілерді қосады:

· қатынас типі;

· атрибуттар;

· атрибуттар домені,

· потенциалды кілттер;

· бастапқы кілттер.

Концептуалды модель процессінде болатын документациялармен толығады.Бірінші деңгейта келесілер орындалуы керек:

байланыс типін анықтау. Көп жағдайда қатынастар жұпты болады, бірақ комплексті қатынастарда болады олар екіден көп және рекурсивтік байланыстарды дұрыстап тексеру керек. Барлық байланыстар дұрыс ерекшеленгенін тексеру керек. Әр байланыстың өз орны бар, «бірден бірге», «бірден көпке», «көптен көпке». Егер де астыңғы немесе үстінгі мәндері белгілі болса, оны документацияға түсіру керек. Жеке байланыстар типін анықтаған соң оларға қолданушыларға түсінікті ат беріледі;

атрибуттарды анықта. Атрибутты байланыспен байланыстыру. Бұл деңгейта жасалынып отырған мәліметтер базасы моделінің барлық ерекшеленген мәліметтерді анықау керек. Мағынасы басқа атрибуттың мағынасы арқылы анықталатын атрибуттарды қосылғыш деп атайды.

Әр атрибутттарға түсінікті ат беру керек. Әр атрибуттар жайлы келесі мағұлматтар болады:

· атрибут аты және оны көркемдеу;

· осы атрибутқа бар кез келген синоним;

· мәліметтер типі және мәннің размері;

· атрибут қабылдайтын мән (егер болса);

· атрибут міндетті болып табылама;

· атрибут құралмалы ма, қандай атрибуттардан құралған;

· оның мәнін анықтау үшін қандай метод орындау керек;

· атрибут көптік па.

· атрибуттар доменін анықтау.

Модельде бар барлық атрибуттардың домендерін анықтау бұл деңгейтың негізгі міндеті. Домен дегеніміз бір немесе бірнеше атрибутқа мән беретін элемент. Атрибуттар доменін анықтаған соң олардың аттары мен мінездемелері мәліметтер сөздігіне қойылады;

потенциалды және бастапқы кілттер болатын атрибуттарды анықтау. Әр типке потенциалды кілтін анықтау және егер олар бірнеше болса, солардың ішінен бастапқы кілтін табу. Потенциалды кілт дегеніміз әр экземплярын идентифицироваттетін атрибут немесе атрибуттың минимальді тобы. Кей кезде бірнеше потенциал кілттер болады. Қалған потенциал кілттер альтернативті деп аталады.Бірнеше потенциалдық кілттер арасынан бастапқы кілтті таңдағанда мынаны орындаған жөн:

минимальді топтары бар атрибуттары бар потенциалдық кілтті қолдану керек;

мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын потенциалды кілтті таңдау керек;

болашақта мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын потенциалдық кілтті таңдау керек;

жұмыс істеу оңай болатын потенциалдық кілтті таңдау керек.

Мәліметтер концептуалдық моделін қолданушымен талдау. Бірінші деңгейты аятамастан мәлліметтер концептуалдық моделі жайлы қолданушымен сөйлесу керек. Концептуалдық модель ER- диаграмма түрінде берілуі керек және жасалған модель жайлы документациясы болуы керек.

123. МБ жобалау мәселелері. Жобалауды автоматтандыру–Rational Rose, Case технологиялары. МББЖ-не шолу, жұмыс принциптері, ерекшеліктері.

МБ дег – белгілі бір ПО-қа қатысты мәл-ң атауы бар жиынтық. МББЖ деп МБ жасау, сақтау ж-е одан да қажетті ақп-ты іздеуді ұйымдастыру үшін қолд-тын прог-қ құр-р кешенін айты. МҚ жоб-у бар-да 2 нег мәс-р шеш-ді:

1. ПО мәл-р мод-ң абстрактілі обьек-і рет өрнект-де сип-у ПО семан-на қайшы келмей-дей тәсілді қар-ы к-к. Бұл мәс-ні МҚ-н жоб-ң лог-қ мәс-і д.а.

2. МҚ-на қойылған сұран-ң тиімді орындалуын қандай жолмен қамт етуге болатынын, яғни арнайы МҚБЖ ерекш-н еск от-п, мәл-ді сыртқы жадыда орн-у ж-е қандай қосымша құрылым-ды құру қажеттігі мәс-н ан-у. Бұл мәселе МҚ-ның физ-қ мәселесі д.а.

МБ жоб-удың нег мақс – сақт-тын мәл-ң артығын, қайталанған көшір-н қысқарту, яғни көшір-р себеп-нен б-тын қайталанбалы байл-ды, іс-әрек-ді, қарама-қайш-ды болдырмау. Соның нәт-де компьютер жадын үнемдеу. МБ жобалау ісі программист маманға – МБ админ-на тапс-ды. МБ-ның жалпылама формаға келтірілмеген сипат-н жасайды. Бұл сип-ма барлық түсін-ді табиғи тілде, матем-қ форм-р, кестелер, граф-р ж-е т.б. құр-р көм-н жазылады ж-е ол мәл-ң инфол-қ моделі д.а. ПО-ң ИМ-і – бұл МБ қолд-шылардың оның құрылымы ж-е оның құрамы тур көзқарас-н бірік-тін ПО-ң жүйелі бейн-уі. ИМ-ді құру МҚ-н жобалау проц-ң 2-ші этапында жүрг-і.ИМ-де ПО семантикасын сип-уда көптеген мод-р қолд-ы, бірақ МБ-н инф-қ сип-у ретінде Чен тәсілі – негіз-байланыс мод-і н-е ER-моделі пайд-ды. ИМ-ң нег ұғым-ң бірі – обьект. Бұл ұғым мына оқиғ-н бай-ты: пайда болу, жоғалу ж-е өзгеру. Мәл-ң комп жад-да сип-уын қамт ететін модель физ-қ м д.а. МББЖ-нен мәл-ді іздеу, сұр-с жасау ол-ң атауы б-ша бер-мен, сол атауға сәйкес келетін мәл-ң ФМ-і арқ жүрг. Мәл-ді, МҚ мәл-н қолдану нақты МББЖ арқылы жүз асады, яғни мод-р осы МББЖ-ң мәл-ді сип-у тілінде сип-уы к-к. Осындай сип-ма мәл-ң датол-қ моделі д.а. ДМ-де көрс-ген ақп-қ құрылым-ң бер-і арқ көрсетілу мәс-рі қарас-ды.

CASE-құралдар. Жалпы мінездемесі және жіктелуі.

CASE-құралдарына АЖ-дің өмірлік циклінің процестерінің жиынтығын автоматтандыратын бағдарламалық құрал жатады және мынандай негізгі мінездемелік ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Әзірлеушімен ыңғайлы интерфейсті қамтамасыз ететін және оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын АЖ-ді сипаттау және құжаттау үшін қуатты график құралдар;

2. АЖ-ді әзірлеудің үрдісін қамтамасыз ететін CASE-құралдарының жекелеме компоненттерінің интеграциясы.

3. Жобалық метамәліметтердің (репозитория) ұйымдастырған қоймасын арнайы қолдану;

Қазіргі барлық CASE құралдары типі және категориясы бойынша жіктелуі.

Типі бойынша жіктелу CASE-құралдардың ОЦ-дің әрбір үрдістерінің функционалдық бағытын көрсетеді.

Категориясы бойынша жіктелу орындалатын функциялар интеграциялану дәрежесін анықтайды және үлкен емес автономды есептерді шешетін жекелеме локальді құралдарды, АЖ-дің ОЦ-інің кезеңдерінің мейлінше көбін қамтитын жартылай интеграцияланған құралдардың жиынын қамтиды.

CASE-құралдары мынандай белгілері бойынша да жіктеуге болады:

1)қолданылатын әдіснамасы және модельдері және МҚ бойынша;

2)МҚБЖ-мен интеграциясы дәрежесімен;

3)қолданылатын платформасы бойынша;

Rational Rose – дегеніміз автоматтандыру процестерін талдау және ПО жобалау үшін арналған, сонымен қатар әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялауға және жоба ­ құжатнамаларды шығаруға арналған Rational Software Corporation фирмасының объекттілі - бағытталған Case құралдары.

Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолданады. Rational Rose осы болжамасы C++, Visual C++, Visual Basic, Java, PowerBuilder, CORBA Interface Definition Language (IDL) бағдарламалар үшін кодтар генерациясын және ANSI SQL, Oracle, MS SQL Server, IBM DB2, Sybase үшін мәліметтер қорының генерация бейнеленуін, сонымен қатар диаграмма түріндегі жобалау құжаттарын және егжей- тегжейлерін іске асырады. Rational Rose жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттерінің қайта қолдануын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен мәліметтер қорының реверстік инжинирингтің құралдарынан тұрады. Құрылымдар және функциялар. Rational Rose- да жұмыс істеудің негізі жүйе архитектурасының статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын UML егжей- тегжейі мен диаграммаларды құру болып табылады. Rational Rose құрамындағы келесі алты негізгі құрылымдық компоненттерді белгілеуге болады: репозиторий, қолданушының графикалық интерфейсі, проектті қарау құралдары (браузер), проектті бақылау құралдары, документтердің статистикалық және генераторлық құралдарын жинау. Оларға сонымен қатар кодтар генераторлары (әрбір тіл үшін жеке) және реверстік инжинирингті қамтамасыз ететін C++ үшін анализатор кіреді.

Репозиторий проекттің мәліметтер қоры болып табылады. Брау­зер иерархия кластары бойынша орын ауыстыру, диаграммалардың бір түрінен екінші түріне ауысуды проект бойынша «навигацияны» қамтамасыз етеді.

124.Мәліметтер базасы жүйелері архитектурасы. МББЖ архитектурасының дамуы. Файлдық сервер архитектурасы. Мәліметтер базасы репликациясы.

Алғашқы деректер қорын басқару жүйесі архитектурасы орталықтандырылған типті болатын. Бұл жағдайда деректер қорын басқару жүйесінің өзі, деректер қоры және деректер қоры мен жұмыс ұйымдастыратын қолданбалы программалардың барлығы орталық компьютерге орналастырылып, жұмыс жасайтын. Компьютерлік желілердің дамуы мен кең таралуы деректер қорын ұйымдастырудың жаңа архитектуралық принциптерінің дамуына әкелді. Жергілікті желілердің кең қолданылуы ресурстарды бөлу мүмкіндігін береді. Осыған орай жергілікті Жұмыс станцияларында жүзеге асырылмайтын есептеулерді орындауға мүмкіндік беретін есептеу сервері;

Ø Басқа жұмыс станциялары мен серверге де пайдалану мүмкіндігі бар, сыртқы жадының кеңейтілген ресурстары бар дискілік сервер;

Ø Барлық жұмыс станциялары үшін файлдардың сақталу орталығымен байланысты қамтамасыз ететін файлдық сервер;

Ø Жергілікті желілерден сұранысты қабылдап, нәтижелерін қайтарып отыратын деректер қоры сервері.

Қазіргі таңда деректер қорының файлдық сервер, деректер қорының репликациясы, клиент-сервер архитектурасы және таратылған деректер қоры кеңінен қолданылады. Осы деректер қоры архитектураларының түрлеріне тоқталып өтелік.

Файлдық сервер архитектурасы деректер қорын басқару жүйесінің орталықтандырылған архитектурасын көп пайдаланушылық режимі бағытында дамытуға мүмкіндік беретін негізгі бағыт болып саналады. Мұндай жүйеде деректер қорын басқару жүйесі бір мезетте бірнеше орналасып, жұмыс жасай алады, ал деректер қоры файлдарда файлдық серверде орналасады. Пайдаланушы деректер қорын басқару жүйесі арқылы файлдық сервердегі деректер қорына сұраныс жібере алады. Ал файлдық сервер сұранысқа сәйкес деректер блогын жібереді.

Бұл архитектураның кемшілігі болып жоғары желілік трафик (желі бойымен бүтін файлдар жіберілуі жылдамдықты азайтады) және деректерді пайдалану қауіпсіздігінің төменгі деңгейде болуы саналады.

MS Access-те файлдық сервер технологиясы бойынша деректер қорын бірлесе қолданудың негізгі екі варианты бар:

Ø Бүтін (толық) ДБ-сын Access-те бірлесе қолдану;

Ø Access-тің тек кестелерін ғана бірлесе қолдану.

Файлдық сервер архитектурасының кемшіліктері:

Ø Пайдаланушы өзінің деректер қорының жергілікті көшірмесімен жұмыс жасайды, ал ондағы деректер кез келген кестеге сұраныс жасау арқылы толтырылады. Сонымен қатар серверден деректер өзгертілген қажетті кестелер жіберіледі. Желіде деректердің үлкен көлемі айналыста болғандықтан, желіге ауырлық түседі. Бұл ақпараттық жүйенің өнімділігі мен жылдамдығын төмендетеді.

Ø Деректер қорының жаңа көшірмесі әр компьютерде бар болғандықтан, ондағы пайдаланушының жасаған өзгерістері біршама уақыт басқа пайдаланушыларға белгісіз болды. Деректер қорының көшірмесін үнемі жаңартып және пайдаланушының жұмысын синхрондап отыру керек.

Ø Деректер қорын басқару әр түрлі компьютерде жүргізіледі. Осыған байланысты деректер қорының бүтіндігін сақтауға және енуді басқаруды ұйымдастыру қиын.

«Файл-сервер» архитектурасының схемасы

Деректер қоры репликациясы. Бір қосымшамен бірлесе жұмыс атқаратын, бірақ жергілікті есептеу желісіне қосыла алмайтын пайдаланушылар үшін MS Access деректер қорында репликацияны қолдануды ұсынады. Репликация (Replication) – тираждау мағынасын білдіреді.

Репликация серверлер арасында ақпараттың көшірмесін алуға, яғни тираждауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен өте қашықтықта орналасқан, жылдамдығы төмен байланыс каналдарын пайдаланатын көптеген домендер үшін ақпарат көздерін синхрондауға болады. Репликация деректер қорындағы өзгерген ақпаратпен фундаменталды деңгейде жұмыс жүргізеді. Бұл өзгерістер оны қолданатын алыста орналасқан жүйеге жіберіледі. Репликация деп деректер қорының жалпы қоймасының арнайы көшірмелерін айтады, бұл көшірмелермен пайдаланушылар бір мезгілде әр түрлі компьютерлерде жұмыс ұйымдастыра алады. Деректер қоры файлдарының кәдімгі көшірмесінен деректер қоры репликациясының айырмашылығы деректердегі өзгерістерді синхрондау мүмкіндігінің бар болуында.

Деректер қорын пайдаланушылар қолданып болғаннан кейін синхрондау үрдісі жүргізіледі. Бір пайдаланушының өзгерткен деректер ортақ репликациядан да, басқа да пайдаланушылар қолданып отырған көшірмелерден де көрініс табады. Синхрондау үрдісінде жаңартылған жазбалар мен репликациялар арасындағы объектілер арасында алмасу жүргізіледі. Егер екі репликаның пайдаланушылары бір ғана жазбаны әр түрлі етіп өзгертсе, онда репликаларды синхрондау барысында конфликтілі кесте құрылады. Мұндай жазбаларды тексеріп, сәйкесті өзгерістер енгізу керек. Деректер қорында барлық объектілер репликацияланбайды, кейбір объектілер жергілікті түрде ғана пайдаланылады.

Басқа жүйелерді деректермен қамтамасыз етуде репликацияны қолдану баспа (публикация), жариялым, статья терминдерімен байланысты болады. Жіберілетін көшірме жариялым болып табылады, ал ол өз кезінде статьялардан тұрады. Статья тұтас деректер қоры, деректер қоры кестелері, деректер қорының жекелеген қатарлары не сұраныс нәтижесі болуы мүмкін.

Репликацияда деректерді қабылдаушы – жазылушы (подписчик) деп аталады. Жазылушы таратушы сервер арқылы байланыс жасап репликация нәтижелерін ала алады. Баспа мен жазылушы арасында репликация үрдісі 2 тәсілмен ұйымдастырыла алады: журналды оқу үрдісі және таратушы деректер қоры. Бұл екі тәсілдің өзара ерекшеліктері көп емес.

Жалпы серверлік деректер қорында репликацияның 9 типі қолданылады:

Ø Мезеттік суреттер репликациясы;

Ø Транзакция репликациясы;

Ø Мағлұматты рапликация.

Мезеттік суреттер репликациясы әдетте анықтамалықтарды көру мен деректер қоры шешім қабылдау мақсатында қолданылған жағдайда қажет.

Транзакция репликациясы – деректер қорындағы деректерді өңдеу, өзгерту барысында өзгерістерді қадағалаушы, оларды транзакция журналы көмегімен негізгі деректер қорымен синхрондау, өзгерістер енгізу, қарама – қайшылықтарды болдырмау мақсатында қолданылады.

Мағлұматты репликация – SQL Server және МS Ассеss 7 версияларында ғана пайда болды. Ол деректер қоры көшірмелерін пайдаланып, кейін негізгі деректер қорымен синхрондау арқылы жүзеге асырылады. Мұнда өзгерістер конфликтісі туындауы мүмкін. Осы мақсатта мағлұмат агенті барлық өзгерістерді бақылап, конфликтілерді шешуші ролін атқарады.

125.Таратылған МБ. МБ-н тарату әдістері. Локальді желіде МБ-н құру ерекшеліктері. МБ-мен көпқолданушылық режимде жұмысты ұйымдастыру.

Мәл-ті сақтау мен өңдеуге байланысты компьютерлік технол-ң дамуы 60ж соңынан 70ж басында арнайыландырылған, яғни МБ басқару жүйелері атына ие болған ПҚ пайда болуына әкелді. МББЖ мәл-ді құрылымдауды, жүйелендіруді және ұйымдастыруды оларды комп.к.сақталуы мен өңделуі үшін жүзеге асыруға мүмк.береді. дәәл осы МББЖ көбінесе кез келген АЖ-нің негізі б.т. МББЖ негізгі функция-на:Сыртқы жадыдағы мәл-ді басқару, Жедел жадыдағы буферлерді басқару, Транзакция-ды басқару, Протоколдау, Мәл-ді орыс тіл-н қолдану. МББЖ жұмыс істейтін МБ-да сақталған ақпарат көлемі әдетте жеткілікті үлкен және әрқашан оперативті жадының көлемінен асырып кетеді.

. «Клиент-сервер» архитектурасын жүзеге асыру үшін әдетте көпқолданушылық деректер қорын басқару жүйелері пайдаланылады, мысалы Огасlе, ІnterBase немесе Місosoft SQL Server.

Бұларды өндірістік деп атайды, өйткені олар кең көлемдегі пайдаланушылары бар үйымдардың акпараттык жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүл қуатты есептеуіш техникасы бар және арнайы қызмет көрсетілетін күрделі жүйе. Қызмет көрсетуді маман (немесе мамандар тобы) - деректер қорының жүйелік администраторы орындайды.

Клиент көптеген серверлерді бір мезетте қолдану мүмкіндігін ала алады. Бұл жагдайда серверлер клиент тарапынан (логикалық түрғыда) бір ғана сервер деп қарастырылады да, сұраныс беріп отырған деректерінің қай бөлігі қайда орналасқандығынан мүлде бейхабар болады. Мұндай жүйелер таратылған деректер қоры жүйелері деп аталады. Пайдаланушы тарапынан қарағанда таратылған деректер қоры жүйесінің таратылмаған деректер қорынан еш айырмашылығы жоқ болып көрінеді. Таратылған деректер қоры жүйесі төмендегідей талаптарды қанағаттандыруы керек:

Ø Жергілікті автономия (локальная автономия). Бүл желінің ағымдағы түйінінің қызметі осы түйін арқылы ғана басқарылатындығын көрсетеді, ол басқа түйіндерге тәуелді емес.

Ø Үздіксіз қызмет ету. Бүл талап жекелеген түйіндердің істен шығу жағдайында да төменгі деңгейдегі түйіндердің кызмет көрсету мүмкіндіктерінің бар екендігін білдіреді.

Ø Орналасқан орнына тәуелсіздік. Пайдаланушының деректердің физикалық түрде, қандай түйінде орналасқандығын білуі міндетті емес. Логикалық түұғыда оларға деректердің барлығы жергілікті түйінде сақталынған сияқты әсер қалдыратын режим қамтамасыз етіледі.

Ø Аппараттық қамсыздандырылу мен операциялық жүйеге тәуелсіздік. Әр түрлі техникалық сипаттамасы бар, әр түрлі операциялық жүйелерде атқаратын компьютерлердің барлығына бірдей деректер берілу қамтамасыз етілуі керек. Пайдаланушылар тарапынан бірегей жүйемен жұмыс атқарып отырғандай болуы керек.

Ø Желіге тәуелсіздік. Жүйе тек әр түрлі акпараттық қамсыздандыру мен операциялық жүйелерге ғана қолдау көрсетіп қана қоймай, әр түрлі желі типтерімен де бірдей жүмыс ұйымдастырыла алуы тиіс.

Ø Деректер қорын баскару жүйесіне тәуелсіздік. Желінің әр түрлі түйіндеріндегі әр түрлі деректер қорын басқару жүйесі бір-бірімен интеграциялануы тиіс.

MS Access әр түрлі дерек көздерін түрлі архитектура жүйесінде қолдана алуымен ерекшеленеді. Бұл деректердің сыртқы көздері жергілікті, корпоративті немесе Интернет желісіндегі, Місrosoft Access, Міcrosoft FoxPro, dBase, Раradoх және Microsoft SQL Server деректер қорларының, HTML және HTX форматының тізімдері мен кестелері болуы мүмкін.

126.Клиент-сервер жүйелік архитектурасы. Клиент-сервер архитектурасын құру ерекшеліктері

Клиент-серверлік архитертура. Мұндай архитектурада, серверде тек қана мәліметтер қоры сақталмайды, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы жұмыс істейді. Ол қолданушылардан келген сұранымдарды өңдеп, оларға жазбаларды қайтару үшін қолданылады. Қолданушы программалары тікелей файл серверлік архитектурадағыдай мәліметтер қорымен жұмыс істемейді, ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне қарайды, сонымен қатар операцияларды орындайды. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорының дұрыстығын автоматты түрде тексеріп отырады және одан мәліметтерді қарауды пароль арқылы бақылап отырады. Клиент-сервер мәліметтер қорын басқару жүйесі алаң және жазба деңгейінде блоктауды жүзеге асыра алады. Бұл кестемен жұмыс істеген жазбаны өзгерту тек біреуінің ғана мүмкіндігі болады, ал кестемен жұмыс істеушілер өте көп болуына болады. Егерде сервер жұмыс істемесе бүкіл жұмыс тоқтайды. МҚ-мен жұмыс істейтін үлестірілген АЖ-ларды құрған кезде клиент-сервер архитектурасы кең түрде қолданылады. Оның негізінМҚ-ны басқару кезінде клиент мен сервердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру ұстанымдары құрайды. Клиент-сервер архитектурасының бір нұсқасы 1.2-ішкі тармағында қарастырылған.
МҚ-ны басқару процестерінің өзара әрекеттесуінің негізгі сұлбаларына сипаттама беру үшін OSI ашық жүйелер архитектурасының Эталондық моделін пайдаланайық. Бұл модельге сәйкес МҚ-ны басқару қызметі қолданбалы деңгейге жатады.
Жоғарғы екі деңгейге тоқталып кетейік: қолданбалы және өкілдік, оларға жасаушы мен пайдаланушы тарапынан аса үлкен көңіл бөлінеді. Қалған қызметтерді алғашқыекеуін жүзеге асыруға қажетті байланысқан қызметтер деп санайық. Бұлретте МҚБЖ термині ретінде МҚ-дағы ақпараттың пайдаланатын барлық программалық жүйелердің кең түрдегі түсінігін ұстанатын боламыз.
Пайдаланушымен интерфейсті қолдайтын программа ретінде жалпы жағдайда МҚБЖ келесі негізгі қызметтерді жүзеге асырады:
қордағы мәліметтерді басқару; қолданбалы программалардың көмегімен ақпаратты өңдеу;пайдаланушы үшін ыңғайлы болатын түрде ақпаратты бейнелеу.

«Клиент-сервер» архитектурасы - берілгендерді сақтау, оларды пайдалануға және өңдеуге мүмкіндік беретін таратылған жүйе моделі типіне жатады. Клиент-сервер жүйесінде кем дегенде 2 компьютер болады, біреуі сервер, екіншісі клиент.

Жұмыс станциясында сервермен байланысып, кандай да бір тапсырыс беру не қызмет көрсетуді сұрауды қамтамасыз ететін қолданбалы программаның жұмыс ұйымдастыруы үшін интерфейстік программалық қамсыздандырылу керек. Осы мәселеге байланысты «клиент-сервер» жүйелік архитектурасының негізгі принциптері аныкталады. Жүйе желінің әр түрлі түйіндерінде орындала алатын, клиенттік және серверлік деп аталатын екі бөлікке бөлінеді. Қолданбалы программа клиенттік бөлікпен байланысады, байланысты қарапайым жағдайда желі үстілік интерфейс қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда клиенттік бөлік серверлік бөлікпен байланыс жасайды.

«Клиент-сервер» архитектурасы негізіндегі жүйелерде, таратылған деректер қоры желінің сервер-компьютерінде, ал деректер қорының жұмысын орындайтын қосымша, пайдаланушы компьютерде орналасады.

127.МБ-ның Интернет ауқымды желісімен интеграциясы. МБ объектілерінің WEB парақтарға алмастырылуы. Мәліметтерді пайдалану және жариялау (публикациялау) құрылғылары.

Интернет пен Интереттегі ақпараттар көзі мәліметтер қорлары болған жағдайда Web-серверлер МҚБЖ компоненттерінің өзара әсері орын алады. Мәліметтер қорларын пайдаланатын программалық компоненттердің жұмыс істеуін ұйымдастырудың үш түрін ажыратады:
a) клиент жағында;
b) Web-сервер жағында;
с) Қосымшалар сервері жағында.
Клиент жағындағы мәліметтер қорына қол жеткізу кезінде Javа тілі клиент пен сервердің өзара әсерінің негізгі құралы болады. Бұл жағдайда HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтетін JavaScript, Jscript, VBScript сценарийлер тілдері пайдалануы мүмкін.

Клиенттің интернет бетіне қаратпа жасауы http-хаттамасын қолдану арқылы негізінен GET және POST тәсілдерімен жасалады. Осылайша, PHP, Perl және тағы басқа тілдерге негізделген тәсілдерді қолданғанда қолданушының сұранысын өңдеу және нәтижені қалыптастыру CGI программасында жасалады. Программалық қамтамасыздандыру келесілерден тұрады: жұмыс нәтижелерін экранға шығаруға арналған Web-браузер; мәліметтерді тасымалдау функциясын іске асыратын Web-сервер; қосымшада қолданылатын мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ). Осылайша, Web-қосымшаның жұмыс істеуі

келесідей болады: қолданушы веб-браузер арқылы сайтқа сұраныс береді. Сайт бетіне сұраныс жасаған кезде Web-серверге қаратпа жасалады. Ары қарай программа орындалып МББЖ-мен әрекеттесу жасалады. Web-сервер МББЖ-ға сұраныс жібереді, одан кейін сұраныс орындалады да МББЖ Web-серверге жауап қайтарады. Содан соң Web-сервер интернет беттің мазмұны мен HTML-кодын қалыптастырып қолданушыға

128.МБ-н жобалаудың жаңа технологиялары. МБ программалау жүйесі, макростарды, VBA тілі мүмкіндіктерін қолдану.

Макростар программалаусыз-ақ көптеген іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған мүмкіндіктер жиыны; Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.

Access ортасына енгізілген VBA (Visual Basic for Applications) тілі - Microsoft Office ортасында қолану үшін арнайы жасалған Basic тілінің бір нұсқасы – тәжірибелі маманға мәліметтер өңдеудің күрделі процедураларын программалауға мүмкіндік береді. Формалар мен басылымдарды (отчет) қарап отырып, олардың ақырғы қағазға түсетін нәтижелік нұсқасының қандай болатынын білуге болады.

129.Объектіге бейімделген (бағытталған) программалау тілдері. RAD технологиясы.

Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдері: Visual Basic, Visual Delphi, Visual FoxPro. Visual Basic Тілі негізінен процедуралық С++ тіліне негізделген. Бұл тілдің кемшіліктері қнімділігі төмен және С++ тілін үйрену оқырманға қиындау. Қазіргі таңда Объектіге-бағытталған бағдарламалау ішінен Visual Delphi, кең орын алып келе жатыр. Delphi өнімділігі жоғары қуатты тіл. Delphi бағдарламаны жылдам құрастыру ортасы RAD. Delphi ортасы объектілерді пайдалануға бейімделген Object Pascal тіліне негізделген. ОББ тілдің негізі – объект.

RAD әдіснамасы.

ОЦ- дің спиральді моделінің шеңберінде АЖ-ді әзірлеудің мүмкін тәсілдерінің бірі болып соңғы уақыттарда кеңінен таралған.

RAD (Rapid Application Devolopment) – қосымшаларды жылдам жасаудың әдіснамасы болып табылады.

Бұл термин бойынша 3 элементті құрайтын АЖ – ді әзірлеудің процесі түсіндіріледі:

- програмисттердің үлкен емес командасы (8-10 адам);

- қысқа, бірақ тиянақты атқарылатын ойында график (3 ай);

- қайталанатын цикл.

RAD әдіснамасы бойынша АЖ-дің ОЦ-і 4 кезеңнен тұрады: 1) талаптарды талдау және жоспарлау кезеңі;

2) жобалау кезеңі.

3) жобаны жүзеге асыру кезеңі;

4) жобаны енгізу кезеңі.

1-кезең талаптарды талдау және жоспарлау кезеңінде жүйені пайдаланушулар жүйені орындайтын функцияларды анықтайды, олардың ішінен алғашқы болып өңдеуді талап ететін неғұрлым приоритетті функциаларды ерекшелейді, ақпараттық қажеттіліктерді сипаттайды. Жоба масштабы шектеледі, келесі кезеңдердің әрбіреуі үшін уақыт шектеулі анықталады. Осы кезеңнің нәтижесінде болашақ АЖ-нің функциаларының тізімі мен приоритеттілігі, функцианалдық және ақпараттық моделдері нақтыланады.

«Жобалау» кезеңінде пайдаланушылардың бөлігі әзірлеуші-мамандардың жетекшілігімен жүйенің техникалық жобалауына қатысады. Қосымшалардың (бағдарламалардың) жұмыс істейтін прототиптерін жылдам алу үшін сәйкес инструменталды құралдар (CASE-құралдар) қолданылады.Пайдаланушылар әзірлеушілермен тікелей байланыс жасай отырып, алдыңғы кезеңде анықталмаған талаптарды (жүйеге қатысады) нақтылайды, толықтырады. Осы кезеңде мынандай әрекеттер орындалады:

1) жүйенің процестері нақты қарастырылады;

2) қажетті болса әр қарапайым процесс үшін жекелеме прототиптер жасалады: экрандық форма, диалог, анық емес немесе бір мәнді еместіліктерді жоятын есептер.

3) мәліметтерге қатынау шектеу талаптары анықталады.

Осыдан кейін әзірленетін жүйенің функционалды нүктелерінің (function point) саны бағаланады және АЖ-ні ішкі жүйелерге бөлу шешімі қабылданады (RAD-жоба уақытында (3 айға дейін) әзірлеуші топтың жүзеге асыра алатын ішкі жүйелеріне) функционалды нүкте деп әзірленетін жүйенің мына әлементтерінің түсіндіріледі:

1. қосымшаның кіріс элементі (кіріс құжат немесе экрандық форма)\

2. қосымшаның шығыс элементі (шығыс құжат немесе экрандық форма)

3. сұраныс (”сұрақ/жауап”жұбы)

4. логикалық файл, яғни қосымшаның ішінде қолданылатын мәліметтер жазуларының жиынтығы.

5. Қосымшаның интерфейсі, яғни басқа қосымшаға берілетін немесе одан алынатын мәліметтер жазбаларының жиынтығы.

130.МБ-ның администрациясы. МБ администраторының міндеттері. МБ-н қорғау мәселелері.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер тек жақсы техникалық сипаттамаларды ғана қажет ететін ресурстар ғана емес, олар тиімді әрі сауатты басқаруды да талап етеді. Деректер базасы жүйелері кез келген ақпаратық жүйенің негізгі ядросы болып табылатындықтан, олар негізгі администрациялық мәселелер ортасында болады. Ақпараттық жүйені тиімді басқару дегеніміз ондағы деректер базасының дұрыс ұйымдастырылып, басқарылуымен тікелей байланысты.

Деректер базасы администрациясының негізгі қызметі пайдаланушыларды дәл, қарама-қайшылықсыз ақпаратпен қамтамасыз ету және қосымшыларды қажетті формада, қажетті мерзімде қолдануға мүмкіндік беру болып саналады.

Сонымен деректер базасы администраторы негізінен тұтынушыларға ақпаратты керек уақытында қалаған формасында қамтамасыз етіп отырады. Сонымен, деректер базасы администраторы жүйемен де тұтынушылармен де байланысты болуы керек.

 
 


Кейбір мекемелерде ақпаратық жүйе ресурстарына қолдау жасап отыру міндеті деректер администраторы мен деректер базасы администраторына бірдей бөлінеді. Мұндай жағдайда деректердің администраторы – мекеменің ақпаратық жүйесінің процедурасына және жалпы саясатын анықтауға жауап беретін басқарушы болады. Ал деректер базасы администраторы - ДБ-сын басқару жүйесінің техникалық басқару аспектілеріне жауап беретін менеджер болып саналады. Деректер базасы администраторы деректерді анықтау, айқындау; қажетті ақпарат беретін программаларды әзірлеу, жүзеге асыру; деректер базасына деректерді беру және оларды жою; база тұтастылығын және деректерді қорғау мәселесін шешу; деректер базасы операцияларын басқару сияқты іс-әрекеттермен айналысады.

ДБ-сын жобалауда, құрастыруда және тұтынушыларды оқытуда ДБ администраторы негізгі роль атқарады. Тұтынушыларды оқыту мынадай сұрақтар қамтылады:

- Әртүрлі деңгейдегі менеджментке ДБ технологиясы қалай көмектесе алады?

- ДБ-нан күтілетін нақты шаралары (тұтынушылардың ДБ-на қоятын наразылықтарын азайту мақсатында қажет).

- Ақпараттық есептерді мен мәселелерді шешетін процедуралар.

Деректерді сақтау және тексеру процедурасын анықтау деректердің администраторы қызметіне қарайды, бірақ та ол ДББЖ-не тәуелді емес. Дегенмен, мекемелік құрылымда ДБ администраторының орны біршама өзгеруі мүмкін.

Егер компанияда немесе фирмада деректер администраторы бар болатын болса, онда деректер базасы администраторына ба&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: