Деректер базасы администраторы функциялары

Деректер базасы администраторы функциялары ДБ-сының тұтынушылары жасайтын жоспарлау, жобалау және ақпараттық жүйені қолдану немесе іске асыру, сонымен қоса стандарттық процедураларды анықтайтын жұмыстардан тұрады.

Тұтынушылармен жұмыс.

Ақпараттық жүйелер көбінесе мынадай 3 компоненттен тұрады:

- Кеңірек қолданылатын орталықтандырылған ДБ-сы (бұл фирманың барлық деректерін сақтайды)

- Бірнеше функционалдық ДБ-сы, яғни шағын ортада қолданылатын программалар (мысалы: бухгалтерлік ақпараттық жүйелер)

- Бірнеше шағын мамандырылған ДБ-сы, яғни оларға жеке программалар қарайды. (мысалы: материалдар есебінің ДБ-сы).

Негізгі ұйымдастырушылық принципінің жалпы ақпараттық жүйе құрудағы нәтижесі компания немесе фирма деректерін орталықтандырады. Деректерді орталықтандыру жеке тұтынушыларға рұқсат бермейді. Деректерді басқару және меңгеру орталықтандырылған деректер сөздігінен беріледі. Ал, ол тұтынушы туралы жазбаларды сақтайды. Оқыту пайда әкелу үшін ол үздіксіз жұмыс істеп отыруы қажет. Жаңадан келген оқытушыларды оқыту керек және жаңа программалық өнімді алып, ескі программаны жаңа программаға ауыстырып отыруы керек.

131.Мәліметтер қоймасы тұтастылығы, оны қорғау мәселелері

Тұтастық деп толық ж-е анық ПО-тың ақпаратын бейнелейтін мәл-р баз-ң қасиетн айтамыз. Тұтастық физ-қ және лог-қ болып бөлінеді. Физ-қ тұтастықта бер-ге физ-қ жол арқылы қол жеткізуге б-ы ж-е бер-ң сақталғандығы белгілі б-ы. Лог-қ тұтастық МБ-да лог-қ қателік-ң болмайтындығын білдіреді. МБ тұтастығын сақтау деп тұт-ты тексеру ж-е базада қателіктер табылған жағдайда оны қалыпқа келтіруді түсінеміз. МБ тұт-ға МБ да сақтаулы тұт-қ шектеулерін қанағ-тын шарттар түрінде беріледі. Тұт-қ шектеу-ң негізгі екі типі бар: қатынастар атрибуттарының мағыналарының шектеулері ж-е қатынастар кортеж-ң құрылымдық шектеулері. Қатынас атриб-ң мағыналық шектеулерге, мысалы атриб-ң мағын-ң қайталанбайтындығы ж-е бос болмайтындығы берілген диапазонға атрибут мағыналық сәйкестілігін бақылау жатады.

Тұтастылық (сақталу, өзгертуден сақтау бір қалыпты ұстау) – бұл ұғым мәліметтерді әрқашанда өзгертпей ұстауды білдіртеді. Яғни кестедегі мәліметтерді қандай жағдай болса да, бастапқы қалыпта болу керек. Мысалы: кестедегі мән тоғыз болса, ал оның орнына басқа сан жазылатын болса, тексеру мүмкін емес. Бірақ, кейбір жағдайдарда, шектеулер қоюға болады. Аптаның күндері 1...7 мәліметтер қорының бүтінділігі: мәліметтерді өзгерістерден қорғаудан және өзгертуден қорғауға бағытталған. Тұтастылық ережелері үш топқа бөлінеді:

1) Кестелер бойынша тұтастылық;

2) Сілтемелер бойынша тұтастылық;

3) Қолднаушымен анықталатын тұтастылық;

Барлық реляциялық ДҚ-ның жалпы ережелері:

1) бастапқы кілтке қатысты қандай да бір атрибуттың мәні белгісіз болмау керек;

2) Кілттер арасындағы мәндер бірдей болуы керек;

3) Атрибуттардың ерекше болу керек мәндерінің, диапозоны болуы керек. Қандай да бір мәндер тобына жату-жатпайтынын анықтау керек т.с.с.

ДБ-сы технологиясының негізгі ұғымдарының бірі болып деректер тұтастығы болып табылады. Жалпы жағдайда бұл ұғым ДБ-сы кейбір объектілерді немесе бір-бірімен тығыз байланысты объектілердің жиынтығын ақпараттық түрде сипаттайды. Нақты бір жиындарға қойылатын шарттар немесе шектеулер тұтастық шарттары немесе шектеулері деп аталады. Шектеулер деректер базасындағы берілгендерді жаңарту не енгізу барысында пайдаланушылар не қолданбалы программалар тарапынан туындайтын қателер негізінде болатын берілгендердің қарама-қайшылықтарын мүмкіндігінше азайту мақсатында құрылады.

Берілгендерге мағыналық шектеулер қою нәтижесінде деректер базасы мазмұнының дұрыстығына және ондағы деректердің өзара қайшылықсыздығына кәміл сенуге болады. Деректердің барлық моделінде шектеулер қою мүмкіндіктері бар. Тұтастық ұғымын толық, қарама-қайшылықсыз және ақпараттың пәндік облысын нақты бейнелейтіндігін көрсететін деректер базасы деп түсінуге болады. Тұтастықтың физикалық және логикалық түрлері болады. Физикалық тұтастық деректерге физикалық енуді және деректердің жойылып кетпейтіндігін білдіреді. Логикалық тұтастық деректер базасы құрылымының бұзылуына жататын логикалық қателердің болмауын немесе оның объектілерінің арасындағы орнатылған байланыстардың жойылуын не өзгертілуін білдіреді.

Деректер базасының тұтастылығын қадағалау тұтастықты тексеру және базада келіспеушіліктің болуы кезінде оларды қайта қалпына келтіруден тұрады. Деректер базасының тұтастық жағдайы тұтастықты шектеу көмегімен деректер базасындағы шарттарды қанағаттандыру түрінде беріледі.

Реляциялық деректер базасы моделінде объектілер өзара байланысты қатынастардың жиынтығы түрінде бейнеленеді. Тұтастылық РД моделінде деректер тұтастығын қолдау классикалық ұғым бойынша 3 аспектіден тұрады:

1. Тұтастылықты ұйымдастыру, қолдау, яғни реляциялық ДББЖ реляциялық қатынас типі сияқты ДБ-ның бірмәнді құрылымдарымен жұмыс жасау керек. Мұнда яғни, реляциялық қатынас ұғымы реляциялық ДБ-ның классикалық теориясында жинақталатын (орындалуға тиісті) барлық шектеулерді қанағаттандыруы тиіс. (жазбалардың көшірмелерінің болмауы, сәйкесінше, міндетті алғашқы кілттің бар болуы, жазбалардың реттеу ұғымының болмауы).

2. Тілдік тұтастылықты ұйымдастыру, қолдау. Мұнда, яғни реляциялық ДББЖ деректерді сипаттау тілі және де оларды басқаруды SQL стандартынан төмен болмауын қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан да ДБ-да сақталған мәліметтерге ену және бұл мәліметтерді өзгерту тек SQL тілінің операторларын қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

3. Сілтемелік тұтастылықты қолдау - (Declarative Referential Integrity, DRI).

Негізгі қатынастың кортеждерін өшірген жағдайда онымен байланысты тәуелді қатынасының жазбаларының барлығы өшіріледі.

Негізгі қатынастың жазбалары өшірілген жағдайда негізгі қатынасының жазбалары модификацияланады яғни басты қатынасы кілтінің орнына анықталмаған мәні қойылады.

Сілтемелік тұтастылық ДБ-ң деректерді модификациялау процесі кезінде қосу немесе өшіру операцияларын орындау барысында қарама-қайшылықты болдырмауын қамтамасыз етеді.

Қарастырылған шектеулерден басқа жалпы түрде ДБ-ң семантикасын анықтамайтын семантикалық тұтастылықты қолдау ұғымы қарастырылады. Құрылымдық, тілдік және сілтемелік тұтастылық ДББЖ-ң реляциялық құрылымды ДБ-мен жұмыс жасау ережесін анықталады. Бұл тұтастылықтың 3 түрінің қажеттілігі мынадай, яғни әр ДББЖ мұны қолдауы тиіс, әр өңдеушілер реляциялық модельді қолдана отырып, ДБ-сын құру кезінде мұны ескеру қажет.

Бұл тұтастылықты қолдау жеткілікті абстрактілі. Олар РМБ-да ақпараттарды өңдеу және олардың бейнелену формаларын анықтайды. Басқа жағынан қарағанда бұл аспектілер ДБ-ң мазмұнына ешқандай қатысы жоқ. ДБ-ң мазмұнымен байланысты кейбір шектеулерді анықтау үшін басқа әдістер керек болады. Дәл осындай әдістер семантикалық тұтастылықты қолдау кезінде қолданылады. Нақты мысал қарасырайық:

Семантикалық қолдау 2 жолмен қамтамасыз етілуі мүмкін: декларативтік және процедуралық.

Декларативтік жолмен қамтамасыз ету көп жағдайда бизнес ереже немесе тұтастылықтың декларативтік шектеулері деп аталатын ДББЖ-ң механизімімен байланысты декларативтік ереже шектеулерінің орындалуына бақылау жүргізуімен байланысты болады. Тұтастылықтың декларативтік шектеулерінің мынадай түрлері бар:

- Атрибут тұтастылығының шектеулері; үнсіз келісім бойынша мәнді орнату, міндетті және міндетті емес мәндерді орнату, атрибут мәніне шарттар орнату.

- Домендер деңгейінде берілген тұтастылық шектеулері;

Бұл шектеулер егер ДБ-да бір немесе сол жиынның мүмкін болатын мәндерін қабылдайтын әртүрлі қатынастағы бірнеше бағандар болған жағдайда қолданған ыңғайлы.

- қатынастар деңгейінде берілген тұтастылық шектеулер. Кейбір семантикалық ережелерді тек бір ғана бағанға қолданатын.

- Қатынастар арасындағы байланыстар деңгейде берілген тұтастылық шектеулер: міндетті байланыстардың берілуі, деректерді каскадты өputhne және каскадты өшіру принциптері, байланыстарды күштілігі бойынша шектеуді қолдауды ұйымдастыру.

Сонымен қатар, декларативті шектеулер тұтастығы тексерілуге тиісті шектеулерге жатады.

Тұтастықты шектеудің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: қатынас атрибуттар мәндерінің шектелуі және қатынас кортеждеріне құрылымдық шектеу.

Атрибуттардың шектеулі мәндеріне мысал ретінде атрибуттардағы бос немесе қайталанатын мәндердің болмауын талап ету, берілген диапазонда атрибуттар мәндерін бақылауды алуға болады. Мысалы, кадрлар жөніндегі қатынастар жазбаларында “Туған күні” атрибутының мәні “Қабылданған күні” атрибуты мәндеріне аса алмайды.

Атрибуттар мәндерін бақылауды ұйымдастырудың ең тиімді құралдары сақталған процедуралар мен триггерлер болып табылады. Құрылымдық шектеулер негіздік тұтастығы мен сілтемелік тұтастық талаптарын анықтайды. Негіздіктің әр экземплярына оның бір кортежі ғана сәйкес келеді. Негіздік тұтастығының талаптарына қатынастың кез келген кортежі осы қатынастың басқа кез келген кортежінен ажыратуға болатындай болуы қажет, яғни басқаша айтқанда, кез келген қатынастың алғашқы кілті болуы тиіс.

Сілтемелік тұтастық талаптары сыртқы кілт ұғымымен тығыз байланысты. Сыртқы кілттер өзара қатынастардың (деректер базасының кестелері) байланыстыру қызметін атқарады. Мұнда бір қатынас атрибуты сыртқы кілт деп аталады.

Транзакцияны өңдеу. Деректер базасының тұтастығымен байланысты тағы бір ұғым – бұл транзакция ұғымы. Транзакция – бұл деректер базасының қарама-қайшылықта еместігін сақтай отырып, орындалатын программалар блогы. Егер деректер базасы транзакция орындалғанға дейін қарама-қайшылықсыз болса, онда ол орындалғаннан кейін де қарама-қайшылықсыз болып қалуы керек. Осы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін транзакциялар бөлінбейтіндей болуы керек, ал бұл транзакциямен байланысты барлық әрекеттер соңына дейін орындалады немесе олардың ешқайсысы да орындалмайды дегенді білідіреді. Мысалы, клиенттің 10000 теңге көлеміндегі ақша түсімі жазбалар транзакциясы келесі әрекеттерді ендіреді:

- клиент жазбасының өзгертілуі: шот самасының 10000 теңгеге азаюы;

- кассалық жазбалардың өзгертілуі: саманың 10000 теңгеге көбеюі.

Екінші қадам орындалмайды делік. Онда шоттар балансы сәйкес келмейді.

Деректер базасына енгізіліп отыратын әрбір өзгерістер жазбасы мен ДББЖ-нің байланысы үшін транзакцияны өңдеу талап етіледі. Транзакцияның орындалуы кезінде жазба операциясының барлығы транзакция аяқталғанша күтеді. Жаңарту нәтижелері транзакция протоколына жазылады. Барлық әрекеттер орындалған соң, жаңартылу туралы ақпараттар сәйкесті деректер жазбалрына орын алмастыру үшін қолданылады. Транзакцияның аяқталуына дейін жүйе істен шықса онда протоколдағы ақпарат бұл жазбаға орын ауыстырмайды. Транзакция протоколы деген деректер базасының барлық сәйкесті өзгерістері мен транзакцияларының жазбалары.

Деректер базасын басқару жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі. ДББЖ көптеген кең көлемді ақпараттарды сақтайтын құралы болып табылады. Ақпараттық қосымшалар қаншалықты дамығанымен операциялық жүйенің файлдың құрылымына емес, клиент-сервер технологиясында орындалатын көппайдаланушының ДББЖ-ге жатады. ДББЖ бұл байланыстағы ақпараттық қауіпсіздігін қамсыздандыру, біріншіден, олардың серверлік компонентінде белгілі бір кәсіпорынның толығымен қауіпсіздігінің маңызды мәні, бөлігі болп табылады. ДББ үшін ақпараттық қорғаудың барлық 3 негізгі аспектісі маңызды болып келеді. Олар: конфиденциальдық, бүтіндік және енуге рұқсат алуы. ДБ-н қорғаудың немесе қауіпсіздігінің ортақ идеясы, яғни ойы болып: рекомендацияларға сүйенуі және “Компьютерлік жүйенің сенімді критериялық бағалардағы” С2 класы үшін формальдық қауіпсіздігі жатады. Қолданылатын түсініктер мен құралдар үшін ДББЖ-нің INGRES, Informix және Oracle қолданылады.

Жасанды қолданушылардың идентификациясы мен қолданылуы. Әдетте ДББЖ-де жасанды қолданушылардың идентификациясы мен тексерілуі үшін опеациялық жүйенің механизмдері немесе CONNECT SQL – операторы қолданылады. Мысалы, ДББЖ-де Oracle операторын қолданған жағдайда CONNECT келесі көрініске ие: CONNECT қолданушы [/пароль] [@ деректер қоры]. Серверлік ДБ-мен жұмыс сеансын бастаған уақыттан бастап, қолданушы өзінің атымен идентификацияланады, ал аутенфикация тәсілі ретінде пароль қолданылады. Бұл процестің бөлшектері нақты клиент бөлігінің қосымшаларымен анықталады. Кейбір операциялық жүйенің, мысалы UNIX сияқты жүйесін іске қосқанда пайдаланушы программасының идентификаторын өзгертуге мүмкіндік береді.

Енгізілерді басқару. Әдетте ДББЖ-де енгізулерді еркін түрде қолданылуын пайдаланады, ол белгілі бір объектінің қолданушысы басқа қолданушыларға оның енгізудің құқықтарын өз еркіне қарай пайдалану мүмкіншіліктерін береді. ДБ-ң мүмкіншіліктері белгілі субъектілерге, яғни пайдаланушыларға, топтарға, рөлдерге немесе басқа көптеген қолданушыларға беріліп отырады. Топтар – бұл белгілі бір атпен қосылған пайдаланушылар. Роль – бұл да өзінің белгілі аты бар қолданушылардың мүмкіндіктерінің бірі. Рольдер парольмен қорғалып отырады.

Пайдаланушылардың негізгі категориялары. ДББЖ-н басқару пайдаланушылар 3 негізгі категорияларға бөлуге болады:

- серверлік деректер базасының администраторы. Ол сервердің конфигурациясын, орнатылуы және пайдаланушылардың, топтардың, рольдердің регистрациясын және тағы басқаларды орындап отырады.

- ДБ-ң администраторы. ДБ-ң администраторы негізінен тұтынушыларға ақпаратты керек уақытында, қалаған формасында қамтамасыз етіп отырады. ДБ-ң администраторы жүйемен де, тұтынушылармен де байланысты болуы керек. ДБ-ң администраторы ДББЖ-ң техникалық басқару аспектілеріне жауап беретін менджер.

- Ақырғы тұтынушылар. Мүмкіншіліктер түрін ДББЖ-де 2 категорияға бөлуге болады: қауіпсіздіктің мүмкіншіліктері мен ену мүмкіншіліктері. Қауіпсіздіктің мүмкіншіліктері администратор рөлінің әрекеттерін анықтайды.

132.МҚБЖ ақпараттық қорғау. МБ пайдалануға рұқсат беру және басқару

Әр түрлі МҚБЖ-ларда МҚ-ны қорғау құралдары бір-бірінен біршама өзгеше болады. Borland және Microsoft фирмаларының қазіргі кездегі МҚБЖ –ларына талдау жүргізу негізінде МҚ-ларды қорғау құралдары шартты түрде екі: негізгі және қосымша топқа бөлінеді деп тұжырымдауға болады.
Ақпарат қорғаудың негізгі құралдарына келесі құралдарды жатқызуға болады: парольдік қорғау;мәліметтер мен программаларды шифрлеу;МҚ объектілеріне қол жеткізу құқықтарын орнату;МҚ кестелерінің өрістері мен жазбаларын қорғау.
Парольдік қорғау МҚ-ны рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғаудың қарапайым және тиімді әдісі болып табылады. Парольдерді соңғы пайдаланушылар немесе МҚ әкімшілері орнатады. Парольдерді есепке алу мен сақтауды МҚБЖ-ның өзі жүргізетін. Әдетте парольдер МҚБЖ-ның белгілі бір жүйелік файлдарындща шифрленген түрінде сақталады. Сол себептен парольді табу және анықтау мүмкін емес. Парольді енгізгеннен кейін МҚБЖ пайдаланушысына қорғалған МҚ-мен жұмыс жүргізудің барлық мүмкіндіктерін ұсынылады. МҚБЖ-ның өзін парольмен қорғаудың қажеті жоқ.
Мәліметтерді (бүкіл қорды немесе жекелеген кестелерді) шифрлеу әдісі «сол МҚБЖ-дағы МҚ-ның форматын білетін» өзге программалар мәліметтерді оқи алмауы үшін қолданылады. Мұндай шифрлеу (Microsoft Access-те қолданылатын), онша да көп нәрсе бермейді, себебі кез келген тұлға МҚ-ны «туған» МҚБЖ көмегімен шифрін анықтауы мүмкін. Егер шифрлеу мен шифрді шешу парольді сұраса, онда пароль дұрыс енгізілген жағдайда шифрді шешіп алу мүмкін болады. Access-тің жасаушылары осыны келесі нұсқаларында ескеретініне сенімдіміз.
Программалардың бастапқы мәтіндерін шифрлеу тиісті алгоритмдердің сипаттамасын өзіне оларға қол жеткізу рұқсат етілмеген пайдаланушыдан жасырып қалуға мүмкіндік береді.
МҚБЖ-ның негізгі ресурстарын пайдалануды бақылау мақсатында көптеген жүйелерде МҚ объектілеріне қол жеткізу құқықтарын орнату құралдары болады. Қол жеткізу құықтары объектілерге қатысты мүмкін болар әрекеттерді анықтайды. Нысанның иегері (нысанды құрастырған пайдаланушы), сондай-ақ МҚ әкімшісі барлық құқықтарға ие болады. Қалған пайдаланушылар әртүрлі нысандарға түрлі қол жеткізу деңгейлеріне ие бола алады.
Кестелерге қатысты жалпы жағдайда келесі қол жеткізу құқықтары қарастырылуы мүмкін: мәліметтерді қарап шығу (оқу);
мәліметтерді өзгерту (редақциялау);жаңа жазбаларды қосып жазу;мәліметтерді қосып жазу және алып тастау;барлық амалдар, соның ішінде кестенің құрылымын өзгерту.
Кестедегі мәліметтерге, жекелеген өрістер мен жекелеген жазбаларға қатысты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін. Өзімізге мәлім реляциялық МҚБЖ-ларда жекелеген жазбалар арнайы қорғалмайды, әйтсе де іс-тәжірибеден бұл қажет болған жағдайлардың мысалын келтіруге болады. Қол жеткізу құқықтарын бақылау өздерінде жекелеген жазбалардың идентификация бар объектілі – бағытталған МҚБЖ-ларда болуы тиіс сияқты (объектілі-бағытталған моделдің реляциялық моделден бір айырмашылығы).
Кестелердің өрістеріндегі мәліметтерді қатысты қол жеткізудің келесі құқық деңгейлерін атап өтуге болады:қол жеткізуге толығымен тыйым салу;тек оқу;
барлық адамдарға рұқсат ету (қарап шығу, жаңа мәндерді енгізу, алып тастау және өзгерту).
Формаларға қатысты негізгі екі амал ескерілуі мүмкін: жұмыс істеу үшін шақырту және жасау (Құрастырушыны шақырту). Құрастырушыны шақыртуға тыйым салуды соңғы пайдаланушы байқаусызда қосымшаны бұзып алмауы үшін, экрандық формалар үшін дайын қосышаларды дайындаған дұрыс. Экрандық формалардың өзінде бөлек элементтер де қорғалуы мүмкін. Мысалы, бастапқы кестенің кейбір өрістері мүлде болмауы немесе пайдаланушыдан жасырылуы мүмкін, ал кейбір өрістерді – қарап шығу үшін қол жеткізуге болады.
Келесілерді ескермегенде есеп берулер көбінесе экрандық формаларға ұқсас болып келеді. Біріншіден, олар кестелердегі мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік бермейді, ал екіншіден, олардың негізгі қызметі – ақпаратты қағазға басып шығару. Экрандық формалар тәрізді, есеп берулерге де оларды жасау құралдарын шақыртуға тыйым салу орнатылуы мүмкін.
МҚБЖ қосымшаларында қолданылатын программалардың мәтіндерін (кездейсоқ және әдейі) қарау мен өзгертуге жол бермеу үшін шифрлеумен қатар, оларды парольмен қорғауды қолдануға болады.
МҚ-ны қосымша қорғау құралдарына өздерін тікелей қорғау құралдарына жатқызуға болмайтын, әйтсе де мәліметтердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндерін жатқызуға болады. Оларға келесі құралдар жатады:
типіне байланысты мәліметтердің мәндерін бақылаудың ішіне орнатылған құралдары;
енгізілген мәліметтердің дәйектілігін арттыру құралдары;
кестелердің байланысының біртұтастығын қамтамасыз ету құралдары;
МҚ нысандарын желіде бірлескен түрде қолдануды ұйымдастыру құралдары.
МҚ-да редакциялай отырып, пайдаланушы мәндер енгізілетін жолдың типіне сәйкес келмейтін мәндерді кездейсоқ енгізіп қоюы мүмкін. Мысалы, нысандық өріске мәтіндік ақпаратты енгізуге тырысады. Бұл жағдайдан МҚБЖ мәндерді бақылау құралдарының көмегімен енгізуге тосқауыл қояды және пайдаланушыға қате туралы дыбыстық сигнал беру арқылы, енгізілген символдың түсін өзгерту арқылы немесе өзге әдіспен хабарлайды.МҚБЖ-ға енгізілетін мәндердің дәйектілігін арттыру құралдары, өңдеуден өткізілген мәліметтердің семантикасымен байланысты барынша терең түрдегі бақылау жасауға қызмет етеді. Олар әдетте кестені құру кезінде мәндерге қатысты келесі шектеулерді көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді: ең аз және ең көп мәндер; үнсіз қабылданатын мән (егер енгізу болмаса), міндетті түрде енгізуді талап ету; енгізудің қимаүлгісін (енгізу шаблоны) тапсыру; енгізілген мәндер бақыланатын қосымша салыстыру кестесін көрсету және т.б.МҚ-дағы ақпараттың дәйектілігін бақылауды ұйымдастырудың аса дамыған түрі сақталынатын процедураларды жасау болып табылады. Сақталынатын процедуралар механизмі, серверде орналасқан МҚ-ларда қолданылады. Сақталып тұрған процедуралардың өзі алгоритмдері мәліметтермен қандай да бір қызметтерді (оның ішінде бақыланатыны да бар) орындауды қарастыратын программалар болып табылады. Процедуралар мәліметтермен бірге сақталады және қажет болған жағдайда қосымшалардан немесе МҚ-да қандай да бір оқиғалар орын алған жағдайда шақыртылады. Қолданбалы есептегі шешу, әдетте, кестелерден бірнешеуіндегі ақпаратты қажет етеді. Кестелердің өздері ақпаратты өңдеу ыңғайлы болу үшін және оны қайталануын болдырмау мақсатында қандай да бір әдіспен байланыстырылады (3.3 ішкі бөлім). Байланысқан кестелердің логикалық тұтастығын қолдау қызметтерін МҚБЖ міндетіне алады (3.4 ішкі бөлім). Өкінішке орай МҚБЖ-лардың барлығы бірдей бұл қызметтерді (толықтай) жүзеге асыра бермейді, бұл жағдайда байланыстардың нақтылығына жауапкершілік қосымша жүктеледі. МҚБЖ-ның кестелердің тұтастығын бақылауға қатысты мүмкін болар әрекеттерінің мысалын келтірейік. Екі кестенің арасында 1:М түріндегі байланыс бар делік, және соған сәйкес негізгі кетенің бір жазбасына қосалқы кестенің бірнеше жазбалары сеәйкес келуі мүмкін. Жазбаларды қосалқы кестеге енгізген кесте жүйе негізгі кестедегі байланыс өрісіндегі сәйкес мәндердің бар болуын бақылайды. Егер енгізілетін мән негізгі кестеде болмаса, МҚБЖ жаңа жазбамен жұмысқа уақытша тосқауыл қояды және мәнді өзгертуді немесе оны тұтастай алып тастауды ұсынады.

133.Қауіпсіздік белгілері және пайдалануды міндетті түрде бақылауға мәжбүрлеу мәселелері

134.МБЖ –не негізделген қауіп түрлері

135.Мәліметтерді пайдалануды сипаттау деңгейлері, құрылымы және әдістері

Мәліметтер типтері:

мәтіндік (текстовый);

сандық (числовой);

ақшалық (денежный);

санауыш (счетчик);

дата/уақыт (дата/время);

логикалық (TRUE немесе FALSE);

MEMO өрісі;

OLE объектісі өрісі (бұл өрістің мәні – МБ-ға енгізілген OLE объектісі; мұндай өріс мультимедиялық мәлімет сақтай алады)

Гиперсілтеме (Гиперссылка)

Алмастыру шеберлері (Мастер подстановок)

136.Мәліметтерді пайдалануға рұқсат алу әдістері

54.Кестелер стильдерінің графиктік фильтрлері. Статикалық фильтр. Динамикалық фильтр.

133.Қауіпсіздік белгілері және пайдалануды міндетті түрде бақылауға мәжбүрлеу мәселелері
134.МБЖ –не негізделген қауіп түрлері.

136.Мәліметтерді пайдалануға рұқсат алу әдістері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: