РАдИо ТІЛІ

Визуалдық картинаның болмауына қарамастан (немесе соның

арқасында) радио аудиторияға әсер етудің орасан зор мүмкіндіктерін

ашады. Дауыс үндестігі, сөйлеу ырғағы, логикалық және эмоциялық

екпін түсіру, сөйлеу қарқыны – бұның бәрі де оқырманмен әңгімелесу

тәсілдері болып табылады.

Тіл, музыка, шу, монтаж - радионың түсіндіру құралдары. Осының ішін-

де ең басты рөлді сөз атқарады. Өйткені, ол негізгі ақпаратты жеткізу

құралы, қалғаны оны толықтырып, әсерлендіріп тұрады.

Радиодан берілген кез-келген жарнаманы мысалға алып көріңіз. Дик-

тор тарапынан айтылған жай ғана мәтін тыңдарманды қызықтыра қоюы

екіталай. Бірақ оған музыка, дыбыстық эффектілер (өзеннің сылдыры,

ашылып жатқан қораптың дыбысы, сұйықтықтың бүлкілдеуі) қосылған

жағдайда Сіз оған еріксіз құлақ түресіз (бірақ мәтіндегі ақпарат сол

қалпында қалдырылды).

Бүгінгі радиода монолог басымдықпен қолданылып жүр. Бір жағынан,

монолог - әңгімелесушінің жауабына есептелмеген, адамның өз-өзіне

арналған әңгімесі. Бірақ радио эфиріндегі монологтың айырмашылығы

– ол белгілі бір адреске арналады, оның мақсаты – аудиторияға ықпал

ету.

Радиода айтылған сөздің басты ерекшелігі де осында.

Жүргізуші ӘРҚАШАН белгілі бір әңгімелесушімен сөйлесуге бейім-

делгендіктен сол адамның тілінде сөйлеуі тиіс. Сондықтан радионың

тілі кітаптың немесе газеттің тіліне қарағанда өзгеше. Радио тілі

– ауызекі тіл. Ол барынша қарапайым және қысқа, онда күрделі

сөйлемдер мен тіл орамдары қолданылмайды. Оның үстіне ауы-

зекі тіл жазбашаға қарағанда әңгімеге жанды сипат береді.

Сонымен, радио тілінің айырмашылығы қандай? Ең алдымен,

қарапайымдылық, түсініктілік және қысқалық. Эфирден айтылған

сөз үлкен аудиторияға арналған. Сондықтан радио тілі қарапайым, қысқа

және түсінікті болуы тиіс. Қиындатып, ақылгөйсіп сөйлейтін жүргізуші еш-

кімді де қызықтырмайды. Жұртшылық ашық, қысқа сөйлейтін жүргізушіні

қалайды. Радио ұзақ, күрделі тіркестер мен құрмалас сөйлемдерді

көтермейді. Тілді барынша оңайлату дегеніміз – оны «тұрмыстық

деңгейге» түсіру деген сөз емес. Бұл – тілдің барынша түсінікті және

анық болуын қамтамасыз ету.

Радио тілі барынша бейнелі болуы тиіс. Ол тыңдарман миындағы

картинаның орнын толықтыруы қажет. Радио мәтіні тыңдарман эмоция-

сын, теңеу тудырып, ақылына емес, жүрегіне, жан-дүниесіне қозғау са-

луы тиіс.

Радио тілі ырғақ (интонация) жағынан бай. Сондықтан да ол ӘРҚАШАН

ақпарат пен оны жеткізушінің ақпарға деген қарым-қатынасын, оның

даралығын көрсетеді (бір мәтінді әр адам түрлі етіп, өзінің оқу үлгісімен

оқиды). Сондықтан радиода сөйлеп тұрған адамның (жүргізуші, журна-

лист, ди-джей) жеке басы үлкен мәнге ие.

Радионың тілі ауызекі тіл. Сондықтан онда ауызекі сөздер еріксіз тіл

ұшына оралады. Мәселен, «сәлеметсіз бе»-нің орнына «сәмәтсіз ба»

сынды күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөз түрлері еніп кетеді.

Бұны мүлдем болдырмау әрине, мүмкін емес, дегенмен тырысуға бола-

ды. Жүргізушінің сауаттылығы өте маңызды, сол арқылы көрермен

де оның деңгейіне қарай ойысады. Өйткені, ауызшаға қарағанда жаз-

баша мәтіндегі қателерді түзеу оңайырақ. Бұрыс айтылған сөзді он рет

естісең, өзіңнің дұрыс сөйлеп тұрғаныңа күмән келтіре бастайтының

рас.

РАдИо пІШІНІ

Әр радиостанцияның өз пішіні бар. Пішін – бұл радиостанцияның «бет-

әлпеті», оның мазмұны. Әр радиостанцияның өз тыңдарманы бар, оның

пішіні де сол тыңдарманды қызықтыруға, өзіне тартуға бағытталған.

Егер «орташа» тыңдарман (тыңдармандардың көпшілігі осыған жата-

ды) өзгерсе, радионың пішіні де өзгеріске ұшырайды. Радиостанциялар

тұрақты түрде маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады. Сол арқылы

тыңдарманның, олардың мүдделері мен көңіл қалауының қай бағытқа

өзгергенін бақылайды.

пішіннің құрамдар бөліктері:

‑ Аудитория. «Орташа» тыңдарман – оның жасы, жынысы, әуестенетін

дүниелері, әлеуметтік және отбасылық жағдайы және т.б.

‑ музыка. Жанрлары, орындаушылар, уақыт кезеңі, әннің тілі, стилі,

бағыты. (Бағдарламалардың әнмен әрленуі, имидждік ойналым да*

осыған жатады).

‑ Жаңалықтар. Шығу уақыты, тілі, ақпаратты іріктеу және топтастыру,

беру).

‑ дауыс. Журналистер, диджейлер, бағдарлама жүргізушілері. Тембр,

екпін, дауыс ырғағы.

‑ Бағдарламалар. Жанрлары, тақырыптары, шығатын уақыты, ұзақтығы,

мақсаты, міндеті.

‑ Беру.* Ақпаратты беру стилі, әдісі, үлгісі.

‑ Қамту аймағы. Республика, қала, ауыл.

Пішінге не «сыймайды»:

- Сәйкес келмейтін музыка. (Дима Билан «Ретроға» сай келмейді).

- Сәйкес келмейтін тіл. Тыңдарманға жат сөздер, дауыс ырғағы, беру

тәсілі. («Ретро» радиосында сленг, кекетіп-мұқату, әдепсіз әзілдер айту

орынсыз).

- Сай келмейтін ақпарат. Диктордың кіріспесі сөзінде (подводка),

ақпараттық жаңалықтар мен бағдарламаларда. («Ретро» радиосында

«Нашествие» фестивалі туралы айту орынсыз).

- Жат бағдарламалар. («Ретро» радиосында жыныстық қатынас,

жастардың субмәдениеті туралы айту орынсыз).

Пішін дегеніміз – қалып. Радиоға жұмысқа тұру үшін алдымен өзіңе

қай радиостанцияның пішіні жақын, қайсысы қызықтыратынын анықтап

алған жөн. Және сіз оған сәйкес жұмыс істей аласыз ба немесе не

ұсынасыз, оны немен толықтыра аласыз, осы жағын ойланыңыз.

КЕЛЕШЕК КӘСІпҚойЛАРғА КЕҢЕС

Не надо, не грусти, поставь любимую пластинку

И скажи себе тихо-тихо,

Что ты супердиджей!..

«Дискотека Авария»

Егер сіз радиода жұмыс істейтін болсаңыз нағыз кәсіпқой маманға айна-

лады деп үміттенемін. Тыңдай білетін, жүректің түпкірінде жасырынып

жатқан сырларды суыртпақтай білетін адамдар болады. Бірақ, оны ма-

хаббатпен, шын ықыласпен және абайлап істеген абзал.

Сонымен, ең біріншіден «жұлдыз ауруынан» сақтаныңыз. Мен

мұны шынымен де айтып отырмын. Сіздің даусыңызды тани бастаған

кезде, эфирге қоңырау соғып, алғыс айтылғанда, туыстарыңыз бен

жақындарыңыз сіздің радиода жұмыс істейтін «бәленше» екеніңізді

айтып, мақтанғанда... бақыттан басыңыз айналатыны рас. Және бұл

әрі қарай ілгерілеуге кедергі келтіреді. Сондықтан, жетістіктеріңіз

үшін қуанбаңыз демеймін, бірақ жеткен биігіңізде қалып қоймауға

тырысыңыз.

Бірден үлкен жобадан немесе радио бағдарламадан бастамаңыз.

Егер сіз бұрын-соңды радиода жұмыс істеп көрмеген болсаңыз өз

идеяларыңызды радио эфирінен шығармақ түгіл, оны елестету де

қиындық туғызады. Ол үшін эфирге шығаруға тұрарлықтай, сұранысқа

ие болатын жоба ойлап табу қажет. Алдымен радионың «ішкі дүниесін»

түсініп, жаныңмен сезіну қажет және қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп

алған дұрыс. Меніңше, жұмысты диджейліктен бастаған абзал.

Өз бойыңызда ерекшелік бар ма. Мүмкін сіздің дауыс тембріңіз ерекше

шығар. Немесе «әңгіменің майын тамызатын» шеберісіз бе? Мүмкін, сіз

өте сезімтал жан шығарсыз және елмен бірге қамыға білетін боларсыз.

Әлде күлкіңіз «майдай» жұға ма? Болмаса, еліктіріп әкететіндей тартым-

ды дауыс иесі шығарсыз. Әркімнің бойында ешкімге ұқсамайтын бір ере-

кшелігі болады. Өзіңіздің бойыңыздағы осындай «ерекше қасиетіңізді»

тауып, толықтырыңыз. Сонымен қатар жүргізуші образының радиостан-

ция пішініне сәйкес болуы керектігін естен шығармаңыз.

Егер сіз енді ғана жұмыс істей бастаған болсаңыз, алғашқы

эфирлеріңізді ерінбей таспаға жазып алыңыз. Бұл өзіңізді тыңдап,

нені өзгерту, нені толықтыру қажеттігін, ненің қызықтырақ шығатынын

түсінуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сіздің эфирлік образыңыздың өмірдегі имиджіңізге сәйкес

болуы міндетті емес. Бір жақсысы радиода сізді ешкім көрмейді. Бірақ

кей жерлерде сіздің шынайы табиғатыңыз эфирден байқалып та қалуы

мүмкін. Сондықтан тыңдарманға шынайы, шын жүректен қарым-

қатынас жасаған жөн:) Оның үстіне тыңдарман да өзінше сіздің

образыңызды елестетеді. Эфирде өзіңізді батыл ұстауыңызды аудито-

рия дөрекілік деп, өзіңізді тартымды деп есептесеңіз аудитория сізді

артта қалған адам ретінде қабылдауы мүмкін және т.б.

Кейде хабарласқан адамдар сіздің ұнатпайтынын айтып жатады. Оған

көңіл бөлмей-ақ қойыңыз. Бірден айтайын – аудиторияның бәріне бір-

дей ұнау мүмкін емес. Тіпті бір радио станцияның өзінде әр диджейді

«жақсы көретіндер» мен «қаламайтындар» бар. Бірақ «әр саңырауқұлақ

өзінің саңырауқұлақ терушісін күтеді» дейді ғой. Әр диджейдің бірнеше

ондаған/жүздеген/мыңдаған адамнан тұратын өз аудиториясы бола-

ды. Сондықтан бәріне бірдей ұнауға тырыспай-ақ қойыңыз. Бірақ

сіз тыңдармандардың арасында кем дегенде бір адамды ойландыра

алсаңыз онда микрофон алдындағы уақытыңыздың босқа кетпегені.

Осы жерде өз тәжірибемде болған екіоқиғаны айта кетейін.

Бірде менің эфирде айтқан сөздерім өз-өзіне қол салмақшы болған адам-

ды райынан қайтарған көрінеді (кейін ол маған қоңырау шалып, рахмет

айтты). Тағы бірде бір отбасын ажырасып кетуден сақтап қалыппын,

құттықтау концертінде осындай оқиғаларға қатысты бірдеңе айтқан

болатынмын. Мен бұны тыңдарманды көрмесем де олармен арадағы

эмоционалды, жүректен қозғалған әңгімені өз жұмысымның өзегі деп

білемін.

дИдЖЕйдІҢ ЭФИРдЕ ҰСТАНАТыН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Енді жас диджейге бірнеше кеңес берейін

1. Эфирге дайындалыңыз.

Менен: «Сіз не айтатыныңызды алдын-ала жазып аласыз ба?» деп

сұрайтын. Мен айтамын: «Алдын-ала дайындалған шығарманың қай-

қайсысы да жақсы шығады». Эфир дайындықты қажет етеді.

Егер сіз бағдарлама жүргізушісі болсаңыз, өз бағдарламаңыздың

тақырыбына қатысты ақпаратты (соңғы жаңалықтар, қызықты фак-

тілері, цитаталар) қарап шығып, жазып алыңыз. Ол сіздің эфирге

шығуыңызға қажетті база болмақ. Сонда ғана сізді тыңдау қызықтырақ

болады. «Көзіме көрініп тұрғанды жырлаймын» деген ұстаным күлкіге

қалдырады.

Егер сіз құттықтау концертін жүргізетін болсаңыз тілектер мен өлең кі-

таптарды қарап шығып, өзіңізге ұнағандарын жазып алыңыз. Егер дид-

жейлік ауысымға шығатын болсаңыз, плей-парақшаны* қарап алыңыз,

қай өлеңнен кейін не айтуға болатынын ойлаңыз. Алғашқы күндері

сасып қалып, айтарыңды ұмытып қалмас үшін оны алдын-ала жазып

алған дұрыс. Радиода ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін не айтып, не

қою керектігі жайын ойламайтын да боласыз. Керекті сөздер өздігінен

көмейге құйылып жатады. Кәсіпқойлық деген осы.

2. Қысқа, бірақ қызықты етіп сөйлеңіз.

Қысқалық – таланттың туысы. Әнді аяғына дейін тыңдатпай көп сөйлейтін

жүргізушінің қалай мезі ететінін еске түсіріңізші. Диджей ең көп дегенде

20-30 секундтан артық сөйлемеуі тиіс. 30 секундтың өзінің көптік ететіні-

не сене беріңіз. Тыңдарманға сүйкімсіз болмас үшін алғашқы уақытта

айтатын сөздеріңді жазып ал дейтінім де сондықтан.

3. Егер микрофонды қосып, не айту керектігін білмей абдырап қалсаңыз

оны сөндіре қойыңыз.

Эфирді «суға» айналдырып, әйтеуір бірдеңе айта салу – кәсіби деңгейдің

төмендігін білдіреді. Егер айтарыңыз болмаса тыңдармандардың ән

тыңдағаны жақсы.

4. Жымия отырып, сезіммен сөйлеңіз.

Микрофон адамның эмоциясын «жұтып қояды». Сондықтан сіз сергек

сөйлеп тұрсаңыз да радиоэфирден бірқалыпты мыңқылдаған дауыс

естіледі. Дауыс жанды шығуы үшін барынша сезімге беріліп сөйлеу

қажет (ненің жетіспей тұрғанын білу үшін эфирдегі дауысыңызды тыңдап

көріңіз). Жалпы, эфирге шыққанда эмоцияны арттырған жөн.

Күлкі бастапқыда дауысты «бояудың» таптырмас құралы болып табы-

лады. Екі езуіңіз құлағыңызға жеткенше, көңілді күлкімен күліңіз. Бәрібір

сізді ешкім көріп тұрған жоқ қой. Уақыт өтуімен дауыстағы эмоция жетіле

түседі.

5. Эфирде шектен тыс күлме.

Эфирде күлуге болады екен деп ұзақ уақыт күлудің қажеті жоқ. Егер

күлкіңіздің «майдай жұғатын» қасиеті болса соны пайдаланыңыз. Ал,

әдемі күле алмайтын болсаңыз күлмей-ақ қойғаныңыз дұрыс. Эфирде

алуан-түрлі күлкілі жағдайлар болады. Мәселен, біреудің ат-жөні күлкілі

болады немесе әріптестеріңіз күлкілі бірдеңе айтады (әзілдеу жағынан

радио журналистері ешкімге дес бермейді). Дер кезінде тоқтай білу

қажет. Өйткені, сіздің директорыңыз әзілді жақсы көрмейтін адам болуы

мүмкін. Мәселен, менің бір әріптесімді эфирде отырғанда күлкі қысып,

футбол матчтарының кестесін селкілдеп отырып әрең оқып бітірген. Со-

дан кейін ол жұмыстан шығып кетті. Сондықтан, микрофон өшірілгеннен

кейін қалағаныңызша күле беріңіз.

6. Эфирге шығып болғаннан кейін микрофонды сөндіруді ұмытпаңыз!

Жас мамандар микрофонды өшіруді жиі ұмытып кетіп жатады.

7. Бір рет эфирге шығу – бір ой айту.

Радионы ешкім қадалып тыңдамайтынын айттық. Оны тыңдап отырған

(жүрген) адам бірнәрсемен шұғылданып жатады не басқа нәрсені ойлап

отырады. Сондықтан оның назарын аударуға тырысу қажет. Ой қанша

күрделі болса оны түсіну де соншалықты қиындайды. Сондықтан ауыр

орамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Сөз тіркесі қанша қысқа болса

соншалықты жақсы.

8. Диджейдің әзілдері елдің бәріне түсінікті болуы тиіс.

Ең үздік шыққан әзіл – диджейдің өзін емес, тыңдармандарды күлдірген

әзіл. Өйткені, жұртқа түсінікті етіп әзілдеуге тырысу қажет және эфир-

де «өзара» әзіл айтудың қажеті жоқ (кейде диджейлер өздеріне ғана

түсінікті бірдеңелерді атып күліп жатады).

9. Ыңғайсыз жағдайға қайта оралудың қажеті жоқ.

Эфирде түрлі жағдай болуы мүмкін. Айтылып жатқан ән «тұрып» қалады

немесе эфирдегі журналистке ықылық тиеді әлде диджейдің өзі қате жі-

береді дегендей. Ондай сәттерге қайта оралып, кешірім сұрап немесе

түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Бұл арқылы сіз кеткен қатені көрермен

есіне тағы да қайталап саласыз (кейбіреулер ол қатені байқамаған, тіпті

естімеген де болуы мүмкін).

10. Эфирде өткен шаққа орын жоқ.

Бірнеше минут бұрын эфирде не болғанын айтудың қажеті жоқ. Ол

ешкімнің есінде қалмаған болуы мүмкін және бұл тыңдармандардың

ашуын келтіреді.

11. Эфирде «жабық» тақырыптар болады.

Негізінде радиостанция үшін «жабық», қозғауға болмайтын тақырыптар

болса оны сізге алдын-ала хабарлайды. Бірақ, әдетте барлық

радиостанциялардың диджейлері саясат, экономика, соғыс/терактілер,

ұлттық/нәсілдік бөлінушілік, діндер, жыныстық қарым-қатынас жайын

сөз етпейді. Бұл тақырыптарды/оқиғаларды жаңалықтарда немесе

бағдарламаларда әңгімелеуге болады. Ди-джейдің осы тақырыптар

жөнінде пікір білдіруге құқы жоқ.

Тағы бір жабық тақырып – балағат сөздер. Эфирде ондай сөздерді

айтуға диджейдің де, тыңдарманның да қақы жоқ.

Эфирде қажетсіз әңгімелерді қалай «жабуға» болады

Сонымен, егер эфирге қоңырау шалған адам «жабық» тақырыптарды

қозғай бастаса не істеу керек?

Бірінші. Эфирдің қожайыны – диджей. Сіздің қолыңызда ондай адамды

эфирден «алып тастау» мүмкіндігі бар. Сондықтан, ең алдымен әңгіме

арнасын қалаусыз тақырыптан бұрып әкетуге тырысыңыз. Балағаттаған

мас адамды эфирден ойланбай ажыратып тастауға болады.

Екінші. Егер әңгімені басқа жаққа бұрып әкету мүмкін бол-

маса ол тыңдарманды да эфирден «алып тастайсыз». Бірақ,

оны өзге тыңдармандарға байқалмайтындай етіп істеу керек.

Мәселен, оның сөздерінің үзік-үзік шыққанын күтіңіз – сол кез-

де ол эфирден өздігінен ажырап қалғандай әсер тудырады:)

Үшінші. Әзілдеу. Әзіл кез-келген жағымсыз жайдың қыртысын жазды-

рып, тігісін жатқызуға көмектеседі. Эфирде ыңғайсыз жайттың болғанын

көрсетпей, оның орнын жеңіл әзілмен жабуды үйреніңіз.

Төртінші. Ұзақ уақыт бойына кешірім сұрап, тым көп әзілдеудің қажеті

жоқ. Бұл арқылы сіз ыңғайсыз тақырыпты дамыта түсесіз. Бірден ол

жайындағы әңгімені тоқтатып тастаңыз. Тыңдармандардың кейбірі

эфирге жаңа ғана қосылды және ол ыңғайсыз жағдайды естіген жоқ.

12. Өз проблемаларыңды айтып тыңдарманның «басын қатырма».

Өз өміріңізде қандай жағдай болса да – сырқат, ақшаның жоқтығы,

сәтсіздіктер, күйзеліс –ешкімге де қызық емес. Күнделікті күйбең тірліктің

кемшін тұстарын айтып тыңдармандардың мазасын алуға болмайды.

Сіздің жұмысыңыз – жақсы көңіл-күй сыйлау.

13. Жаттанды сөздерден* аулақ болыңыз.

Эфирден сөйлеген сөздеріңді тыңдап, жиі пайдаланылатын сөздер мен

тіл орамдарын анықтап алыңыз. Олардан тезірек құтылған жөн, сонда

тіліңіз қызықтырақ шығады.

14. Эфирде тыныштық орнауына жол бермеңіз.

Эфирде жіберілген кез-келген үнсіздік (тіпті секундтық) «ақау» сияқты

қабылданады. Үнсіздік орнын толықтырудың амалын табыңыз –

радиостанцияның атын тағы да қайталаңыз, имидждік ойналымды (от-

бивка) қосыңыз, тыңдармандарға қайырлы күн тілеңіз.

15. Эфирде берілген музыкаға қатысты (өзге радиостанциялардың

пішінін) сын айтпаңыз.

Киркоров немесе Тату тобын қанша жек көрсеңіз де, олар туралы не-

месе олардың әндері жайында жаман пікір айтуға хақыңыз жоқ. Олар

тыңдармандарға ұнауы мүмкін.

16. Тыңдарманды құрметте.

Адамдардың бәрі бірдей емес. Кейде сөйлескенен кейін көңіл-күйіңді

құртып кететін тыңдармандар болады. Бірақ, қалай болғанда да сы-

пайы болыңыз. Тіпті тыңдарман сондай сорақы көрінсе де сіз онымен

де өзгелермен сөйлескендей сөйлесіңіз.

Тыңдарманмен ұрысып, балағаттауға, эфирді «базарға» айналдыруға

жол бермеңіз. Сіз – радиостанцияның «келбетісіз». Әрине, мас немесе

әдептен ада кісімен сыпайылап тұруға міндетті емессіз. Оны да эфир-

ден «ажыратып» тастауға болады, бірақ өзіңіз ашуға берілмеңіз. Теле-

фон тұтқасын қойғасын немесе микрофонды өшіргеннен кейін ішіңде

қайнап жатқан ашуды ақтарып салуға болады. Бірақ, тыңдарманмен

сөйлескенде сыпайы және әдепті болған дұрыс.

Ескерту: эфирдің өзіне тән «фейс-бақылауы» болады. Егер

хабарласқан адам мас, мықты акцентпен сөйлейтін немесе тілінің

мүкісі басым адам болса ештеңе түсіндірмей-ақ, оны эфирден «ажы-

ратып» тастауға толық еріктісіз.

17. Тыңдарманға ақыл айтуға тырыспаңыз.

Әңгіме барысында тыңдарманнан гөрі ақылды болып көрінуге тырысудың

қажеті жоқ. Диджейдің міндеті бұл емес, керісінше, ол тыңдарманды

жақсы жағынан көрсете білуі керек.

18. Тыңдарманды алдамаңыз.

Аудиторияның сенімін қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан

тыңдармандарды алдамаңыз (мәселен, ол сұраған өлеңді қосуға уәде

беріп, оны орындамау).

мыСАЛдАР

Диджейлердің «ұтымды» шыққан сөздерінен.

«…Диман Билан Евровидениеге дәл осы өлеңімен қатысады. Еске сала

кетейін, әндер байқауы 24-мамырда Белградта өтеді. Ресейдік эст-

рада жұлдызына сәттілік тілеуді ұмытпаңыз. Ал, біз ән тыңдауды әрі

қарай жалғастырамыз. Ендігі кезекті Дмитрий Колдунға береміз…»

«…Жаңа ғана Алсу мектеппен қоштасты. Иә, шынымен де көңілді

еді-ау, сол күндер. Мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңыраудың

да соғылар сәті таяп қалды. Алда қоштасу кеші, оның арғы жағында

ересектік өмір күтіп тұр. Ал, біздің эфирде Иванушки тобы «Кукла

Маша» әнімен…

Эфирге бұлай шыққаннан гөрі үндемей қалған дұрыс болар еді. Дид-

жей жаңа ғана аяқталған ән мен келесі әннің орындаушыларын атап

қана қойды. Тыңдарман бұны диджейсіз де біледі. Диджейдің мақсаты

– тыңдарманмен эмоционалдық байланыс орнату. Көңіл-күй – радионың

негізгі өнімі. Сондықтан тыңдарманды «іліп» әкетіп, эфирге «қосу» үшін

сол өнімді пайдалану қажет.

«Қостанай» радиостанциясы толқынына қосылған тыңдармандарға

көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Сіздермен бірге мен, музыкалық

бағдарламалар жүргізушісі.... К-7 тобының «Танец под дождем» әні

бүгінгі ауа-райымен үндесіп жатқандай. Көлік кептелісінде тұрған

автокөлік иелеріне айтарым – қапаланбаңыздар. Жаңбырлы ауа-

райынан бұзылған көңіл-күйді қазір Моранди тобы көтеруге тыры-

сады. Алда жақсы әңгімелер күтіп тұр, сондықтан басқа толқынға

ауыспаңыздар».

«… Міне, жаңа ғана біз Юлия Савичеваның «Как твои дела?» деп ата-

латын керемет әнін тыңдадық. Ал, сіздердің қалдарыңыз қалай, менің

құрметті тыңдармандарым? Келесі ән де сіздерге арналады. Ән «Все

будет хорошо!» деп аталады.

Бірінші сөзінде диджейдің өз есімі мен радиостанциясының атын атағаны

дұрыс. Бұны музыка сағаты барысында бір-екі рет істеген дұрыс.

Диджей мәтінінде фактіні тізгеннен басқа ештеңе жоқ. Мәселен, көктем

келді, одан соң жаз, сосын... деген сияқты. «Ән «Қалың қалай» деп ата-

лады, ал сіздердің қалдарыңыз қалай?..» Диджей әннің мазмұнын айтып

беріп қана қоймай, соған сәйкес әңгімелеуге, жұрттың көңілін көтеріп,

оны диджеймен және әнмен бірге елтіп, жымиюға, анасына қоңырау

шалуға... итермелеуі тиіс. ӨЗІҢДІ, ӨЗІҢНІҢ бір сәттік көңіл-күйіңді эфир-

ге алып шығу қажет. Ол біреуге тым ыстық, тым жақын болып көрінуі

мүмкін. Сонда тыңдарман сізді тыңдаудан жалықпайды және басқа ра-

дио толқынға ауыспайды.

«Бүгінгі таң қандай тамаша, құрметті тыңдармандар! Меніңше,

терезеден қарап тұрған немесе көшеде кетіп бара жатқан адамның

бәрі менімен толық келісер еді... Ойлап қараңызшы: тамаша таң, Сіз

және радио. Бақыт дегеніміз осы шығар, ең құрыса бұл – жақсы көңіл-

күйдің кепілдігі! Мен оның күні бойы Сізбен бірге болуын тілеймін. Ал,

ауа-райының тамаша әсеріне бөленіп отырған Сіздер үшін Витастың

«Птица счастья» әні орындалады. Бізбен бірге болыңыздар...»

Міне, әбден жаттанды болған сөздерді шектен асыра пайдаланудың

нағыз өзі! «Тамаша таң», «жақсы көңіл-күй», «жағымды әсер», «бақыт

дегеніміз»... Бұл сөздердің ешқандай мән-мағынасы жоқ. Олар тым жал-

пылама, тым жаттанды сөздер. Диджей үшін таңның немесе өлеңнің ке-

реметі неде? Оның жағымды әсер деп отырғаны не? Ол үшін бәр сәттік

бақыт дегеніміз не? Оның әрі қарайғы көңіл-күйі қандай болмақ?.. Міне

жоғарыдағы диджей сөздеріне жетпей тұрған жеке ақпарат осындай.

***

Достар, эфирге негізінен үндемей қалуға болмайтын, адамды бей-жай

қалдырмайтын әндерден кейін шығуға тырысу керек. Сіз эфирге шығар

алдында және шыққаннан кейін орындалатын әнді елестетіп көріңіз.

Тыңдарманға қандай көңіл-күй сыйлағыңыз келеді? Сіз өзіңізді осы

әннен кейін қалай сезінесіз, өміріңізге қалай әсер етеді? Тыңдармандар

осыны білгісі келеді – Сізді сезінгісі келеді.

Өзіңізді жан-жақты көрсетуден қысылмаңыз. Өз тәжірибеңіз, алған

әсеріңіз туралы, өмірден алынған оқиғалар жайында әңгімелеп беруге

болады. Өзіңіздің бүгінгі көңіл-күйіңіз, орындалған әннен алған әсеріңіз,

еске түскен жайлар туралы айтыңыз.

Өзіңді жақсы көру және эфирде «мен-мен» деп кеуде қағудың

айырмашылығы қандай? Соны іздеп көріңіз. Осыны сөзбен берудің бір-

неше мысалын келтіре кетейін.

«… Білесіздер ме, достар, кейде маған сөз – бұл белгілі бір тәртіппен

құрылған әріптер тізбегі сияқтанады. Өйткені, біз сол 33 әріпті ғана

пайдаланамыз ғой. Ал, олардың айтылуы қандай әр түрлі... Мені үнемі

сөздің астарында НЕ тұрғаны қызықтырады. Адамдар «махаббат»

немесе «мама» деген сөздерді айтқанда қандай сезімде бола-

ды... Құшаққа сыймайтынды құшқың келеді!.. Жер бетінде тұратын

адамдардың әр қайсысының жанын ұққың келеді!.. Мүмкін, біздің

жақынырақ бола түсуімізге сүйікті әніміз көмектесер... Келесі компо-

зиция …»

«…Неліктен екені белгісіз, бұл өлең бірінші сыныбым мен алғашқы

махаббатымды еске түсірді. Оның бойы менен екі қарыс төмен бо-

латын және өзі сондай бірбеткей еді. Ол мектеп ауласынан менің

қоржынымды көтеріп өткенде қатты ұялатынмын. Бірде, үзіліс

кезінде ол менің алақаныма сақина салды – үлкен және жылтырақ...

қайдан алды десеңізші?.. Мен оған күні бойы қызықтап қарай бердім.

Оқытушы байқап қойды да, бізді тұрғызып біраз «тергеді», содан соң

екеуміз ешқашан сөйлескен емеспіз... Содан бері сонша жыл өтті,

менің күйеуім бар. Бірақ мен әлі күнге дейін сол күнді есіме аламын.

Егер мұғалима апай болмаса осы махаббаттың соңы, менің алдағы

өмірім не болар еді деген сұрақ қызықтырады... Білмедім. Бірақ бір

нәрсені анық белімен – өмірде мүмкін емес деген нәрсенің өзі орында-

лып қалуы мүмкін. Біздің эфирімізді Дима Билан жалғастырады…»

«…«Секрет» тобы қоғамдық көлікте жолыққан махаббат тақырын

толғайды. Шынымен де солай болып жататын жағдайлар аз емес...

біздің өміріміз – қоғамдық көліктен айнымайды. Ту сыртыңнан біреудің

тыныс алғанын естисің, енді біреу бос орынға отыруға асығады, біреу

жолақысын қадағалап, төлемегендерге айыппұл салып жатады. Сенің

өзің де... осылай істейсің. Бірақ кейде біреулердің сенікөзбен «ішіп-

жеп» тұрғанын аңғарасың да, көлік аузы-мұрнына дейін толып тұрса

да орныңды босатып бересің. Өмірде де солай. Ең қарбалас шақта

да махаббатқа орын табылады. Жақсы әннің де әрқашан жүректерге

жол табары хақ. Сіз... толқынындасыз»

РАдИоғА ҚАЛАй ЖҰмыСҚА ТҰРУғА БоЛАды

1-қадам.

Алдымен радиода кім болып (диджей, журналист, саунд-инженер) жұмыс

істегіңіз келетінін шешіп алыңыз. Қай пішіндегі радиода жұмыс істегіңіз

келетінін анықтаңыз. Сол радиостанцияның эфир кестесін мұқият

тыңдаңыз (апта ішінде қандай бағдарламалар береді, мазмұны қандай,

стилі), жүргізушілері мен диджейлерге құлақ түріп көріңіз (олардың ерек-

шелігі қандай, дауыстары, стилі мен тіл орамдары, ақпаратты беру тәсілі

қандай). Әрине, біреуге еліктеп, оны қайталаудың қажеті жоқ. Бірақ,

жұмыс істегің келетін радиостанцияның пішініне сай бола білу қажет.

2-қадам.

Өз дауысыңызды сырттан тыңдап көріңіз. Жалпы, табысқа жеткіңіз

келсе өзіңізді де, өзгелерді де көп тыңдаған жөн. Әуелде өз даусыңыз

бейтаныс және жағымсыз естілуі мүмкін, одан қорқудың қажеті жоқ.

Оған бой үйрету керек, өйткені, кез-келген адамның даусы сырттан

тыңдаған кезде өзіне біртүрлі естіледі. Сіздің дикцияңызда кемшілік*

жоқ па, интонацияларға назар аударыңыз. Мүмкін сіз тым жай немесе

ақырын сөйлейтін шығарсыз? Жұмыс жөнінде сөйлесуге бармас бұрын

дауысыңызды жаттықтырып алған жөн.

3-қадам.

Келесі қадам – қоңырау шалу және жұмыс жайын сөйлесу үшін кездесу.

Қайталап айтамын – диджей болып жұмыс істеу үшін сіздің табыстарыңыз

бен білім дәрежеңіз қажет емес. Дегенмен резюме артықтық етпейді.

Оны факс, пошта арқылы жолдағаннан гөрі алдын-ала хабарласып, өз

қолыңмен апарып берген дұрыс. Табанды болыңыз, бірақ жалықтырып

алмаңыз. Бос орын жоқ па? Жақсы, онда сіздің даусыңызды таспаға жа-

зып алуға болатын шығар? Әдеттте, кез-келген радионың дауыс базасы

болады. Қалай болғанда да алғашқы кездесуде сіздің даусыңызды мін-

детті түрде жазып алады. Жұмыс беруші Сізді соған қарап бағалайды.

Сондықтан да сіз оған толық дайын болыңыз.

Егер ұсыныстарыңыз немесе белгілі бір бағдарламаға қатысты

әзірлегендеріңіз болса ол жайында айтуды ұмытпаңыз. Бағдарлама

идеясының флэш-картаға немесе дискіге жазылғанын айтыңыз. «Резю-

ме» апарып тастағаннан кейін айына бір немесе үш айда бір рет қоңырау

шалып, хабарласып тұрыңыз. Егер сіздің дауысыңыз бен идеяңыз ұнаса

бос орыннан үміткерлер тізімінің алдыңғы шебінен орын аласыз.

4-қадам.

Егер жеке бағдарлама жасағыңыз келсе оның «бастапқы» нұсқасын

жазып апарыңыз (бұл ауызша немесе қағаздағы мәтінге қарағанда

ұтымдырақ). Егер студияға дауыс жазуға келген болсаңыз өз қабілетіңізді

толық көрсетуге тырысыңыз. Дайын мәтінмен, өз сөздеріңізді дайындап

ала барыңыз.

5-қадам.

Қапаланбаңыз. Дикцияңызды жөндеп, дауысыңызды жаттықтырыңыз

(кез-келген дикцияны жөндеуге болады). Тәжірибеден өту жөнінде

өтініші жасап көріңіз. Ертеде жау жүрек қолбасшылар табандылығының

арқасында мықты деген қалаларды да жаулап алған.

СҰРАҚТАР мЕН ТАпСыРмАЛАР

Сұрақтар:

1. Сіздіңше, бүгінгі таңда радиолар неліктен тек көңіл-көтеру функция-

сын атқарады?

2. Сіз тыңарманға не айтар едіңіз, радиоэфирге өз тарапыңыздан не

қосар едіңіз?

3. Қызықты жүргізетін радиожүргізушілер туралы мысалдар келтіріңіз.

Олардың ерекшелігі неде деп ойлайсыз? Олар ерекшелену үшін қандай

тәсілдерді қолданады? Немесе оларды сізден бөліп тұратын басты ере-

кшелік қандай?

Тапсырмалар:

1. Өз қалаңыздағы радиостанцияларды сипаттап беріңіз. Олардың әр

қайсысына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

2. Өзіңіздің эфирлік портретіңізді «салыңыз», ойлап табыңыз. Бірнеше

образ жасасаңыз да болады.

3. Өзіңізге ұнайтын радиостанция эфиріне арнап сөз дайындаңыз және

оқып, жаттығыңыз. Әрине, алдымен сол радио диджейлерінің сөйлеу

мәнерін, тілін зерттеп алған жөн.

пАйдАЛы СІЛТЕмЕЛЕР

www.teatr‑obraz.ru – «Образ» театр студиясының сайты (дикцияға

арналған тамаша жаттығулар бар).

www.onair.ru – ақпарат агенттігінің сайты (диджейлік тәжірибе, радио та-

рихына қатысты қызықты оқиғалар жазылады және белгілі жүргізушілер

өз тәжірибесімен бөліседі, кеңестер береді).

www.europaplus.kz – «Европа + Қазақстан» радиостанциясының сайты

(бастамашыл, келешегі бар жастар үшін жол ашатын аз ғана радионың

бірі).

ГЛоССАРИй

диджей – радиодағы музыкалық бағдарламалар жүргізушісі.

Бағдарламалар директоры – эфирдің әнмен және бағдарламалармен

толықтырылуына жауап беретін адам.

Бас редактор – жаңалықтар қызметінің жұмысына жауапты кісі.

Жүргізуші – ток-шоудың, радиодағы тақырыптық бағдарламалардағы

«басты тұлға».

Саунд‑инженер – техникаға және эфирдің техникалық жабдықталуына

жауап беретін адам.

Ақпаратты беру – ақпаратты беру пішіні, мәнері, стилі.

диджей сөзі (подводка) – диджейдің әндер арасында айтатын қысқа

да нұсқа мәтіндері.

Имидждік ойналым (отбивка) – радионың атауын білдіретін қысқа

музыкалық ойналым. Оның түрі көп, жаңалықтар шығарылымын

рәсімдейтін, белгілі бір айдардың немесе бағдарламаның, музыка

сағатының басталғанын білдіретін түрлері де болады.

плей‑парақ – музыкалық сағат барысында ойналатын әндер тізімі. Оны

әдетте бағдарлама директоры құрастырады.

дикция – сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі.

пішін – радиостанцияның стилі, түрі, мазмұны.

Жабық тақырыптар – эфирде талқылауға тыйым салынған

тақырыптар.

Штамп – әбден жауыр болған, жиі қайталанатын сөздер мен сөз тіркес-

тері.

Бастапқы нұсқа – радиобағдарлама жобасының үлгілік нұсқасы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: