Елге жалпы сипаттама

Әлемнің ең бір ежелгі мемлекетінің бірі - Египетке, оның мәдениеті мен өнеріне халықтар көптеген ғасырлар бойы ынтық болып қызығып келді.

Ежелгі Египет тарихын 4 кезеңге бөледі:

Ежелгі патшалық (3000 - 2400 ж б.э.д.)

Орта патшалық (2400 - 1710 ж. б.э.д.)

Жаңа патшалық (1580 - 1090 ж. б.э.д.)

Соңғы кезең (1090 - 332 ж. б.э.д.)

Ежелгі Египеттіктердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен егін және әр түрлі қолөнер, зергерлік, қыштан құмыра жасау, тоқымашылық, шыны өндіру сияқты кәсіптермен шұғылданды.

Ежелгі Египетгің таптық қоғамы әр түрлі топтардан тұрды - құлдық қоғамдағы ақсүйектер, қаланың қолөнершілері, тілмаштары, еркін шаруалар мен құлдар болып бөлінді.

Мемлекеттің саяси құрылымы - перғауындарды басшылықка алған жеке-дара қайырымсыз монархия болды.

Египет діні өзіндік ерекшелігі бар, ол күн, ай, жер құдайына, үй және жабайы аңдарға негізделген, өмірдің барлық тіршілігіне сиынды. Әсіресе дін - өнерде ерекше орын алды, ол халықтың эстетикалық қойылымдарында орын алды.

Көркемдік бейнелерде әр уақытта символдық мәнді байқауға болады, мысалы: лотос өсімдігі (көп жыддық) - өсіп-өнудің мәңгілік символы болса, жылан - биліктің, өктемдіктің символы деп түсінген. Өнерде адам бейнесі - шартты түрде; схемалық сипатта көрсетілді.

Перғауындарды, оның нөкерлерін бейнелейтін Ежелгі Египеттік статуялар сымбатты, әрі монументалды. Олардың дене кейпі мен қимылы зандастырылып бейнеленген.

СҰЛУЛЫҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ

Ежелгі Египеттің рельефтері, фрескалары, мүсіндері адам сұлулығының эстетикалық идеалы туралы, олардың киімдерінің формасы мен негізгі типтері туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

Ранэфера статуясының (Ежелгі патшалықтағы) схемалық және шартты бейнесі Ежелгі Египеттіктердің сұлулық идеалының нағыз кейпін көрсетеді: сұңғақ бойлы, кең жауырынды, (иықгы), қынама бел мен бөксе, ірі бет пішім. Ал әйелдер пішімі - сымбатты пропорция, дұрыс, кіші бет пішім, көз ойындысы миндаль формалы болып келеді. Оны Раннаи, статуясы мен Нефертити бюстінен көруге болады.

ХІХ ғ-ң танымал - ғалымы Мысырды (Египет) зерттеуші, Георг Эберстің “Уарда” романындағы бір әйел кеіпкердің сырт келбетін зерттегенінен Ежелгі Египет әйелдерінің сұлулық идеалының кандай болғанын байқауға болады: Оның тамырында басқа жердің бірде-бір қан тамшысы жоқ екенін, оның терісіндегі қара торы өңі; тегіс, жас, сарғыш алтын мен қоңыр мыс аралығындағы жылы қызыл-шырай беті аңғартады. Сол сияқnы қанының таза екенін, оның тікше мұрны, мейірімді келген маңдай формасы, тегіс-жатық, бірақ қатты, түсі қарға қанатына ұқсаған шашы мен білезікшелермен сәнделген аяқ-қолы да айқындап түр3.

МАТА, КИІМДЕГІ ӨРНЕКТЕР МЕН ТҮСТЕР.

Египет зығыр (лен) өсімдігінің елі, мекені болып есептеледі. Өйткені Ніл жағалауының табиғи жағдайы осы өсімдікті өсіруге өте қолайлы. Египеттік тоқымашыларының шеберлігі аса жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Ежелгі Египет зығыр матасының сыртқы түрі мен касиетін қазіргі уақытқа дейін сақталған мата үлгілерінен көруге болады. 1 см2 осындай матаға 84 негізгі жіп пен 60 арқау жіп салынған: 240 м жіңішке көзге көрінбейтін жіп, бар жоғы 1 г салмақты көрсетті. Тоқымашы мұндай жіпті тек саусақпен байқады. Египет зығыры жіңішке, жұқалық жағынан табиғи жібекке жол бермейді: адамға кигізген мұндай 5 қабат зығыр матасынан адамның денесі көрінеді.

Мата фактурасы әртүрлі болып келді. Әсіресе Жаңа патшалық кезінде әшекейленген мата өрнегі тиімді, бай, мол өрнекті болды: өткермелі тор көзді, жылтырақ моншақтармен, алтынмен, кестемен тоқылды.

Мата өрнегі - негізінен геометриялық сипаттама (жолақ, ирек) болды. Өрнектері ұзыннан ұзақ бүкіл матаға немесе тек етегіне жиектелген өрнек сияқты етіп салынған. Сонымен бірге гүлдер мен лотос, папирус, қамыс, пальма жапырақтары: жануар-жәндіктер - қоңыз, жылан, лашын құстың бейнелері салынып, жебелер күн сәулесі секілді стильденіп өрнектелді.

Матаны әртүрлі өсімдік бояуларымен қызыл, көк, жасыл түстерге бояды. Кейін келе сары, қоңыр, көгілдір түстер келе бастайды.

Зығыр матасынан басқа да киім тігуге мақта, тері, көн, аң терілері қолданыла бастады.

Ежелгі патшалықта ерлер киімдерін алжапқыш құрады. Ол зығырдан не теріден белге бекітілді.Оны схенти деп атады. Ранэфера статуясындағы, бір жақ бөксесін қатбарланып сәндеп тұрған схенти перғауындардың киімін қарапайым египеттіктердің киімінен айырып тұр.

Әйелдердің киімі мата кесіндісінен тұрады, ол фигураны тобықтан бастап көкірекке дейін орап иықтан бір немесе екі баумен (бретелямен) асып бекітіп қояды.

Бұл киім калазирис деп аталды. Ол форма жағынан ханымдар мен кұлдар үшін бірдей болды.

Орта патшалық кезінде египеттіктер киімінің формасы күрделене түседі, оның көлемі бірден бірнеше қабат киетін киімге дейін көбейе түседі. Силуэт төмен карай кеңиді, пирамида тәрізді болып, қатбар (плиссировка) кеңінен қолдана түседі.

Ерлер костюмі бірінің үстінен бірін киетін бірнеше жұқа схентиден тұрады.

Әйелдер киімі онша өзгере қоймады.

Жаңа патшалықта киімдегі таптық ерекшеліктің нығая түсуі одан әрі костюм формасының күрделенуіне, қатбардың молая түсуіне әсерін тигізіп, түрлі динамикалық қозғалыстың жойылуына әкеліп соқты, адам костюм ішінде құндақтаулы сияқты көрінді.

Осы патшалықта киім тіккенде манекен қолдана бастады. Оны перғауын (фараон) Тутанхамон бейітінің қазбасынан көруге болады.

Сириядан Египетке әйелдер және ерлер калазирисінің жаңа формасы келеді. Мұндай ұзын, тар каптама киімді, тік төртбұрыш матаны екі бүктеп бас сиятындай етіп ойып, екі жағын қолтық ойындысына дейін тігеді. Үстінен бір не бірнеше қатбарланған белдемше киіп, иығына жамылғы тастайды. Қатбарлар костюмге айқын ырғақты форма беріп тұрады.

Әсіресе, ерлер мен әйелдер костюміндегі мата алдынан қатбарланған ауыр бүрмелер түспейтіндей етіп, бөксеге шаршауланады.

Абыздар (құдайға табынушы) анағұрлым ежелгі киім формаларын, сақтаған: - ол схенти, үшбұрышты алжапқыш, бір иыққа тастаған жолбарыс терісі.

Жауынгерлер алжапқыш пен тері көкірекше киді. Ал ауыл мен қала кедейлерінің киімі өзгермейді.

ӘШЕКЕЙЛЕР. БАС КИІМДЕР, ШАШ СӘНІ (прическа),АЯҚ КИІМ.

Египеттіктердің костюмін киіміндегі негізгі декоративтік сән - әшекей болды, ол символдық элементтерді құрады. Египеттіктер ежелгі патшалықта мойындарына әр түрлі тұмарлар, сиқырлы алқалар тақты, ол келе-келе сәндік әшекей бұйымға айналды.

Қымбат бағалы, алтын жіппен тоқылған, бағалы таспен, түрлі түсті шыны моншақтар мойынға дөңгелекше етіп тағылып күннің көзін бейнеледі. Күн дөңгелегі сияқты бейнеленген әшекей Египетте Атон құдайы деп есептелді, ол бүкіл әлемді, тірі жанды жаратушы деп түсінді. Қолға, аяққа тағатын білезіктер, алқа, жүзік, моншақ, алтын диадема; мен белдіктер кеңінен тарады.

Перғауындардың ежелгі бас киімдерінің бірі - үстемдіктің, биліктің символын көрсететін лашын мен жылан бейнесімен әшекейленген екі кабат тәжі - атев, сол сияқгы клафт - ол көк және алтын жолақпен жүргізілген үшбұрыштап бүктелген жолақ мата орамал.

Перғауынның әйелі лашын құс бейнеленген түрлі-түсті эмаль бас киім не лотос гүлі салынған қалпақ киді.

Абыздар діни ырым-жоралғының, дәстүрлік іс-шаралардың кезінде кесіртке, қаршыға, өгіз бейнесі салынған маска киді.

Ерлер де, әйелдер де Ежелгі Египетте өсімдік талшығынан, қой жүнінен жасалған париктер киді. Ал ақсүйектер мен байлар ерекше майда өрілген бұрым мен труба тәрізді локон париктер киді. Құлдар мен шаруалар кішкене парик пен зығыр матадан қалпақ киді.

Ерлер сақалдарын алып тастап жүрді, ал бірақ көп жағдайда қой жүндерінен, өсімдік талшықгарынан жасанды сақал тақты, оны олар лакпен бояп, металл жіптермен қосып өріп қойды. Перғауындардың үлылық белгісі куб, үшбұрыш тәрізді алтын сақал болды. Жасанды сақалды көзілдірік секілді, құлаққа бекітіп қойды.

Сақталған көне фрескадағы египеттіктер негізінен аяқ киімсіз бейнеленген. Аяқ киімдері пальма, папирус жапырақтарынан жасалған сандал, ал көн аяқ киімді тек перғауындар мен олардың нөкерлері киді. Сандалдардың формасы қарапайым, арты мен бүйір жағы жоқ, ұлтаны жоғары қарай иілген және екі-үш жіңішке баумен байланған. Үлтанына әртүрлі тұрмыстық және әскери көріністер бейнеленген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: