ЕРЛЕР КИІМІ. Ерлер киімі екі бөліктен тұрады - хитон және гиматия

Ерлер киімі екі бөліктен тұрады - хитон және гиматия. Біздің көзқараспен салыстырғанда хитон - іш киім. Көбіне оны жүн не зығыр матасының бөліктерінен тігіп, кеуденің сол бөлігіне ұзынынан тік бүктеп иықтарынан 2 тоға түйреуіш - фибуламен бекіткен. Хитонды екі жағынан тігіп, не бір жағын ашық қалдырған. Хитонның ұзындығы әркелкі болды, бірақ көбіне тізеге дейін келетін. Белінен белдікпен байлап, жоғарғы жағы бос селкеуленіп тұратындай етіп қояды.

Көп тараған сырт киімнің бірі гиматий - тік төртбұрыш жүн мата кесіндісінен 1,7х4м өлшемімен алынған, адам тұлғасын айналдыра әр түрлі тәсілмен шаршаулап қойған.

Шаршаулаудың бір тәсілі мынадай: “... матаның бір ұшы сәл ғана шаршауланған немесе бүрмеленген, сол жақ иықтан көкірекке қарай түсірілген. Калған матаны арқадан оң қолдың астынан, қолды бос қалдырып өткізеді, оны әсемдеп бүрме салып, сол иықтан жоғары арқаға асырып тастаған”4.

Мата сырғып түспес үшін артынан салмақты зат - қорғасын бөлігін тігіп қойған.

Гиматия басқа тәсілмен шаршауланғанда бір ғана оң қол немесе керісінше екі қол да жабылып тұрады.

Спартада жүн гиматийді жалаңаш денеге хитонсыз киді.

Тағы бір плащтың түрі - хламида - ол тығыз жүн мата кесіндісінен иыққа тасталып бір иыққа, не көкірекке фибуламен бекітіледі. Әскер басшылары хламиданың қара қошқыл түсін киді. Қолөнершілер мен құлдардың киімі кәдімгі ірі жүн хитон немесе бөксе белбауы болды.

Гректердің аяқ киімі табан формасын қайталаған, ұлтаны кендір не тоздан (пробка) жасалды, балтырға дейін өрілген бау тағылды. Басқа да ежелгі дүние еліндегідей оны тек ақсүйектер киді. Костюмде сандалдың декоративтік мәні түрлі-түсті, алтындалған терімен, металл теңгелермен әшекейленуімен және маржан тастар тігілуімен жоғары бағаланды.

Арнайы театр көріністерінде - котурны - әртістер биік көріну үшін, астынан тіреу қойылған сандал киді.

Бас киімді көбіне ауа райы қолайсыз болған кезде немесе саяхатқа шыққанда киді. Дөңгелек фетр қалпақ етегі бар, төбесі пәс - кең тараған бас киім. Оны бау тағып иықтан артқа тастап киді.

Таптық қоғамда еркектер қысқа шаш, дөңгелек сақал мен мұрт қойды. Жігіттер бетін қырып, олар ұзын оралған локонды дөңгелекпен қыстырып қойды. Гректер сақалды ер адамға тән жетістік, абырой деп түсінді.

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ.

Әйелдер киімі де ерлер киімі секідді хитон мен гиматиядан тұрды, бірақ ол сәнді, ерекше болды. Ертедегі әйел хитонының негізгі ерекшелігі (дорий хитоны) жоғарғы шеті қайырма болып келді, оны диплоидий деп атады. Ол костюмді сәндеуде, әшекейлеуде үлкен роль атқарды, оның әшекейі кесте, аппликация, ою-өрнек басқа да түсті маталардың үйлесімділігі болып табылды. Қайырманың ұзындығы әртүрлі болды, көкірекке, бөксеге, тізеге дейін болуы мүмкін еді. Фигура пропорциясына қарап диплоидия үзындығы мен хитонның басқа да бөліктерінің үзындығы олардың ара қатынасына байланысты болды. Әйел хитонының кейбір түрі қайырмасыз тігілді. Оларды сәндеу үшін, негізгі матаға басқа мата түрі қолданды, жұқа матадан жүмсақ бүрмелер, гофрирлеу (кеңірдекше қатбарлау) салынды, әшекей, кесте тігілді. Әйел хитоны иығынан фибула - қапсырмамен бекітілді және белі селкеуленіп бос тасталып - колпаспен белінен немесе көкіректен буып қойды.

Спартандық әйелдер - пеплос - атты хитон киді: оның оң бүйіріндегі қимасын тікпестен қалдырып, оны жолақ ою-өрнекпен немесе шаршаумен сәндеді. Пеплосты Афинаның ақсүйек атақты қыздары киді.

Грек әйелдерінің сырт киімі - оюмен, өрнекпен бай әшекейленген гиматий.

Грек әйелдерінің аяқ киімі - әртүрлі формалы сандалдар, оны ашық түсті теріден сәндеп тікті, алтын, күміспен сәндеді.

Гректің әйелдері бас киімді өте сирек киді, көбіне олар жалаңбас жүрді, қолайсыз ауа райында бастарын гиматия немесе хламиданың шетімен бүркеп жүрді.

Шаш сәнін ұзын, не қысқа етіп сәндеді. Гректердің шаш түюі - осы уақытқа дейін сақталған. Бұл алдынан шашты тік жарып ашып, толқынмен орап, мандайға төмен түсіре (қас пен шаштың арасы 2 саусақтың еніндей) бетке ұзынынан құлақты жаба артқа қарай көтеріп желкеге түйін жасап орап қояды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: