Елге жалпы сипаттама. Б. Э. Д. VІІ-І ғасырда балқан жарты аралының оңтүстік бөлігінде ежелгі Грецияның мәдениеті керемет

Б.э.д. VІІ-І ғасырда Балқан жарты аралының Оңтүстік бөлігінде Ежелгі Грецияның мәдениеті керемет өркендеді.

Грецияның қолайлы табиғаты, оның жылы теңіз климаты, құнарлы жазық және таулы жайылымы, пайдалы жер байлығының қазбалары ежелгі гректердің негізгі кәсібі мен тұрмысын анықтап берді.

Грецияның саяси құрылымы - демократия (халық жиналысын басқару) және құлиеленушілік қоғам.

Грек өнері реалистік сипатта дамыды. Европаның болашақ мәдениетінің дамуында зор ықпалын тигізген ежелгі өнердің бірі - Греция өнері, ондағы негізгі ерекшеліктердің бірі - адам бейнесінің сұлулығы мен сана сезімі, адамның творчестволық қабілетіне шексіз сенім, көркемдік тілдің тазалығы мен карапайымдылығы, ақиқатты шын бейнелеу.

Ежелгі гректердің тұрмысы қоғамдық сипатта болды.

СҰЛУЛЫҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ.

Барлық басқа өнер секілді, ежелгі гректе де сұлулықты елестету біз үшін көбіне еліктеудің үлгісі мен мөлшері болып қалады.

Адамзат тарихында алғаш рет адам сұлулығының эстетикалық идеалының негізінде дене мен рухтың гармониясы жатыр. Патриотизм, жоғарғы адамзаттық сана, дамыған ақыл-ой өрісі және адамгершілік деңгейі физикалық сұлулықпен үйлесіп, үндесіп жатуы керек: ұлы ойшылдар, суретшілер, ақындар өз еңбектерінде зор шыныққан денеге, пропорцияға көп көңіл бөлген.

Атлетші азамат - идеалы грек суретшісі Поликлейттің қола статуясында “Дорифор” (”Найза ұстаған әскер”) көрсетілген.

Грек қоғамындағы әйел құқығы шектеулі болса да әйел образының өнердегі идеалы жан-жақты дамыған, жеке басының дені таза, бір қалыпты. Мысалы, осыған айғақ Венера Милосская атымен, әйгілі Афродита әйел құдайының статуясы. Әйел құдайының бет сұлулығына тікше түзу мұрын мен иек, аса биік емес маңдай, ортадан тік жарылған қысқа орам алтын шаш ажар беріп тұр. Үлкен шығыңқы көгілдір көз, дөңгелекше қиылған қаспен айқындалып тұр.

Бірақ Грецияда жеке адамның гармониялық дамуына талап тек дәулетті таптардың өкілдеріне қойылды, ол құлдар мен қолөнершілерге жария етілмеді.

ШАРШАУ - ЕЖЕЛГІ ГРЕК КИІМІНІҢ НЕГІЗІ

Грек киімі басқа халықтардың киіміне қарағанда үлкен болып келеді, ол эстетикалық қоғамдық иедеалдың сипатымен байланысты. Кең пейілділік, қарапайым жөне лайықты дене пішім, гармониялық пропорция, еркін қозғалыс пен динамизмді шаршау керемет айқындайды - ол ежелгі грек костюмінің негізі болып табылады.

Ұзындығы мен ені әртүрлі тіктөртбұрыш мата денеге шаршауланып адам тұлғасының гармониясы мен киімін керемет айқындап тұрады.

Киім кию өнері мен оны кие білу дәулетті таптардың жастарын оқытудың міндетті курсына айналды.

Ырғақ, бүрменің формасы мен орналасуы, шаршаулану, сол дәуірдің архитектуралық формасының негізімен орындалды: биік, күшті доридалық ордердің бағанасына теңестірілді. Сонымен қатар олар адам денесінің қозғалысын анағұрлым тиімді айқындай түсуі керек еді.

Бір мезгілде екі қабат киім кию, біріккен ансамбль ырғағының гармониясын айқыңдап тұрды.

МАТА, ТҮС, ӨРНЕК

Гректер өз киімдері үшін жұмсақ, созылмалы, тамаша шаршауланатын мата қолданды. Оның сыртқы түрі мен негізгі қасиеті туралы Мемлекеттік Эрмитаждағы суреттер, мүсіндерге, грек маталараның үлгілеріне, сондай-ақ жазбаларға қарап айтуға болады.

Бұл маталарды ені екі метрге дейін жететін тіке станоктарда қолмен тоқыды. Тоқу өнері өте жоғары бағаланды.

Грек матасының талшықтық құрамы — жүн не зығыр. Сол сияқты жібек мата да тоқыды деген жорамал бар. Гректер мақтаға таңырқап қараған, оны алғаш рет Александр Македонскийдің Индияға шыққан жорығында көріп, олар мақтаны “ағаш жүні” деп атаған.

Гректерді негізінен костюмнің конструктивтік емес, кескіндемелік - пластикалық жағы қызықтырды. Сондықтан да грек архаикасының тұсында көп тараған гүлді, өрнекті мата, тап қоғамының тұсында (б.э.д. V-ІV) бір түсті көк, қара қошқыл, жасыл, сары, қоңыр, әсіресе ақ түсті матамен ығыстырылды. Қара түс грек костюмінде қолданылмады.

Біртүсті маталар кесте өрнегімен, аппликациямен, бояумен әшекейленді. Грек өрнегіне көбіне табиғатпен байланысты стильденген өсімдік және геометриялық сипаттағы өрнектер тән. Ол - меандр, крит толқыны, пальметта. Өрнектер ырғақпен, көлденең орналасады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: