Глоссарий. Аппарат -процесті жүзеге асыратың құрылғы (қондырғы)

Аппарат - процесті жүзеге асыратың құрылғы (қондырғы).

Араластыру - сусымалы, сұйық және газ тәрізді орталарды тығыз жанасуға келтіру процесі.

Әртекті жүйе - екі және оданда көп фазалардан құралған жүйе.

жабдықталуы керек.

Барботер - аппарат түбiне орнатылған көп тесiктi сақиналы немесе ирек құбыр.

Престеу процесі - материалдарды қысыммен өңдеу.

Процестің жылдамдығы - процесс нәтижесінің уақыт бірлігіне қатынасы.

Процестің қарқындылығы - процес жылдамдығының аппараттың бетіне қатынасы.

Сұрыптау процесі - сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату.

Сүзу процесі - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату.

Суспензия – сұйық оның ішінде қатты бөлшектер таралғаннан пайда болған әртекті жүйе.

Көбік – сұйық және оның ішінде газ көпіршіктері таралғаннан пайда болған әртекті жүйе.

Ұсақтау - механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі.

Тұндыру - әртекті жүйелерді ауырлық күштiң әсерiнен ажыратуы.

Шаң (түтіндер) – газ және оның ішінде қатты бөлшектер таралғаннан пайда болған әртекті жүйе.

Центрифугалау - сұйық әртекті жүйелерді ортадан тепкіш күш әсерімен ажырату.

Эмульсия – бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.

“Өңдеу өндірістерінің үрдістері мен аппараттары” пәні бойынша

5В072700 “Азық-түлік тағамдары технологиясы”

бакалавр мамандығы үшін тест сұрақтары

1 Барлық технологиялық процестердің негізіңде не жатады?

А) энергияның сақталу заңдылығы В) массаның сақталу заңдылығы

С) энергия мен массаның сақталу заңдылығы D) энергия мен массаның түрлену заңдылығы Е) нергия мен массаның шығындалу заңдылығы

2 Процестің энергетикалық баланс теңдеуін көрсетіңіз

А) ∑Qп = ∑Qр + ∑ Qпот В) ∑Qр = ∑Qп + ∑ Qпот С) ∑Qп = ∑Qр - ∑ Qпот

D) ∑Qп = ∑ Qпот - ∑Qр Е) ∑ Qпот = ∑Qп + ∑Qр

3 Процестің материалды баланс теңдеуін көрсетіңіз

А) ∑Gп = ∑G пот + ∑Gп В) ∑Gк = ∑Gп + ∑ Gпот С) ∑Gп = ∑Gк - ∑ Gпот

D) ∑Gп = ∑Gк + ∑G пот Е) ∑ Gпот = ∑Gк + ∑Gп

Процесс дегеніміз не?

А) жүйеде өзгеріс болып, оның жаңа қасиеті пайда болады В) жүйеде өзгеріс болып, жаңа қасиеті болмайды С) жүйеде ешқандай өзгеріс болмайды

D) жүйеде өзгеріс болмай, жаңа қасиеті пайда болады Е) өзгерістерге табанды жүйе

Машина дегеніміз не?

А) механикалық энергия көзі В) механикалық энергияны пайдалы жұмысқа

айналдырады С) пайдалы жұмысты механикалық энергияға айналдырады

D) жылу энергия көзі Е) энергия көзі

Аппарат дегеніміз не?

А) әртірлі тетіктерден тұратын құрылым В) механикалық энергия көзі С)

жылу энергия көзі D) процесті жүргізүге арналған құрылым Е) энергия көзі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: