сынып, №1 есеп

Берілгені: U1=Uлента - тұрақты; U2=Uжүк = 5м/с; t = 4c өткенде U2 → U1; μ = 0,2

Т/к: 1) U1-? 2) Sжүк/жер -? 3) Sжүк/лента -?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы – есеп қозғалыс салыстырмалылығына берілгендіктен, қозғалысы қарастырылатын дене үшін санақ жүйелерін дұрыс таңдап ала білуге және динамика заңдарын [(1)-теңдеу] тиімді пайдалана білуге негізделген.

Жүктің алғашқы қозғалыс бағытын оң бағыт деп алсақ, оның лентаға қатысты үдеуі үйкеліс күші әсерінен туындайтындықтан:

a = - μ g (1), және (2) (3)

Ал Sжүк/жер - жерге қатысты орташа жылдамдық бойынша анықталады, яғни:

Sжүк/жер= (4)

Ал, Sжүк/лента - ны анықтау үшін жүк қозғалысын лентаға қатысты жүйеде қарастырсақ және лента тыныштықта деп алсақ, жүктің лентаға қатысты алғашқы жылдамдығы:

(5) - бойынша анықталар еді және лентаға қатысты соңғы жылдамдығы ноль, онда:

Sжүк/лента = = (6)

(1) – ден: а = - 2 м/с2; онда (3), (4), (5) және (6) – бойынша сан мәндерін қойсақ:

U1 = - 3 м/с, Sжүк/жер= 4м, (5) - тен м/с болғандықтан: Sжүк/лента = 16 м.

Яғни, есеп жауаптары: U1 = - 3 м/с; Sжүк/жер= 4м; Sжүк/лента = 16 м.

№2 есеп. (9-сыныптың №2 есебі)

№3 есеп.

Берілгені: V=120; t1=15 °C; T1=288°K; t2=25 °C; T2=298°K; p=750мм.рт.ст=9,98·104Па; μ = 29·10-3

Т/к: ΔN -?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы – процесс изобаралық және шығып кеткен ауа молекулалары санын немесе ауа массасын идеал газ күйі теңдеуін - берілген бөлме көлемі үшін екі рет жазып анықтауға негізделген. Егер mo – жеке молекула массасы, Δm -шығып кеткен ауа массасы десек:

ΔN = (1) Мұндағы: m1 және m2 Т1 және Т2 температуралардағы бөлме ішіндегі ауа массалары. Онда, V-көлемде екі жағдай үшін тұрақты болғандықтан:

(2) (3) Бұдан, шығып кеткен ауа массасы: (4)

(4)-ті (1)-ге қойсақ: (5) – соңғы қажетті формуланы аламыз.

Сан мәндерін қойсақ:

ΔN ≈ 1026молекула. Есеп жауабы: ΔN ≈ 1026молекула.

№4 есеп.

Берілгені: ν1= 30кГц; d2 =1,44d1 ; L1 = L2 = L

Т/к: ν2 =?

Талдау: (1) (2)

(3) → (2) (4) қажетті

соңғы формуланы аламыз.

Сан мәнін қойсақ: ν2 = 36кГц. Яғни, есеп жауабы: ν2 = 36кГц.

11сынып. №1 есеп. (9-сыныптың №2 есебі)

№2 есеп.

Берілгені: C1-белгісіз; U1=80В; C2=60.10-6 Ф; U2=16В; U3= Uж =20В; a) біртекті; б) әртекті астарлар.

Т/к: a) C1 -? б) C2 -?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы – электр зарядының сақталу заңын және конденсаторларды параллель қосу теңдеуін пайдалануға негізделген. Электр зарядының сақталу заңын жалпы түрде жазсақ: qж = q3 = q1 ± q2 (1)

Конденсаторлар параллель қосылады, онда:

С3 = Cж = C1 + C2 (2); және: q1=C1 U1; q2=C2 U2; q3=C3 U3 (3)-теңдеулерді аламыз.

a) Біртекті астарлармен қосылғанда (1) -ден: q3 = q = q1 + q2 (4)

(C1+C2)U3=C1 U1 +C2 U2 , бұдан: C1= (5)

б) Әртекті астарлармен қосылғанда және q1 > q2 десек, (1)-ден: q3 = q = q1 - q2 (6)

(C1+C2)U3=C1 U1 - C2 U2 , бұдан: C1= (7)

Сан мәндерін қойсақ, есеп жауаптары: а) C1= 4.10-6 Ф = 4мкФ

б) C1= 36.10-6 Ф= 36мкФ

№3 есеп.

Берілгені: L=1м; =5м/с; α = 90o; U=2.10-2B

Т/к: В -?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - R өте аз шама десек, индукцияланатын ЭҚК шамасы U - кернеуге тең деп алуға болады.

Онда: U=L B sin α (1), ал sin90o=0, бұдан: (2) – қажетті формуланы аламыз.

Сан мәндерін қойсақ, есеп жауабы: В = 4мТл.

№4 есеп.

Берілгені: C1=56.10-12Ф; C2=667.10-12 Ф; λ1=40м; λ2= 2600м; с = 3.108м/с.

Т/к: L1-? L2-?

Талдау: c = λ ν = λ/T, бұдан: T= λ/c (1) (2) → (1) λ/c= , бұдан:

(3) – соңғы қажетті формуланы аламыз.

(3)-теңдеу бойынша сан мәндерін қойсақ, индуктивтіліктің төрт мәнін аламыз, бізге оның екеуі жеткілікті. Оны анықтау үшін:

(3)-тен: (4)-теңдеуді пайдаланамыз. Онда (4)-теңдеуден толқын ұзындықтарының шеткі мәндерін қанағаттандыратын төмендегі теңдеулерді алуға болады.

(5) және (6) Бұдан бізге қажетті соңғы теңдеулер: (7) және (8)

Сан мәндерін қойсақ, есеп жауаптары: L1 = 59,5Гн және L2=325Гн

Қосымша 2.

ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ.

Физика есептерін жүйелі түрде шығару — тақырып бойынша берілген зацдардын физикалық мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі; оларды нактылы жағдайда қолдана білу мәселелерін үйретеді.

Жекелеген есептердің мазмүны, түрлері әр түрлі болғанымен, жалпы есеп шығарудың белгілі бір реті бар.

Казіргі уақыттағы қалыптасқан әдістеме есеп шығаруда жалпы алғанда мынадай реттілікті ұстау тиімділігін көрсетеді.

· Есептің шартымен танысу. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Оқушы есепте қарастырылып отырған физикалық құбылыстар мағнасын толық ұғынып, қойылған сұрақтарды нақты түсінуі қажет. Есептің берілу шартына байланысты әр сөзге зор мән беріп, есептің шығарылуына байланысты берілген ақпаратты толық көлемде ала білуі керек. Есептің сөзбен берілуінде еш артық шама берілмейтіні түсінікті. Сондықтан анық және жасырын түрде беріліп тұрған еш шама ескерусіз қалмауы қажет.

· Есептің мазмұнын талқылау. Есептің шартын да берілген шамаларды карастырғанда олардың физиканың қай бөліміне жататынын тауып, кұбылыстардың арасындағы байланыстарды, әркайсысының заңдылығьн анықтау керек те, формулалар жазылуы тиіс. Күрделі оқиғаларды жеке құбылыстарға жіктеп қарапайым түрге келтіру керек. Барлық жағдайда координаталар системасын ыңғайлы етіп алып, берілген шамалардын бағыттарын, кеңістіктегі орнын анықтау керек т.с.с. Мүмкіндігі болса, окиғаның суретін салу, оның графигін сызу — есепті талдау үшін, заңдылықтарын ашу үшін өте қажет.

· Есепті жалпы түрде шығару. Есептіц сұрағына жауап берудің жалпы жолдарын іздестіріп, проблеманы анықтайтын теңдеуді корытып шығару керек. Ол үшін сұрақка жауап беретін формуладан бастап, құбылысқа қатысы бар басқа да тәуелділіктерді пайдалана отырып, қорытынды формуланы шығарып алу және мүмкіндігінше бұл теңдеуді аналитикалық талдау және математикалық түрлендірулер жолымен шығарып алып, содан кейін ғана сан мәндерін орындарына қойған жөн. Барлық жағдайда бір ғана корытынды формула шығару міндетті емес, кейде есепті бөлшектепте шығару ыңғайлы болуы мүмкін. Эксперименттік есепті шығару үшін, әуелі есептің берілу шартына сәйкес құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды анықтап, сонсоң тапсырма бойынша тәжірибелер жүргізіп, кажетті шамаларды алу керек. Содан кейін осы шамаларды бір-бірімен салыстыру нәтижесінде, графиктік тәуелділікті көрсету арқылы, белгіленген заңдылыктарымен салыстыра отырып, қорытынды шығару керек. Осындай корытындылаудан кейін бұрындар теориялық жолмен берілген жалпы заңдылыктар алынылуы да мүмкін. Оқушылар үшін мүндай шешу жолы өте пайдалы.

· Қажетті шама анықталатын соңғы формула дұрыстығын СИ жүйесі бірлігі бойынша тексеру. Қарапайым есептер есептер немесе негізгі таныс формулалар арқылы шығарылатын есептерде, әрине мұндай тексерудің қажеттілігі жоқ. Күрделі есептерде, бұрыннан таныс емес формула алынған жағдайда мұндай тексеру жүргізу аса қажет болып табылады.

· Есептеу. Есепте берілген шамалардың барлығын СИ өлшемдеріне келтіру қажет. Сан мәндері өте үлкен не өте кіші болса, дәреже түрінде жазып, есептеу керек. Барлық жағдайда да жуықтап есептеуде шама­лардың дәлдігін үмытпау қажет. Мүмкіндігі болса, арифметикалык есептеулерді калькуляторлармен жүргізген дұрыс, бірақ бұл оқушылардың өздері есептей білуді толык меңгергеннен кейін ғана қолданылуы міндетті.

Есептің жауабын тексеру. Біріншіден, есептің жауабы шын өмірдегі мәндерден көп алшақтамауы тиіс. Мысалы, адам жылдамдығы 50 м/с болуы мүмкін емес т.с.с.

Мазмұны

· Түсінік хат 5

· ОМ-тің физика курсы бойынша олимпиадалық есептер шығарудың элективті курсы сабақтарының бағдарламасы. 8

· Пайдаланылған әдебиеттер. 12

· Қосымша 1. Есеп шығару үлгілері 13

· Қосымша 2. Физика есептерін шығарудың жалпы 27

әдістемесі

Ескертулер үшін:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: