Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56

Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі

Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыздандырады, сосын сабын қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады (алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа отырғызып, душтың көмегімен жуындырады (сурет 56). Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады.

Гигиеналық ваннаны ауыр ауруларымен (гипертониялық криз, жедел миокард инфаркті, жедел ми-қанайналым бұзылысы, айқын қанайналым жеткіліксіздігі, активті фазадағы туберкулез және басқ.), бірқатар тері аурулары, жедел хирургиялық араласуларды қажет ететін аурулар, босанатын науқастарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда науқастың тері жамылғысын алдымен сабынды жылы суға малынған тампонмен, сосын таза сумен сүртеді және құрғатады. Сүрту үшін одеколон немесе спирт қосылған жылы суды да қолдануға болады. Науқастың тырнағы қысқа болуы керек.

Болуы мүмкін асқыныстар: жағдайының нашарлауы: жүрегі ауыру, жүрегі қағу, бас айналу, тері түсінің өзгеруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда, ваннаны қабылдауды тоқтату, науқасты каталкамен палатасына тасымалдау және қажетті көмек көрсету.

1.2 Шашты қысқарту

Қажетті заттар:

• Қайшы, шашты қысқартатын машинка.

• Шашты өртейтін леген, сіріңке.

• Спирт (70%).

Шараның орындалуы:

1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау.

2.Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.

3.Шашты қысқартатын машинкамен шашын алу, бастың шашында тері аурулары болатын болса-дайындаған легенге шашын қию

4. Шашты өртеу.

5.Қайшыны, ұстараны спиртпен өңдеу.

1.3 Қыру

Қажетті заттар:

· Резиналы қолғап.

· Ұстара, сақалға сабын жаққыш және қырынуға арналған крем.

· Майлық, орамал, суға арналған ыдыс.

Шараның орындалуы:

1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау, қолғап кию.

2. Суды жылыту (40–45°С дейін), майлықты сулап, сығып, науқастың бетіне қою.

3.Салфетканы алып, сақалға сабын жаққышпен қырынуға арналған крем жағады.

4. Ұстара қозғалысына қарама-қарсы бағыттағы теріні екінші қолымен тартып, науқасты қырындырады.

5.Бетті алдымен ылғалды майлықпен сулайды, сосын құрғақ майлықпен сүртеді.

6.Ұстараны спиртпен өңдейді.

7.Қолғапты шешіп, қолды жуады.

Аурухананың қабылдау бөлімінде барлық түскендерді педикулезге тексереді.

1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру

Педикулёз (лат. pediculus, «бит») – терінің және шаш туындысының паразитарлы ауруы. Биттер бөртпе және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы, оның қоздырғыштары терінің қасыған жерлері арқылы енуі мүмкін. Адамдарда педикулез тудыратын биттердің үш түрі болады-бас, шат және киім биттері.

Бастың биті бастың шаш жамылғысын зақымдайды. Шашы кір, өңсіз, таралмаған болып көрінеді, шаштың түбіне қарай көптеген ақ муфталар- жұмыртқалары көрінеді, олар тарағанда түспейтіндіктен, науқастың шашын тақырлап қыру қажет. Киім биті киімдердің тігісінде өмір сүреді, ол да терінің зақымдалуына және көптеген тырналған орындарды тудыратындықтан, бұл киімдерді жою қажет. Шат биті дененің шаш бөлімін зақымдайды: шат аймағы, кейде сақалы, мұрты, қасы, қолтық асты шұңқыры.

Бит табылғанда медициналық қызметкер педикулезге қарсы шараларды жасайды. Биттер мен олардың жұмыртқаларын жою үшін жасалатын дезинсекциялық шаралар келесі әдістерден тұрады:

1) механикалық әдіс;

2) физикалық әдіс;

3) химиялық әдіс.

Педикулез табылғанда келесі шараларды жүргізеді:

· жұқпалы ауруды есепке алу журналына науқасты тіркеу – ф. №060/у;

· педикулез туралы СЭС жедел хабарлама береді (ф. № 058/у);

· ауру тарихының басты бетіне педикулезді тіркеу;

· науқасты санитарлық өңдеу, науқас болған бөлмені және қолданған заттарына дезинсекция және дезинфекция жасау.

Педикулезге қарсы өңдеуді анықталған жерде арнайы жиынтықтың ішіндегіні қолданып жасайды. Науқастың киімі қайнатуға немесе камералық өңдеуге жіберіледі. Науқастың шашын 7 күннен кейін қайта қарайды. Қажет болған жағдайда қайта санитарлық өңдеуді өткізеді.

Механикалық әдіс

· Битті және оның жұмыртқаларын тарақпен тарау арқылы, шашын қию немесе қыру арқылы жояды. Шашты жинау үшін клеенка немесе қағазды астына төсейді, шашты және жәндіктерді қағазбен бірге жағады. Жұмыртқаларын түсіру үшін шашты тарамас бұрын алдымен жуады, сірке қышқылының жылы ерітіндісімен немесе жылы асхана сірке суымен шаяды. Сірке суға малынған тарақтың тісшелеріне мақта жіпшелерін немесе жіпті өткізеді, содан соң жұмыртқаларды жиі тісті тарақпен тарайды.

· Сабындалған ысқышпен және ыстық сумен денесін жуады, іш киімдерін ауыстырады.

Физикалық әдіс

· Киімдерді қайнату

· Қайнатуға келмейтін киімдердің белдігін, қатпарын, тігісін ыстық өтекпен үтіктеу

Орташа және үлкен зақымдалуда (он экземплярдан көп) педикулезді инсектицидтерді қолдануды ұсынады. Педикулицидтерді бес жасқа дейінгі балаларға, емізетін аналарға, жүкті әйелдерге, терісі зақымдалған адамдарға (микротравмалар, дерматиттер, экземалар) қолданылмайды.

Химиялық әдіс

Химиялық заттарды қолдану арқылы биттерді жою.

Кәзіргі уақытта педикулезбен күресетін улы емес, шашты қиюды қажет етпейтін арнайы заттар өте көп. Затты шашқа жағады және үстіне балауыз қағазды жабады, басына бас киім немесе орамал тағып, кейін басын арнайы сусабынмен жуады.

Шашты немесе шат түктерін өңдеу үшін:

· 10% сабын-керосинді сулы эмульсия - 10-50 мг "Нитифор" лосьоні 50-80 мг

· "Антибит"лосьоні - 50-80 мг

· Эктоцид 1:1000 - 100 мл

· Тамырдәрінің суы - 100 мл

· "Педилин" сусабыны- 10-30 г

Киімді, бөлмені, заттарды өңдеу үшін: · 20% сабын-керосинді сулы эмульсия - 350-400 мл· Пиретрум (ұнтақ) - 250 грамм· Эктоцид 1:3000 (белсенділігі 30-40 күндей)

Педикулезге қарсы жиынтыққа кіретін заттар

1) науқастың киімін жинауға арналған клеенкадан немесе мақтадан істелген қаптар;

2) шашты өртеуге немесе залалсыздандыруға арналған астауша немесе мырыштан істелген шелек;

3) клеенкалы жамылғы;

4) резиналы қолғап;

5) қайшылар;

6) тісі жиі тарақ (темірден істелген);

7) шашты қысқартатын машинка;

8) спиртпен жанатын шам;

9) орамал;

10) мақта;

11) асханалық сірке суы немесе 5-10% сірке қышқыл;

12)биттерді жоюға арналған препарат;

13) киімдерді дезинсекцялауға арналған препарат;

14) бөлмені дезинсекцялауға арналған препарат;

15) үлкейткіш әйнек.

Шараның орындалуы:

1. Науқасқа педикулез бар екенін айту, өңдеуге келісімін алу.

2. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау және қорғаныс киімін кию.

3. Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.

4. Қажет болса, дайындаған легенге шашын қию.

5. Шашын дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу, басын полиэтиленді орамалмен, оның үстіне сүлгі жауып, біраз уақытқа қалдырады.

6. Басындағы орамалды шешіп, алдымен жылы ағынды сумен, сосын сусабынмен жуады.

7. Сүлгімен шашын құрғатқан соң, жылытылған 6% уксус қышқылы ерітіндісімен өңдейді.

8. Қайтадан басын полиэтиленді орамалмен, үстінен сүлгімен жауып, 20 минутқа қалдырады.

9. Басындағы орамалды шешеді және жылы ағынды сумен шайып, сүлгімен құрғатады.

10. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне еңкейтеді және жиі тісті тарақпен шашын тарап, қайтадан науқастың шашын тексереді.

11. Қиылған шаштар мен қағазды легенге өртейді.

12. Науқастың киімін және мейірбикенің қорғаныс киімдерін кленкалы қапқа салып, дезинфекциялық камераға жібереді. Тарақ пен қайшыны 70% спиртпен, бөлмені- дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow