Тарау. Саяси социология 14 страница

Базалық “әлеуметтену” санаты қазіргі заманғы жағдай аясында жаңа анықтамаға ие болды. Әлеуметтену деп зерттеушілер қоғамдық ұдайы өндірісті ұғынады, оның барысында жеке адам өзінің тыныс-тіршілігі мен өмірлік шығармашылығының субъектісі ретінде өзін бөліп көрсету қабілетіне ие болады, ол сол арқылы әлеуметтік жүйені ұстап тұруға, сақтауға және ұдайы өндіруге жәдемдесіп қана қоймай, оның өзгеруіне де жағдай жасайды. Осылайша жеке адам әлеуметтік өрістің факторы ретінде қарастырылады, яғни әлеуметтену процесі берілген процесс болып табылмайды. Бұл жағдайда әлеуметтену өзара бағытталған процесс ретінде ұғынылады. Әлеуметтену кезеңдерін қарастыруда әлеуметтенудің авторлық үшінші жоғары кезеңі ұсынылған, бұл - жеке адамның белсенді, пәндік-түрлендіруші, инновациялық қызметі. Бір-біріне жақын “жеке тұлғаның дамуы”, “тәрбиелеу”, “жеке тұлғаны қалыптастыру” ұғымдары қарастырылады.

Саяси және құқықтық әлеуметтену мәселесі ғалымдардың ықыласын ерекше аударады. “Саяси мәдениет”, “құқықтық мәдениет”, “саяси әлеуметтену”, “құқықтық әлеуметтену” ұғымдарының азаматтық қоғамды қалыптастыру принциптері аясында нақтылануы республикамыздың жастар саясатының негізгі бағыттарын тұжырымдауға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық социумнің маңызды проблемасы болып табылады.

4. Әлеуметтік саясат, демография және көші-қон: Әмірханова М.М., Алдашов Б.А., Климова Т.В., Биекенова С.К., Әбілқасова Д.Б. [32]

Социологиялық зерттеулердегі бұл бағыт өзінің жаңашылдығымен және қазіргі заманғы теориялық базасымен ерекшеленеді. Әлеуметтік статистиканың, әлеуметтік болжамның, әлеуметтік саясаттың, демографиялық саясаттың дәстүрлі ұғымдары қазіргі заман тұрғысынан түсіндірілген және тұжырымдалған. Әлеуметтік статистика деп статистиканың қоғам дамуының нақты тарихи жағдайларындағы әлеуметтік шарттарды, қоғамдық жай-жапсарды және адамдардың өмір салтын кешенді зерделейтін саласын түсіну керек. Әлеуметтік процестерді талдаудың ғылыми әдістері жүйесіндегі әлеуметтік статистиканың функциясы қандай да бір процестердің әлеуметтік индикаторларын айқындау, олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігін, олардың белгілі бір уақытқа, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне жатуын бағалау мүмкіндіктерімен белгіленген.

Әлеуметтік болжаудың, әлеуметтік статистиканың құрылу және қызмет ету принциптері, әлеуметтік индикаторлар жүйесін құру әдістемелері жасалған, өмір сапасын, тіршілік деңгейін өлшеу индикаторларының жүйелері жасалған. Кедейлік деңгейі көрсеткішінің анықтамасына өзгерістер енгізілген. Маңызды сипаттамалар - шығыстар мен кірістер немесе шығыс бабы өлшенетін уақыт, ол экономиканың қазіргі дамуына тән жалақының тұрақсыздығымен, инфляциямен және жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығымен түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік-демографиялық қырларын зерттеуде әлеуметтік саланың жай-күйінің демографиялық ахуалға әсері талданған, халықтың әр түрлі топтарының нарықтық шарттарға әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ашып көрсетілген. Бұл жұмыстардың маңыздылығы олардың ғылыми-тәжірибелік қажеттілігімен анықталған. Әлеуметтік, демографиялық, гендерлік саясат жасау жөніндегі республика басшылығына нақты ұсынымдар социологиялық ғылымның қоғамды реформалау процесіне назар аударуы мен үлес қосуының көрсеткіші болып табылады.

5. Ауыл шаруашылығының әлеуметтік проблемалары: Дәрменова Б.К., Матаев Ғ.М. [33].

Ауыл шаруашылығы проблемаларын зерттеудің өзектілігі дау туғызбайды. Алайда бұл бағытта қандай да бір айқын жандану байқалмайтынын айта кету керек. Керісінше, алдындағы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы проблемалары жөніндегі жұмыстар едәуір азайды. Мысалы, отандық ғалымдарымыз Н.А.Аитовтың, Қ.Ғ.Ғабдуллинаның, С.Н.Соскиннің, А.А.Рогачевтың және т.б. бірқатар еңбектері зерттеудің белгілі бір ғылыми-теориялық базасының бар екенін көрсетеді. Дәстүрлік көзқарастың әдістемелік ерекшеліктерін толық көлемде қарастыру мүмкіндігі жоқ болғандықтан қазіргі заманғы кейбір маңызды сипаттамаларға тоқталамыз.

Біріншіден, шаруаларды екінші дәрежедегі тап деп тануды қазіргі заманғы зерттеушілер толығымен теріске шығарды. “Біз шаруа табын “гегемон” таптың, жұмысшы табының көлеңкесінен шығарамыз: оны ешкімнің гегемониясын қажет етпейтін айрықша, дербес, өзіндік дара күш деп қарастырамыз” [33, 18-б.]. Екіншіден, аграрлық жұмыспен қамту мәселелері, ауылдық көші-қонның әлеуметтік салдарлары көтеріледі, ауылдық еңбек ресурстарын жасақтаудың әлеуметтік-демографиялық факторларына кешенді баға берілген, фермер қожалықтарының дамуын тежейтін әлеуметтік, психологиялық, экономикалық факторлар бөліп көрсетілген.

6. Әлеуметтік топ ретіндегі қазіргі заманғы отбасы мен әйелдердің әлеуметтік проблемалары: Жаназарова З.Ж., Шеденова Н.У., Қылышбаева Б.Н., Нұрбекова Ж.А. [34].

Қазіргі заманғы ғылымда әлеуметтік отбасы елеулі орынға ие. Отбасы мен әйелдер проблемасы жөніндегі зерттеулердің іргелі негіздерінің шет елдік және отандық социологияда ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың маңыздылығы қазіргі заманға сай және өз уақтысында болуында.

Зерттеулерде өзіндік көзқарасты қалыптастыруға тырысу ғылыми-категориялық аппаратты едәуір жаңартты, зерттеулердің тәсілдері мен әдістемесін, оларды талдауды қалыптастырды.

Отбасы қоғамның даму процесінде тұтас әлеуметтік құрылым ретінде елеулі өзгерістерге ұшырағанын авторлар атап өтеді. Қазіргі заманғы отбасын социологиялық талдау адам өмірінің осы маңызды саласындағы проблемалардың толық кешенін айқындады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастарға, демографиялық ахуал мен балалар тәрбиесіне әсер ететін экономикалық, саяси, мәдени факторлар қарастырылған. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастар процесінде жеке тұлғаның қалыптасуының генезисі мен механизміне, олардың арасындағы эмоционалдық байланыстар, отбасының өмір салты деңгейіне және ата-аналарының мінез-құлықтарына ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі заманғы зерттеушілердің әйелдер проблемаларына ерекше ықылас қоюы азаматтық қоғам принциптері мен құқықтық мемлекет құндылықтарын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі кезде әйел проблематикасы социология, экономика, философия, демография, саясат тану және т.б. сияқты әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы зерттеулері аясынан өзінің пәні мен мазмұны бар елеулі, іргелі зерттеулер аясына ауысуда. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерделеудің жаңа кезеңі әлеуметтік процестерді түсінудің базалық талдау жасау құралы ретіндегі гендердің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдама әлеуметтік феминология мен гендерлік зерттеулердің әдістемелерінде қаланған. Гендерлік талдау ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің жеке салалары мен бөліктеріндегі (атап айтқанда экономикалық және еңбек салаларындағы) айырмашылығы мен ұқсастығының шеңберін, қызметіндегі, қабілеттеріндегі және мүмкіндіктеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Әйелдердің жаңа әлеуметтік шарттарға әлеуметтік бейімделу проблемалары, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы орны мен рөлі әйел еңбегінің сипаты, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлдері туралы ұғымдардың стереотиптері, қоғамдық өсу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылады. Жұмыстарда өлшеудің берілген өлшемдерінің өзгеру динамикасы, олардың қазіргі заманда басқаша түсіндірілуі келтірілген. Зерттеушілер әйелдердің жұмыспен қамтылуының әлеуметтік саясатының бұрынғы негіз қалаушы принциптерінен меншік нысандары мен әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес келетін тең мүмкіндіктер стратегиясына көшу, әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесіне өзін-өзі қорғау принципін енгізу қажеттігі бар деп есептейді.

7. Девианттік және құқықтық мінез-құлық: Жаманбалаева Ш.Е., Көшербаева А.Б., Қазымбетова Д., Әлиев Д.М. [35].

Девианттік мінез-құлықтың әлеуметтік қырларын зерттеу отандық ғылымда салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. Зерттеушілер девианттік мінез-құлық социологиясының зерттеу объектісін, пәнін айқындап, тұжырымдаған. Девианттік мінез-құлық социологиясының объектісі - санада жазылатын білімнің, ұстанымдардың, құндылық бағдарлардың, қажеттіліктер мен мүдделердің пәндік жүзеге асуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың шынайы қызметі, шын мінез-құлқы.

Ауытқушы мінез-құлықтың мәнісін, нысандарын және пайда болу себептерін қарастыра отырып Жаманбалаева Ш.Е. талдаудың әлеуметтік белгілерін басшылыққа алады: жеке тұлғаның, әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның қызмет етуі мен дамуы көзқарасы тұрғысындағы мінез-құлықтың әлеуметтік бағыттылығы мен қоғамдық нәтижелері; мінез-құлықтың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сәйкестігі; қоғам және әлеуметтік санкцияларға баға беру. Қазымбетова Д. әлеуметтік факторлар жүйесіне тұлғалық мінездемелерді (парасаттылық, тәрбие) енгізеді. “Девианттік мінез-құлықтың негізіне жеке бастық және қоғамдық мүдделердің үйлесуі принципі салынған”.

“Девианттік мінез-құлық”, “делинквенттік мінез-құлық” дейтін базалық санаттар қазіргі заманғы түсініктерге ие болды, олардың арақатынасы анықталды. Бұл бағытта осы әлеуметтік құбылыс туралы ұғымдарды кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін оқу пәні аралық байланыстар кеңінен қолданылады.

8. Әлеуметтік және саяси институттарды социологиялық талдау: Асылов Н.Ж., Қарабаев Ш.Қ., Сейдуманов С.Т., Илеуова Г.К., Байделдинов Л.А. [36].

Қоғамды саяси реформалау процестері социологияның алдына теориялық та, практикалық та міндеттер қойып отыр. Саяси социология социология білімі саяси биліктің, саяси институттардың және саяси сайлаудың қызметі проблемаларымен айналысатын салаларының бірі болып табылады.

Саяси кеңістіктің құрылымдалуы саяси партиялардың, құралымдардың және саяси элитаның қалыптасуы процесін зерттеулерде келтірілген. Бұл бағыттағы зерттеулердің теоориялық-әдістемелік базасы батыстық социология дәстүрімен жасақталған. Саяси плюрализм батыстың саяси құрылымдарының құбылысы ретінде отандық ғылымда қарастырылмаған.

Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде Қазақстандағы көппартиялылық­тың қалыптасуы проблемалары жөніндегі зерттеулерде көппартиялылықтың қалыптасуының типологиясы мен қалыптасу кезеңдері, партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық ұстанымдарының жіктемесі, көппартиялылықтың дамуына кедергі жасайтын объективтік жағдайлар қарастырылады, сондай-ақ саяси плюрализмнің жеке түрлері мен үлгілерін қарстырудағы теориялық көзқарастар жасалған, саяси құралымдардың ерекшеленген этникалық әлеуметтік құрылымдарының қалыптасу себептері талданады.

Билеуші саяси элитаның мәнісі мен қалыптастыру механизмдерін зерттеулердің бастапқы қағидасы қоғам әрқашан да билікке ие болып отырған азшылыққа және қолында билігі жоқ саяси тәуелді көпшілікке бөлінгенін және бөліне беретінін түсінуде. Бұл позиция отандық ғылымда әлемдік классикалық дәстүрлерді қайта ұғынудың және қазіргі заманғы әлеуметтік шынайылықтың негізінде салыстырмалы түрде жақында тұжырымдалған. Билік туралы тұжырымдамалық қағидалар да қазіргі заман аясында қайта қаралуда. Әлеуметтік стратификацияда жоғары позицияны иеленген әлеуметтік бір топтарға өз қалауларын басқаларға таңуға және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет ету мүмкіндігін беретін биліктің саяси институттардың жиынтығы ретіндегі классикалық түсінігі қазіргі заманғы билікті баяндаудан едәуір өзгеше. Қазіргі заманғы қоғамда билік барлық әлеуметтік кеңістік бойынша жайылған, ол қазіргі кезде экономикалық, мәдени және саяси кеңістіктердің қарым-қатынасын білдіреді (П.Бурдье тұжырымдамасы).

Саяси социологияның ғылыми-санаттық аппараты жасалған: “көппартиялылық”, “саяси қозғалыстар”, “саяси элиталар” және т.б. Саяси социологияның оқу пәні аралық сипаты социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ғылыми ізденістің өзінше верификациясы, теориялық-әдістемелік амалдардың дәлелденуі болып табылады.

9. Әлеуметтік- өнеркәсіптік қақтығыстар: Есмұханова Г.Г. [37].

Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы Р.Дарендорфтың және социологияның осы бағытындағы басқа да батыстық мамандардың еңбектері негізінде қалыптасқан. Әлеуметтік қақтығыс тұжырымдамасы құбылысты әлеуметтік жүйенің ілгерілемелі эволюциялық дамуын қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде ұғынуға негізделген. Қақтығыстың қазіргі заманғы тұжырымдамасының мынадай белгілері бар: қақтығысты кез келген әлеуметтік жүйенің нормасы деп тану; “әлеуметтік қақтығыстың” және оны тудыратын факторлардың кең қамтылған түсініктері; қақтығыстарды институттандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындау; өнеркәсіптік қақтығыстың ұғымына жаңаша түсінік беру. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамда өнеркәсіптік қақтығыстар, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда, ғылыми социологиялық бағасын алды, Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың себептері, өту механизмдері және ерекшеліктері көрсетілген. Салыстырмалы, факторлық талдаудың негізінде өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың институттануының негізгі тәсілдері мен механизмдері анықталған, ұсынымдар беріліп, болжамдар жасалған.

Осыған ұқсас сипаттағы жұмыс әзірше біреу ғана және проблеманы теориялық тұрғыдан қоюдың жалпыламалығы туралы сөз қозғау қиын екендігін айта кеткен жөн. Сірә осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы жағдайдың тұрақтануы жаңа зерттеулердің пайда болуын сәл тежеген болуы керек, жалпы бұл қазіргі заманғы отандық социологияға тән құбылыс. Алайда қоғамдағы өнеркәсіптік, индустриалдық қатынастар жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық, оларды жүріп жатқан реформалар процесінде зерттеу қажет.

10. Әлеуметтік қатынастар мен процестердің этникалық шақтары: Қарабаев Ш.Қ., Хан М.М., Смағамбет Б.Ж., Есенғалиева А.К., Ахметова С.С., Жайшыбекова К., Шәукенова З.К. [38].

Этникалық социология социология ғылымының дербес бөлімі ретінде енді ғана бөлініп келеді, зерттеулер объектісі, пәні, әдістемесі айқындалуда, ғылыми-ұғымдық аппараты жасалуда. Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының полиэтникалылығын осы саладағы зерттеулер ерекше талдайды. Біздің бөліп қараған жұмыстарымыз саяси түрленулердің этникалық құрылымына, жеке тұлғаның этникалық өзіндік ерекшеліктеріне, өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың этникалық жақтарына қатысты. А.Есенғалиеваның жұмысында этникалық топ социологиялық зерттеудің нақты объектісі ретінде бөліп қаралған.

Этникалылық мәселесі отандық социологиялық ойда қаралған жоқ деп айтуға болмайды. М.С. Әженов, И.А. Әйтімбет, С.К. Өтешов, Н.Бәйтенова, Р.Б. Әбсаттаров және т.б. сияқты ғалымдар бұл бағыттағы белгілі бір дәстүрді қалыптастырған. Социологияда дәл осы бағыт қазақстандық социумның этникалық бірегейлігін зерттейтін Қазақстан ғылымының бет-бейнесін анықтайды.

“Этнос”, “этникалық топ”, “этникалық өзіндік сана”, “этникааралық қатынастар” базалық санаттарын авторлар дәстүрлі түрде және қазіргі заманғы қойылымында қарастырады, бұл ұғымдарға толық және көлемді түсінік беруге негіз болады. Этнос деп қазіргі заманғы қойылымында біртұтастығы генетикалық анықталған биологиялық популяцияны ғана айтпайды. Этностың құрамдас бөліктері ретінде мыналар бөлінеді: әлеуметтік-демографиялық ахуал, экономикалық сипаттама, аумақтық орналасу, рухани және материалдық мәдениет. Этникалық өзіндік ерекшелік жеке тұлғаның құрлымдық құндылығының құрамдас сипаттамасы ретінде қарастырылады. Осылайша, ұлттық айырмашылықтардың нивелирленуі және олардың толық жойылуы идеясы қабылданған жоқ.

Проблеманың бұлай қойылуы қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестердегі этникалық факторды зерттеуге мүмкіндік береді, қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін оған күш салу қажет.

11. Қазақстандағы социологиялық ойдың институттануы: Сейдуманов С.Т., Биекенов К.Ү., Сәдуақасова А.К. [39]

Бұл маңызды мәселелердің бірі, өйткені социологиялық қауымдастықтың өзіндік рефлексиясын көрсетеді, социологияның ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасуын әлеуметтік және когнитивтік танымдық институттану тұрғысынан қарастырады, бұл ғылымның ішкі және сыртқы қалыптасуы мен дамуының тұтас процесін көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл бағыт теориялық социологияға көбірек келеді, социологиялық зерттеулерді, жасалымдарды, еңбектерді олардың тууын, нығаюын, дамуын және қазақстандық социологтардың ғылыми ізденістерін бақылай отырып жүйелендіреді және байытады.

Социологияның ғылым ретіндегі дамуы соңғы жылдары ғылыми басылымдардың, отандық ғалымдарымыздың монографияларының, тұжырымдамалық ғылыми еңбектерінің өсуімен ерекшеленеді. Мысалы, 2000 - 2003 жылдары мынадай басылымдар жарыққа шықты:

· Казахстанская молодежь на рубеже веков / А.С. Сарсенбаев, Г.Т. Телебаев, Д.А. Калетаев, А.Т. Шайкенова. - Астана: Елорда, 2000. 220 с.

· Казахстан как политическая реальность / Байдельдинов Л.А. Алматы: Институт развития Казахстана, 2000. 169 с.

· Национальные процессы в Республике Казахстан. Коновалов А.П. Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000 - 252 с.

· Казахстан и современный мир / Габдуллина К.Г. - Алматы: КагосИНТИ, 2001. - 108 с.

· Общество: прогресс и регресс / Габдуллина К. - Алматы, 2002. – 167 с.

· Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты / Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К., Шукенова А.А., Куцик Л.В. - Астана: Елорда, 2002. 232 с.

· Этническое взаимодействие в Казахстане / Сейдуманов С.Т., Калмыков С.К., Шаукенова З.К. Астана: Парламент Республики Казахстан, 2002 - 95 с.

· Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Шаукенова З.К. Астана, 2002, 128 с.

· Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения / Джаманбалаева Ш.Е. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 278 с.

· Наркотизм: методика исследования, анализ состояния, предупреждение и противодействие / Н.А.Сартаева - Астана, 2002. - 224 с.

Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда­ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социо­логиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет ака­демиясының Мемле­кеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.

Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның социология ғылымының қалыптасу процесіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ социология кафедрасының бастамасымен 1996 жылы өткен “Қоғамды жаңғыртудағы социологияның рөлі” атты Бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1997 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткен “Қолданбалы социологиялық зерттеулер: тәжірибесі, мүмкіндіктері, болашағы” атты халықаралық семинар жаңа серпін берді.

2002 жылғы 17 - 18 мамырда Алматы қаласында өткен “Қазақстандық қоғам және социология: жаңа шынайылықтар мен жаңа идеялар” атты Қазақстан социологтарының бірінші конгресі Қазақстан социологиясының жаңа кезеңі болды. Бұл конгресте әлеуметтік-ғылыми проблемаларды шешу үшін елдің әлеуметшіл ғалымдарын біріктіру мақсатында тәуелсіз кәсіби бірлестік ретінде Қазақстан социологтарының ассоциациясын құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан социологтарының ассоциациясы елдің социологиялық қауымдастығының интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдық әлеуетін ашуды өзінің стратегиялық мақсаты етіп қояды. Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті болып социология ғылымдарын докторы, профессор М.М. Тәжин сайланды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: