Ббббббббббббббббббббббббббб

АААААААААААААААААААААААААА

Ақпарат кеңістігі, спорт, туризм, мәдениет салаларындағы шаралар қаржыландырудағы бюджеттің рөлі Республикалық бюджеттің «Мәдентиет, спортғтуризм және ақпарат кеңестігі» атты функционалдық топта белгіленген шығыстары осы айтылған аумақтар бойынша мұқтаждықтарды өтеуге арналған. Олар мәдениет, көркем өнер, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі мекемелерінің іс әрекетіңдегі қаржыландыруды басымды көзі ретінде мемлекеттік бюджеттің мәні мен рөлін суреттейді. Бұл функционалдық топ бойынша құралдарды жұмсаудың негізгі мақсаттары – оларды әлеуметті-экономикалық арнауына байланысты келесі бағыттар болып табылады: тұлғаның дамуы мен өзін-өзі тарату; қоғамды гуманизациялау; халықтың өз болмыстығын сақтау мен дамыту; спортпен шұғылдану үшін халыққа шарттар жасау және дамыту; бірыңғай ақпарат кеңістігін құру мен бекіту; осы замандағы туристтік кешен жасау. Жоғары айтылған мақсаттар бағыттарын орындау мемлекеттік бюджет құралдары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы іске асырылады. Мұндай бюджеттік бағдарламалар осы аумақ бойынша бекітілген тиісті мемлекеттік бағдарламалар негізінде қарастырылады. Мысалы, «Мәдениеттік атамұра» атты мемлекеттік бағдарлама шараларын қаржыландыру ұлттық тарих үшін айрықша маңызды тарихи, мәдениеттік және сәулеттік мұраларды жаңғыру, ғылыми көркем және өмір баяндық шығармалар жасау, жалпы айтқанда халықтың мәдениеттік атамұрасын біртұтас зерттеу жүйесін жасауға бағытталған. Осы және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мақсатты трансферттер бөлу арқылы өндіріледі. Сонымен қоса мәдениет, көркем өнер, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі аумақтарында өткізілетін шаралардың көп салалық сипаты мен капитал сыйымдылығы бюджеттердің барлық деңгейлерінен жыл сайын ақша қаражат беруін талап етеді.

БББББББББББББББББББББББББББ

Бюджет гүсімдерін жіктеу Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:1.кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері; 2.шығындар; 3.таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; 4.қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер; 5.бюджет тапшылығы (профициті);6.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары. Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттіктүсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекскеміндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдер мен шығындарды бөлісу Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етуін теңестіру мен жергілік-ті атқарушы органдар бір қалапты деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Түсімдерді шектеу саясатының негізгі мақсаты - ол мемлекеттік фасқару деңгейлерінің барлығысын соларға жүктелген функцияларын толығымен іске асыру үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде түсім-дерді шектеу принциптері тағайындалынған және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті шектеуге сәйкес барлық түсімдер бюджет деңгейлері арасында бөлінген. Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу негізіне келесі принциптер жатады:• кірістердің тиянақтылығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі бойынша завды түрде тиісті түсімдер бекітіледі және бюджеттік субвенциялар мен алымдардың көлемі ортамерзімді уақытқа тағайындалады. Бұл принцип жергілікті атқарушы оргавдардың салықтық потенциалды ұлғайту мен жергілікті бюджет шығындарын объективті жоспарлау жөніндегі құштарлықтарын қамтамасыз етеді;• кірістердің жеткіліктілігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейінде мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз ететін қаржы құралдары бар болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуы үлкен саралаулы болғандық-тан, араларындағы салықтық база орналасуы бір қалыпты еместігіне байланысты түрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі тең болуы әр түрлі реттеуші кірістер пайдалану арқылы іске асырылады;• кірістерді реттеу формалары мен әдістерінің ынтымақты-лығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейіне қосымша кірістер беру бірыңғай негізде болуы тиіс. Мұвдай жағдай ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер пайдалану арқылы іске асады, ал облыс-аудан деңгейінде сонымен бірге кірістер бөлу нормативтер пайдалану арқылы. Кірістерді реттеу формаларын анықтау барысында әрбір бюджет деңгейінің салықтық потенциалы мен аумақ бойынша объективті бюджеттік қажеттілікті бағалауының нәтижесін есептеу және бекітілген натуралды нормаларды, яғни қажетті мате-риалды және материалды емес байлықты пайдалану немесе тұтынудың натуралды көрсеткіштерін қоддану қажет;• мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі мемлекеттік қызмет өндіру мен көрсету барысында ең жоғары нәтижені қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдай мемлекеттік қызмет атқаруды бюджет жүйесінің ең төменгі деңгейіне бекіту арқылы іске асады, себебі олар сол қызмет алушылардың нақты қажеттілік-терін есептей және қызметтерді уақтылы әрі сапалы түрде көрсете алады.Аймақтық бюджеттер кірістерін мемлекеттік реттеудің маңы-зы бюджет жүйесінің аумақтық буындары арасында түсімдерді бөлу. Мұндай бөліс осы буындардың әрбірі бойынша заңды түрде бекітілген шығындардың нормативтік бөлігіне кепілді және олардың арасында қосымша қаржылық құралдарды бөлу қажеттілігі минималды болуына жеткізіуі тиіс. Ол үшін аймақтық бюд-жеттің кірістік бөлімін толығымен жергілікті билік органдары бақылауға тиісті, яғни жергілікті салықтар арқылы қалыптасуы.Бюджеттердің тікшіл (вертикальды) теңестіру мәселесінің шешуін екі жақтан қарастыру қажет. Біріншіден, тікшіл теңестіру биліктің тиісті деңгейі бойынша бюджеттік өкілеттікті рационалды бөлу мен занды түрде бекітуді қарастыруы тиіс, яғни бекітілген мемлекеттік міндетті қызмет көрсету үшін олардың қаржылық қа-жеттілігін теңестіру. Екіншіден, биліктің әрбір деңгейі бойынша қаржылық мүмкіншілікті теңестіру қажеттілігін қарастыруы тиіс, яғни елдің салықтық потенциалын бөлудегі олардың жалпыүлт-тық түсімдердегі үлестік қатынастарын.Сондықтан, тікшіл бюджеттік теңгерудің негізгі мақсаты - ол биліктің әрбір деңгейі бойынша бюджеттік өкілеттікті, ең алды-мен шығындық функцияларын іске асыруын қаржылық базамен қамтамасыз ету. Ал шығындық функцияларды бөлудің негізгі принциптері келесілерде түжырымдалады:• жергілікті шектегі көрсететін мемлекеттік қызметтерді жер-гілікті билік беруі тиіс;• бірнеше жергілікті түрғындар біржолы пайдаланатын қыз-меттерді биліктің облыс деңгейі көрсетуі тиіс;• барлық елге тарайтын қызметтерді үкімет көрсетуі тиіс.Тікшіл теңестіру механизімінің негізі болын, бір жағынан, ор-талық пен аймақтардың өкілеттіктеріне сәйкес болуы тиіс әрбір бюджет деңгейі бойынша нақты іс-әрекет саласын қаржыланды-руды занды түрде бекіту, екінші жағынан, орталық және аймақдық билік пен басқару органдары арасында бюджеттік жауапкершілік-ті шектеу табылады.
Мұндай механизмнің пайдалану негізі қоғамдық шығындар мен нәтижелердің арабайланысы неғұрлым тығыз болуына сәйкес жергілікті деңгейде көрсететін қызметтер сол деңгейде қаржы-ландыруы тиіс екеніне байланысты, себебі онда қызметтерді іске асыру тиімділігі мен шешім қабыпдау жауапкершілігі жоғарылайды. Бірақ бұл арада қызмет көрсету мен оларды қаржыландыру түсініктерін айқын айыра тану қажет, себебі көптеген қызметтер жергілікті деңгейде көрсетіледі, ал қаржыландыруы орталықтан болуы мүмкін.Республика аймақтары мен орталық арасында бюджет-тік өкілеттілікті шектеу ең алдымен елдің Конституциясында тағайындалған барлық шаруашылық іс-әрекет аумағындағы бас-шылық ету пәні мен өкілеттілікті шектеуге байланысты. Бірақ мұнда биліктің әр деңгейлері арасындағы құзырларын бөлудің тек жалпы принциптері тағайындалған. Ал орталық және аймақдық басқару деңгейлері бойынша бекітілген функцияларын қаржыландыру механизмі регламенттелмеген.Сондықтан, шығындарды бекіту мәселесінің негізі қызмет көрсету мен шығындарды қаржыландыру жөніндегі әр түрлі мемлекеттік функцияларды орындауын максималды дәрежеде қамтамасыз етуге қабілетті билік органын анықтау болып табылады. Бұл мәселені шешу мемлекеттің үш маңызды мақсатына жетуіж байланысты - ол экономиканың тұрақтылығы, шығындық функцияларды бөлудің әділеттілігі мен тиімділігі. Бюджеттік реттеудің осы бастапқы ережелері дүрыс ойластырылып әдепті түрде жалпымемлекеттік және аймақтық саясат құрылымына енгізуінен көбінесе нақты баланс, мемлекеттің түтастық пен қоғам ахуалының тұрақтылығы байланысты.Тікшіл бюджеттік теңестіру негізінде және оның әдістері арқылы билік деңгейлері бойынша кірістік қайнар көздерді рационалды бекіту мәселелері де шешіледі. Аумақтардың қаржылық дербестігін қамтамасыз ету тек қана бюджет жүйесінің деңгейлері арасында шығындырдың анықталған түрлерін іске асыру жөніндегі жауапкершілікті бөлу емес, ол сонымен қоса кірістер көздерін алуға нақты мүмкіншілікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйенің әрекеті биліктің әр түрлі деңгейі бойынша қаржылық мүмкіншілікті теңгеруді қамтамасыз ететін тікшіл теңестіру механизмнің бір бөлігі амалының белгісі. Ондай амал әр түрлі әдістерді қолданып бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша салықтық және басқа да көздерді қайта бөлу арқылы іске асады.Салықтық түсімдерді қайта бөліс бөлектеу нормативтер анықтау әдістері арқылы іске асуы мүмкіқ яғни салықтар-дың әрбір түрлерінің ашық белшегін заңды түрде тағайындауда түжырымдалады. Сонда, нақты бір салықтың осы ашық бөлшегіне сәйкес бөлігі жоғары түрған бюджетке түседі, ал басқа бір бөлігі - төмен түрған бюджеттің түсімі болады.Бөлектеу нормативтерді тағайындағанда квоталау мен мөлшерлеме қосып жіберу әдістері пайдаланады. Квоталау әдіс маңында әкімшілік бірлік бойынша жиналған ашық салықтың қатаң тағайындалған пайыздық бөлшегін сол аумақта қалдыру қарастырылады. Бұл әдіетің ерекшелігі оның қарапайымдылығы мен жергілікті бюджеттер түсімдердің ашық белігіне ие болудың кепілдігінде. Мөлшерлеме қосып жіберу әдістің маңызы — ол жер-гілікті аумақтық басқару органдарға ашық мөлшермен шектел-ген көлемде республикалық салықтарға қосымша салық жинауға рүқсат беру. Бұл әдіс тиімділігі және қарапайымдылығымен ерек-шеленеді, себебі жергілікті органдар төлем қабілеттілігі бар салық төлеушілерді әшкерелеу мен төлемдердің мезгілінде түсуіне ынталандырулы.

Бюджет түсімдері және олардың көздері Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.Бюджет кірістерінің басты материалды көзі - ол ¥лттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюд-жет кірістері көлемінің тұрақты үлғаюын қамтамасыз етеді. Мем-лекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мүқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және ендірістік пен өндірістік емес салалар-да шүғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.Бюджетке түсетін кірістер, оларды жүмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерівде жүмылдыратын төлемдер құрайды.Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуте жауапкер-шіліктері тағайындалған.Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға белінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, түрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға вз болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.

Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесіңде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтаңдырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына бай-ланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орыңдауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджеттіМемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар:- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады;- құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;- қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді.Бюджет сонымен қатар мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні бүгінгі уақытта мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады. Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды.Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді.Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Бюджет шығыстарын жіктеу Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:1.кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;2.шығындар;3.таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;4.қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;5.бюджет тапшылығы (профициті);6.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.Бұрыңғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 жұмсалады.Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған)өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;5. заң тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган-дармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері, бюд-жет құралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар көрсет-кіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген көрсеткіштер және республика мен ай-мақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған көрсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітіл-геннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыс-тарының лимитін есептеіенде келесілер қолдалынылады:• ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығьюдар-дың жалпы сомасы (бюджеттік субвенциялар мен алымдар-ды қоса);•бекітілген натуралды нормалар;• тиісті қаржы жылдағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар көлемі;• орташа мерзімді фискалды саясатта анықталған бюджет шығыстарының өсуі немесе төмендеуі:• ағымдағы қаржы жылда аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламалар (оларды алып тастау).Даму бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиті бағ-дарламалар әкімшіліктері арасында бөлігібей анықталады және оның көлемі бюджеттің барлық шығыстарының жалпы болжамдық көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойы анықталған бюджет шығыстар лимитінің жалпы көлемі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.Үкімет тағайындаған мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкім-шіліктері бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджет-тік өтініш (заявка) ұсынады. Бюджеттік өтініш - ол бюджеттік бағдарламаларды дәлелдеу мен оларды қаржыландыру сомасын анықтау үшін қажетті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі жыл сайын жасап ұсынатын құжаттар жиынтығы.Бюджеттік өтініштерді құрудың негізгі мақсаты - ол бағдарламаны орындау нәтижесі мен қажетті ресурстар жөніндегі сандық және қаржылық ақпарат базасы арқылы болжамдық мезімге бюджеттік бағдарламалар тавдау және олардың нәтижелігі мен тиімділігін бағалау.Бюджеттік өтініш аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуы-ның орташа мерзімді жоспары, тиісті мерзімдегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде құрылады. Оның мәліметтері бағдарлама жөнінде нақты және толық ақпараттарды көрсетуі тиіс.Бұл өтінішті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін бекітіл-ген шығыстар лимиті мөлшері мен тиісті бюджеттік комиссия анықтаған тиісті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізімі мен көлемі негіздерінде құрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі тек қана бір бюджеттік өтініш құрады.Бюджеттік өтініш келесі бөлімдерден түрады:• бюджеттік бағдарламалар тізімі және шығындар сомасы;• әрбір бюджеттік бағдарламаға түсіндірме хат;• бюджеттік өтінішке кірген әрбір бюджеттік бағдарламаның паспортының жобасы.Бюджеттік өтініш бағдарламаларды қаржыландыру жоспары мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру үшін негіз болып табылады.

Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері Салық – белгілі бір мерзімде, белгіленген мөлшерде заң жүзінде белгіленген ставкалар бойынша заңды және жеке тұлғалардан бюджетке төленетін қайтарусыз төлемдері.Бюджетаралық қатынастарды реформалау барысында жергілікті бюджеттердің қаржылық негіздерін нығайту бойынша шаралар жүргізу қажет. Тиісінше, жергілікті деңгейлердің салықтық әлеуетін анықтау арқылы, реттеуші салықтардың нормативтерін әрбір аймақтың салықтық әлеуетін ескере отырып дифференциалды тағайындау салық әлеуетін таратудың, бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша кірістерді таратудың аймақтық аспектілеріне аумақтық деңгейде бюджетаралық ағындарды талдауға әсері зор.Сөзбе-сөз аударғанда «салықтық әлует» — «салықтық мүмкіндік» дегенді білдіреді, яғни салықтық жиындардың мүмкін болатын шартты сомасын көрсетеді. Батыс практикасында қолданылатын «tax capacity» — «салық қабілеттілік» терминінің мәнін де жоғарыдағыдай түсінуге болады. Салықтық әлует – бұл қандай да бір әкімшілік билік шегінде салық салу базасының салықтық түсімдер түрінде кірістер әкелу қабілеттілігі. Жергілікті салықтық әлует факторларына мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдарының құзіреті шегінде кез келген жергілікті салық салу базасы жатады. Терминге жалпы түсініктеме беру деңгейінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіруде, салықтарды тарату және бекіту тәртібінде салықтық әлуетін нақты бағалаудың маңызды рөл атқаратындығы айқындалады. Егер аймақтардың салықтық мүмкіндіктері нақты айқындалса, онда көмекке қажеттілікті нақты бағалаудағы субъективтілік ықтималдығы төмендейді. Аймақтардың өзінің салықтық әлуетін пайдаланудағы дербестігі жоғарылайды, орталық және аймақ арасындағы қарама-қайшылықтар белгілі деңгейде төмендейді. Салықтық әлует жекелеген салықтар әлуетінің қосындысынан тұрады. Салық әлуетін терңнен зерттейтін болсақ, салық базасы – «салық әлуетінің» факторы болып табылатыны айқындалады. Осы базаны, әлуетті бағалау үшін пайдалануға болмас па екен деген орынды сұрақ туады. Егер бір салықтың түрін алсақ немесе салық базасы бірдей салықтар тобын алсақ, онда салық базасы салықтық әлуетті анықтауға негіз болар еді, ал егер әр түрлі салықтарды алатын босақ, онда олардың салық салу базасы әр түрлі, сәйкесінше, салық салу базасын тікелей пайдалану мүмкін емес. Осыдан салық әлуетін бағалау үшін салық базасын емес, қандай да бір аймақтағы салықтық түсімдерді пайдалану қажеттілігі шығады.Сонымен, аймақтың салықтық әлуеті салық жүйесінің нақты аумағы үшін идеалды жағдайда салықтық жиындардың қандай да бір сомасын анықтайтын, абстрактылы қаржылық категория ретінде және нақты салық жүйесінде үнемі қызмет ететін бюджетаралық қатынастардың қаржылық негіздері есебінің элементі ретінде анықталады. Салықтық мүмкіндіктерді билік деңгейлері арасында бөлу үшін келесідей принциптерді негізге алу қажет:- мемлекеттік деңгейдің салықтық өкілеттіліктері жалпыұлттық экономиканы реттеу және елдің бүкіл аумағында бірыңғай экономикалық және салықтық кеңістікті қолдау үшін жеткілікті болуы қажет;- жалпыұлттық экономикамен жиналатын кірістер жалпымемлекеттік салық салуға жатқызылуы қажет;- салықтық базаның аумақтық орналасу теңсіздігі және шоғырлануы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бюджеттік жүйенің жоғары деңгейінде салық салынуы қажет;- аймақтық бекітілген салықтар капиталдардың жұмыс күшінің, тауарлар және қызметтердің қозғалысына бөгет жасамауы қажет;- бекітілген салықтар салық ауыртпалығын басқа аймақтарға «экспорттауға» мүмкіндік бермеуі қажет.Осыған орай, салық әлуетін қалыптастыру процесін, оны анықтау әдістемесін қарастырған жөн. Ол салықтық базалар негізінде жергілікті деңгейлердің кірістік мүмкіндіктерін объективті өлшейтін көрсеткіштерді пайдалануға жүктеледі, ал жергілікті деңгейлердің табыстары өткен жылдардағы іс жүзіндегі түсімдер бойынша емес, салықтық базалардың мөлшеріне тәуелді анықталады.Жергілікті деңгейлердің салықтық әлуеті болып, облыс бойынша салықтардың жиналу коэффициентін пайдалана отырып, оның аумағында нақты жиналуы мүмкін, күтілетін кірістер көлемін бағалау есептеледі.Қарастырылатын әдістеме бойынша есептеу аддитивті қасиетке негізделеді, яғни аумақтың салықтық әлуеті жекелеген салықтар әлуетінің сомасына тең.Есеп үшін негіз болып: қызмет ететін заңдылыққа сәйкес салық ставкалары және салықтық базалар көрсеткіштері, сәйкес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының көрсеткіштері, дефлятор-индекстер (тұтынушылық баға индексі), салықтар және алымдардың жиналушылық деңгейінің көрсеткіштері, салықтар және алымдардың толық түспеу көлемінің көрсеткіштері есептеледі.Салық әлуетін анықтау реттеуші салықтардан бөлу нормативтерін саралауға негіз болады. Бірыңғай формула бойынша реттеуші салықтардан бөлу нормативтерін бірыңғай, негізді және жалпыға түсінікті саралау әдістемесінің жоқтығы салықтарды тарату бойынша бір субъектілерді орталықпен жеке келісім жасауға итермелейді, ал екіншілеріне республикалық бюджеттен өзара қатынастардағы жергілікті деңгей субъектілерінің теңдік принципінің сақталуына күдік туғызуға себеп болады.Егер өз аумақтарында салықтарды жұмылдыру жолымен ауыстыру мүмкіндіктері пайдаланылмаса, трансферттерді аудару масылдылықты ынталандырады. Бюджетаралық қатынастардың теңестіруші функциясын ескере отырып, ынталандырушы функциясын бағаламауға болмайды. Бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін көкейтесті және күрделі проблемаға айналып отыр. Мәселе республикада әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтық-климаттық жағынан өз ерекшеліктері бар екендігінде болып отыр. Сондықтан қолданылып жүрген реттеу құралдары мен механизмдері, атап айтқанда жекелеген салықтардан аударым жасаудың тұрақты нормативтерін белгілеу, сондай-ақ бюджетке алып қоюлар аймақтардың жоғарыда айтылған ерекшеліктерін ескермейді және әлеуметтік міндеттерді шешуді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, бюджеттік алып қоюлар, бюджетаралық қатынастарды реттеудің экономикалық құралы емес, әкімшіл-әміршіл әдіс. Осының бәрі бюджетаралық қатынастар нышанын және оларды реттеу механизмін жан-жақты зерттеуді талап етеді.Бюджетаралық қатынастарды реформалау стратегиясын анықтауда экономикалық тиімділікті немесе әлеуметтік әділеттілікті таңдау қажет. Бюджеттік бөлушілік шегінде экономикалық тиімділік, әр түрлі билік деңгейлері арасында бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалану үшін стимул құруды білдіреді, әлеуметтік әділеттілік әлеуметтік кепілдіктің белгілі минимумын бүкіл елдің аумағында қамтамасыз етуді көрсетеді.Экономикалық тиімділікке негізделу бюджеттік ресурстарды аумақтық қайта таратуды талап етеді, бірақ ол кезде «жансыз» аймақтар пайда болады.Жергілікті бюджеттер кірістерін жоғарылату үшін бюджеттердің меншікті кірістерін, оның ішінде реттеуші салықтардан бөлу деңгейін жоғарылату қажет.Сонымен қатар жергілікті деңгейде кейбір салықтар ставкасын жоғарылата алу құқығын беру қажет.Егер АҚШ-та реттеуші салықтардан бөлу жоқ, тек параллель салықтар болса, Германияда реттеуші салықтардан бөлу қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін аралас әдісті қолданған жөн. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында келесілерді жасау қажет:- заңды түрде бекіте отырып бюджеттік жүйе буындары арасында шығындар және кірістерді тиімді шектеу міндетін шешу;- объективті критерийлерге сәйкес, республикалық деңгейде реттеуші салықтар республикалық деңгейде реттеуші салықтарға өзінің реттеуші функциясын толық орындауға мүмкіндік беру:- реттеуші салықтардан бөлу рөлін жоғарылату жолымен жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерініңдеңгейін жоғарылату;- жергілікті бюджеттердің жасанды дотациялы болуын жою.

Бюджетаралық қатынастардың түсінігі мен принциптері және оларды реттеу формалары Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктері шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:-біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;-екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімді өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейіше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға мыналар жатады:- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.Қалыптасатын бюджетаралық мәнін,олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджеаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.

Бюджеттік бағдарламаларды жэне олардың экімшіліктерін анықтау. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауга, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орған. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бөлінеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер орғандарын қоспағанда, мемлекеттік орғандардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды. Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың тұрпаттық құрылымы негізге алына отырып айқындалады.Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік орғанның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік орғанның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттік пен жеткіліктілік қағидаттарына негізделе отырып әзірленеді. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер керсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкі..Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтижелік көрсеткіштерді қолдану шартымен бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға; трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; бюджеттік кредиттер беруге; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; күрделі шығыстарды жүзеге асыруға; мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджеттің құрамында бектілетін республикалық бағдарламаларға, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала астана бағдарламаларына; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында беібтілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларга; Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланын, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.Облыстық, республикапық маңызы бар қала, астана, аудандық (қапалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдын (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады. Бюджетгік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламиларга, белгілі бір және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінін бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді. Бюджетгік бағдарламалар бір тұтас бюджеттік сынып таманың құрамында тиісті белгі(код) берілс отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады.Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныш тағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи түлгаларга мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджеттік қ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: